ЖҰҚпалы аурулар бойынша 2014-2015 оҚу жылындаҒы интернатураҒа арналҒан тесттік тапсырмалар

Іш сүзегі (25 тест)

1.23 жастағы ер кісі, аурудың 8-ші күнінде қызбаның көтерілуі, басының қатты ауруына, әлсіздік, денесіне бөртпенің шығуына шағымданып келді. Аймақтық дәрігер «Іш сүзегі» диагнозына күдіктенді. Іш сүзегінде бөртпе қай жерде орналасады:

+a) кеуде және іш терісінде

b) арқа терісінде

c) кеуде және қолда

d) іште және аяқта

e)дененің барлық бөлігінде

2.Іш сүзегінің спорадикалық түрде кездесуіндегі негізгі инфекция көзі:

+a) бактерия тасымалдаушылар

b) аурудың жеңіл және атипиялық түрімен ауыратын науқастар

c)аурудың жасырын кезеңіндегі науқастар

d)ауру шыңындағы науқастар

e)іш сүзек реконвалесценттері

3.Іш сүзегіндегі бөртпе сипаты:

a) геморрагиялық

b)дақты-папулёзді

+c)розеолёзді

d)везикулёзді

e) «есекжем» типі бойынша

4. Іш сүзегінде асқазан-ішек жолдарының зақымдалу симптомдарына тән:

a) асцит

b) сигма тәрізді ішектің спазмы

c) эпигастрий аймағының ауру сезімі

+d) Падалка симптомы

e) Ортнер симптомы

5. Іш сүзегіне тән симптомдар:

a) қызбаның болмауы

b) денеде петехиальді бөртпелердің болуы

+c) брадикардия, гипотония, пульс дикротиясы

d) Курвуазье симптомы

e) көптеген бөртпелер

6. Іш сүзегімен ауырған науқас «қара» түсті нәжіске шағымданады, қандай асқыну дамыған:

a) перфорация

+b) қан кету

c) жаралы колит

d) ішектің жеделөтпеуі

e) инфекционды-токсикалық шок

7. Іш сүзегінің диагнозын этиологиялық тұрғыдан дәлелдеу үшін қандай зерттеу жүргізу керек:

a) жалпы қан анализі

+b) гемокультура

c) рентгенологиялық зерттеу

d) УДЗ

e) лапароскопия

8. Іш сүзегіне тән белгі:

+a) тұрақты қызба

b) сарғаю

c) геморрагиялық қызба

d) колит

e) «шымшу»симптомы

9. Іш сүзегіне тән:

+a) қызба

b) бас аурудың болмауы

c) бөртпе аурудың бірінші күні байқалады

d) профузды іш өту

e) бетінің қызаруы

10. 30 жастағы ер кісі, «Іш сүзегі, ауыр ағымы» диагнозымен, аурудың 10-ші күнінде, ауруханада жатқанының 4-ші күнінде науқаста кенеттен іштің кебуі, іштің қатты ауру сезімі, ауыздың құрғауы, ішекте перистальтика дыбысының жоғалуы және дене қызуының күрт төмендеп, тахикардия пайда болған.

Іш сүзегі кезіндегі арнайы асқынуды анықтаңыз:

a) дегидратация

+b) ішек перфорациясы

c) тыныстың жеделжетіспеушілігі

d) бауырдың жеделжетіспеушілігі

e) бүйректің жедел жетіспеушілігі

11. Іш сүзегінің арнайы асқынуы:

a) гиповолемиялық шок

+b) инфекциялық-токсикалық шок

c) қан түкіру

d) бауырдың жедел жетіспеушілігі

e) бүйректің жедел жетіспеушілігі

12. 23 жастағы, ер кісі, аурудың 8-ші күнінде қызбаның көтерілуі, басының қатты ауруына, әлсіздік, денесіне бөртпенің шығуына шағымданып келді. Аймақтық дәрігер «Іш сүзегі» диагнозына күдіктенді.

Іш сүзегіне тән терідегі бөртпе сипаты:

a) петехиальды бөртпе

b) эритема

c) дақты-папулезді бөртпе

+d) розеолалар

e) везикулалар

13. Іш сүзегіне тән патоморфологиялық өзгерістер:

a) ішектегі серозды қабыну

b) тоқ ішектегі жаралы-некротикалық процесс

+c) жіңішке ішектегі жаралы-некротикалық процесс

d) псевдомембранозды колит

e) ішектің қалыпты шырышты қабаты

14. Іш сүзегі патогенезінің басым тізбегі:

+a) бактериемия

b) вирусемия

c) қан тамырларының өткізгіштігінің жоғарылауы

d) экзотоксиннің бөлінуі

e) асқазан-ішек жолдарынан қоздырғыштың табылуы

15. Іш сүзегіне тән қызба:

a) интермиттирлеуші

b) субфебрильді

c) гектикалық

+d) тұрақты

e) ремитирлеуші

16. Іш сүзегіне тән классикалық қызба қисығы:

+a) трапеция тәрізді (Вундерлих)

b) 3-күндік

c) ұстама тәрізді

d) субфебрильді

e) бұрмаланған

17. Іш сүзегінің негізгі патоморфологиялық өзгерістері АІЖ қай бөлімінде шоғырланады:

a) сигма тәрізді ішекте

b) тік ішекте

+c) мықын ішекте

d) көлденең тоқ ішекте

e) асқазанда

18. Іш сүзегінің клиникасына тән белгі:

a) беттің қызаруы

b) геморрагиялық синдром

c) ұлғайған, тығыз көкбауыр

+d) брадикардия

e) дене температурасының қалыпты болуы

19. Іш сүзегіне тән симптом:

a) бұлшық еттегі ауру сезімі

b) қалтырау және тершеңдік

c) белдегі ауру сезім

d) полиаденит

+e) тұрақты қызба

20. Іш сүзегінде бөртпенің пайда болу мерзімі:

a) аурудың 1-3 күні

b) аурудың 4-7 күні

+c) аурудың 8-10 күні

d) аурудың 14 күні

e) барлық қызбалық кезеңде

21. Іш сүзегіне ерте диагноз қою үшін қолданылатын лабораториялық әдіс:

+a) қанды егу

b) өтті егу

c) зәрді егу

d) Видаль реакциясы

e) тікелей емес гемагглютинация реакциясы

22. Іш сүзегімен жиі қай жастағы адамдар ауырады:

+a) 15-20 жас

B )5-7 жас

c) 40-50 жас

d)2-4 жас

e) 60 жастан жоғары

23. 45 жастағы әйел адам, аурудың 5-ші күнінде үйінде аймақтық дәрігерге қаралды.

Қарау кезінде: дене қызуы – 38,50С, жағдайы орташа ауырлықта, дене жамылғысы бозғылт, тілі ісінген, тілінде тісінің іздері бар. Іші кебінген, оң жақ мықын аймағында ауру сезімі, ішектері құрылдап және перкусия кезінде перкуторлы дыбыстың қысқаруы, бауыр мен көк бауырдың ұлғаюы, іштің қатуы айқындалған.

