Конструкторлық бөлім

3.1 Эскиздік жоба

Эскиздік жобаға рационалды ассортимент сериясын және өндірістік киім коллекциясының моделін жасауда копазиция мен конструкторлық бұйым жобалауындағы дайындалған макет жатады.

Эскиздік жобаның кезеңі, сондай-ақ тәжірибелі конструкторлық жұмыс негізгі принцип бойынша жұмыс жан-жақты орындалады және тұратын жері, болашақта бұйыммен жұмыс жасау анықталған , оны эскиздік жобаны өңдеу деп аталады.

Жобадағы эскиздік бөліктерді жасауда, келер жылдағы сән бағытына байланысты материалдар қолданылады. Эскиздік жобаны өңдеу 3 этаптан тұрады. Олар:

1. Композициялық және конструкторлық өңдеу жұмысының нұсқасы;

2. Модель үлгісі, бұйым макетін немесе бұйым бөлшектерін сынау;

3. Принцип бойынша анықтап алу

Материалды таңдауда және моделдік қатарына байланысты 2 негізгі шешім қабылданады: бұйым формасы, материал және түстік шешім.

3.1.1 Модельдің конструктивті технологиялық шешімінің сыртқы түрін сипаттау

Техникалық сипаттама

1. Кешкі салтанатқа арналған әйелдер көйлегі

2. Силуэті – жартылай қынамалы

3. Бұйым ұзындығы – 100 см

4. Бұйым алдыңғы бой, артқы бой және жеңнен тұрады

5. Алдыңғы бой жоғарғы және төменгі бөліктен тұрады

6. Жоғарғы бөлігі айқаспалы өңір

7. Төменгі бөлігі жартылай – күн белдемшесі

8. Артқы бой жоғарғы және төменгі бөліктен тұрады

9. Жоғарғы бөлігі сыдырмамен өңделген

10. Артқы бойдың төменгі бөлігі жартылай күн белдемшесі

11. Бұйымға бір тігісті жең қондырылған

12. Жең түбіне қарай конусты кеңейтілген

13. Бұйымның мойын ойындысы әдіппен өңделген

14. Бұйымға белдік қоса тігілген

17. Ұсынылған өлшем 158-88-92

3.1.2 Материалдарды талдау және негіздеу

Тафта – табиғи және жасанды жіптерден жасалған жылтыр мата.

Сурет 17 – Тафта матасы

Өкінішке орай бұл мата қай жылдары пайда болғаны беймәлім. Бірақ тафта матасы алғаш рет Парсы елінде пайда болғаны белгілі. Тафта матасы Ұлы Жібек Жолы арқылы Европаға өтіп сатыла бастаған. Бұл материал Европалықтардын көңілінен шығып материалдан көйлектермен костюмдер тігіле бастаған.

Тафтаны алғаш өндірген Европалық мемлекет – Византия. Тарихшылардын ойынша Византиялық императордың пурпуры тафта матасымен көмкерілген.

Монгольфе ағайындылары жасаған алғашқы әуе шары тафта материалынан тігілген.

Батыс Европада 14 ғасырда өндіруші мемлекет Италия болды, сол жерден Францияға және Испанияға тарады. Ресей мемлекетіне шамамен 15 ғасырда Везантия мемлекетінен алып келінген. Сол уақыттан бастап тафта қымбат мата қатарына кіріп, салтанатқа арналған көйлектер тігіле бастаған.

Қазіргі уақытта материалдың құрамы әр-түрлі болып келеді.

Табиғи талшықтардан жасылған (мақта, жібек) және синтетикалық (полиэстер, ацетат).

Мата құрамында жағымды және жағымсыз жақтары бар:

- Суды итергіш қасиеті

- Қатпарлану қасиеті

- Беріктік қасиеті

- Ыстық суда жуғанда отыру қасиеті

- Кескеде қатты сөгіледі

- Нәзік қатты мыжу кезінде кетпейтін қыртыстар қалып қоюы мүмкін

Қазіргі таңда тафтаны кешкі салтанатқа және тойға арналған көйлектер тігіледі. Материал әдемі жылтырлығымен ерекшеленіп, басқада салтанатты маталармен үйлеседі.

Тафтаның мақта және визкозалы түрлерін күнделәкті киюге арналған киімдерді тігуге қолданылады. Мысалы : әйелдер блузкасы, жазғы шалбар және көйлектер

Шифон - вуальды еске салатын өте жеңіл, мөлдір және әуелі жеңіл жібек мата. Шифон-жібектен тоқылған ең жеңіл, жұқа мата, бірақ өте әлсіз.

Сурет 18 – Шифон матасы

Іштік маталар сырт киімдерде өңірге,алдыңғы бойға, жағаларға, жеңдерге және басқа киім бөлшектерін бұйымның (пальто,пиджак,жакет) пішінін жақсы сақтау үшін қолданылады.Іштік маталарды негізгі мата мен астар арасына салады.Бұл материалдар ылғалды жылумен өңдеуге жақсы пластикалы және форма бергенде тұрақты болуы керек, сондықтан олар берік, аз созылатын, қатты және сырт матаның отыруымен сәйкес болады.Классикалық іштік матаға коленкор, мақта матасы, зығыр және жартылай зығыр қатырғылар, желімді және аралас әдіспен дайындалған беймата материал: - флизелин, прокламелин, фильц, жартылай жүнді арқаулы немесе синтетикалық талшықтар қосылған қатырғы маталар, жағалық маталар түкті табиғи және жасанды маталар.Көбінесе іштік маталар ақ, қара, сұр және қою сары болады, түсті түрлері көбінесе сирек кездеседі.

