Абат энергиясы және күшімен әсер етуші күштері
Нұсқаның сыртынан су айдау - әлемдік тәжірибеде, Туймазы мұнай кенінде меңгерілген, алғашқы жүйелердің бірі. Оның өзгерістігі, айдайтын скважиналарды кен көлемінің сырт жағынан, мұнайлы нұсқаның, сыртқы шекарасына жақын бұрғыланған. Пайдалану скважиналарды қатар-қатар мұнайлы нұсқасының ішкі жағында, жарыспалы орналастырылған.
кысқа сыртындағы жүйені ендіру тәжірибесі, еліміздің көп кеңдерінде қолданғанда, игеру үрдісінің тиімді екенін көрсетті, егерде, сумұнайлы белдемнің ең үлкен болмаса, қабаттың коллекторлық қасиеттері жақсы болса, (кеуектілігі 12-17%, өткізгіштілігі > 0,5мкм2), құрылымның, құрылысы қарапайымды бөлек.
Нұсқа ішімен су айдау. Бұл жүйенің ерекшелігі, айдайтын скважиналарды кеніштің, таза мұнайлы бөлігіне орналастырады. Алғашқы, әлемдік тәжірибесіне, Татарияда Ромашкин кенінде, Қазақстанда “Өзен” кен орнында, игерудің дербес объектілерінде қатар-қатар айдайтын скважиналармен, қабаттарды бөлек аландарға бөліп, нұсқа ішімен су айдау жүйесі жобаланған және енгіздірілген.
Суды бөлшектеп айдау — айдайтын скважина, жарыспалы түзусызықты қатар-қатар, ереже ретінде, қүрылымның ұзынды белдігіне, тікелес орналастырады. Пайдалану скважиналарын қатарлап, айдайтын скважиналар араларында бүрғылайды.
Сонымен, кеніш бір бірімен тәуелсіз бөлшектерде, игерілуі мүмкін. Бұл жүйелер, бөлшектердегі пайдалану скважиналардың қатар сандары бойынша, бірқатарлы, үшқатарлы және бесқатарлы деп бөлінеді.
Бір қатарлы жүйеде айдайтын және пайдалану скважиналардың қатарлары кезектессе, пайдалану скважиналардың пд айдайтын пн скважиналар сандарының, қарым -қатынасы щ=1.
Үш қатар жүйе үлгісі, тік бұрышты элемент, қабырғасының ұзындығы айдайтын, қатарлардың аралығының, жарты мөлшеріне тең. Элементте, айдайтын скважинаның жартысы және 1,5 пайдалану скважинасы болады. Пайдалану скважиналардың жалпы сандарының айдайтын скважиналарға қарым-қатынасы щ=1/3.
Бес қатарлы жүйеде, айдайтын скважиналар қатарларының, аралығында бес қатар пайдалану скважиналары бұрғыланады. Қарым-қатынасы щ=1/5.
Практикада, аралас бөлшекті жүйелер қолданады. Айдайтын скважиналар қатарын, құрылымның ұзынды белдігіне, тікелес және жарытылы орналастырады.
Бөлшекті жүйелерді, біздің елде, мұнай кендерін, игеруге кеңінен қолдануы мынандай себептермен байланысты.
Қабаттың коллекторлык қасиеттеріне байланысты, әртүрлі қатарлықтар жобаланады. Егер де, орташа өткізгіштігі жоғары, салыстырмалы тұтқырлығы ц() төмен және қабат әр гектілікті және ұзындығы анағұрлым болмаса, бес қатарлы жүйелер қолданады. Мұнайлардың көрсеткіштері мен түтқырлығы төмен болса, су айдаудың қарқынды жүйелері ретінде, бір қатарлық жүйені жобалайды.
Қатар-қатар жүйелердің, жеткілікті иілмелік қасиеттері мол, кендерді меңгеру үрдісінде, бір жүйеден екінші жүйеге, ауыстырылуы жеңіл.
Кендерді көркейту үшін, жобалау жұмыстарына, кедергі болмайды.
Алаңды су айдау. Пайдалану және айдайтын скважиналарды алаңда түзу геометриялық тор бойынша, бірқалыпты квадрат немесе үшбұрыш түрінде орңаластырады. Бес — жеті — және тоғыз нүктелі жүйелер түрлері болады.