Қай ауру туралы ойлауға болады?

a) жедел дизентерия

b) сальмонеллез

c) тырысқақ

d) іш сүзегі+

e) листериоз

24.Іш сүзегін жұқтыру механизмі:

a) трансмиссивті

b) аспирациялық

+c) фекалды-оралды

d) тұрмыстық-қатынас

e) парентералді

25. Іш сүзегіне тән асқыну:

a) мидың ісінуі

b) тыныс орталығының парезі

+c) ішектен қан кету

d) жұмсақ тіндерінің некрозы

e) гиповолемиялық шок

Дизентерия (11 тест)

26. Дизентерияның ауыр түрінің этиотропты емінде қолданылатын дәрі:

a) доксициклин

b) ампициллин

+c) ципрофлоксацин

d) цефазолин

e) гентамицин

27. Дизентерияның жеңіл түрінің этиотропты емінде қолданылатын дәрі:

a) доксициклин

b) ампициллин

+c) фуразолидон

d) цефазолин

e) гентамицин

28. Дизентерияға тән синдром:

а) гастрит

+b) колит

c) энтероколит

d) гастроэнтерит

e) гастроэнтероколит

29. Жедел дизентерияға тән ішектегі патоморфологиялық өзгерістер:

а) жаралы -некрозды проктосигмоидит

+b) катаральді-эрозивті проктосигмоидит

c) фибринозды-некрозды проктосигмоидит

d) жаралы проктосигмоидит

e) катаральді проктосигмоидит

30. 40 жастағы ер адам, бас ауыруына, әлсіздікке, іштің ауыру сезіміне, 10 ретке дейінгі жиі іштің өтуіне шағымданып, ауруханаға түсті. 20 күн бойы ауырады: тәулігіне 5 рет іштің өтуі, іштің ауыру сезімі, субфебрильді температура. Түскен кезде: жағдайы қанағаттанарлық, оң жақ мықын аймағындағы ауыру сезімі, соқыр ішектің тығыздануы анықталады. Нәжісі сұйық, қан қосылған, шыны тәрізді.

Ықтимал диагноз?

a) жедел дизентерия

b) сальмонеллез

c) тырысақ

+d) амебалық дизентерия

e) иерсиниоз

31.34 жастағы ер адам аурыуның 2-ші күні ішіндегі толғақ тәрізді ауыру сезімге, әлсіздікке, дене қызуының жоғарылауына, іштің 15 ретке дейін өтуіне шағымданып, ауруханаға түсті. Температурасы 38,8ºС. Қан қысымы-100/70 мм с. б. Пульсі 92 рет\1 мин. Сигма тәрізді ішек жиырылған, пальпация кезінде ауыру сезімді. Нәжісі аз мөлшерлі, шырыш пен қан қосылған.

Болжам диагнозы:

a) тағамдық токсикоинфекция

+b) жедел дизентерия

c) сальмонеллез

d) амебиаз

е) тырысқақ

32. 25 жастағы әйел адам, табиғатқа шыққан демалыстан кейін жедел ауырған. Температурасы 39,2оС, қалтырау, бастың ауыруы және айналуы, құсу (бір рет) пайда болған. Кейіннен ішінің толғақ тәрізді ауыру сезімі, тәулігіне 20 ретке дейін іштің өтуі (бастапқыда көп мөлшерлі, нәжісті, екі күннен кейін нәжістік сипаты жоғалып, шырыш пен қан қосылған) болған. Тенезмдер, дефекацияға жалған шақырулар байқалған.

Қандай негізгі клиникалық синдромдар диагноз қоюға мүмкіндік береді?

а) энтериттік және дегидратациялық

+b) колиттік және интоксикациялық

c) дегидратациялық

d) қызбалық

e) диареялық

33. Студент, 18 жаста, жатақханада тұрады, жедел ауырған, дене қызуы 39оС дейін көтерілген, қалтырау байқалып, басы ауырған, әлсіздік дамыған, іші бүріп ауырып, 1 рет құсқан, тәулігіне 7-8 рет іші өткен. Іші жұмсақ, сол жақ мықын аймағында ауру сезімі байқалады. Нәжісі шырыш пен қан араласқан.

Сіздің болжама диагнозыңыз:

а) амебиаз

+b) дизентерия

c) сальмонеллез

d) тағамдық токсикоинфекция

e) созылмалы гастроэнтерит, өршу

34. 27 жастағы әйел адам жедел ауырған: жүрек айнуы, қайталамалы құсу, кіндік айналысындағы ауру сезімі пайда болған. Аурудың үшінші күні дене қызуы – 38,50С-қа дейін жоғарылап, әлсіздік қосылған. Тексергенде: ішінің сол жақ мықын аймағында ауру сезімі, жиырылған ауру сезімді сигма ішек анықталады. Нәжісі аз мөлшерлі, шырышты. Болжама диагнозыңыз:

а) сальмонеллез, жайылмалы түрі, септикалық вариант

b) жедел дизентерия, гастроэнтероколиттік түрі

+c) жедел дизентерия, колиттік түрі

d) тағамдық токсикоинфекция

e) эшерихиоз, дизентерия тәрізді түрі

35. 24 жастағы ер адамға «Жедел дизентерия, колиттік түрі, жеңіл дәрежесі» диагнозы қойылған. Даяшы қызметін атқарады. Сіздің тактикаңыз?

+а) эпидемиялық көрсеткіштер бойынша жұқпалы ауруханаға жатқызу

b) үй жағдайында емдеу

c) асқазанды жуу, жағдайы жақсарғанда – амбулаторлық жағдайда емдеу

d) клиникалық көрсеткіштер бойынша жұқпалы ауруханаға жатқызу

e) антибиотиктерді тағайындау және амбулаторлы жағдайда тексеру

36.39 жастағы әйел адам, табиғатқа шыққан демалыстан кейін жедел ауырған. Температурасы 37,2оС, қалтырау, бастың ауыруы және айналуы, бір рет құсқан. Кейіннен ішінің толғақ тәрізді ауыру сезімі, тәулігіне 20 ретке дейін іштің өтуі, бастапқыда көп мөлшерлі, нәжісті, екі күннен кейін нәжістік сипаты жоғалып, шырыш пен қан қосылған. Тенезмдер, дефекацияға жалған шақырулар байқалған.

Этиотропты препаратты таңдаңыз:

а) доксициклин

b) линекс

c) неомицин

+d) ципрофлоксацин

e) цефтриаксон

Тырысқақ ( 21 тест)

37. Тырысқақ кезіндегі асқыну:

a) инфекциялық-токсикалық шок;

+b) гиповолемиялық шок;

c) ішектің тесілуі;

d) перитонит;

e) қан кету.

38. Тырысқақты негізгі диагностикалау әдісі:

a) аспапты;

+b) бактериологиялық әдіс;

c) серологиялық әдіс;

d) тері-аллергиялық әдіс;

e) вирусологиялық әдіс.

39. Тырысқақтың патогенетикалық емінде қолданатын дәрі:

a) сары су;

+b) тұзды ерітінділер енгізу;

c) дезинтоксикациялық терапия;

d) қан құю;

e) арнайы диета.

