Күнтізбелік – тақырыптық жоспар

Түсінік хат

Пәнді оқытудың ерекшелігі – адам және қоршаған әлем арасындағы өзара байланысы, қоғам дамуындағы адам қызметінің рөлі туралы түсініктерін, алғашқы технологиялық біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру. Еңбек оқушы дамуының (адамгершілік, ақыл-ой, физикалық, эстетикалық) ең бір басты факторы болып табылады. Осы сатыда қалыптасатын дағды оқушының одан әрі дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, меңгеретін білім және білікті белсенді түрде қабылдауы мен түсінуіне мүмкіндік тудырады.

Пәннің мақсаты:

1) бастапқы технологиялық білім, еңбек білігі мен дағдысын, іс-әрекетті жоспарлау және ұйымдастыру тәсілдерін меңгерту;

2) сенсорика, қол саусақтарының ұсақ моторикасын, кеңістік қиялын, ақпарат түрлерінде бағдарлау қабілеттерін дамыту;

3) қоршаған әлем өзгерісіндегі адам еңбегінің рөлі туралы білімді меңгерту; адам және адам еңбегіне құрметпен қарауға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Пәннің міндеттері:

1) алғашқы жалпы еңбек және арнайы біліктерін, еңбек және экологиялық- мәдени негізін қалыптастыру; ақпаратты іздеу, қайта өзгерту, сақтау және қолдану үшін практикалық- іс-әрекетте және күнделікті өмірде алған білім мен білігін пайдалану;

2) жеке гигиена ережесін сақтау, материалдар және құралдармен- қауіпсіздік жұмыс тәсілін қолдану дағдысын дамыту;

3) өздігінен қажетті материалдардан түрлі бұйымдар құрастыру;

4) оқушылардың шығармашылық қабілетін, көркем сезімін,- шығармашылық қиялын, кеңістік ой-өрісін, эстетикалық талғамы мен құрастырушылық қабілеттерін дамыту;

5) ұжымдық жұмыс істеуді ұйымдастыру.

2-сыныптарда аптасына 2 сағаттан, жылына 68 сағатты құрайды.

ЛГІ РЕТІНДЕГІ

Күнтізбелік – тақырыптық жоспар

68сағат

№ р/н Мазмұны Сағат саны Күні
I тоқсан – 18 сағат
Ермексазбен жұмыс (8 сағат)
1. Ермексаз туралы түсінік. Ермексаздан тегене пішінін жасау.  
2. Ермексаз туралы түсінік. Ермексаздан тегене пішінін жасау.  
3. Ермексаздан ожау жасау.  
4. Ермексаздан ожау жасау.  
5. Ермексаздан құман жасау.  
6. Ермексаздан құман жасау.  
7. Ермексаздан құмыра жасау.  
8. Ермексаздан мысық бейнесін сомдау.  
Табиғи материалмен жұмыс (14 сағат)
9. Туған өлкемнің табиғаты және оның байлығы  
10. Табиғи материалдардың түрлері  
11. Ағаш жапырақтарынан пішін жапсырмалау.  
12. Өсімдік дәндерімен танысу.  
13. Жаңғақ қабығынан қанқыз жасау.  
14. Жаңғақ қабығынан тасбақа жасау.  
15. Аттың және бұғының пішінін жасау.  
16. Аттың және бұғының пішінін жасау.  
17. «Көлдегі аққу» композициясын құрастыру.  
18. «Көлдегі аққу» композициясын құрастыру.    
II тоқсан – 16 сағат  
19. «Аквариумдағы балықтар» композициясын құрастыру  
20. «Аквариумдағы балықтар» композициясын құрастыру  
21. Малта тастардан мозаика құрастыру.  
22. Малта тастардан түрлі бейнелер құрастыру.  
Қағазбен жұмыс (12 сағат)
23. Қағаз және қатырмақағаз туралы мәлімет.  
24. Қағаз және қатырмақағазбен жұмыс.  
25. Қағаздан құрастыру және жапсырмалау. Мерекелік жалаушалар.  
26. Симметриялы және асимметриялы бөлшектер  
27. Аппликация. «Бәйтерек»..  
28. Аппликация. «Жаңа жылдық шырша»  
29. Шырша ойыншықтарын жасау.  
30. Шырша ойыншықтарын жасау.  
31. Бетперде жасау.  
32. Бетперде жасау.  
33. Оригами. Күшік пішінін жасау.  
34. Оригами. Мысық пішінін жасау.  
III тоқсан – 20 сағат Матамен жұмыс (10 сағат)
35. Мата неден жасалады?  
36. Тігін ісіне қажетті құрал-жабдықтар.  
37. Мақтадан жапсырмалап қошақан пішінін жасау.  
38. Матаны қайда тоқиды?  
39. Жіптің түрлері.  
40. Балапан.  
41. Өрнекті жіптер торламасы.  
42. Түйме қадауды үйренеміз.  
43. Дөңгелек пішінді ойыншықтар.  
44. Дөңгелек пішінді ойыншықтар.  
Қазақтың ұлттық ою-өрнектері (6 сағат)
45. Ою-өрнек туралы түсінік.  
46. Ою салынған телефон қабы.  
47. Қуыршаққа арналған кілемше.  
48. Аяққап тігу.  
49. Аяққап тігу.  
50. Қобдиша жасау.  
Қазақтың ұлттық киімдері (6 сағат)
51. Ұлттық киім үлгісіндегі әже бейнесі.  
52. Ұлттық киім үлгісіндегі ата бейнесі.  
53. Ұлттық баскиім. Қалпақ тігу.  
54. Шапан  
IV тоқсан – 14 сағат  
55. Шапан.  
56. Шәрке.  
Зергерлік бұйымдар (4 сағат)
57. Металмен жұмыс істеуге қажетті құралдар. Шынжыр жасау.  
58. Әртүрлі сырға үлгілерін жасау.  
59. Әртүрлі сырға үлгілерін жасау.  
60. Қағаздан жасалған салпыншақ сырға.  
Техникалық модельдеу және құрастыру (6 сағат )
61. Металл құрастырғыш бөлшектер.  
62. Металл құрастырғыш бөлшектер.  
63. Темір конструктор бөлшектерінен арба құрастыру.  
64. Экскаватор құрастыру.  
65. Конструктор бөлшектерінен көліктер құрастыру.  
66. Конструктор бөлшектерінен көліктер құрастыру.  
Қорытынды сабақ. Өзіндік жұмыстар (2 сағат)
67. Қатырмақағаздан ұшақ үлгісін құрастыру.  
68. Таразы құрастыру.    

Наши рекомендации