Бес нүктелі жүйе элементі-квадрат оның бұрыштарына пайдалану скважиналарын, орталығында айдайтын скважиналар орналастырады. Мұндай жүйеде пайдалану мен айдайтын скважиналардың қатынастары щ=1.
Жеті нүктелі жүйе элементі, алты бұрыш пайдаланатын және айдалатын скважиналы бұрыштарында және айдайтын өндіру скважинасы орталығында. Мөлшері щ=2(1/2).
Тоғыз нүктелі жүйе элемент-квадрат бұрышында және қабырғаларының орталығында пайдаланатын және айдайтын скважиналар, орталығында айдайтын пайдалану скважинасы орналасқан. Пайдаланатын және айдайтын скважиналардың қатынасы щ=3( 1 /3).
Су айдау жүйесінің үнемділігін ю мөлшері бойынша табады. Ең көбірек үнемділік, егерде, тоғыз нүктелі жүйенің орталығында пайдалану скважинасы орналасқан болса. Егерде, орталығында айдайтын скважина орналасса, бұл жүйенің ең аз үнемділігі болады.
Алаңды су айдау жүйесінің қатар-қатар жүйесімен салыстырғанда, ерекше артықшылығы, қабатқа скважиналар әсерліктері бірдей бөлінеді. Алаң бойынша әртекті қабаттарды игеруінде мұндай жағдайды елеулі ескеруіміз маңызды. Сонымен қатар, қатарлы жүйелер қима бойынша, өте әртекті қабаттарды игеру ілтипаты.
Алайды су айдаудың, негізгі кемшілігі — скважиналарды тағайындау және олардың алаң бойынша орналастыруын, қабат кұрылымының ерекшеліктерін білмей, жобалау сатысында белгілейді.
Сондықтан, жобалау қорының кейбір айдайтын скважиналарды іске асырылмай қалады, себебі, олардың тұтқырлықтары төмен.
Тандап су айдау. Өндірістік-геофизикалық және гидродинамикалық зерттеу мәліметтерімен, бірқалыпты тор бойынша, алаңның бөлшегін бұрғылағаннан кейін, су айдайтын скважиналарды таңдай алады. Бұл жағдайда, олардың өнімділік коэффициенті, жоғары болу керек және ең төменгі ақиқатты белгілердегі табылған (ашылған) қабат- коллекторлар саны коп болуы жөнді. Скважинаның, өнімдік көэффициенттері бойынша, қабаттың мұнай мен судың тұтқырлықтарының айырмашылықтарын және әртектіліктік дәрежесін есепке алады, пайдаланатын және айдайтын скважиналардың қолайлы, өзара қатынастығын белгілейді. Бұл, жалпы қордың ішіндей, ең аз санды айдайтын скважиналармен қабатқа әсер қылу жүйесінің, жоғары тиімділігін, қамтамасыз етеді және игеру жүйесінің экономикалық көрсеткіштерін ұлғайтады.
3.31 -суретте скважиналарды өндірістік-геофизикалық зерттеу мәліметтерімен құрастырылған қабат қимасының үлгісі көрсетілген. Осы қимада 3 скважинада, ең көп санды, қабатшалар ашылған. Сөндықган осы скважина, су айдайтын деп алынса, мұнай қорының жоғары алу шығымды болады.
Мұнайды төменнен жоғарыға қарай, сумен ығыстыру, керісінше бағытқа қарағанда, тиімді екені белгілі. Сондықтан, су айдайтын скважиналардың ішінде, қабаттың жабындысын ең төменгі тереңдіктен ашқан, скважиналарды пайдаланады.
Сонымен, алаң бойынша, тандап су айдау жүйесінде скважиналарды белгілі геометриялық тор бойынша (ең жақсысы квадрат) бұрғылайды, су айдайтын скважиналарды, пайдалану скважиналардың аралығында, бір қалыпсыз орналастырады (өнімді қабаттың құрылымдық айқын ерекшеліктерін есепке ала отырып, әрбір су айдайтын скважиналардың орнын белгілейді).