Іштік маталар желімді және желімсіз болып келеді.Желімді түрінде бір жағы арнайы жабынды жағылады, ол үтік әсерінен балқиды және матаны іштікке бекітеді.Желімсіз іштікті машина немесе қол тігісімен тігеді.Іштікті матаның қасиеттеріне қарай таңдайды.Үтікпен ыстық өңдеуге келмейтін маталарды тек қана желімсіз іштікпен бекітеді. [3]

Сурет 19 – Флизелин

Трикотаждық іштік - трикотажды, матаны бекіту үшін қолданады.Іштік арқасында мата қалыңдайды және аз мыжылады, бірақ жұмсақ болып кееледі.Трикотажды іштікті бүтін бөлшекке және олардың кейбір керек тұсына желімдеуге болады.

Арқау жібі қалың іштіктер – көлденең бағытта ғана созылады, серпімділігі жоғары болады және өзінің бастапқы қалпына қайта келеді. Мұндай іштікке бекітілген мата шынайы күлтеленеді.Матаны тұрақтандыру үшін іштікті негіз бойымен, жұмсақ, еркін қынамалық үшін- көлденең бағытта пішіледі.Арқау жібі қалың іштіктерді жіңішке және орташа тығыздықты маталарда қолдану керек.

Мөлдір беймата іштік – ең жіңішке, нәзік, жіңішке маталар үшін арналған.Мұндай іштіктер түрлі-түсті, сонымен қатар дене түстес болып келеді, бұл іштікті оң бетінен білінбейтін болады.

Маталы іштік – жай маталар сияқты негіз және көлденең жіптерден тұратындықтан, оларды сырт матамен бірдей бағытта пішеді.Егер іштікті қиғаш пішсе. мата жұмсақ күлтеленеді.

Жайғақ – орташа тығызды және тығыз маталар үшін маталы желімді іштік-пиджак және пальтоға арналған стандартты материал болады.Жайғақ қатты, дөңес форманы жақсы сақтайды.

Созылмалы беймата іштіктер кез келген бағытта пішіледі.Олар түрлі тығыздықты, жұмсақ және қатты қырлы болады.Көлденең бағытта қатты созылатын желімді беймата іштіктер кездеседі.Созылып кететін қасиетті олар жабыстырылғаннан кейін сақтайды.Мұндай іштіктер арнайы трикотаж үшін арналған.

Жиекті беймата іштік – майда бөлшектердің жиектерін қатырмалау үшін – белдіктерде, қаттамада, өңіржиекті түймеліктерде және етек қиықтарды бүгуде қолданылады.Іштіктегі тесулерді тігістермен және матадағы бүгілулерде теңестіреді.

Іштік беймата материалдардың ассортименті әр түрлі үнемі кеңейіп отырады. 7-кестеде флизелинді іштіктердің негізгі түрлері мен оларды үтіктеу тәсілдері көрсетілген.

Кесте 7 - Флизелинді іштіктердің негізгі түрлері

Іштік түрлері Қатырмалы маталар Үтіктеу тәсілдері
Ақ, Н 180 қара,ені 60см Жіңішке,төгілмелі маталар, мысалы жібек,вискоза «жібек»; әр бөлімде қысыммен баяу сырғытпалы қозғалыспен 5-6 рет; құрғақ әдіс,8с
Ақ, Н 200 қара,ені 60см Жеңіл маталар, мысалы мақта, полиэстер,вискоза «Жүн»; әр бөлімде қысыммен баяу сырғытпалы қозғалыспен 5-6 рет; құрғақ әдіс,8с
Ақ, G405 Графит,ені 90см Жеңілден жеңілдетілген маталарға дейін, мысалы жүн, тусса жібегі, габардин, джерси «Жүн/мақта»; үтікті қатты қысыммен кезекпен қою; ылғалды әдіс 10-12с
Ақ,Н410 графит,көлденең тұрақты жіптермен,ені60см Жеңілден ауыр маталарға дейін, мысалы жүн, жібек, тусса «Жүн/мақта»; үтікті қатты қысыммен кезекпен қою; ылғалды әдіс 10-12с
Ақ,графит,бойлық және Н415 көлденең тұрақты жіптермен,ені 60см Жеңілдетілген және ауыр маталар,мысалы жүн «Жүн/мақта»; үтікті қатты қысыммен кезекпен қою; ылғалды әдіс 10-12с
Ақ,Ғ220 графит,ені 60см Жеңіл маталар, мысалы мақта «Жүн»; әр бөлімде қысыммен баяу сырғытпалы қозғалыспен 5-6 рет; құрғақ әдіс,8с  
Ақ, Н250 графит, ені60см Жеңілден жеңілдетілген маталарға дейін, мысалы мақта, тревира, полиэстер, вискоза «Жүн»; әр бөлімде қысыммен баяу сырғытпалы қозғалыспен 5-6 рет; құрғақ әдіс,8с  
Дене LE420 түстес,ені 90см Наппа терісі, мақпалды және жасанды,термосезімтал материалдар (лақты) «Жібек»; үтікті жеңіл қысыммен кезекпен қою;құрғақ іәдіс,8-10с
Ақ,Н630,ені 90см Желімді волюменфлиз,жеңілден жеңілдетілген маталарға дейін. «Жүн/мақта»; үтікті қатты қысыммен кезекпен қою;ылғалды әдіс15с
Ақ,Х50 ені90см Кез келген материалдарда тігістерді орындау үшін желімді құрамды ромб сызығы бойымен жағылған көлемді іштік материал «Жібек/жүн»; үтікті жеңіл қысыммен кезекпен қою;ылғалды әдіс10-12с
       