40. Тырысқақ патогенезінің негізгі тізбегі:

a) аш ішектің шырышты қабатының қабыну реакциясы

+b) энтероциттердің ферментті жүйесінің зақымдалуы

c) гемоколит

d) токсинемия

e) гепатоциттердің некрозы

41. Әйел адам 35 жаста, Өзбекістанда бір апта сапарда болып, қыркүйек айында келді. Келесі күні жиі құсумен және жиі сулы сұйық нәжіспен жедел ауырып бастаған. Дене қызуы – 36 С. Әлсіздік, аяқ-қолдарының құрысулары пайда болып, даусы қарлыққан. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр. Тері жабындылары бозғылт, құрғақ, акроцианоз. Бет әлпеті үшкірленген. Жүрек тондары бәсеңдеген, ҚҚ – 90\60 мм с.б. Іші ішке қарай тартылған. Зәр мөлшері азайған. Сіздің диагнозыңыз:

а) сальмонеллез

b) иерсиниоз

+c) тырысқақ

d) тағамдық токсикоинфекция

e) ботулизм

42. <30 форма>деген код қай ауруды белгілейді:

a) оба

+b) тырысқақ

c) пастереллез

d) иерсиниоз

e) іш сүзегі

43. Тырысқақпен ауырған науқастан диагностикалық анализдерді алу ережесі:

a) тәулігіне 3-рет

+b) 3-рет бір сағат ішінде

c) бір рет

d) 2-рет тәулігіне

e) 2-рет бір сағат ішінде

44.Тырысқақың 7 пандемиясын тудырған қандай қоздырғыш?

a) Vibrio cholerae Classica

+b) Vibrio cholerae Eltor

c) Vibrio cholerae Bengal

d) Vibrio paracholerae

e) Vibrio cholera non 01

45.Эпидемиялық тырысқаққа тән:

+a) холерогенді штаммен тудырылады

b) гиповолемиялық түрі дамымайды

c) су маңындағы биоценоздың жануарлары қоздырғыш көзі болып табылады

d) ахолерогенді штаммдармен шақырылады

e) эпидемияға қарсы шараларды жүргізбеуге болады

46.Тырысқақтың гиповолемиялық түрінің ауырлық дәрежесін көрсететін синдром:

a) интоксикация;

b) қызба;

+c) дегидратация;

d) басының ауруы;

e) жүрегі айну.

47.Тырысқақтың гиповолемиялық түріне тән симптом:

a) құсу

b) қызба,

c) шырыш пен қан арласқан сұйық нәжіс

+d) сұйық су сияқты нәжіс

e) тенезмдер

48.Тырысқақтың нормоволемиялық түріне тән симптом:

a) цианоз

b) даусының қарлығуы,

+c) шырышы бар сұйық нәжіс,

d) полиаденит

e) құрысулар

49. Тырысқақтың нормоволемиялық түрінде дамуы мүмкін белгі:

a) цианоз

b) сусызданудың 3-4 дәрежесі

+c) сусызданудың 1-2 дәрежесі,

d) даусының қарлығуы,

e) құрысулар

50. Тырысқақтың гиповолемиялық түрінде дамитын асқыну:

a) инфекция-токсикалық шок

+b) гиповолемиялық шок

c) ішек перфорациясы

d) перитонит

e) қан кету

51.Тырысқақты дәлелдейтін лабораторлы-этиологиялық әдіс:

a) аспаптық;

+b) бактериологиялық;

c) серологиялық

d) терілік-аллергиялық

e) вирусологиялық.

52. Тырысқақтың гиповолемиялық түрінде көрсетілетін жедел көмек:

a) дезинтоксикация;

b) дегидратация;

+c) регидратация;

d) вазопрессорлар;

e) диуретиктер

53.Тырысқақты емдеуде қолданылатын эффективті этиотропты дәрілер:

+a) ципрофлоксацин;

b) тетрациклин;

c) нитрофурандар;

d) пенициллин;

e) эритромицин.

54. Тырысқақ кезінде 3-ші дәрежелі сусыздану дамығанда қандай регидратациялық ем қолданылады:

a) гемодез

b) полиионды ерітіндіні 120 тамшыдан/минутына енгізеді

c) 10% глюкоза еретіндісі

d) реополиглюкин

+e) полиионды ерітіндіні 100 мл/минутына енгізеді

55. Тырысқақтағы диарея дамуындағы негізгі патогенетикалық механизмді ата:

a) ішектің шырышты қабатының қабынуы

b) вибрионның энтероциттердің ішіне енуі

+c) холерогеннің энтероциттердің аденилатциклазасын активтеуі

d) сұықтықтың сіңірілуінің бұзылуы

e) ішек құрамындағы заттардың тез шығарылуы

56. Тырысқаққа тән нәжістің сипаты

a) көп мөлшердегі жағымсыз иісті батпақ балдырлары түстес нәжіс

+b) күріш қайнатпасы тәрізді

c) шырышты қан аралас

d) бүлдірген желесі тәрізді

e) сұйық, көп мөлшерде қорытылмаған тағам қалдықтарымен

57. Аурудың жедел басталуы, іштегі аурсынусыз өтетін күніне 7-10 ретке дейін іш өтумен, нәжісінің су сияқты қоспаларсыз болуымен, дене қызуының қалыпты және жүрегі айнуысыз тәулігіне 5-6 рет құсумен жүретін симптомокомплекс қай ауруға тән:

a) дизентерия

b) эшерихиоз

+c) тырысқақ

d) псевдотуберкулез

e) ішек иерсиниозы

Сальмонеллез (12 тест)

58. Сальмонеллез кезінде бактериологиялық зерттеуге алынады (ең толық жауап):

а) зәр, нәжіс, қан

b) нәжіс, шайынды сулар, өт суы, қақырық

c) қан , зәр, шайынды сулар

+d) нәжіс, зәр, қан, шайынды сулар, өт

e) зәр, қан, өт суы

59. Сальмонеллез кезіндегі берілу факторлары (ең толық жауап):

a) консервіленген көкөністер

b) жуылмаған жемістер, көкөністер

c) қайнатылмаған су

d) қуырылған және консервіленген саңырауқұлақтар

+e) жұмыртқа, тауық-гриль

60. Сальмонеллез кезіндегі жасырын кезеңнің ұзақтығы:

a) 6-12 сағат

+b) 24-72 сағат

c) 3-4 күн

d) 5 күн

e) 7 күн

61. Сальмонеллезге тән асқазан –ішек жолдарының зақымдану синдромы:

а) гастрит

b) колит

c) энтероколит

+d) гастроэнтерит

e) гастроэнтероколит

62. Жеңіл және орташа ауырлықтағы сальмонеллездің негізгі емдеу әдісі:

a) антибиотиктер

b) дегидратация

+c) регидратация

d) ферменттер

e) гормональды терапия

63. Сальмонеллездің ошақты түріне қандай асқыну тән:

a) ішектен қан кету

+b) гиповолемиялық шок

c) инфекционды-токсикалық шок

d) перитонит

e) ішек перфорациясы

64. Сальмонеллездің жайылмалы түріне қандай асқыну тән:

а) ішектен қан кету

b) гиповолемиялық шок

+c) инфекционды-токсикалық шок

d) перитонит

e) ішек перфорациясы

65. Сальмонеллез патогенезін дизентериядан ажырататын негізгі тізбегі:

а) экзотоксиннің әсері

+b) бактериемия

c) жүйке жүйесінің зақымдалуы

d) инвазивті диарея

e) ферментативті бұзылыстар

66. 20 жастағы ер адам, студент, жатақханада тұрады. Кенеттен жүрек айну,бас айналу, дене температурасы 39°Сқа дейін көтерілу мазалады. Бір рет көп көлемді сипатта сұйық нәжіс байқалған, содан кейін кенет дене температурасы 35°С дейін түсіп, суық тер пайда болды. Объективті тексергенде: тамыр соғысы және қан қысымы анықталмайды. Тахикардия 120 рет/мин.

