ТаҒамдыҚ заттектер мен азыҚ-тҮлік Қауіпсіздігі саласындаҒы заҢдылыҚ ҚҰжаттар

«Техникалық реттеу туралы» Заң негізінде елімізде техникалық реттеуді реформалау республика мекемелерінің бәсекеге түсу мүмкіндігін ұлғайтуға, оларға экспорттың бағыт беруге Қазақстан экономикасын әлемдік қауымдастыққа интеграциялауға бағытталған. Бұл мәселелерді шешу техникалық нормалау саласындагы саясатты өзгертуге, стандарттау, сертификаттау, мемлекеттік техникалық реттеу және тексеру жүйелерін реформалауға, оларды мемлекеттік техникалық басқару жүйесіне енгізуге тікелей байланысты. Халықаралық тәжірибеде міндетті түрде қолдануға және сақталуға тиісті талаптар техникалық регламенттерде, заңнамаларда, ңұсқауларда және Үкімет органдарының жарлықтарында көрсетіледі. Техникалық регламенттерге енгізілетін талаптар: адамдардың өмірі мен денсаулығының, азаматтардың мүліктері мен қоршаған ортаның қауіпсіздігі, ұлттық қауіпсіздік және тұтынушыны алданудан сақтау болып табылады.

ТАМАҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ» ҚР Заңына сәйкес, 19-баптың тамақ өнімдерін өткізу кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптарда- Тамақ өнімдерін өткізуге Қазақстан Республи­касының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін ішкі сауда объектілерінде ғана жол беріледі. 2 тармақта - егер тамақ өнімдерін өткізу кезінде олардың қауіпті сипат алуына әкелген жөнсіздікке жол берілсе, оларды өткізуге болмайды және тиісті сараптамаға жіберіліп, оның нәтижелері бойынша кәдеге жаратылады немесе жойылады. 3 тармақта әкелінетін елдің заңнамасында, стандарт­тарында өзгеше талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасынан әкетілетін (экспортталатын) тамақ өнімдері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс делінген. Қазақстан Республикасының тамақ өнім­дерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгі­лен­ген талаптарға сәйкестігі куәландырылған құжат­тары жоқ тамақ өнімдерін өткізуге тыйым салынады. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін (импортталатын) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптарда Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін (импортталатын) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс. Осы Заңның 9-бабында белгіленген талаптарға сәйкес мемлекеттік тіркеуден өтпеген тамақ өнімдерінің әкелінуіне (импортталуына) тыйым салынады. .Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар өз құзыреттері шегінде тамақ өнімдерін қарап-тек­серуді, оның тауарға ілеспе құжаттарын тексеруді жүргізеді.

Егер Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін (импортталатын) тамақ өнімдері осы Заңның 12-бабының 4-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес болмаған жағдайда, осы тар­мақтың бірінші бөлігінде аталған лауазымды тұл­ға­лар оларды әкелуді (импорттауды) уақытша тоқтата тұру және тиісті сараптамаға жіберу туралы шешім қабылдайды немесе Қазақстан Респуб­ликасының заңнама­сында белгіленген тәртіппен оларды Қазақстан Респуб­ликасының аумағына әкелуге (импорттауға) тыйым салады. Субъект тиісті сараптама нәтижелері бойынша қауіпті деп танылған тамақ өнімдерін Қазақстан Респуб­ликасының аумағынан үш күн ішінде тысқары әкетуге міндетті. Егер қауіпті тамақ өнімдері осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасынан тысқары шығарылмаса, олар Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасына сәйкес кәдеге жаратылады немесе жойылады. Қауіпті тамақ өнімдерін өндірудің (дайындаудың), айналымының немесе кәдеге жаратудың бір немесе бірнеше процестерін (сатыларын) тоқтатуға қойылатын талаптар қойылады. Тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау) және айналымы процестерінде (сатыларында) пайдаланылатын машиналар мен жабдықтарға, материалдар мен бұйымдарға және тамақ өнімдерімен байланысты материалдар мен бұйымдарға қойылатын талаптарда - тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау) және айналымы процестерінде (сатыларында) пайдаланы­латын машиналар мен жабдықтар, материалдар мен бұйымдар: Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс.