Флизелинді матамен берік біріктіру үшін ұсынылатын температура мен үтіктеу уақытын қатаң сақтау керек (кестеден және флизелиндегі таңбалауды қараңыз).

Егер, таңбалауға сәйкес іштік ылғалды тәсілмен үтіктелетін болса (мысалы, флизелин Н410 және G405 ), пішім бөлшектерін іштікке ылғалды дәкені қолданғанда ғана желімді қабат жақсы еріп іштік біртегіс үтіктеледі.Сонымен қатар, үтіктің «құрғақ» ізі арқылы пішім бөліктерінің бар бөлімі өңделгенін анықтауға болады.Ылғалды әдіспен іштікті үтіктегенде булы ылғалдатқышты үтікті қолдануға болмайды,біріншіден, будың шығуының және қысымның бірқалыпты болмауынан, екіншіден, мұндай өңдеуден кейін пішім бөліктері мен іштік ылғал болып қалады. Іштікті үтіктегенде пішім бөлшектері шамамен 10-15 мин арасында жайылған түрде сууы керек, себебі кейін үтіктегенде кетпейтін қыртыстар пайда болады.

3.1.3 Жобаланатын бұйымның конфекционды картасы

Кесте 8 - Конфекционды карта

Материал үлгісі Материал аталуы Ені Белгіленуі
  Тафта 150см  
  Шифон 150см  
  Флизелин 150см  