Болжама диагнозыңыз:

+a) сальмонеллез, инфекциялы-токсикалық шок

b) сальмонеллез, гиповолемиялық шок

c) тырысқақ, гиповолемиялық шок

d) іш сүзегі, инфекциялы-токсикалық шок

e) тағамдық улану, гиповолемиялық шок

67. Сальмонеллездің гастроинтестиналды формасындағы патогенезінің негізгі тізбегі

+a) катаралды гастроэнтерит

b) ұзаққа созылған бактеремия және токсинемия

c) токсикалы энтерит

d) жаралы проктосигмондит

e) гепатоциттердің дистрофиясы

68. Сальмонеллездің жайылмалы формасындағы патогенезінің негізгі тізбегі:

+a) ұзаққа созылған бактеремия және эндотоксинемия

b) дегидратациялық шоктың дамуы

c) ішек инервациясының бұзылуы

d) ішектің дисбактериозының дамуы

e) гранулематозды колит

69. Сальмонеллездің ең жиі кездесетін түрі:

a) гастриттік

b) сүзек тәрізді

+c) гастроэнтериттік

d) гастроэнтероколиттік

e) септикопиемиялық

70. Сальмонеллездің гастроинтестиналды түрінде патологиялық үрдіске жиі ұшырайтын мүше:

a) бауыр

b) ұйқы безі

+c) аш ішек

d) сигма тәрізді ішек

e) тік ішек

ТТИ. (10 тест)

71. Тағамдық токсикоинфекция кезінде АІЖ жиі кездесетін синдром:

+а) гастрит

b) колит

c) энтероколит

d) гастроэнтерит

e) гастроэнтероколит

72. Тағамдық токсикоинфекциямен ауырған науқастарға тән нәжіс:

а) көп мөлшерде, жағымсыз иісті, балдыр түстес

b) аз мөлшерде шырышты, қан аралас

c) сұйық, қорытылмаған тағам қалдықтарымен

+d) сұйық, көп мөлшерде ет жуындысы тәрізді

e) сұйық күріш қайнатпасы тәрізді

73. Парентеральді регидратациялық терапияға жатады:

a) глюкозаның 5% ерітіндісі

b) инфезол

+c) хлосоль

d) альбумин

e) реополиглюкин

74. ТТИ-ның эпид. анамнезіне тән:

a) маусымдылық

b) кәсіби ерекшеліктер

c) жұқпалылық

d) эпидемиялық таралуы

+e) топтық сипат

75. Дизентериядан ажырататын ТТИ-ң белгісі:

а) сигма ішегінің спазмы

b) тенезмдер, жалған шақырулар

c) шырыш пен қан араласқан аз көлемді нәжіс

d) клиникалық көріністерінің ұзақтығы

+e) сусызданудың дамуы

76. ТТИ-ға тән:

а) жұқпалылық

b) маусымдылық

+c) қысқа инкубациялық кезең

d) 7 тәулікке дейінгі жасырын кезең

e) айқын интоксикация симптомдары.

77. ТТИ кезіндегі лабораторлық зерттеулердің негізгі әдісі:

а) серологиялық

+b) бактериологиялық

c) биологиялық

d) аллергологиялық

e) иммундыферменттік

78. ТТИ кезіндегі орташа ауырлықтағы науқасқа көрсетілетін бірінші кезектегі шара:

а) антибактериальді терапия

b) жүрек-қан тамырларының дәрілері

+d) асқазанды шаю

c) тамыр ішіне тұзды еітінділер

e) ферменттер

79. ТТИ-ны негізгі емдеу әдісі:

а) антибактериальді терапия

b) асқазанды шаю

c) дезинтоксикация

d) дегидратация

+e) регидратация және реминерализация

80. 37 жастағы ер адамда дәмі өзгерген тағамдарды қолданғаннан кейін 6 сағаттан соң көпреттік құсу, жиі іш өту, іштегі ауыру сезімі, әлсіздік, гипотония пайда болған. Нәжісі сулы, көп мөлшерлі, «ет жуындысы» тәрізді. Асқазанды жуып, тазарту клизмасын жасаған соң жағдайы тез жақсарды. Болжам диагнозыңыз:

a) сальмонеллез

b) дизентерия

+c) тағамдық токсикоинфекция

d) токсикалық энтерит

e) амебиаз

81. Тағамдық токсикоинфекция және миокард инфарктының салыстырмалы диагностикасы кезінде қандай клиникалық синдром ЭКГ жасауға тікелей көрсеткіш болып табылады:

a) қызба

b) диарея

+c) ауру сезімі

d) диспепсия

e) астеновегетативті

Ботулизм (31 тест)

82.Ботулизм үшін тән эпидемиологиялық фактор:

a) жәндіктің шағуы

b) сапасыз ет өнімін пайдалану

+c) үй жағдайында консервіленген тағамды пайдалану

d)кондитер өнімдерін пайдалану

e) шикі суды пайдалану.

83. Құрамында ботулотоксин болуы мүмкін, қауіп төндіретін тағамдар:

a) қуырылған саңырауқұлақ

+b) консервирленген азық түлік

c) шала пісірілген шашлык

d) тауық еті

e) жаңа капуста салаты

84. Ботулизмді жұқтыру мынандай тағамдарды қолданған кезде байқалады:

a) қуырылған жұмыртқа

+b) консервіленген жемістер

c) шала қуырылған ет

d) кремі бар тоқаштар

e) холодецті

85. Ботулизм кезінде қандай құрылым зақымдалады:

a) гепатоциттер

b) бас ми қыртысы

+c) сопақша ми мотонейроны

d) жұмсақ ми қабықшасы

e) бүйрекүсті безінің қыртысы

86. Ботулотоксинің адам организміне әсері:

a) миды зақымдайды

b) ішектің лимфоидты аппаратының зақымдалуы

c) аш ішектің нервтерінде қабыну реакциясының дамуы

+d) холинергиялық нерв ұштарынан ацетилхолиннің бөлінуін тежейді

e) бұлшықеттердің тетаникалық тырысуын шақырады

87. Ботулотоксиннің сіңірілуі кезінде қай жүйе зақымдалады:

+a) жүйке

b) асқазан ішек жолдарының шырышты қабаты

c) бауыр

d) өкпе

e) лимфатикалық жүйе

88. Ботулизм патогенезінің негізгі тізбегі

+a) тегіс салалы бұлшық еттердің парезі

b) бас миының ісінуі

c) бактеремия

d) ферментемия

e) мүшелерде дистрофиялық өзгерістердің дамуы

89. Ботулизмге қандай синдром тән:

a) тырысу

b) артралгиялық

c) сарғаю

+d) офтальмоплегиялық

e) астеновегетативті

90.Ботулизм кезіндегі басым синдром:

a) астеновегетативті

+b) паралитикалық

c) интоксикациялық

d) құрысулық

е) гастроинтестиналді

91. Ботулизмде байқалатын алғашқы белгі:

+а) диспепсиялық синдром

b) көрудің бұзылуы

c) жұтудың бұзылуы

d) интоксикация синдромы

e) тыныс алудың бұзылуы

92. Ботулизмнің ауырлығын көрсететін критерий:

a) температураның көтерілуі

b) көп мөлшерде құсу және іш өту

c) іш ауруы

d) ұзақ инкубациялық кезең

+e) бульбарлы бұзылыстардың айқындылық дәрежесі

93. Ботулизмге тән синдром:

+a) паралитикалық

b) катаралды

c)менингеалды

d)қызбалық

e) респираторлы

94. Ботулизмнің бастапқы кезеңіне тән синдром

+a) гастроинтестиналді

b) грипп тәрізді

c) тырысулық

d) өкпелік

e) астеновегетативті

95. Ботулизмнің бастапқы кезеңіне ең тән симптомдар:

+a) көрудің нашарлауы, көз алдында «тор» болуы

b) саливация, ентігу

c) шашалу

d) тыныстың қиындауы

e) сөйлеу бұзылыстары

96. Ботулизмнің ауырлығын көрсететін симптом:

a) саливация

b) жоғары температура

+c) тыныс алудың қиындауы

d) көрудің нашарлауы

e) шашалу

97. Ботулизмнің өршу кезеңіне ең тән симптом

+a) қатты және сұйық тағамдарды жұтудың қиындауы

b) температураның көтерілуі

c) естудің нашарлауы

d) қозғалыс бұзылыстары

e) ес бұзылыстары

98. Ботулизмнің сальмонеллезден айырмашылығын көрсететін типті көрінісі:

a) әлсіздік

+b) көрудің нашарлауы <заттың екі еселенуі>

c) қан және шырыш араласқан нәжіс

d) құсу

e) іштің ауыруы

99. Студент, 20 жасар, айқын әлсіздік, көз алдындағы «тұман», жүрек айну, құсу, асқазан тұсында ауырсыну, көзді аша алмау, жұтынудың қиындалуы, жүрек қағысының жиілеуі, бір реттік іш өтуге шағымданып ауруханаға түсті. Болжам диагнозы: ботулизм.

Ботулизмге қандай клиникалық көрініс тән:

+a) жұту және көру бұзылыстары

b) тахикардия, АҚҚ көтерілуі

c) іштің ауыруы, сұйық нәжіс

d) айқын әлсіздік

e) жүрек айну, құсу

100. Ботулизмнің типті көріністері:

a) саливация

b) асығып, түсініксіз, үздіксіз сөйлеу

c) жас ағу

+d) түсініксіз, маңқаланып сөйлеу

e) фотофобия, тактилді гиперестезия

101. Студент, 20 жасар, ауруының 2 күні, айқын әлсіздік, көз алдындағы «тұман», жүрек айну, құсу, асқазан тұсында ауырсыну, көзді аша алмау, жұтынудың қиындалуы, жүрек қағысының жиілеуі, бір реттік іш өтуге шағымданып ауруханаға түсті. Ауруының алдында консервіленген салат жеген. Болжам диагнозы: ботулизм.

Біріншілік шұғыл шаралар:

a) В тобының дәрумендерін тағайындау

b) антибиотиктер тағайындау

c) тұзды ерітінділер енгізу

d) асқазанды шаю және сифонды клизма +

e) өкпені жасанды желдету

102. Ботулизмге төмендегілердің ішінен қайсысы тән:

а) жиі іш өту

b) оң жақ мықын аймағының ауру сезімі

+c) птоз, мидриаз, конвергенция бұзылыстары, қарашықтың жарыққа реакциясының болмауы

d) психомоторлы қозу, бет терісінің гиперемиясы, галлюцинациялар

e) «очки» симптомы

103. Ботулизмнің ағымның ауырлығын анықтайды:

а) айқын гипертермиямен

+b) бульбарлы бұзылыстардың айқындылығымен

c) менингеалді синдромның болуымен

d) дегидратация дәрежесімен

e) нәжіс жиілігімен

104. Ботулизмді қандай аурумен салыстыру керек:

a) іш сүзегі

b) менингит

c) сальмонеллез

+d) жедел ми – қан айналым бұзылысы

e) дизентерия

105. Ботулизм диагностикасында диагноз қою үшін қай әдіс маңызды:

+a) клиникалық-эпидемиологиялық

b) микроскопиялық

c) серологиялық

d) биологиялық

e) бактериологиялық

106. Ботулизм кезіндегі гемограмма өзгерісі:

a) лейкопения

+b) салыстырмалы лейкоцитоз

c) лимфоцитоз

d) лейкоформуланың солға жылжуы

e) гиперэозинофилия

107. Ботулизм диагнозы мына әдіспен расталады:

а) КБР

b) ТГАР

+c) биосынамамен бейтараптау реакциясы

d) аллергиялық сынама

e) нәжісті бактериологиялық зерттеу

108. Ботулизмнің лабораториялық диагностикасы:

+a) тышқандарға биологиялық сынама жасау

b) қанды бактериологиялық зерттеу

c) зәрді бактериологиялық зерттеу

d) пассивті гемаглютинация реакциясы

e) нәжіс микроскопиясы

109.Ботулизм кезіндегі арнайы терапия әдісі:

a) дегидратация

b) вакцинотерапия

+c) серотерапия

d) дезинтоксикация

e) десенсибилизация

110. Ауыр ағымды ботулизм кезіндегі шұғыл көмек:

+a) өкпені жасанды желдендіру (ӨЖЖ)

b) регидратация

c) дегидратация

d) плазма құю

e) гормонотерапия

111. Әйел, 32 жаста, ауырар алдында банкетте болған. Ертеңінде бұлшық етінде әлсіздік, ауызының құрғауы, мидриаз, дауысының қарлығуы, жұтынудың қиындауы, кенеттен ентігу пайда болған.

Қандай диагноз туралы ойлауға болады?

