Күнтізбелік-тақырыптық жоспар. ИжАТ» факультетінің деканы

ИжАТ» факультетінің деканы

Байболова Л.К.

_________ __________

Ж

Силлабус (syllabus)

5В070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»,

В070300 «Ақпараттық жүйелер» мамандықтарына арналған

Пәннің коды мен атауы: KV Del (kz)3207-01«Delphi»

Кредит: 3

Семестр: 7

Оқытушының аты-жөні:Зәкірова Ләззат Зәкірқызы

Кафедра офисы:АТУ (Төле-би көшесі, 100), Инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультеті, «Ақпараттық технологиялар» кафедрасы, 809 ауд.

Телефон: 293-52-97 (130)

Офис – сағаттары:кестеге сәйкес

e-mail: n.zaurbekov@atu.kz.

Переквизиттері:

Ота мектептегі оқытылған «Математика», «Информатика», «Физика», «Ақпараттық жүйелердің негіздері»

- ақпараттану;

- алгоритмдік тілдерде программалау.

Курстың мақсаттары мен міндеттері:

Delphi пәнінің негізгі мақсаты студенттерді қолданбалы есептерді шығаруға бағытталған, математикалық әдістер мен модельдердің, тілдердің өзара тығыз байланысқан жиынтығы ретінде қарауға болатын информатикалық ақпаратпен қаруландырп, болашақ қызметтерінде тиімді пайдалану болып табылады.

Программалау технологиясы пәнінің міндеттері – студенттерге алгоритмдеудің ыңғайлы, айқын және икемді түрдегі тәсілі ретінде аталған тілдің негізін, үлкен көлемдегі есептер класына пайдалы, мәліметтердің әртүрлі құрылымдары мен программалауды моделдеуді үйретеді.

Постреквизиттері:

«Программалау технологиялары», «Объектіге бағдарланған программалау», «Жүйелік программалау», «Визуалды программалау», «Компьютерлік моделдеу» курстық және дипломдық жұмыстардағы жобаларды орындау.

- объектілі-бағытталған программалау;

- жүйелік талдау және оптимизация;

- компьютерлік моделдеу;

- жобалаудың тиімділік әдістері.

Пәннің қысқаша сипаттамасы:

Borland Delphi есептеуіш техниканың қарқынды дамуы және программалық жабдықты тиімді дайындауға қажеттілік нәтижесінде соңғы кездерде Windows ортасында жарыққа шыққан және объектілі-бағдарлы программалау (ОБП) негізінде құрылған программалау тілі.

Borland Delphi программалау тілінде программманынң жұмысы негізінен оқиғалар тізбегінен және түрлі объектілердің осы оқиғаларға жауабынан тұрады. Delphi программалау тілі – объектілі Паскаль тілі негінзінде Windows операциялық жүйесін басшылыққа алып құрылған, кез-келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тіл. Delphi Windows жүйесінде пограммалаудың ыңғайлы құралы. Онда көптеген операторларды пайдаланып программа дайындау, программа мәзірін құру, анимация, мультимедиа процесстерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және басқа да іс-әрекеттерді орындау да мүмкін. Delphi-де пайдаланылатын оқиғалар және түрлі кластарға, компоненттерге меншіктелетін қасиеттер мәндері көп. Нақты есептерді шешу программаларын құруды үйрену арқылы ғана Delphi-де программалауды үйренуге болады.

Курс мақсаты Delphi-де программалаудың негізгі теориясын оқыту және білімгерді программалауды меңгеруге дағдыландыру.

– бұл өрнектер жинақты түрде жазылған, мәліметтердің құрылымын басқарудың қазіргі заманғы механизмдерінен және операторлардың өте көп жиындарынан тұратын, құрылымдық программалаудың әмбебап тілі. Пәнді үйренуді қорытындылауда студент:

- программаны жазудың жақсы стилінің принциптерін білуі;

- программаны жобалай білуі;

- оқу және тәжірбие жүзінде программалау технологиясы негізін тиімді қолдана білуі және іске асыра білуі керек.

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

Наши рекомендации