Халыққа шаштараздық және косметикалық қызмет көрсету объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

144. Осы Санитариялық қағидалардың талаптары реконструкциялау пластикалық хирургия, тері және тері асты ауруларын емдеу медициналық қызметтеріне, денсаулық сақтау объектілері құрамындағы косметологиялық, массаж кабинеттеріне және солярий объектілеріне қолданылмайды.
145. Объектілер тұрғын бөлігінен оқшауланған кiру есiгi және дербес желдету жүйесі болған жағдайда тұрғын үй ғимараттарының бірінші және төменгі қабаттарына орналастырылады.
Жертөле қабаттары қосалқы және көмекшi үй-жайлар ретінде пайдаланылады.
146. Ғимараттар мен үй-жайлардың көлемдi-жоспарлау және конструктивтiк шешiмдері көрсетілетiн қызметтер түрі және олардың қуаттылығымен анықталады. Объектілерде ыстық және суық су жүргізілген раковинамен жабдықталған, дезинфекциялауға, құралдарды залалсыздандыру алдында тазартуға және залалсыздандыру арналған үй-жай немесе арнайы орын бөлінеді.
147. Косметикалық кабинеттерде мынадай косметикалық процедураларды жүргізуге рұқсат етіледі: бетті және мойынды гигиеналық уқалау, тері ауруларымен асқынбаған бетті гигиеналық тазарту, қасты және кірпікті бояу, жасанды кірпік өсіру, қасты қыру, әрлеу, маникюр, педикюр, пилинг.
148. 3 жұмыс орнына дейiнгі шаштараз залдарында маникюр үшін қосымша алаңы кемінде 6 м2 бiр жұмыс орны орналастырылады. Шаштараз және косметикалық, косметологиялық қызметтер көрсететін объектілер үй-жайлары ауданының нормативтері осы Санитариялық қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес белгіленген.
149. Солярийлерде УФ-С ультракүлгін сәулелі диапазонды жабдықтарды қолдануға жол берілмейді. Солярийлерді пайдалану олардың техникалық паспорттары мен нұсқаулықтарына сәйкес жүзеге асырылады.
150. Солярийдің жалпы алаңы техникалық сипаттамаға сәйкес аппараттың өзі алатын орыннан және ауданы кемінде 3,0 м2 шешіну аймағынан тұрады. Солярий қызметі оператордың көмегімен ұсынылған жағдайда, оператор үшін кемінде 6,0 м2 қосымша аймақ бөлінеді.
151. Солярийлерді пайдалануға арналған үй-жай механикалық іске қосылатын сору-сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады. Жеке желдету ағынының келуі ұйымдастырылады.
152. Солярийдің шамдарын ауыстыру журналда міндетті түрде белгілей отырып, техникалық паспортта көрсетілген нормативті сағат орындалған жағдайда жүргізіледі. Істен шыққан шамдар қауіпсіз түрде кәдеге жаратылады.
153. Әрбір сеанстан кейін келуші жанасқан солярий кабинасының барлық үстіңгі беттері дезинфекциялау құралдарымен өңделеді. Тік солярийді қолданған кезде келушілерге жеке сүлгі мен аяқ киім ұсынылады.
154. Аппарат ішіндегі желдеткіш тесіктері ластанған сайын әлсін-әлсін тазартылып отырады.
155. Солярийдің персоналы мен келушілерге әсер ететін физикалық факторлар деңгейі мынадай гигиеналық нормативтерден аспайды:
1) электромагниттік өрістің кернеуі кемінде 25 вольтметрден;
2) токтың электрлік өрісінің өнеркәсіптік жиілігінің кернеуі (50 Гц) – кемінде 0,5 киловольтметрден.
156. Сәулелік әсері бар тұрмыстық мақсаттағы бұйымдар үшін ультракүлгін сәулесінің рұқсат етілген қарқындылығы 280-315 нанометр (бұдан әрі – нм) диапазонда 1,9 ватметр шаршыдан (бұдан әрі – Вт м2) және 315-400 нм диапазонда 10 Вт м2 аспайды. 200-280 нм дипазонында сәулеленуге жол берілмейді.
157. Арнайы көзілдіріксіз, сондай-ақ алғашқы екі сеанс арасында 48 сағаттық үзіліс сақталмаған жағдайда, келушілерге солярийге кіруге жол берілмейді.
158. Порфюмерлік-косметикалық өнімдердің және шашты, тырнақты, теріні күту құралдарын қолдану, сақтау және келушілерге өткізу қолданылатын өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжаттары болған жағдайда жүргізіледі.
159. Жұмыс орнының саны үшеуге дейiн болғанда табиғи желдету желкөз және фрамуганың көмегiмен, үштен артық болғанда жасанды іске қосылатын сыртқа тарату желдету арқылы жүзеге асырылады. Қосалқы және санитариялық-тұрмыстық үй-жайларды қоспағанда, барлық үй-жайлар үшін желдету жүйесі ортақ болуы мүмкін.
Тырнақ өсіру шеберінің жұмыс орны жергілікті мәжбүрлі сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады.