а) сальмонеллез

b) тағамдық токсикоинфекция

+c) ботулизм

d) дизентерия

e) тырысқақ

112. Әйел, 32 жаста, ауырар алдында банкетте болған. Ертеңінде бұлшық етінде әлсіздік, ауызының құрғауы, мидриаз, дауысының қарлығуы, жұтуының қиындауы, кенеттен ентігу пайда болған. Шұғыл шара:

а) қан құю

b) гормон енгізу

+c) өкпені жасанды желдендіру

d) прозерин енгізу

e) адреналин енгізу

Вирусты гепатиттер (19 тест)

113. Вирусты гепатиттерге сай дұрыс тұжырымдама:

a) ВГА –ның созылмалыға өтуі

b) ВГЕ созылыңқы ауыр ағымда өту тән

c) ВГВ сарғаю басталғанда науқастардың жалпы жағдайы жақсармайды +

d) жедел вирусты гепатит С толық сауығумен өтеді

e) гепатит Д-ға сарғаю кезеңінің алғашқы күндерінде жағдайы жақсарады

114.Вирусты гепатиттерге сәйкес дұрыс тұжырымдаманы көрсетіңіз:

a) Вирусты гепатит В-ға сарғаю кезеңінің басында жағдайының жақсаруы тән

b) грипп тәрізді синдром көбінесе вирусты В гепатитке тән

c) ВГА ауыр ағымды болып өтеді

d) ВГА жиі уртикарлы бөртпе байқалады

e) +ВГС-ға созылмалылық ағым дамуы тән

115.ВГауырлық критериіне жатады:

a) анорексия

b) айқын сарғаю

c) терінің қатты қышуы

d) балтыр бұлшықеттерінің ауруы

e) +геморрагиялық синдромның бар болуы

116.Вирусты гепатиттердің ауырлық дәрежесін анықтайтын симптомдар:

a) +интоксикация симптомы

b) бауыр аймағының ауыруы

c) үлкен дәреттің ахолиясы

d) холурия

e) сарғаю

117.ВГЕ ауыр ағымда өтуі кімдерге тән:

a) балаларға

b) жас адамдарға

c) қарт адамдарға

d)+жүктілерге

e) қосымша ауруы бар адамдарға

118.Вирусты Д гепатитіне тән:

a) мүгедек вируспен шақырылады және оның репликациясы үшін HBsAg керек+

b) фекалды- оралды механизммен таралады

c) кортикостероидтармен жақсы емделеді

d) көбіне жазылады

e) ВГ-тің жиі кездесетін түрі

119.Жедел вирусты гепатиттің өршу кезеңінде бауырдың көлемінің тез кішіреюі мен оның ауруы нені көрсетеді:

a) холангитті

b)сауығуды

c) созылмалы гепатитті

d)бауырдың жедел жетіспеушілігін+

e) өт шығару жолдарының дискинезиясын

120.Вирусты гепатиттерде аурылық дәрежесін көрсететін биохимиялық синдромды анықтаңыз:

a) цитолиз +

b) холестаз

c) гипергликемия

d) диспротеинемия

e) мезенхималді-қабыну синдромы

121.Вирусты гепатиттің ерте диагностикасында қолданылатын ең ақпаратты биохимиялық тест:

a) анти-HAV

b) гиперферментемия +

c) билирубиннің жоғарлауы

d) сулемового титрінің төмендеуі

e) нәжісте стеркобилиннің болуы

122.Гепатит В-ың холестатикалық формасының биохимиялық көрсеткіштері:

a)+билирубиннің тікелей фракциясы есебінен жоғарлауы

b) сулема титрінің өсуі

c) тимол сынамасының жоғарлауы

d) холестериннің төмендеуі

e) АЛТ жоғарлауы

123.ВГ мезенхималды-қабыну синдромын сипаттайтын белгі:

a)АСТ белсенділігің төмендеуімен

b)АЛТ белсенділігінің жоғарлауы

c)Альбумин деңгейінің төмендеуі

d)+Тимол сынамасының жоғарлауы

e)Холестерин деңгейінің жоғарлауы

124.ВГА жедел кезеңіндегі базисті терапия:

a) режим, №5 емдәм, гепатопротекторлар

b) №5 емдәм, антибиотиктер, гепатопротекторлар

c) режим, №5 емдәм, ферменттер

d) №5 емдәм, гепатопротекторлар, өт айдағыш препараттар

e)+№5 емдәм, режим, көп сұйықтық ішу

125.Вирусты гепатит А-ың жедел сатысында анықталатын иммунологиялық маркер:

a)HВsAg

b)HВeAg

c)НВс Ag

d)anti HAV IgG

e)anti HAV IgM+

126.ВГВ дәлелдеу үшін жиі анықтайтын маркер:

a)+HBsAg

b)HBeAg

c)HBcAg

d)HbsAg антидене

e)HbeAg антидене

127.Жедел вирусты С гепатиттің маркерлері:

a)+anti HCV Ig M

b)anti HCV total

c)anti HB cor Ig M

d)anti HB cor total

e)HBsAg

128.ВГВ вирусының белсенді репликациясын көрсететін маркері :

a)HBsAg

b)+HBeAg

c)anti HDV

d)anti HB cor total

e)anti HB cor Ig M

129.Вирусты гепатиті бар науқаста интоксикация синдромының клиникалық көріністері:

a) дене қызуының жоғарлауы, гепатомегалия, оң қабырға астында ауырсыну

b)тері жамылғылары мен көзге көрінетін шырышты қабаттардың сарғаюы, зәрдің қоюлануы, нәжістің түссізденуі

c) басының қатты ауыруы, есінің бұзылуы, жайылған тырысулар

d) шөлдеу, тері тургорының төмендеуі, аяқтарының бұлшықеттерінің тырысулары

e)+әлсіздік, тәбетінің болмауы, ұйқысыздық, жүрек айну, құсу

130.Науқаста жедел вирусты гепатит диагнозын болжайды. Диагнозды дәлелдеу үшін қандай лабораторлы зерттеу қажет:

a) жалпы зәр анализі

b) жалпы қан анализі

c)+трансаминаз деңгейлерін анықтау+

d) қан сарысуындағы иммуноглобулин деңгейін анықтау

e) қан сарысуының ақуыздары мен ақуыз фракцияларын зерттеу

131.Вирусты В гепатитінде негізгі алдын алу шаралары:

a)+спецификалық вакцинация

b) қорғаныс бетперделерді тағу

c) анатоксин енгізу

d) сарысуды енгізу

e) суды қайнату

132.Ер адам, 43 жаста, 10 күн бойы ауруханада Вирусты гепатит «В» деген диагнозбен жатқан. Шағымдары: қатты әлсіздік, тамақтан кейін құсу. Қарап тексергенде: есі сақталған, эмоционалді лабилді, тежелген, сұрақтарға баяу жауап береді, кейде жауаптары дұрыс емес, түнде нашар ұйықтаған. Сарғаюы жоғарлаған, бауырының көлемі өзгермеген, қабырға доғасынан +2 см. Жүрек үндері бәсеңдеген, ырғағы дұрыс, пульс 90 рет минутына, АҚ екі қолда 100/70 мм сын.бағ. зәрі қоңыр түсті, нәжісі ахолиялық. Қандай асқыну туралы ойлануға болады?

a) Вирустыгепатит В, ауыр ағымы

b) бауырдың жедел энцефалопатиясы, прекома I

c)+бауырдың жедел энцефалопатиясы, прекома II

d) бауырдың жедел энцефалопатиясы, кома I

e) бауырдың жедел энцефалопатиясы, кома II

133. Вирусты гепатит кезінде қандай құртпен салыстырма диагностикасын жүргізуге болады:

a) трихинеллез

b) тениоз

c) гименолипедоз

d) энтеробиоз

+e) описторхоз

134. Бауыр энцефалопатиясының III дәрежесіне тән белгілер:

a) геморрагиялық бөртпе

b) жгут симптомының оң болуы

c) мұрыннан көп мөлшерде қан кету

d) етеккірдің кезектен тыс келуі

+ e) коагулаграманың қалыпты көрсеткіші

135. Бауыр улануының симптомы:

