Сөйлемдегі жалпылауыш сөз қандай қызмет атқарады ?
Раушанның өкіл болып болысқа баруы, қалаға баруы, ауылдық кеңес
ағасы болып сайлануы – осының бәрі де Бәкеннің ризашылығымен
болған жұмыс емес.
а)анықтауыш ә)бастауыш б)толықтауыш в)пысықтауыш г) баяндауыш
28. Себеп бағыныңқы сабақтастың жасалу жолын анықтаңыз.
А) –а, -е, -й.
В) –у үшін.
С) –ғандықтан, -гендіктен.
D) –са, -се.
E) –са да, -се де.
29.Жалғаулықсыз қарсылықты салалас құрмалас сөйлемді табыңыз
А) Қонақтар түгел келді,- сен жоқсың.
В) Биыл мектеп бітіремін, бірақ оқуға түспеймін.
С) Уақытым болмады, сондықтан мен келе алмадым.
D) Сыныпқа қонақ кірді және оқушылар орындарынан тұрды.
E) Оқуға түспеймін, өйткені жұмыс істеуім керек.
30. Аралас құрмалас сөйлемнің схемасын көрсетіңіз.
Бұларды кіргізіп жіберіп, Абай енді үйге қарай қозғалайын деп деі, үй ішінен тағы бір нәрсемен қарбаласып, Қаратай шығып келеді екен.
2 нұсқа
Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың жасалу жолын анықтаңыз.
А) –са, -се + жіктік жалғау.
В) –мақшы болды, -мекші болды.
С) –ғанмен, -генмен.
D) –ғанша, -генше.
E) –ып, -іп, -п.
2. Ырықсыз етістің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.
Жоспарланған жүк уақытында жөнелтілді.
а)баяндауыш ә) бастауыш б) пысықтауыш в)анықтауыш г)толықтауыш
3.Бастауыш қай сөз табынан, көрсетіңіз.
Сыбдыры, тықыры естіледі.
а) етістік ә) есімдік б) етіс в) сын есім г) зат есім
4.Баяндауышы есім сөзден болып тұрған сөйлемді табыңыз.
а) Ол кеше кешкісін келіп еді ә) Дала тіршілігі енді басталды.
б) Ердің сыншысы – елі. в) Ауыл әлі ояна қойған жоқ.
г) Елге баруға мүмкіндік болды.
5.Толымсыз сөйлемнің жазылмай қалған сөйлем мүшесін, белгілеңіз.
… келіп кетті ме ?
а)анықтауыш ә) толықтауыш б)бастауыш в)баяндауыш г) пысықтауыш
6. Енді мұны сізге айтуға тура келді.
Күрделі баяндауыштың жасалу жолын табыңыз.
а) күрделі етістік ә) септікті тұйық етістік, көмекші етістік.
б) барыс септікті тұйық етістік, көмекші етістік.
в) жатыс септікті тұйық етістік. г) есім және етістік.
7.Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді көрсетіңіз.
A) – Жарқыным жөніңді ұқтыршы, қайда барасың? – деді Мөңке.
B) – Жарқыным жөніңді, ұқтыршы, қайда барасың? – деді, Мөңке.
C) Жарқыным, жөніңді ұқтыршы, қайда барасың? – деді, Мөңке.
D) Жарқыным жөніңді, ұқтыршы, қайда барасың? – деді Мөңке.
E) – Жарқыным, жөніңді ұқтыршы, қайда барасың? – деді Мөңке.
8.Төлеу сөзді сөйлемді көрсетіңіз.
A) “Құстар қайтып барады” – тамаша ән.
B) Ай, білмеймін, бар себеп сол ғана ма?
C) Кемпір оның далаға шығып кетуін өтінді.
D) Әр жақсыны көргенде ғибраттану керек.
E) “Ол ешкімге тіс жармады,“ - деді Айжан.
9. Дара бастауышы бар сөйлемді табыңыз.
а) Еңбегің еш кетпес деп ойлаймын. ә) Шу өңірі өнімді мол берді.
б) Еңбек түбі – береке. в) Сегіз қырлы, бір сырлы.
г) Үш салт атты жүріп келеді.
10. Біз барлығымыз жетеу едік –сөйлемінен сан есімнің қандай
сөйлем мүшесі екенін белгілеңіз.
а)бастауыш ә) баяндауыш б) анықтауыш в)толықтауыш г) пысықтауыш
11. Сөйлем мүшесі болмайтын одағай сөздің мағынасы.
Жүрегім, ойбай, соқпа енді …
Бүгінгі дос – ертең жау, мен не қылдым, япырмау ?!
а)өкіну ә) қапалану б) шақыру в) қуану г) шаттану
12. Зат есімнің қай сөйлем мүшесі болып тұрғанын көрсетіңіз.
Өнегелі болса – бала көрікті.
а)баяндауыш ә)бастауыш б)анықтауыш в)пысықтауыш г) толықтауыш
13. Тек тұрлаулы мүшелерден тұрған сөйлемді табыңыз.
а)Мәдени, демалыс орны. ә)Барлығымыз жиналдық. б) Ашық аспан.
в) Ол үйге келді. г) 1945 жыл.
14. Қай сөйлемде етістік бастауыштың қызметін атқарып тұр ?
а)Қарлы боран түні бойы тынбады. ә)Сөйлеу – тек адамға біткен қасиет. б)
Ғайша досына құпия сырды ашты.
в)Жиырма бес адам кеше аттанған еді.г)Ұяда не көрсең ұшқанда соны
ілесің.
