Несеп шыҒару жҮйесі» таҚырыбына арналҒан кейс-материалдарына Қосымша
1.Білуге керекті, білім деңгейін тексеретін сұрақтар мен есептер:
· Бүйрек пен несеп шығару жолдарының эмбриональды шығу тегі (дамуы)
· Жасушалар жиегінің құрылысы мен маңызы
· Көп қабатты ауыспалы эпителидің құрылысы
· Несеп шығару жолдарының жалпы құрылысы
· Бүйрек нефрондарының әртүрлі бөліктері мен несеп шығаратын жолдарды тыстайтын кілегейлі қабығының эпителиі
· Бүйрек денешігінің құрылысы мен маңызы
· Фенестрлі қан капиллярларының құрылысы мен зат алмасудағы олардың маңызы
· Бүйректің құрылыс-қызметін атқаратын бірлігі; нефрондарға түсініктеме
· Бүйректің қыртысты нефрондары және олардың орналасуы
· Юкстамедулярлы нефронның қыртыстық нефроннан айырмашылығы
· Бүйректің фильтрлік құрамының (сүзгі) құрылысы мен маңызы
· Иректелген проксимальды түтікшелердің дистальды түтікшелерден айырмашылығы
· Нефрон ілмегінің құрылысы және оның маңызы
· Несеп жиналатын түтікшелердің құрылысы мен қызметі
· Бүйректің эндокринді аппаратының гистологиялық құрылысы мен маңызы
· Несеп шығаратын жолдардың құрылысы
2.Бақылау есептері:
1. бүйректің микросуретінде бүйрек денешіктері мен нефрон түтікшелері көрінеді. Бұл сурет бүйректің қай бөлігінен дайындалған?
2. фильтрациялық (сүзгі) барьерді зерттеу үшін бүйректің қай бөлігінен алу қажет?
3. бүйректен дайындалған препаратты микроскоптан зерттеу барысында бүйрек түтікшелерінің қабырғасындағы жасушалардың жиегінің шеті бұзылғаны байқалды. Бұл нефрон түтікшелерінің қай бөлігінен дайындалған?
4. Әртүрлі жануарлардың қуығының кесіндісінен дайындалған препараттарды салыстырып зерттеу кезінде кілегейлі қабық эпителиінің қалыңдығы әр түрлі екені анықталған. Мұны қалай түсіндіресіз, бұл жеке жануарларға тән ерекшеліктер ме жоқ па?
5. бүйректе ренин түзілетіні белгілі. Бүйректің қандай тамырлары арқылы бұл гормон қанға өтеді?
6. стресс кезінде антидиурез гормоны және адреналин қанға бөлінетіні белгілі. Бұл гормондар бүйректің қандай құрылымдарына әсер етеді? Несептің түзілуіне қатысы бар ма жоқ па?
7. суретте екі бүйрек денешігі көрінеді. Біреуінде қан тамырлары шумағының қанды шумаққа әкелуші және әкетуші артериолаларының диаметрі бірдей. Ал екіншісінде қанды әкелуші артериола әкетуші артериоламен салыстырғанда диаметрі үлкенірек болатын. Бүйрек денешіктері қайда орналасқан және атын атаңыз. Осы нефрондардың қайсысында несеп түзу басымырақ?
8. науқас адамның несебін зерттегенде онда эритроциттердің бар екені байқалды. Бірақ несеп жолдарын зерттеу барысында қан кету белгілері анықталмады. Нефрондардың қай бөлімдері зақымдалғанда несепте эритроциттердің болуы мүмкін?
9. науқас адамның несебін зерттегенде несептің құрамында қанттың бар екені байқалды. Несеп зерттеуге ертеңгі аш қарында алынды. Бұл жайында нефрондардың қай бөлігі зақымдалды деп айтуға болады? Қандай бөлімдерінің жасушалары зардап шекті деп ойлайсыз.
10. дәрігерлер бүйрегі ауырған адамда (зақымдалғаннан кейін) жалпы қан қысымының жоғарылағанын (бүйрек гипертониясы) анықтады. Бүйректің қандай құрылымының зақымданғанын осы процеспен байланыстыруға болады?
11. бүйректегі «тығыз дақ» бүйректің қай бөлігінде орналасады деген сұраққа екі студент былай деп жауап берді. Біреуі юкстагломерулярлы кешеннің құрамына кіреді десе, ал екінші студент нефронның дистальды бөлімінде орналасады деді. Қай студенттің жауабы дұрыс?
12. студентке несепағардан дайындалған екі препарат зерттеуге ұсынылды. Бірінші препаратта несепағардың қабығында екі қабат, ал екіншісінде үш қабаттың бар екенін анықтай отырып, студент екінші препаратта қалыпты құрылысы өзгеріске ұшырағанын айтты. Студенттің осы берген жауаптары дұрыс па?