160. Маникюр және педикюр кабинеттерінің жұмыс орындары жалпы және жергілікті жарықтандыруды ұйымдастыру жолымен жарықтандырылады.
161. Ерлер және әйелдер залдарында шаштараздардың қолын жууға және келушілердің басын жууға арналған раковиналар жеке-жеке жабдықталады.
162. Балаларға қызмет көрсетуге арналған креслолар өз өлшемi және құрылымы бойынша олардың жасына және бойына сәйкес жабдықталады.
163. Косметикалық кабинет, маникюр және педикюр кабинеттерi қол және құралдарды жууға арналған раковиналармен жабдықталады.
164. Ауысымдағы жұмыскерлер саны 10 адамнан кем болғанда персоналға арналған киім ілетін орыны бар тамақ ішу бөлмесі, сондай-ақ келушілерге арналған киім ілетін орны бар вестибюль мен күту залын
165. Таза заттар мен порфюмерлік-косметикалық заттарды сақтауға арналған үй-жайлар стеллаждармен немесе шкафтармен, кір заттарға арналған қақпағы бар ыдыстармен жабдықталады. Қолданылған кір және таза заттарды араластыруға жол берілмейді.
166. Қию жұмыстары оқшауланған үй-жайда жүргізіледі, оның алаңы, бірақ бір жұмыс орны кемінде 4,5 м2 және жабдық жиынтығы жүргізілетін жұмыстың көлемі мен сипаты ескеріле отырып қабылданады.
167. Косметикалық, маникюр және педикюр кабинеттерi жабық үлгідегi бактерицидті ультракүлгiн сәулелендіргіштермен жабдықталады. Сәулелендіргіштердің жұмыс режимі мен уақыты есепке алынады.
168. Физиотерапиялық аппаратура арнайы жабдықталған кабинеттерде кабинетке кемінде бiр аппараттан орналастырылады. Кабинет алаңы бір кушеткаға 6 м2, бiрақ кемінде 12 м2 есебiмен қабылданады.
169. Қауiптiлiгі 1-ші және 2-ші сыныпты лазерлiк қондырғылар ортақ үй-жайларда орналастырылады. Қауiптiлiгi 3-ші және 4-ші сыныпты лазерлiк қондырғылар бөлек немесе қоршалған үй-жайларда орналастырылады. Есiкке лазерлiк қауiптiлiк белгiсі және автоматты түрде қосылатын «Қауiптi, лазер қосылып тұр!» деген жарық таблосы iлiнедi.
Ашық үлгідегi лазер қондырғыларымен жұмыс істеу кезіндегі қауiпсiздiк көзді жеке қорғаныш құралдарын (жарық фильтрлі қорғаныс көзілдіріктері, бет қорғаушы қалқанша) қолдану жолымен қамтамасыз етiледi.
3-ші және 4-ші сыныпты лазерлік қондырғыларды жергілікті сыртқа тарату құрылғысынсыз қолдануға жол берілмейді.
170. Әрбір келушiлердің дербес қолдануы үшін таза заттар қоры (сүлгiлер, сулықтар, ақжаймалар және басқалары) қамтамасыз етіледі. Таза, қолданылған заттар, парфюмерлік-косметикалық заттар, сондай-ақ жуу және дезинфекциялау құралдары бөлек сақталады.
Пеньюарлар тек таза сулықпен немесе бір рет қолданылатын жаға астылық лентамен қолданылады.
171. Қолданылған заттарды және жұмыс киімдерін жуу кір жуатын орындарда немесе арнайы жабдықталған жеке бөлінген үй-жайы болған жағдайда тікелей объектіде жүргізіледі. Персоналдың жұмыс және жеке киімдері бөлек сақталады.
172. Клиенттің мойнындағы және бетіндегі қиылған шашты алу таза жеке сулықпен немесе мақталы тампонмен жүргізіледі. Қиылған шаштарды алу үшін шашақты қолдануға тыйым салынады.
173. Қиылған шаштарды тұрмыстық қалдық ретінде шығарады.
174. Әсемдеу косметикасын жағу үшiн бiр рет қолданылатын құралдар пайдаланылады. Қарындаштар әрбiр клиенттен кейiн ұшталады немесе кесiледi, далап, тушь, тень және опа бiр рет қолданылатын кистілермен жағылады. Косметикалық рәсімдер үшін бір рет қолданылатын мақта дискілер және спонждар пайдаланылады.
келушiден кейiн ауыстырылатын тампонмен немесе шашақпен жүргiзiледi.
175. Қысқыштарды, бигудилерді, қалпақтар мен шашты химиялық бұйралауға арналған торларды, шашты іріктеп бояуға арналған бас киімдерді әр клиенттен соң жуу құралдарымен ағынды су астында жуады. Таза жиынтықтарды қаптамаланған күйінде жұмыс орындарында сақтайды.
176. Тарақтар, щеткалар, шаш қиюға арналған қайшыларды әрбір клиенттен кейін ағынды сумен жуады, қолдану жөніндегі нұсқаулығы бар зарарсыздандырғышқа немесе дезинфекциялау ерітіндісіне салады.