3.2 Техникалық жоба

3.2.1 Конструкция сызбасын дайындауға арналған алғашқы мәліметтер

Бүгінгі күні тігін бұйымдарын құрастыру үшін көптеген әдістерді қолданады: СЭВ (ЕМКО СЭВ) одақ-елдердің киімді құрастырудың бірыңғай әдістемесі, жеке Орталық тәжірибелі-техникалық тігін лабороториясының (ЕМКО ЦОТШЛ) мамандарымен дайындалған тапсырыстар бойынша киім құрастырудың бірыңғай әдістемесі, Мәскеу технология және дизайн университетінің (МГУДТ) әдістемесі, «Мюллер и сын» әдістемесі, ЦНИИШП әдістемесі және т.б. Әр түрлі әдістемелердегі артқы және алдыңғы бойдың БОК сызбаның базалық торының тұрғызылу есебі мен тәртібінің өзіндік ерекшеліктері болады.Фигураның сырты туралы бастапқы ақпарат есебінде аталған құрастыру әдістемелері өлшем белгілерінің әр түрлі сандары қолданылады.Конструкция параметрлерін анықтау үшін әдістемелердегі өлшемдік белгілерден басқа негізгі учаске арасында әр түрлі бөлу арқылы кеуде еніне Пг (артқы бой еніне Пшс, қолтық ойындысының еніне Пшпр, алдыңғы бой еніне Пшп), қолтық ойындысының тереңдігіне Пспр, иық айналымына Поп конструкторлық қосымшалар қолданылады. БОК тұрғызу үшін практикалық қолданысты ЦОТШЛ әдісі тапты. Бұл әдіс кәсіпорындарда 1975 жылдан бастап қолданылып келеді,өзінің қарапайымдылығымен және әсерлігінің арқасында, қазіргі уақытта да өз үстемділігін сақтап отыр. Әдістеме жеке тапсырыс бойынша құрастыруда да, типтік фигураларда массалы өндірісте де қолданылуы мүмкін. Бұйым конструкциясын тұрғызу үшін 19 өлшемдік белгі қолданылады. ЦОТШЛда құрастыру сызбасын дайындау құрылымы жаңа пішімді игеруге кететін жаңа сәннің ұсыныстарына қосымша шығынсыз жылдам қозғалуға, модельдік ерекшеліктерді, пішім формасын жасаумен байланысты өзінің бірыңғай шешімінде кез келген бұйымды тұрғызу үшін конструкция негізін бөлуге мүмкіндік береді.Бұйым бөлшектерінің сызбаларын тұрғызу тәсілі киім құрастырудың есептік-аналитикалық әдісінде негізделеді. Ол жерде қолданылатын есептік формулалар киім формасы, адам фигурасының құрылысы туралы антропометриялық мәліметтердің математикалық анализ нәтижесінде бекітілген. Бөлшектер сызбасының тұрғызылуы декоративті безендіруге және еркін қынамаға қажетті қосымшаларды есепке ала отырып фигура контурының графикалық разверткалар жолымен жүзеге асырылады. Әдістемедегі ыңғайлы және ең дұрысы кеуде бүкпесінің (мойын ойындысының жоғарғы бөлігі) орны болып отыр, өйткені ол қосымша иық, бүйір және басқа қиықтарда оның орналасу орнын анықтау үшін қосымша тұрғызуларды қажет етпейді. Қарастырып отырған әдістеменің артықшылығы әр түрлі пішімдердің және формалардың әр түрлі тағайындалған және барлық түрдегі киім конструкциясының негізінің сызбасын тұрғызудың құрылымдық схемасы әмбебап және тұрғызуда графикалық тәсілдер мен есептік формулалардың түгелдей өзгеруін қажет етпейді. Бірақ авторлар ұсынған барлық әдістемелер әр қайсысы өз елдерінің (Ресей Федерациясы, Германия) халқының фигура прапорцияларының, дене бітім туралы мәліметтерді қолдануға негізделеді. Осы орайда әр елдің халқының прапорциялары,дене бітім ерекшеліктері бар екендігін айта кеткен жөн. Әйелдер, ерлер және бабалар ассортиментінің киімдерін құрастырудың көп жылдық практикасы бізге этнотерриториалды факторларды ескере отырып, шартты-прапорционалдық конструкция тұрғызғанда да, тапсырыс бойынша жеке фигураға да тиімді болатын өзіндік есептеу жүйемізді шығаруға мүмкіндік берді. Конструкция – мұның өзі әлдененің құрылымы, құрылуы, құрылысы. Киімнің құрылымы оның дайындау әдісіне байланысты конструкция пішілген киімдерге бөлінеді. 1956 жылы КСРО халқының конструктор, технологтары бірігуімен ғылыми негізде жаппай өлшем бірліктерін стандартты размерде, жалпы конструктивті методикалық әдісте қажетті материалды киім конструкторлық мүшелерін құрады.ИАТер – Овокьаян жасаған әдісте есептеу формалары тұңғыш рет математикалық негізге ие болады. Оған тұлғаның антропологиялық өлшемдері негіз болып, бұл әдісті киімде конструкциялаудың бірегей әдістері деп атайды. Осы әдістердің бағытын мемлекеттік комитеттің жеңіл өнеркәсіп мүшелері және конструктор машиналарды мақұлдады.Киімді конструкциялау ЦНИШП әдісіне жылу дымқылдық жұмыстар арқылы матаға форма беруді барынша қысқартқан, киім формасын конструкциялау жолымен табылды. Мұның өзі эксплуатациялау нәтижесінде мата релаксациясынан, жылу дымқылдық жұмыс нәтижесінен берілген сапасын арттырады және де көптеген ішкі жылулық дымқылдық жұмыстарды қысқартып, бұйымды өңдеу уақытын үнемдейді.

Киім өндірісі мен мәдениет саласында біріліскен ғылыми технологиялық ізденістер нәтижесінде 1976-1981 жылдар аралығында СЭВ елдерінде, яғни КСРО және дамыған капиталист ФРГ, Франция, Ұлыбритания елдерінің бірігуімен киімдердегі әр түрлі түйіндердің конструктивтік шешімдері таңдалып, ЕМКО СЭВ әдісі құрылған. Бұл әдістің негізінде ерлер, әйелдер, балалар конструкциясының сызбасы, өлшем бірліктерінің бірыңғай жүйеде қолданылуы, киімнің класификациясы, терминологиясы, барлық бірыңғай ережелері киім қағидалары кіреді ЕМКО СЭВ әдісі әмбебап әдіс болып саналады. Алғашқы берілген база бойынша киім конструкциясын әр түрлі үлгіде орындалу қажет, яғни осы конструкция боынша киім үлгілерін моделдеу арқылы тұрмыстық, спорттық тағы да басқа түрге келтіре аламыз. Әдістердің алғашқы базасының өңдеу барысында мына төмендегі материалдар қолданады. СЭВ елдеріндегі зерттеулердің нәтижесінде біріккен стандартты жүйеде ерлер, әйелдер, балалар мен жасөспірім тұлғаларына негізінде ЕМКО СЭВ әдісі елде де өңделу барысында болғандықтан мұндағы көрсеткіштер жеке түрде емес жалпы берілген.

- ЦОТШЛ-ЦНИШП бірегей әдістері негізінде халықтың жеке тапсырмасымен дайындалған әйелдер және ерлер конструкциялауының бірегей әдісін жасап шығару.

- ЦНИШП – тың бірыңғай методикалық конструктивтік әдісіне кемінде, 30 өлшем бірліктері қолданылса, ЦОТШЛ – дың бірыңғай конструктивтік әдісіне ең көп дегенде 28 өлшем белгілері пайдаланылады.