15. Сан есімнің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз :
Ағайын – алтау, ана – біреу.
а)баяндауыш ә)анықтауыш б)бастауыш в)пысықтауыш г)толықтауыш
16. Сөйлем мүшесі болып есептелмейтін оқшау сөзді табыңыз.
а)сын есім ә) етіс б) есімдік в) қаратпа г) зат есім
17. Сан есімнің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.
а)баяндауыш ә)бастауыш б)толықтауыш в)анықтауыш г) пысықтауыш
18. Зат есім қандай сөйлем мүшесі ?
Әдемі, қысықтау көздері өзіне жарасып – ақ тұр.
а)пысықтауыш ә)баяндауыш б)толықтауыш в)бастауыш г) анықтауыш
19. Кімі? несі? қайсысы?сұрақтары көбінесе қай сөйлем мүшесіне
тән?
а)баяндауыш ә)анықтауыш б)бастауыш в) пысықтауыш г) толықтауыш
20. Тұрлаулы мүшелер арасына қойылатын сызықшаның
қойылу себебін анықтаңыз.
Бұл – үлкен бақыт.
а)зат есім – зат есім ә) есім – етістік б) есімдік – сын есім
в) есімдік – зат есім г) сілтеу есімдігі – зат есім.
21.Сөйлемде бірыңғай мүшенің алдындағы жалпылауыш сөзден кейін
қойылатын тыныс белгісі.
а)нүкте ә)сызықша б) дефис в) көп нүкте г) қос нүкте
22. Амал не, бәсе,өкінішке орай,уһ, ура, алақай, қап, бәрекелді –
сөздері қай қатарға тән.
а)Одағай ә) Қаратпа б) Қыстырма в) Шылау г) Жалғаулық шылау
23. Толықтауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.
а)Сәуле кеше келді ә) Алатау - әсемдіктің символы. б) Ол шешесіне хат
жазды. в)Сымбат – үлгілі қыз. г) Баласы тиянақты екен.
24.Сөйлемде оқшау сөздің қай түрі берілген ?
Ой, тәйірі, шаруа қайда қашатын еді…
а)қаратпа сөз ә) қыстырма сөз б) одағай
в) қосарланған айқындауыш г) оңашаланған айқындауыш
25. Қосарлы айқындауыш тұрған сөйлемді табыңыз.
а) Пайда, мақтан – бәрі тұл.
ә) Көбінің жүзі ақшыл не қызғылт сарғыш келеді.
б) Ақәділ қария ақ боз үйдің есігін түргізіп қойып, әңгіме айтып тұр.
в)Қызыл, жасыл жапырақтар жерде жатыр.г)Есік алды құлпырып тұр.
26. Сөз тіркестерінен тура толықтауышты табыңыз.
а)Келгеніне риза болды. ә) Ауданға барды. б) Ойында сақтаулы.
в) Оны білгенін жасырды. г) Оқуға түсті.
27. Толықтауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.
а) Жарасов шопандарға дем бере сөйледі. ә) Ердің еңбегі зор.
б) Біз асыға жүрдік. в) Ол телефон арқылы сөйлесті. г) Жаздағы
оқиға.
28. Сілтеу есімдігінің қандай сөйлем мүшесі екенін анықтаңыз
Мен мынау ауылдарға барып көрем.
а)толықтауыш ә)анықтауыш б)пысықтауыш в)бастауыш г) баяндауыш
27. Сөйлемдегі жалпылауыш сөз қандай қызмет атқарады ?
Жұрт тарай бастағанда, Михаил,Айдынғали,Жақсылық – үшеуі
оңаша қалған еді.
а)анықтауыш ә)бастауыш б)толықтауыш в)пысықтауыш г) баяндауыш
28.Сөйлемдегі жалпылауыш сөз қандай қызмет атқарады ?
Раушанның өкіл болып болысқа баруы, қалаға баруы, ауылдық кеңес
ағасы болып сайлануы – осының бәрі де Бәкеннің ризашылығымен
болған жұмыс емес.
а)анықтауыш ә)бастауыш б)толықтауыш в)пысықтауыш г) баяндауыш
Қосарлы айқындауыш дегеніміз не?
Оңашаланған айқындауыштан
айырмашылығы не?
2.2. Қандай мүшені айқындауыш мүше
дейміз? Оның түрлері.
2.3.Бастауыш пен баяндауыштың негізгі
белгілерін ата.
ІІІ. 3.1. Етістіктің қай түрі пысықтауыш
болады? Мысалмен дәлелде.
3.2.Жалпылауыш сөздер дегеніміз не?
Оның қандай ерекшелігі бар?
3.3.Толықтауыштың жасалу жолдарын
ата.
ІҮ. 4.1. Қандай жағдайда бастауыштан
кейін сызықша қойылады.
4.2. Оңашаланған айқындауыш дегеніміз
не? Мысал келтір.
4.3. Анықтауыш дегеніміз не?
Сұрауларын ата.
Ү. 5.1. Бастауышы күрделі етістіктен
болған сөйлем ойлап айт.
5.2. Қосарлы айқындауыш дегеніміз не?
Мысал келтір.
5.3. Пысықтауыш дегеніміз не?
Сұрауларын ата.
ҮІ. 6.1. Күрделі баяндауыштың жасалу
жолдарын ата.
6.2. Толықтауышқа құрамы, түрі,
байланысы тұрғысынан сипаттама бер.
6.3. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
дегеніміз не?