Тамақ өнімдерімен байланысты материалдар мен бұйымдарға халықтың санитарлық-эпиде­миологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган берген, қауіпсіздігін куәландыратын құжат қоса тіркелуге тиіс. Тамақ өнімдерімен байланысты тасымал сыйым­дылықтарының (цистерналар, танкерлер және басқалары), құбырлардың, сорғылардың, шлангілердің, машиналардың, көлік құралдары­ның, жабдықтардың және аппарату­ралардың барлық бөліктері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолдануға рұқсат етілген материал­дардан дайындалуға тиіс.

Тамақ өнімдерімен байланысты материалдар мен бұйымдардың қауіпсіздігін куәландыратын құжатта:

1) химиялық, биологиялық және физикалық сипаттамаларын;

2) қолданылуын, пайдаланылу тәсілін;

3) шығу тегін және өндіріс әдісін;

4) беру, буып-түю әдістерін және сақтау шарттарын;

5) пайдалану алдындағы дайындығын;

6) қабылдау өлшемдерін қоса алғанда, қатерлерді сәйкестендіру және бағалау үшін қажетті деректер болуға тиіс.

Тамақ өнімдерін қадағалау:

1) сәйкестендіру;

2) деректер жинау және жазу;

3) субъектілер арасындағы өзара іс-қимылдар туралы ақпарат;

4) деректер алмасу жолымен қамтамасыз етіледі. Субъектілер тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою кезінде технологиялық паспорттар жасау арқылы тамақ өнімдерін қадағалауды қамтамасыз етеді, құжаттамада қажетті технологиялық және бақылау операцияларының жүргізілгені туралы белгі соғылып, анықталған ақаулар және оларды жою жөнінде қолданылған шаралар көрсетіледі.

Субъектілер тиісті таңбалаулар мен қолдарын қоя отырып, осы құжаттарды ресімдейді.

Тамақ өнімдерін қадағалау жөніндегі деректердің жазбасы олардың жарамдылық мерзімі біткен сәттен бастап бір жыл бойы сақталады. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін өндірістік бақылау Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес субъектілер әзірлеген тәртіппен жүргізіледі. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін өндірістік бақы­лауды Қазақстан Республикасының заңнамасында бел­гіленген тәртіппен аттестатталған және (немесе) аккредиттелген зертханалар (орталықтар) жүзеге асырады. Экологиялық таза тамақ өнімдерін өндіру (дайындау), таңбалау экологиялық таза тамақ өнімдерін өндіруді (дайындауды) стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Экологиялық таза тамақ өнімдері белгіленген талаптар сақталғанда ғана экологиялық таза тамақ өнімдері белгісімен таңбаланады. 28-бапта - Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін (импортталатын) және одан әкетілетін (экспортталатын) азықтар және азық қоспалары аймақтың эпизоотиялық ахуалы мен олардың шыққан жерлері ескеріле отырып, тексеруден өткізілуге және оларға зертханалық сараптама жүргізілуге тиіс.

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі бойынша Кодекс азаматтардың денсаулық сақтауға конституциялық құқығыніске асыру мақсатында денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. Осы кодексте әлеуетті қауіпті химиялық және биологиялық заттар - белгілі бір жағдайларда және белгілі бір шоғырлануы кезінде адамның немесе болашақ ұрпақтың денсаулығына зиянды әсер етуі мүмкін, қолданылуы мен пайдаланылуы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілермен және гигиеналық нормативтермен регламенттелетін заттар көрсетілген.146 бабында- Тамақ өнімдерін және адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу жағдайы айтылған. Тамақ өнімі және адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлері, оған қоса: алғаш рет өндірілетін (дайындалатын) және Қазақстан Республикасының аумағына алғаш рет әкелінетін (импортталатын) балалар тамағы өнімдері, тағамға тағамдық және биологиялық активті қоспалар, генетикалық түрлендірілген объектілер, бояғыштар, дезинфекциялау, дизенсекциялау және дератизациялау құралдары, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдар; Қазақстан Республикасының аумағына алғаш рет әкелінетін (импортталатын), өндіріске алғаш рет енгізілетін және бұрын пайдаланылмаған заттар және олардың негізінде дайындалған, халық үшін ықтимал қауіп төндіретін материалдар мен препараттар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органда мемлекеттік тіркеуге жатады.

«КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ ШАРАЛАР ЖӨНІНДЕГІ КЕЛІСІМІН РАТИФИКАЦИЯЛАУ туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы № 302-IV Заңы 2009 жылғы 11 желтоқсанда Санкт-Петербургте жасалған Кеден одағының санитариялық шаралар жөніндегі келісімі ратификациялансын деп елбасымен қабылданған. Кеден одағына мүше мемлекеттердің үкіметтері Кеден одағының кедендік аумағын халық арасындағы инфекциялық және жаппай инфекциялық емес аурулардың (уланулардың), санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға сәйкес келмейтін өнімнің (тауарлардың) әкелінуінен және таралуынан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында,
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету саласында келісілген саясат жүргізудің тиімді шаралары болып табылады.

ҚР Үкіметінің 2010жылғы 14 қыркүйектегі №935 қаулысымен бекітілген «БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН ТАМАҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР» техникалық регламенті. Техникалық регламент балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне, оларды өндіру және айналымы үдерістеріне қойылатын талаптарды белгілейді және Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының (бұдан әpi - КО СЭК, ТН) 0402, 0406, 1103, 1602, 1604, 1704, 1806, 1901, 2005, 2007, 2008, 2009, 2104, 2201 тауар позициясына кіретін тамақөнімдерінеқолданылады. Бұл Техникалық регламенттің талаптары: жас балаларға арналған балалар тағамдарына; диеталық және емдік-профилактикалық тағамдарға қолданылмайды. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында азайтылуы қажет балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің тіршілік циклі үдерісінде туындайтын факторларға (тәуекелдерге) мыналар жатады: тамақ өнімдерінің жекелеген түрі үшін техникалық регламенттер немесе санитариялық ережелер талаптарымен белгіленген, құрамындағы уытты элементтердің, микоуыттардың, пестицидтердің, антибиотиктердің, радионуклидтердің, тағамдық қоспалардың, витаминдердің, микроэлементтердің және басқа да нормаланбайтын контаминанттардың артуы, өнімнің механикалық және микробиологиялық ластануын қадағалайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 шілдедегі N 1073 қаулысымен бекітілген "ТАМАҚҚА ҚОСЫЛАТЫН БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІ ҚОСПАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР" техникалық регламенті тамаққа қосылатын биологиялық тамақ қоспаларының қауіпсіздігіне, оларды өндіруге және олардың айналымына қойылатын талаптарды белгілейді және олардың Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (ҚР СЭҚ ТН) 2106 90 980 3 бірыңғай тауарлық кіші субпозициясына енетін тамаққа қосылатын биологиялық белсенді қоспаларға таратылады. Бұл құжатта 3 тармағындақауіптілік (тәуекел) факторы- Биологиялық белсенді қоспалардың тіршілік циклінің процесінде пайда болатын, адам денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін азайтылатын қауіпті факторларға (тәуекелдерге) мыналар жатады: уытты элементтер, микоуыттар, пестицидтер, радионуклидтар, дәрілік заттар құрамының, гормондық және психотроптық препараттар құрамының жоғарылауы, дозалау, өнімнің механикалық және микробиологиялық ластануы туралы толық берілген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы18 наурыздағы N263 қаулысымен бекітілген "АЗЫҚ ЖӘНЕ АЗЫҚ ҚОСПАЛАРЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР" техникалық регламенті жануарларға арналған азық, жартылай фабрикаттар немесе пайдаланылатын технологиялардың ерекшеліктеріне қарамастан басқа да азықтарды өндіруге арналған шикізат ретінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін (дайындалатын) және әкелінетін (импортталатын), сондай-ақ айналымға арналған азықтарға және азық қоспаларына қолданылады. Осы Техникалық регламенттің күші әсер ететін өнім түрлері мен техникалық регламент жеке қолдануға арналған және генетикалық түрлендірілген өсімдік және/немесе басқа шикізаттан дайындалған, үйде (фермерлік) дайындалған азыққа және азық қоспаларына қолданылмайды. Осы Техникалық регламенттің 2 тармағына сәйкес талаптары азықты және азық қоспаларын өндіруге (дайындауға), тасымалдауға, сақтауға, сатуға қатысатын барлық жеке және заңды тұлғалардың қызметіне қолданылады. Ал 3 тармағына өндіру (дайындау), сақтау және қолдану процесінде азық және азық қоспалары, сондай-ақ шикізат мынадай жағдайларда жануарлардың, мал шаруашылығының өнімін пайдаланатын адамдардың денсаулығына және өміріне қатер тудыруы мүмкін: 1) радиациясы жоғары немесе құрамында ауыр металдардың тұздары бар өнеркәсіптік кәсіпорындарға немесе геохимиялық аудандарға жақын дайындау кезінде қауіптілік туындағанда; 2) санитарлық нормаларға сәйкес келмейтін сапасыз немесе жасанды шикізатты және буып-түю материалын пайдаланғанда; 3) жануарлардың улануына ықпал ететін азықтарды өңдеудің (патогендік микроорганизмдердің көбеюі, уыттардың жиналуы) технологиялық режимдерін сақтамағанын бақылайды.

Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 88 Қаулысы бекітілген. Бұл құжаттың 20 тармағында тамақ өнімдерін дайындау, сақтау, тасымалдау және өткізу сәйкестендіріліп жүзеге асырылатын дайындаушы бекіткен құжаттар (ұйым стандарттары, техникалық шарттар, технологиялық регламенттер, технологиялық нұсқаулықтар, спецификациялар), онда сәйкестендіру белгілері көрсетіле отырып, тамақ өнімдерінің атаулары, тамақ өнімдерінің ингредиенттік құрамы, қолданылу саласы, физикалық-химиялық және органолептикалық көрсеткіштері, сондай-ақ тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі көрсеткіштері, таңбасына және қаптамасына қойылатын талаптар, жарамдылық мерзімі мен сақтау, тасымалдау және кәдеге асыру шарттары, технологиялық операцияларды және оларды тамақ өнімдерінің тиісті түрлеріне қолдану жүйелілігін, тамақ өнімдерінің немесе импорттық тамақ өнімдерінің өнеркәсіптік өндірісі жүзеге асырылатын өндірістік бақылау бағдарламасын қамтитын өндіріс процестерінің тізімі мен сипаттамасы көрсетілген.

Ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

· Шарманов Т.Ш. Питание важнейший фактор здоровья человека. –Алматы. Асем-Систем. 2010. – 480 с.

· Шарманов Т.Ш. О роли, дефиците и профилактике важнейших микронутриентов. Изд-во: Раритет. 2009 . -368 с.

· Руководство по диетологии. /Под ред. Барановского А.Ю. - Санкт-Петербург, 2008. - 800 б.

· Руководство по лечебному питанию детей /Под ред. К.С.Ладодо. – М.: Медицина, 2004. – 384 с.

· Справочник по диетологии. /Под ред. Самсонова М.А., Покровского А.А.. - Изд. 2-е, перераб и доп.-М.: Медицина, 2005. - 398 б

· Бекбосынов Т.К., Ахметов М.А., Бердыгалиев А.Б. и др. Лечебное питание в педиатрии. - Алматы. 2006. - 343 с.

· Королев А.А. Гигиена питания.-М.: Издательский центр «Академия», 2006 –528

· Новодержина Ю.Г.,Дружинина В.П. Диетология. - Изд-во Феникс.2004 г. -384 б.

· Терехин С.П.. Емдік тамақтану. Оқу-әдістемелік құрал. Қарағанды, 2006. - 276 б.

· Сивохина И.К. /Справочник по лечебному питанию. - М.: ООО «Издательство Новая Волна», 2003. - 352 б.

· Петровский, К.С., Ванханен, В.Д. Гигиена питания: Учебник – 3-е изд. перераб. и доп. – М.: Медицина, 1981. 355 с.

· Т.Ш.Шарманов басшылығында. Педиатрияда тағаммен емдеу. Алматы, 2010ж. 343бет

· М.Ахмет-Төре, Т.Бекбосынов Тағаммен емдеу. Алматы, 2002ж. 178 бет

Қосымша әдебиеттер:

· Национальное руководство: Нутрициональная поддержка при различных заболеваниях. /Под. ред. Шарманова Т.Ш.– Алматы: 2011. 256 с.

· Методическое пособие: Питание матери и дитя. /Т.Шарманов, М.Айджанов. – Алматы: 2011. 139 с.

· Методическое пособие: Особенности питания в пожилом и старческом возрасте./Даленов Е.Д., Искакова С.А., Абдулдаева А.А. и др.. – Астана -Алматы: 2011. 80 с.

· Методическое пособие: Основы здорового питания школьников./Даленов Е.Д., Искакова С.А., Абдулдаева А.А. и др.. – Астана -Алматы: 2011. 79 с.

· Шарманов Т.Ш. Национальное руководство по питанию женщин репродуктивного возраста, беременных и кормящих матерей. ТОО «Полиграфсервис». Алматы, 2007. 145 с.

· Доронин А.Ф., Шендеров Б.А. Функциональное питание. –М.: ГРАТЬ,2002. -296 с.