- ЦНИШП және ЦОТШЛ әдіснамасының аырмашылығы жекеше есеп формуласының ауыстыруы және тұлғаның өлшем бірліктерінің кейбір формулаларының қысқа түрде қолданылуы әдіснамасында соңғы ЦНИШП әдіснамасындағы есеп формулаларының структурасы мен өлшем бірліктерінің саны ЦЛТШП негізінде ЦНИШП әдіснамасының бір атауы іспеттес. Бұл әдіс жеке немесе индивидуалды жеке шағын кәсіпорындарда қолданылады.

Киімді құрастыру әдістері:

Жақындастырылған әдістер:

1.Муляжды әдіс

2.Есептік-графикалық:

- дриттель.

- пішімнің торлық жүйесі

- пішімнің тригонометриялық жүйесі.

- пішімнің координаттық жүйесі.

3. Пропорционалды-есептік әдіс.

4. Ерлер,әйелдер,балалар киімінің ЕМК

5.ЕМКО СЭВ

6. Геометриялық әдіс.

Инженерлік әдістер:

1.Триангуляция әдісі.

2. Қиюшы жазықтықтар әдісі.

3. Геодезиялық сызықтықтар әдісі.

4. Жазу сызықтықтарының әдісі.

5.Үлгі бойынша киім бөлшектерінің жазбаларын есептеу әдісі

6.Виртуалды жобалау әдісі. [5]

3.2.2 Бұйым бөлшектері конструкциясының алғашқы сызбасын тұрғызу

Кесте 9 - Әйелдер иық бұйымының сызбасын тұрғызуға арналған

негізгі өлшемдер.

  №   Өлшемнің атауы Шартты белгілер Өлшемдер шамасы, см
Бой өлшемі Р
Мойынның жартылай орамы Сш 17,4
Кеуденің жартылай орамы 1 СГ I 42,5
Кеуденің жартылай орамы II СгII 46,2
Кеуденің жартылай орамы III Сг III
Белдің жартылай орамы Ст 33,4
Бөксенің жартылай орамы Сб 46,0
Кеуде ені Шг 16,2
Артқы бойдың ені Шс 17,2
Артқы бойдың белге дейінгі ұзындығы Дтс 41,6
Алдыңғы бойдың белге дейінгі ұзындығы Дтп 42,5
Кеуде биіктігі Вг 25,4
Иықтың қиғаш биіктігі Впк 41,8
Артқы бойда қолтық ойындысының биіктігі Впрз 20,3
Иық орамы Оп 27,1
Жеңінің ұзындығы Друк 53,3
Бұйым ұзындығы Ди
Білек айналымы Озап
Иық ені Шп 12,9

Кесте 10 - Бұйымға берілетін қосымшалар

Қосымшаның шартты белгілері Қосымшалардың аттары Шамасы
Пг Кеуденің жарты орамына берілетін қосымша
Пт Белдің жарты орамына берілетін қосымша
Пб Бөксенің жарты орамына берілген қосымша
Пдтс Артқы бойдың белге дейін ұзындықтың қ. 0,5
Пдтп Алдыңғы бойдың белге дейін ұзындықтың қ.
Пспр Қолтық ойындысының тереңдігіне берілген қ.
Пшгс Мойын ойындысының еніне берілетін қ. 0,5
Пшс Арқа еніне берілген қосымша 0,8
Пшп Алдыңғы бойдың еніне берілетін қосымша 0,2
Пшпр Қолтық ойындысының тереңдігіне берілетін қ 2,5
Поп Иық орамына берілетін қ.