177. Электр ұстараларының алынатын пышақтарын, косметикалық жабдыққа және аспаптарға қоса жүретін электродтарды дезинфекциялау ерітіндісіне салынған тампондармен (15 минут сайын) екі рет сүртеді.
178. Педикюр жүргiзу кезiнде аяқ астына салынатын жастықша әрбiр қолданудан кейiн дезинфекциялау ерiтiндiсiне салынған шүберекпен сүртіледі.
179. Аяққа және қолға арналған ванналар әрбiр клиенттен соң дезинфекцияланады.
180. Маникюр мен педикюрді бiр рет қолданылатын сулықтармен және зарарсыздандырылған жиынтықтармен жасаған жағдайда, олар алдын ала дезинфекциялау жүргізілгеннен кейін кәдеге жаратылуға жіберіледі.
181. Маникюр, педикюр, пирсинг, пилинг, татуаж жасау, косметикалық қызмет көрсету (көрсетілетін косметикалық қызмет түріне қарай) құрамында кемінде үш жинағы бар жеке жиынтықтар болған жағдайда жүргізіледі.
Тері, шырышты беттердің зақымдалуы мүмкін манипуляция жүргізудің барлық кезеңдері клиент үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Маникюрді, педикюрді, пирсингті, татуажды жүргізуден бұрын және одан кейін тері беті және зақымдалған жерлер зарарсыздандырылады.
182. Маникюр, педикюр, татуаж, пирсинг, пилинг құралдарын, мата сулықтарын, мақта түйірлерін, сондай-ақ басқа да жұмсалатын материалдарды бу, ауа немесе зарарсыздандыру химиялық әдісімен зарарсыздандырылғаннан кейін микроорганизмдермен екінші рет байланыспайтындай жағдайларда сақтайды.
Бір рет қолданылатын зарарсыздандырылған тұтыну материалдарын қолданған жағдайда әр келуші үшін қор қамтамасыз етіліп, олар кейін кәдеге жаратылады.
183. Тері беті немесе шырышты қабық зақымдалуы мүмкін манипуляцияларда (маникюр, педикюр, пирсинг, пилинг, татуаж, косметикалық қызметтер) пайдаланылатын құралдар әр клиенттен соң алдын ала сумен шайылмастан дезинфекциялау ерітіндісіне салынады. Дезинфекция аяқталғаннан кейін құралдар алды тазалауға және зарарсыздандыруға жатады.
Құралдарды зарарсыздандыру алды тазалау, дезинфекциялау және зарарсыздандыру осындай мақсаттар үшін жабдықталған арнайы үй-жайда жүргізіледі. Құралдарды өндеуге арналған үй-жай «лас аймаққа» және «таза аймаққа» функционалды бөлiнедi. «Лас аймақта» құралдарды алдын ала тазалау, «таза аймақта» құралдарды дезинфекциялау және зарарсыздандыру
184. Құралдарды зарарсыздандыру үшін оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтары бар жабдықтар, аппаратуралар және материалдар пайдаланылады.
185. Эпидемияға қарсы режимді ұйымдастыру мен бақылау және маникюр, педикюр, татуаж, пирсинг, пилинг және косметикалық қызмет көрсету кезінде қолданылатын құралдарды дезинфекциялау, зарарсыздандыру алдында тазалау және зарарсыздандыру режимін күн сайын бақылау объектінің әкімшілігіне немесе шаруашылық жүргізуші субъектіге жүктеледі.
186. Терi бетi тұтастығының бұзылуы арқылы манипуляцияларды жүзеге асыратын объектiлердің жұмыскерлерi жұмысқа кiру кезiнде және жыл сайын В және С вирусты гепатит маркерлеріне тексерiледi.
187. Парентералдық гепатитін және адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырудың алдын алу мақсатында, жүргізілу барысында қолдың қанмен ластануы мүмкін барлық манипуляциялар резеңке қолғаптармен жүргізіледі. Персоналда ашық микрожаралар, сызаттар, жарықшақтар, іріңді аурулар болған жағдайда, қорғаныш заттарымен (саусаққа кигішпен, лейкопластырьмен) оқшауланбаған жұмыскерлер клиенттермен жұмыс істеуге жіберілмейді.
188. Жұмыскерлер жеке гигиенаның мынадай:
1) клиентке қызмет көрсету алдында және қызмет көрсеткеннен кейін сабынмен қолды мұқият жуу;
2) косметикалық кабинеттерде қолдарды өңдеу үшін тері антисептиктерін қолдану, қорғаныш бетперделерімен, экрандармен, бір рет қолданылатын резеңке, латекс қолғаптарымен жұмыс жасау;
3) шаш бояуды қолғаптармен жүргізу;
4) жұмыс орнында темекі шекпеу және ас ішпеу;
5) арнайы киіммен жұмыс жасау;
6) жеке және арнайы киімді бөлек сақтау қағидасын сақтауға міндетті.
189. Қанмен немесе сарысумен ластанған қол немесе қолғаптар сабынды қолдана отырып, ағынды сумен жуылады, кейіннен дезинфекциялау құралдарымен өңделеді.

«Коммуналдық мақсаттағы объектілерге
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық қағидаларына
1-қосымша

Наши рекомендации