+a) бас айналу, құсу, ұйқының бұзылуы

b) жүрек айну, құсу, анорексия

c)дене қызуының көтерілуі, әлсіздік

d) бауырдың көлемінің ұлғайуы, әлсіздік

e) бас айналу, әлсіздік

136. Бауырлық улануды қандай белгілер көрсетеді:

a) айқын сарғаю +b)анорексия, жүрек айну, құсу c) бауырдың ұлғайыуы d) менингеальді белгілер e) уртикарлы бөртпе

137. ВГ кезіндегі кома алды кезеңінің клиникалық белгісі:

a) гепатоспленомегалия

b) брадикардия

+c) тахикардия, саусақ ұштарының треморы

d) бауырдың ұлғайуы, қан тамырлары жұлдызшаларының болуы

e) пальмарлы эритема, іштің бүйір аймағында тамырлардың байқалуы

138. Цитолиздің белгілері болып табылады:

a) тимол сынамасының жоғарлауы және сулема сынамасының төмендеуі b) билирубиннің жоғарлауы c) билирубиннің және гамма-глобулиннің жоғарлауы

d) бета-липопротеид және холестериннің жоғарлауы +e) протромбин индексінің төмендеуі және АЛаТ жоғарлауы

139. ВГА сарғаю алды кезеңіне тән қандай синдром;

a) астеновегетативті және артралгиялық

+b) диспепсиялық және катаральді

c) геморрагиялық

d) анемиялық синдром

e) гастроэнтериттік

140. ВГВ ауырлық дәрежесінің критерилеріне жатады:

a) гепатомегалия

b) интенсивті терінің қышуы

c) айқын сарғаю

+d) геморрагиялық синдром

e) артралгиялық синдром

141. Қандай белгілер ВГ ауырлық ағымымен асқынуын көрсетеді:

a) айқын сарғаю

b) бауырдың ұлғайуы

c) зәрінің түсінің қарайуы

d) уртикарлы бөртпе

e) мұрыннан қан кету

142. Жедел бауыр жетіспеушілігі кезінде қандай белгілер дамиды?

a) сарғайудың өрши түсуі

b) гипотония

c) зәрдің түсінің өзгеруі

+d) энцефалопатияның дамуы

e) гепатоспленомегалия

Лептоспироз ( 19 тест)

143. Лептоспироз қоздырғышы болып табылады :

а) вирустар

b) бактериялар

c) қарапайымдылар

d) гельминттер

+e) спирохеталар

144.Лептоспирозға тән маусымдық:

a) +көктем- жаз

b) күз

c) қыс

d) көктем

e) маусымдық тән емес

145.Лептоспироз кезінде инфекция көзі болып табылады :

+а) үй жануарлары, егеуқұйрық

b) түлкі,қасқыр

c) түйелер

d) адам

e) құстар

146.Лептоспироздың негізгі берілу жолы :

а) фекалды-оралды

b) ауалы-тамшылы

+c) урино-оралды

d) парентералды

e) трансмиссивті

147. Лептоспироздың ең жиі берілу жолы :

+а) су

b) трансмиссивті

c) алиментарлы

d) парентералді

e) ауалы-тамшылы

148.Лептоспироз кезіндегі инкубация кезенінің ұзақтығы:

+a) 3-күннен 30 күнге дейін

b) 1 күннен 7 күнге дейін

c) 1 айдан 1жылға дейін

d) 30 мин.-тан 6 сағатқа дейін

e) 7 – 180 күн

149.Лептоспироз диагностикасында төмендегі клиникалық симптомдардың қайсысы маңыздырақ:

+а) жоғары қызба

b) бұлшық еттегі қатты ауру сезімі, әсіресе балтырда

c) бауыр ұлғаюы

d) геморрагиялық синдром

e) менингеалді синдром

150.Лептоспирозға тән симтомокомплекс:

а) қызба, артралгия,құсу, диарея

+b) қызба, миалгия, бауыр-бүйрек жетіспеушілігі, менингеалді симптом

c) іштегі ауру сезімі, құсу, диарея

d) қызба, миалгия, артралгия, тырыспалар

e) қызба, геморрагиялық бөртпе, мұрыннан қан кету, анемия

151. Лептоспироз кезіндегі асқыну:

а) БЖЭ (бауырдың жедел энцефалопатиясы)

+b)жедел бауыр-бүйрек жетіспеушілігі

c) гиповолемиялық шок

d) ішектен қан кету

e) анафилактикалық шок

152.Лептоспироздың негізгі зерттеу әдістері:

+a) бактериологиялық

b) рентгенологиялық

c) биологиялық

d) вирусологиялық

e) паразитологиялық

153.Лептоспирозда бактериологиялық зерттеуге қандай материал алынады:

а) қақырық

+b) қаны

c) нәжісі

d) шәуеті

e) мұрын-жұтқыншақ шырышы

154. Лептоспироз кезінде тағайындалатын негізгі ем:

a) этиотропты

b) симптоматикалық

c) физиотерапия

+d) спецификалық терапия

e) дезинтоксикациялық

155.Лептоспироздың спецификалық терапиясында қолданылатын ем:

а) лептоспирозға қарсы егу

+b) лептоспирозды гамма-глобулин

c) лептоспирозға қарсы сарысу

d) пентаглобин

e) адам иммуноглобулині

156.Лептоспирозбен ауырып шыққан науқастарды қанша уақытқа диспансерлік бақылауға алады:

a) 1 жыл

+b) 6 ай

c) 2 жыл

d) 3 ай

e) диспансерлік бақылау жүргізілмейді

157. Лептоспироздың ауыр түрінде дамитын асқыну:

+a) серозды менингит

b) тыныстың жедел жетіспеушілігі

c) ішектен қан кету

d) бауыр жетіспеушілігі

e)жүрек-қан тамыр жетіспеушілігі

158. Лептоспироз патогенезінің 4 фазасы:

a) қоздырғыштың ағзаға енуі

b) токсикалық

c) екіншілік бактериемия

+d) стерилді емес иммунитеттің дамуы

e) стерилді иммунитеттің дамуы

159. Лептоспироздың алғашқы геморрагиялық көріністері неге байланысты дамиды

а) екіншілік бактериемия

b) капилляротоксикоз

+c) ТШҚҰ синдромы

d) лептоспироз кезінде геморрагиялық көрініс болмайды

e) тромбоцитопения

160. Лептоспироз ауруы кездеспейтін континент:

a) африка

b) австралия

c) канада

+d) антарктида

e) кавказ

161. Лептоспироздың ІІ фазасы қанша күнге созылады?

a) 10-15

b) 20-25

+c) 3-7

d) 5-9

e) 2-5

Бруцеллез. Нейробруцеллез. ( 47 тест)