Кесте 11 - БК есебі

Жүйе реті Сызбадағы конструкторлық кесіндінің белгіленуі Есептеу формуласы Есептелуі Сызбадағы конструкторлық кесіндінің шамасы
Базалық тордың тұрғызылуы
БК ені А0 а1 СгIII + ПГ 44+5
Артқы бой ені А0 а → ШС + ПШС 17,2+0,8
Алдыңғы бой ені а1 а2 ШГ + (СгII – СгI )+ПШП 16,2+(46,2-42,5)+0,2 20,1
Қолтық ойындысы аа2 А0 А1-( А0 а+ а1 а2) 49-(18+20,1) 10,9
Жаурын орны А0 У ↓ 0,4 х ДТС 0,4*41,6 16,6
Кеуде орны А0 Г ↓ → ВПРЗ+ ПСПР + 0,5 х ПДТС 20,3+2+0,5*0,5 22,55
Бел орны А0 Т ↓ → ДТС + ПДТС 41,6+0,5 42,1
Бөксе орны ТБ ↓ → 0,5 x ДТС– 2 0,5*41,6– 2 18,8
Бұйым ұзындығы А0 Н ↓ → ДИЗД + ПДТС 100+1
Артқы бойдың тұрғызылуы
1.Ортаңғы сызықтар А, У, Т, Б, Н      
а) ТТ1
б) А0 А0 I 0,5 0,5 0,5
Мойын ойындысының орны АА2      
а) мойын ойындысының ені А0 IА2 Ш /3) + ПШГС (17,4/3)+0,5 6,3
б)мойын ойындысының тереңдігі А2 А1 ←↓ А0 IА2 /3 6,3/3 2,1
Иық сызығы А2 П1      
а) А2 П1 ШП + бүкпе ені 12,9+2 14,9
б) Т1 П1 ВПК + ПДТС 41,8+0,5 42,3
Иық бүкпесі        
а) А2 И → 0,25* Шп 0,25*12,9 3,2
б) бүкпе ұзындығы ИИ1║ А0 Н -
в) бүкпенің сол жақ бөлігінің көтерілуі ИИ3 0,3 - 0,3
Бүкпе сызығының теңестіру доғасы R3 И2И4 = И2И3 И3И4= 2
Артқы бойдың иық сызығы А2, И3 және И4, П11 нүктелері арқылы безендіріледі
Артқы бойдың қолтық ойындысының тұрғызылуы
а) нүкте П1 және Г1 ┴ П2      
б) Г1 П3 ↑(сызбада өлшенеді) Г1 П2 /3 + 2 18,3/3+2 8,1
в) Г1 1 Г1–ден биссектриса 0,2 х Г1 Г4 + 0,5 0,2*10,9+0,5 2,68
г) Г1 Г2 0,5 x Г1 Г4 0,5*13,5 6,75
П1, П3, 1, Г2 нүктелерін қосу
Алдыңғы бойдың тұрғызылуы
а) Г3 Г6 Г3 Г4 /2 – 1 20,1/2 – 1 9,5
б) Г6 ↓ Т60 - - 0,5
в) Т60 Т6 - - -
г) Т3Т8
д) Т60 6) → Т8      
Алдыңғы бойдың мойын ойындысын безендіру
а) мойын ойындысының орналасу биіктігі Т8 А3 ДТП + ПДТП ПДТПДТСУР ПУР – 0,5 42,5+1 43,5
б) Мойын ойындысының ені А3А4 ←   А3А4 =АА1 - 6,3
б) Мойын ойындысының тереңдігі А3А5 А3А4+ 1 6,3+1 7,3
Мойын ойындысы сызығы А4 А5
Кеуде бүкпесінің тұрғызылуы
а) кеуденің жоғарғы нүктесінің орналасуы А4 Г7 А4 Г7 = ВГ - 25,4
б) бүкпе аралығы А4 А9 2 х (СгII – СгI) + 2 2 х (46,2– 42,5) + 2 9,4
в) кеуденің төменгі нүктесінің орналасуы А9 Г7     Түзу сызықпен қосу
Қолтық ойындысы П5, 4, П6, 2, Г2
а) Г4 П4 Г4 П4= Г1 П2-1 18,3-1 17,3
б) Г4 П6 Г4 П4/ 3 17,3/3 5,8
в) П6 П60 0,6 0,6 0,6
Иық сызығы А9 П5
а) П60 нүктесінен радиус П60 П4 Солға доға  
б) А9 нүктесінен радиус ШП 12,9 см солға доға қиылысқан жері П5 12,9
в) П5 П6   Түзу қосымша сызықпен қосу  
г) 3 нүктесі П5 П6 /2 11/2 5,5
д) П6 П5 const
е) Г2 2 Г4 тен биссектриса Г4= 0,2 x Г1 Г4 0,2*10,9 2,18
П5, 4, П6, 2, Г2 нүктелерін қосу
Алдыңғы бойдың орта сызығы Т8 Н4 ТН (Т1 Н1)   Артқы боймен тең
а) Н4 Н6 Г3 Г2 + 2 30+2
б) Г2 мен Н6     Түзу сызықпен қосу

Бел бүкпелерін құрастыру:

ƩВ=Т11183)-(Ст+Пт)=48,2 - (33,4+7) =7,7

Артқы бой-20%-1,54(0,77)

Жан тігісі-50%-3,85(1,925)

Алдыңғы бой-30%-2,31(1,1) [6]

3.2.3 Модельдік конструкцияны тұрғызу

Сурет 20 – Бұйымның модельдік конструкциясы

Сурет 21 – Жартылай күн белдемшесі

Сурет 22 – Бір тігісті жеңнің модельдік конструкциясы

3.3 Жұмысшы жоба

Жұмысшы жобалау кезінде барлық схемалық-конструциялық және технологиялық шешімдерді дайындау жүргізіледі. Бұл кезеңнің нәтижесі жұмысшы жоба болып табылады. Жұмысшы жобалауда жұмыс құжаты дайындалып, техникалық сипаттама құрастыру жүргізіледі және негізгі, туынды бөлшектедің комплект лекалдары дайындалады.

3.3.1 Бұйым бөлшектерінің лекало сызбаларын тұрғызу

Киім бөлшектері лекалосының сызбасын жасауға арналған бастапқы мәліметтер ретінде бұйымның модельдік конструкциясының сызбасын, бұйымды дайныдауға ұсынылатын материалдардың қасиеттері мен таңдалған технологиялық өңдеу әдістерін айтуға болады.

Лекало дегеніміз бұйым бөлшектер жазбасының технологиялық тігістерін қағаз бетіне түсіру.