3. Бақылау тесттері:
1. Біріншілік несепті сүзуге қатысатын бүйрек тамырлары:
перитубулярлы капиллярлар торы
бүйрек денешігінің гемокапиллярлары
бүйрек денешігіне қанды алып келетін артериолалар
бүйрек денешігінен қанды алып кететін артериолалар
доға тәрізді артерия
2. Бүйрек денешігіндегі қан тамырлар шумағын түзетін тамырлар:
ет типті артерия
ет типті вена
эндотелий мен базальді мембранасы тұтас гемокапиллярлар
фенестрлі эндотелий мен тұтас базальді мембранасы бар гемокапиллярлар
қабырғасындағы эндотелий мен базальді мембранасында саңылаулары бар синусоидты гемокапиллярлар
3. Подоциттердің құрамында болатыны:
секреторлы түйіршіктері
жасуша ішіндегі секреторлы түтікшелері
жиектері
базальді сызықтары
цитотрабекулалар мен цитоподиялар
4. Нефрон капсуласының сыртқы жапырақшаларындағы эпителий жасушаларының пішіні:
жалпақ
пирамида тәрізді
жұлдыз тәрізді
биік призмалы
ромб тәрізді
5. Бүйректегі фильтрациялық сүзгінің қызметі:
біріншілік несепті түзеді
ренинді түзеді
простагландиндерді түзеді
белоктардың реабсорбциясына қатысады
электролиттердің реабсорбциясына қатысады
6.Біріншілік несептің реабсорбциясына қатысатын бүйректің құрылымы:
нефрон түтікшелері
бүйрек денешіктері
перитубулярлы капиллярлар торы
подоциттер
мезангиоциттер
7.Қабырғасы бір қабатты куб тәрізді жиекті эпителимен тысталған бүйрек нефронының түтікшесі:
проксимальді түтікше
жіңішке түтікшенің төмендеген бөлігі
жіңішке түтікшенің жоғарылаған бөлігі
дистальді иректелген
жинағыш түтігі
8. Нефрон ілмегінің төмендеген бөлігін тыстайтын эпителий:
көп қатарлы кірпікшелі
бір қабатты жалпақ
бір қабатты куб тәрізді
бір қабатты призмалы
ауыспалы
9.Қабырғасындағы жасушаларының жиегі жоқ, цитоплазмасы ашық түсті, аласа призмалы эпителимен тысталған нефронның қай бөлігі:
иректелген проксимальді түтікшесі
тік проксимальді түтікшесі
жіңішке түтікшесінің төмендеген бөлігі
жіңішке түтікшесінің жоғарылаған бөлігі
иректелген түтікшесінің дистальді бөлігі
10.Бүйректің қыртысты затындағы жинағыш түтікшелердің қабырғасын тыстайтын эпителиі:
көп қабатты жалпақ мүйізделмеген
ауыспалы
көп қатарлы кірпікшелі
бір қабатты жалпақ
бір қабатты куб тәрізді
11. Жинағыш түтікшелерінің қабырғасындағы күңгірт түсті нефроциттердің қызметі:
тұз қышқылын синтездейді
судың реабсорбциясына қатысады
рениннің синтезіне қатысады
белоктардың реабсорбциясына қатысады
простагландиндердің синтезіне қатысады
12. Жинағыш түтікшелерінің қабырғасындағы ашық түсті нефроциттердің қызметі:
тұз қышқылының синтезіне қатысады
судың реабсорбциясына қатысады
рениннің синтезіне қатысады
белоктардың реабсорбциясына қатысады
көмірсулардың реабсорбциясына қатысады
13. Бүйректің дистальді түтікшелеріндегі тығыз жасушаларының пішіні қандай:
жалпақ
өсінділі
дөңгелек
призмалы
куб тәрізді
14. Ренин аппаратының юкставаскулярлы жасушаларының орналасқан жері:
жинағыш түтікшелердің жанында
иректелген проксимальді түтікшелерде
бүйрек денешіктерін қоршайды
қанды әкелетін және алып шығатын артериолалар мен тығыз дақ арасындағы конус тәрізді кеңістікте
қан тамырлар шумағының арасында
15. Бүйректің интерстициальді жасушаларында болатын құрылымдары:
жасуша ішіндегі секреторлы каналдары
простагландиннің түйіршіктері
шашақты жиегі
базальді сызықтары
цитотрабекулалар мен цитоподиялары
16. Бүйректің простагландинді аппаратындағы интерстициальді жасушалардың пішіні:
дөңгелек
куб тәрізді
жалпақ өсінділі
призмалы
пирамида тәрізді
17. Қан капиллярлары шумағының арасында орналасқан бүйрек денешігінің жасушалары:
юкстагломерулярлы
юкставаскулярлы
мезангиальді
эндотелиальді
тығыз дақ жасушалары
18. Несеп ағардың кілегейлі қабығын тыстайтын эпителиі:
көп қабатты жалпақ мүйізделмеген
көп қабатты жалпақ мүйізделген
бір қабатты жалпақ
ауыспалы
көп қатарлы кірпікшелі
1.Қолданылатын әдебиеттер:
1.1. Негізгі әдебиеттер:
Афанасьев Ю. И., Юрина Н.А., Гистология. М., 2004, 656-673б.
Юй Р.И., Абильдинов Р.Б., Атлас микрофотографий по гистологии, цитологии и эмбриолгии для практичских занятий «Эффект» Алматы, 2012. 210-216
Р.Б.Абильдинов, Ж.О. Аяпова, Р.И.Юй, Атлас гистологии, цитологии и эмбриолгии для практичских занятий «Эффект» Алматы, 2006, б. 359-370б.
1.2. Қосымша әдебиеттер:
Волкова О.В., Елецкий Ю.К., Дубовая Т.К., Гистология, цитология және эмбриология: Атлас М., 1996, 367-398
Кузнецов С.Л., Пугачев М.К. Гистология, цитология және эмбриологядан дәріс. Москва 2005, 492-513б.
Юй Р., Наумова Л.И., Калинина М.С. және т.б. Гистологиядан тесттік тапсырмалар-1, Алматы, 2010, 144-156 б.