Оқытудың сырттай формасы үшін күнтізбелік-тақырыптық жоспар

Тақырыптың атауы Дәріс практикалық сабақ СӨЖ
Кіріспе Балалардың өсуі мен дамуы, олардың көрсеткіштері  
Нерв жүйесінің физиологиясы. Жоғары нерв әрекеті, олардың жас ерекшеліктері    
Анализаторлардың жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасы  
Жас эндокринологиясы  
Тірек – қимыл жүйесі, оның ерекшеліктері    
Ас қорыту органдары, оның жас ерекшеліктері Зат және энергия алмасулары    
Қанның жас ерекшеліктері    
Жүректің құрылысы мен қызметі    
Тыныс алу мүшелерінің жас ерекшеліктері      
Сыртқа шығару органдарының жас ерекшеліктері    
  Барлығы  
 
  Оқытудың сырттай формасы үшін күнтізбелік-тақырыптық жоспар - student2.ru

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті   СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2009 1 басылым
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ
Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы Ф.4.09-09
01.02.2009 ж.

Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруларының картасы

Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы

Кафедра__Химия және биология ___________________________________

Тьютор ___Атабаева Айнур Муратовна ______________________________

Мамандық____ биология, математика, кәсіптік білім____________________

Кредит саны_ 2___________________________________________________

Пән циклі _________таңдаулы_______________________________________

Студенттер саны______25___________________________________________

Әдебиет түрі Шифр Әдебиет атауы    
  %
Негізгі Е903,7я73 Д87 1. К.Дүйсенбин. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы. А., 2003ж.  
  Е860я73 М 41 2.Ж.Д.Демеуов. Мектеп жасына дейінгі балалардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы. А., 1995ж. 15шт 0,6  
  Е903,7я723 Н 13 Набидоллина Ш.С. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы: Оқулық / Ш.С. Набидоллина.- Астана: Фолиант, 2007.- 280бет. 1,6  
    4.М.Т.Матюшонок. Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы мен гигиенасы. А., 1986ж. 0,04      
    Е903,7я73 Г94 Гуминский А.А. Руководство к лабораторным занятиям по общей и возрастной физиологии: Учеб.пособ. для биол. спец. пед. ин-тов / А.А. Гуминский, Н.Н. Леонтьева, К.В. Маринова.- М.: Просвещение, 1990.- 240 с.      
Қосымша     5. О.А. Петришина. Бастауыш мектеп жасындағы балалар анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы. А., 1984ж. 7шт   0,28    
  Е 860 я 73 Н87 6. Нұрышев М. «Адам анатомиясы» оқулық, А.Қарасай, 2006 348 бет 1,2  
  Ш 68 7. А.П. Чабовская. Мектеп гигиенасы. А., 1984ж.   0,04    
  Е 860 я 723 К92 Күзенбаева Ә. «Адам анатомиясы» Алматы Арыс, 2001, 238 бет 1,44  
    Ш57 А 8. А. Рақышев. Адам анатомиясы. А, 2004ж. 0,8      
               

Лекция 13

Тақырып:Мектеп гигиенасы

Жоспар: Мектепті жабдықтау

Сынып тақтасы мен басқа жиһаздарға қойылатын гигеналық талаптар

Мектептегі оқу құралдарына қойылатын гигиеналық талаптар.

Оқушылардың күн кестесіне қойылатын гигиеналық талаптар.

Кілт сөздер:мектеп, парта, тақта, гигиена

Мектепті жабдықтау.Сыныптағы жабдықтар оқушылардың бойы мен жасына сәйкес еркін жұмыс жасауға ыңғайлы болуы керек. Олардың сырт көрінісі, түсі көзге ұнамды, бөлшектері тазалауға қолайлы, балалардың денесіне зиян келтірмейтіндей болып, сыныпта дұрыс орналасуы қажет. Жабдықтардың баяуының түсі оқушылардың көңілін жадыратып, жарықты аз сіндіріп, бөлмедегі жарық коэффициентін төмендетпейтіндей болуы тез.

Сыныптағы жабдықтарға парталар, үстелдер, орындықтар, шкаф- витриналар, сынып тақтасы, түрлі техникалық оқыту саймандары жатады.