Лекал сызбалары-бөлшетің өлшемдері мен формасын, құрастырылуын және піщу мен өңдеуге қойылған техникалық шарттарын анықтайтын техникалық құжат болып табылады.

Киімнің лекало үлгісін жинау үшін БК сызбасынан бөлшектің контурлы сызығын калкаға түсіріп, сол контурлы сызығына параллельді технология тігіс шамасын беріп әр бір бөлшекті жеке қиып аламыз.

Лекалдар 3 түрге бөлінеді:

1. Негізгі

2. Өндірістік

3. Көмекші

Негізгі лекалдар қолданылуына қарай:

Оригинал лекало-берілген модельдің негізгі сызбаға сәйкес алынған бөлшектердің жазбасы. Оригинал лекал комплектісі бір өлшем, бір ұзындығы, негізгі астар қатырмаланатын матадан пішілген бөлшектерге жасалады.

Эталон лекало-оригинал лекало арқылы градация жасалып алынған лекалдардың комплектісі. Бір өлшем, бір бой, бір толықтық тобындағы белгілі бір жас аралығына арналған.

Жұмысшы лекало-оригинал, эталон лекало арқылы алынған лекалдар комплектісін айтады. Жұмысшы лекало жайма жасауға, матаның шығынын анықтауға, матаны пішуге, лекалдардың контурын бормен комкеруге, трафарет жасауға, пішімнің сапасын тексеруге арналған.

Көмекші лекало-бұйымды тігу кезінде қолданылады. Қалтаның орнын, түйменің, түймеліктің орны, етектің, жеңнің қайырылуын, жаға ұштарын, қалталардың модельге байланысты формасын анықтауға арналған. Қима үлгіні қаттф қағазға конструкциясынан кескішпен көшіру арқылы алады.

Өндірістік лекалолар бұйымды декоративті әрлеуге арналады. Бөлшек қиықтарын ішкі тігістерді бекіту үшін қолданылады. Сондықтан негізгі бөлшек сызықтарымен тығыз байланысты. Өндірістік лекалдарға келесілер жатады: негізгі матадан өңір қайырмасы, үстіңгі жаға, қақпақшалар, белдіктер; астарлық матадан: артқы бой, алдыңғы бой, жеңнің астыңғы және үстіңгі бөліктері, бұйым астары жатады; астараралық материалдардан: көкірек қайырмасы, иық көтермесі; желімді қатырма материалдар: алдыңғы бой іштік матасы, жең азының іштігі және т.б.

Лекалдарды безендіруге қойылатын техникалық талаптар. Киім бөлшектерінің лекалосын негізгі матаға арналған астарлық матаға, іштік матаға арналған болып қатты кардон қағаздан жасауға болады.

Барлық лыкалдар ЕСКД талабына сәйкес безендірілді. Лекалдарда негізгі жібі және оның ауытқуы көрсетіледі, кертпелер болуы қажет, лекало бөлшектердің сипаттамасы жазылады.

Жұмысқа дайындалған лекалдарға мынадай мәліметтер енгізіледі:

- лекало атауы (түпнұсқа немесе эталон);

- бұйым атауы;

- лекало қолданылуы, бөлшек атауы және негізгі бөлшектер саны;

- бұйым өлшемдері;

- жіп негіздері және жіп негізі бойынша рұқсат етілетін ауытқу;

- жинақтау кертпесі;

- технологиялық өңдеу.

Бір өлшемдегі және бойдағы бұйым конструкциясын жасау-жеткілікті еңбекті қажет ететін ұзақ жасалатын процесс. Осыған қарай әдеттелекало конструкциясын және жинақталымын бір өлшем мен бір бойға жасайды. Басқа өлшеу және бойлы бөлшектер лекалосын орташа есеппен алынған өлшем және бой лекалосының сызықтарын пропорционалды үлкейту немесе кішірейту жолымен жасайды, яғни лекало градациясының көмегімен алынады.

3.3.2 Лекало градациясы

Градация немесе техникалық көбейту деп белгілі тәртіп бойынша, киімдер бөлшектерінің бастапқы өлшем – бойын көбейту немесе кішірейту арқылы киім бөлшектерінің ұсынылатын өлшемі мен бой құрастыруы сызықтарының ұқсас бейнелік қатарын алу процессін айтамыз.

Градацияның белгілі 3 тәсілі бар:

1. Топтау тәсілі;

2. Сәулелі тәсілі;

3. Пропорционалдық- есептік тәсіл.

Топтау тәсілі бойынша, бөлшектер лекалосының екі жиынтығы (комплект) дайындалады (көбінесе орта және соңғы өлшемдерге) және аттас лекалоларды бір немесе екі сызық бойынша қосады. Содан кейін аттас құрастыру нүктелерін тура сызықтармен қосады және алынған кесінділерді аралық өлшемдер санына бөледі. Сонымен аралық өлшемдер құрастыру нүктелерін, сондай-ақ өлшемнен өлшемге өсуін алады. Сәйкес келетін нүктелерді қоса отырып, аралық өлшемдер лекалоларының контурын алады. Көбінесе осы тәсіл күрделі модельді киім бөлшектерінің лекалолары градациялау үшін пайдаланылады.