162. Жедел бруцеллездің ұзақтығы:

a) 10-14 күн

b) 15-30 күн

+c) 3 айға дейін

d) 3 айдан 6 айға дейін

e) 6 айдан 12 айға дейін

163. Жеделдеу бруцеллездің ұзақтығы:

a) 10-14 күн

b) 15-30 күн

c) 3 айға дейін

+d) 3 айдан 6 айға дейін

e) 6 айдан 12 айға дейін

164. Созылмалы бруцеллездің ұзақтығы:

a) 10-14 күн

b) 15-30 күн

c) 3 айға дейін

d) 3 айдан 6 айға дейін

+e) 6 айдан ұзақ

165. Бруцелланың ең патогенді түрі:

+a) B. melitensis

b) B.abortus

c) B.suis

d) B.ovis

e) B.canis

166. Н.Д.Беклемишев бойынша латентті бруцеллез – бұл (толық жауапты табыңыз):

a)қанда қоздырғыштың анықталмауы және клиникасының болмауы

b) қанда қоздырғыштың анықталуы, бірақ клиникасының болмауы

c) клиникасы жоқ кезде, «оң» серологиялық реакция

d) клиникасы жоқ кезде, «оң» аллергиялық сынаманың анықталуы

+e) клиникасы жоқ кезде, «оң» серо- және/немесе аллергиялық реакциялардың анықталуы

167. Н.Д.Беклемишев бойынша біріншілік-созылмалы бруцеллез дегеніміз не:

а) жедел бруцеллезден кейінгі кезең

b) жеделдеу бруцеллезден кейінгі кезең

+c) анамнезінде жедел кезеңі болмаған созылмалы бруцеллез

d) клиникасы жоқ кезде, «оң» реакциялардың болуы

e) созылмалы рецидивті инфекциялық процесс

168. Н.Д.Беклемишев бойынша екіншілік-созылмалы бруцеллез дегеніміз не:

+а) жедел және жеделдеу бруцеллезден кейінгі дамитын аурудың түрі

b) анамнезде жедел бруцеллез жоқ созылмалы бруцеллез

c) клиникасы жоқ кезде, бруцеллездің «оң» реакцияларының болуы

d) созылмалы қайталамалы инфекциялық процесс

e) үздіксіз-ағымды инфекциялық процесс

169. Жедел бруцеллезге тән симптомокомплекс:

a) дене температурасы қалыпты, анкилоз, спондилез

b) қызуы жоғары, бастың ауыруы, құсу, құрысу, парездер және параличтер

c) гепатолиеналді синдром, полиартронейромиалгиялар, лимфаденопатия, геморрагиялық синдром

d) субфебрилді қызба, артриттер, бурситтер, фиброзиттер мен целлюлиттер

+e) қалтырау мен тершеңдікпен сипатталатын жоғары қызба, полиартронейромиалгиялар, лимфаденопатия, гепатоспленомегалия

170. Жедел бруцеллезге тән гемограмма:

a) анемия, пойкилоцитоз, анизоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы

b) лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ жоғарлауы

+c) лейкопения, салыстырмалы лимфоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы

d) лейкоцитоз, нейтропения, ЭТЖ жоғарлауы

e) лейкопения, лейкоформуланың солға ығысыу, ЭТЖ жоғарлауы

171. Бруцеллезде бактериологиялық зерттеу үшін алынатын материал:

+а) қан

b) нәжіс

c) зәр

d) анқаның жағындысы

e) жұлын сұйықтығы

172. Бруцеллез кезіндегі таңдамалы препарат:

a) ампициллин

b) азитромицин

c) цефалоспориндер

+d) доксициклин

e) метронидазол

173. Қазіргі таңдағы бруцеллездің емінде қолданылатын таңдамалы препараттар:

a) тетрациклин+стрептомицин

b) доксициклин+гентамицин

c) доксициклин+цефазолин

+d) доксициклин+ципрофлоксацин

e) доксициклин+ метронидазол

174. Бруцелездің жедел түріне тән белгі:

a) ұсақ буындардың ауыруы

b) тұрақты қызба

+c) түнде пайда болатын қызба, тершеңдік

d) менингиалді симптом

e) балтыр бұлшық еттеріндегі ауру сезімі

175. Бруцеллаларды жою үшін қажет температура:

a) 0 ◦С

b) 60◦С

c) 70◦С

d) 90◦С

+e) 100◦С

176. Бруцеллездің берілу факторлары:

+a) шикі сүт

b) су

c) трансмиссивті

d) парентералды

e) адамнан адамға

177. Бруцеллалардың қандай түріне миграция феномены тән:

a) B. abortus

b) B. ovis

c) B. suis

+d) B. melitensis

e) B. сanis

178. Бруцеллезге тән типті берілу жолы:

a) алиментарлы

+b) контактілі

c) ауа-тамшылы

d) трансмиссивті

e) вертикалді

179. Қазақстан республикасында қандай облыс ең гиперэндемиялық аймақ болып саналады?

a) Алматы

+b) Жамбыл

c) Батыс-Қазақстан

d) Оңтүстік-Қазақстан

e) Қызылорда

180. Бруцеллездің қай түрінде нейробруцеллез жиі дамиды?

a) жедел

b) жеделдеу

c) біріншілік-созылмалы

d) екіншілік-созылмалы

+e) қайталамалы (супер-и реинфекция)

181. Нейробруцеллездің дамуының негізгі себебі?

a) иммунитеттің тапшылығы

b) қосымша аурулардың болуы

c) егде жас

+d) бруцеллез антигеніне жоғары сезімталдық

e) кәсіби жұқтыру

182. Нейробруцеллезде серологиялық реакциялардың қандай нәтижелері жиі кездеседі?

+a) теріс

b)жалған оң

c) әлсіз оң

d) айқын оң

e) заңдылығы жоқ

183. Нейробруцеллез кезінде дисцикуляторлы энцефалопатияның даму себебі ?

а) егде жас

b) мидың жарақаты

c) жүйке жүйенің қосымша аурулары

d) миға әсер ететін жоғары жүктемелер

+e) ми тамырларының арнайы васкулиті

184. Нейробруцеллез кезінде жүйке жүйесінің қай бөлімі жиі зақымдалады?

a) ми

+b) перифериялық бөлімі

c) жұлын

d) вегетативті бөлім

e) психикасы

185. Нейробруцеллез кезінде ауа райының өзгеруіне жоғары сезімталдықтың себебі қандай?

a) егде жас

b) мидың жарақаты

c) жүйке жүйесінің қосымша аурулары

d) миға әсер ететін жоғары жүктемелер

+e) вегетативті жүйке жүйесінің зақымдануы

186. Бруцеллезді менингит кезіндегі жұлын ми сұйықтығы сипаты?

a) ірінді

b) өзгермеген

+c) серозды

d) тек қана қысымның жоғарлауы

e) эритроциттердің қосындысы

187. Нейробруцеллез кезінде «жасырын» менингит деген не?

a) қалыпта температура кезінде іріңді жұлын сұйықтығы

b) бас аурудың кезінде қалыпты жұлын сұйықтығы

c) «оң» менингеалді синдром кезінде сероздыжұлын сұйықтығы

+d) «теріс» менингеалді синдром кезінде серозды жұлын сұйықтығы

e) менингизм

188. Нейробруцеллез кезінде энцефалит дамуының негізгі клиникалық белгісі?

a) бас аурудың күшеюі

Наши рекомендации