· Алмаз Шарман . Формула здоровья. GTNet 2010. -120 с.

· Мартинчик А.Н., Маев И.В., Янушевич О.О. Общая нутрициология. – М.: МЕД пресс-информ, 2005. – 392с.

· Пилат Т.Л., Шарманов Т.Ш. и др. Основные принципы фармаконутрициологии. Астана-Алматы-Шымкент. 2001. – 312с.

· Шарманов Т.Ш. Каламкарова Л.И., Цой И.Г и др. Государственный реестр биологически активных добавок к пище. Справочник. Алматы, 2008. - Т.2. - 346 с.

· «Методические указания по организации питания в столовых для детей 1-4 классов за счет бюджетных средств» (Методические рекомендации). /Шарманов Т.Ш. Айджанов М.М., Берденова Г.Г. и др. А., 2008. - 11 с.

· «Организация детского питания» (Методические рекомендации). /Шарманов Т.Ш. Тажибаев Ш.С.. А.,2008.- 38 с.

· Тутельян В.А., Суханов Б.П., Австриевских А.Н., Поздняковский В.М. Биологически активные добавки в питании человека (оценка качества и безопасности, эффективность, характеристика, применение в профилактической и клинической медицине).- Томск, 1999.- 296 с.

· Лечебное и рациональное питание. Картотека блюд: Практическое руководство для врачей-диетологов, диетсестер детских лечебно-профилактических учреждений / В.И. Мурох, Л.А. Соколовская, Н.Д. Коломиец, О.М. Веремейчик, Т.А. Корольчик, М.И. Лагоцкая, Л.А. Николаева, В.П. Захаренко, Е.А. Попко; Под ред. В.И. Муроха. – Мн.: Ураджай, 2001. 741 с.

· Willett, W.C. Diet, nutrition and avoidable cancer. Environmental health perspectives, 103(Suppl. 8): 165-170(1995). http://www.ehponline.org.

· World Cancer Research Fund & American Institute for Cancer Research. Food, nutrition and the prevention of cancer: a global perspective. Washington, DC, American Institute for Cancer Research, 1997. http://www.dietandcancerreport.org.

· Joffe, M. & Robertson, A. The potential contribution of increased vegetable and fruit consumption to health gain in the European Union. Public health nutrition, 4: 893-901 (2001). http://www.ncbi.nlm.nih.gov.

· Рацион, питание и предупреждение хронических заболеваний. Доклад Совместного консультативного совещания экспертов ВОЗ/ФАО (http://whqlibdoc.who.int/trs/WHO TRS 916 rus.pdf). Женева, Всемирная организация здравоохранения, 2003 г. (Серия технических докладов ВОЗ, № 916) (взято 1 ноября 2004 г.). http://whqlibdoc.who.int.

· Trichopoulou, A. Nutrition in Europe: nutrition policy and public health in the European Community and models for European eating habits on the threshold of the 21st century. Brussels, European Parliament Scientific and Technological Options Assessment (STOA), 1997. http://www.euro.who.int.

· Klerk, M. et al. Fruits and vegetables in chronic disease prevention. Part II: Update and extension (literature up to early 1998). Wageningen, Wageningen Agricultural University, 1998. http://www. journals.cambridge.org.

· Muller, H. et al. Serum cholesterol predictive equations with special emphasis on trans and saturated fatty acids: an analysis from designed controlled studies. Lipids, 36: 783-791 (2001). http://www. foodstandards.gov.au.

· Renaud, S. & Lanzmann-Petithory, D. Coronary heart disease: dietary links and pathogenesis. Public health nutrition, 4(2B): 459- 474 (2001). http://www. journals.cambridge.org.

Нормативті құқықтық актілер:

1 ҚР Конституциясы, 30 тамыз 1995ж.

2 ҚР Кодексі «ҚР азаматтарының денсаулығын сақтау мен қорғау», Астана, 18.09.2009 ж.

1. «Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тауарларға қойылатын бірыңғай санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптар» 25.05.2010ж. №299.

2. «Азық-түліктердің қауіпсіздігі» туралы Кедендік одақтың техникалық регламенті КО ТР 021/2011 09.12.2011ж. №880.

3. «Техникалық реттеу туралы» 09.11.2004 г. № 603-II.ҚР Заңы.

4. «Ветеринария туралы» 10.07.2002 г. № 339-IIҚР Заңы.

5. «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» 04.05.2010 г. № 274-4 ҚР Заңы.

Наши рекомендации