Екінші – сәулелік тәсіл, конструкцияның белгілі бір нүктесінен (кейде конструкциядан емес) негізгі құрастыру нүктесін тура сызықтар-сәулелер арқылы жүргізеді. Бастапқы бөлшек контурының осы сәуле арқылы өсу қалдырылады және бөлшектің қажетті өлшемінің контурлары сызылады. Көбінесе сәулелі тәсіл бас киімдер бөлшектерінің лекалоларын градациялауда қолданылады.

Үшінші тәсіл – пропорционалды - есептік тәсіл өнеркәсіпте кең қолданылады. Ол бойынша әрбір бөлшекке оның конструкциясына қарай негізгі бастапқы сызықтар (тік және көлдненең) таңдалады. Бөлшектердің құрастыру нүктелері негізінен параллель белгілі бір тік бойынша өсуге және көлденең бойынша өсуге лайықты орналастырылады. Басында градация лекало өлшемі бойынша, содан соң әр өлшем бойы бойынша градацияланады.

Бүгінгі таңда лекало градация еңбек процесін жеңілдету үшін ЭЕМ көмегімен іске асырылады.

Кесте 12 – Негізгі, туынды бөлшектер лекалосының тізімі (спецефикациясы)

  Бөлшек аталуы Бөлшектер саны
лекалода пішімде
 
Негізгі мата
Алдыңғы бойдың ортаңғы бөлігі
Алдыңғы бойдың жан бөлігі
Артқы бой
Жең
Белдемше
Іштік мата
Мойын ойындысы
Қолтық ойындысы

3.3.3 Техникалық өлшем табелін құру

Кесте 13 – Техникалық өлшем табелі 158-88-92

Лекало өлшемінің схемасы Мөлшері, см  
Лекало өлшемі Қосымшасы Дайын күйінде Өлшемі бойынша Ұзындығы бойынша
Алдыңғы бой ені 22,1 Қолтық ойындысына-1 Өңір қайырмасына-1 20,1 20,1 -
Алдыңғы бой ұзындығы Мойын ойындысына-1 Етегіне-3 -
Артқы бой ені Қолтық ойындысына-1 Орта тігісіне-1 -
Артқы бой ұзындығы Мойын ойындысына-1 Етегіне-1 -
Жең ұзындығы Жең түбі-1 Жең аузына-1 -

Орытынды

Кәсіби диплом алды тәжірибеденөту барысында белгіленген бұйымның эскиздік жобасы дайындалды. Бұйымның арнайы талаптарына байланысты негізгі мата, астарлы, бұйымды біріктіру материалдары, фурнитуралары таңдалды.

Бұйымның сызбасы ЕМКО ЦОТШЛ әдісімен жасалынды. Бұйымның денеге қонымдылығын тексеру мақсатында макет жасалып, бірінші ретті тексеруден өтті. Бұйым бөлшектерін бір-біріне біріктіру үшін өңдеу әдістері, тігін машинасы таңдалып, өңдеу тәртібі белгіленген бірізділік бойынша орындалды.

Елімізде әр өңірлерінде орналасқан кішігірім тігін ательелері жеңіл өнеркәсіп саласының дамуына аз да болса өз үлестерін қосуда. Өндірістік тәжірибеден өту кезінде киімнің пішілуі мен тігілу технологиясы бұйымның сапалы шығуына әсер ететін бірден-бір фактор болып табылатыны айқындалды.

Киім қасиеттері ол тікелей матаға және киілетінорынға байланысты өйткені күн ыстық кездері ауа өткізбейтін болғандықтан адамға ыңғайсыздық тудырады. Киімнің тағы бір қасиеттіжуған кезде тар немесе қысқа болып қалатындығын ескеген жөн. Көбінетөзімді киімдерге дженсилік маталардан тігілген киімдер жатады. Киімнің негізгі қасиеттері деп ауа өткізгіштігі, төзімділігі, зияндызаттардан қорғауы, гигеналық тағы басқада қасиеттері бар. Киімнің ауаөткізгіштік қасиетті деп адам денесіне ыңғайлы, суықты, жылыныбірқалыпты ұстауын айтамыз. Төзімділік қасиеті деп киімнің тозуынайтамыз яғни киімнің шыдамдылығын, көпке шыдауын. Мысалға: жуғанкезде киімнің оңып, созылып кетуі, кожа киімдерінің суыққа төзімді болуытағы басқа. Зиянды заттардан қорғауы күннің сәулесінен, ыстықтан, суықтан, шаң тозаңнан, кейбір химиялық заттардан қорғау жатады.Гигеналық қасиеті деп киімнің адам денесінен бөлініп шығатын тербөлініп шығатын заттарды соруы денені құрғақ әрі таза ұстауға пайдасыөте мол . қоғамдық дамудың қазіргі сатысында киім деп өсімдік, малтектес және жасанды матералдардан тігіп адамды қоршаған ортаның қолайсыз әсерлерінен қорғайтын, ағзаның қалыпты және сақтайтын температурасын сонымен бірге оған әртүрлі көрік беретін заттаржиынтығын айтады .

Наши рекомендации