Парталар. Мектеп парталары – сыныптағы жабдықтың негізгі түрі. Еліміздегі қазіргі мектептерде көптеген парталардың түрлері пайдаланылады. Парталардың негізі ағаштан немесе металдан жасалады.

Парта екі бөлімнен тұрады: партаның үстелі және отырғышы парта үстелінің беті және отырғышы ашық ақшыл түсті боялып, металл қаңқасы әбден тегістеледі. Парта отырғышының тереңдігін баланың санының 2/3 бөлігіне сәйкес жасайды. Мұндай тереңдік ыңғайлы, орнықты отыруға қолайлы. Отырғыштың еденнен биіктігі 32-47 см, тереңдігі 29-38см, арқалығының биіктігі 18 см.

Партада отыру ережесі. Оқушының партада отыру ережесі бойынша оқу жылының басында сынып жетекшісі оқушыларды дене ерекшеліктеріне сай отырғызады. Аласа бойлы балалар мен нашар еститін оқушылар алдыңғы қатарда, көзі нашар көретіндер терезеге жақын, ұзын бойлыларды соңғы қатарға отырғызады. Әрбір тоқсан сайын балалардың дене ерекшеліктерін ескере отырып, 1-ші қатар мен 2-ші қатардағы, алдыңғы парталар мен соңғы парталардағы балалардың орыны ауыстырып отырғаны жөн. Партада немесе үстелде отырғанда оқушының денесі тік орналасып, орындыққа терең отыруы керек. Кітап оқып, қағаз жазғанда баланың басы сәл алға еңкейеді. Оның көзі мен қағаз аралығы 35-40 см шамасында болуы керек. Оқушының кеудесімен парта аралығында 3- 4 см немесе оқушының жұдырығы өтетіндей аралық болуы керек. Оқушының арқасы орындық арқалығына сүйеніп отырғанда оның бел омыртқасы, сегізкөз суйектері мен жауырыны төменгі бұрыштары орындық аралығына тиіп тұрады.

Сынып тақтасы мен басқа жиһаздарға қойылатын гигеналық талаптар. Сынып тақтасы- оқу бөлмесінің ең қажетті жабдықтарының бірі. Тақта бөлменің алдынғы қабырғасының дәл ортасында бастауыш сыныптарда еденнен 75 см, 5-7 сыныптарда-95 см, жоғарғы сынаптарда – 100 см биікте ілінеді. Тақтаның ұзындығы көбінесе 3 см, ені 1,2 м, беті бір тегіс, бірақ жылтыр емес, түсі қоңыр немесе қою жасыл болады.

Мұғалімнің үстелі мен орындығының ересек адамға арналған, отырып тұруға қолайлы болуы керек. Ол терезе жақтағы парталар қатарының алдында немесе ортада орналасады. Оқушы партасы мен мұғалім үстелінің арасында кемінде 15-20см аралық қалдырады.

Мектеп лабораториясының жабдықтарына бір немесе екі кісілік лабораториялық үстелдермен орындықтар, шкафтар, тәжірибе көрсету үстелі жатады. Онда көп орынды үстелдерді қоюға болмайды, себебі олар әрбір оқушының еркін жұмыс жасауына қолайсыз болғандықтан, балалардың жарақаттануына себеп болады.

Демонстрациялық үстелдің ұзындығы 3 метр, ені 80 см, биіктігі 80см. Үстел лабораториялық бөлменің алдынғы жағында сәл биіктелген арнайы орында тұрақты бекітіледі.

Мектептегі сабақ кестесі.Сабақ кестелеріне қойылатын талаптар оқушылардын апталық, айлық, тоқсандық және оқу жылындағы еңбек қабілетіне сай жасалады. Ол аптанының дүйсенбі, сәрсенбі күндері жоғары болады. Бейсенбі күнінің аяғында шаршау белгілері пайда бола бастайды. Жұма, сенбі күндері апталық шаршау белгілері айқындала түседі, жұмыс қабілеті төмендейді. Осыған байланысты оқушы жексенбі күні жақсы демалу үшін аптаның аяғында қиын тапсырма берілмейді.Демалыстан соң, дүйсенбі күні оқушының сабаққа зейіні төмен болады.

Наши рекомендации