Ызмет көрсету мақсаттары мен міндеттері

ДӘРІС

Кіріспе.

Қоғамдық тамақтандыруда қызмет көрсетуді ұйымдастыру принциптері:

Қызмет көрсету мақсаттары мен міндеттері

Қызмет көрсетудің жіктелуі

Қызмет көрсету әдістер мен түрлері

Қоғамдық тамақтандыруда қызмет көрсетуді ұйымдастыру принциптері:

· адамдардың өнім және қызмет қажеттіліктерін қанағаттандыру;

· ас залдарында ыңғайлы жағдайлар құру;

· тұтынушыларға қызмет көрсету үрдісімен байланысты қолайсыз құбылыстардың болмауы.

· жаңа өнім және қызмет түрлерін енгізу есебінен қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары жұмысының рентабельдігін жоғарылату;

· үнемі өзгеріп отыратын тұтынушы талғамы, нарық талаптарына қызмет түрлерінің сәйкес келуі.

ызмет көрсету мақсаттары мен міндеттері

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында қызмет көрсетуді рационалды ұйымдастыру мақсаты әртүрлі қызметтер кешенін көрсету болып табылады.

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнының саудалық қызметін ұйымдастырудың басты мақсаты - тұтынушыларға қызмет көрсету түрлері мен әдістерін жетілдіру және қызмет көрсету мәдениетін арттыру.

Қызмет орындаушы - аспаздық өнімдерді өндіру, өткізу және тұтынуды ұйымдастыру жөнінде жұмыстарды орындайтын қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны немесе кәсіпкер.

Кез -келген қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында міндетті түрде жұмыс істеу уақыты (сағат ) орнатылады.

Мемлекеттік кәсіпорындарда жұмыс істеу уақыты орындаушы үкімет органы немесе жергілікті басқару ортаны орнатады. Басқа ұйымдық -құқықтық (акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектелген немесе жартылай шектелген серіктестіктер) кәсіпорындар жұмыс уақытын өздігінен орнатады. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны жұмысы уақытша тоқтатылатын жағдайларда (жоспарлы санитарлы күндер, жөндеу және т.б.). тұтынушылар алдын-ала жұмыстың тоқтатылуы күні мен мерзімі туралы хабарлануы керек.

Егер қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны әрекеті Қазақстан республикасы заңына сәйкес лицензияланатын болса, онда лицензия нөмірі, әрекет ету мерзімі, оны берген орган туралы мәлімет танысуға ыңғайлы жерде орналасуы керек.

Орындаушы тұтынушылар үшін тәртіп ережелерін өздігінен орнатуға құқылы: мысалы, темекі шегуді шектеу, кіру үшін қосымша төлем немесе сырт киіммен жүруге тиым салу.

Орындаушы өздігінен көрсетілетін қызметтер тізімін, нормативті құжаттардың міндетті талаптарына сәйкес өндіретін өнім асортиментін анықтайды.

Тұтынушы құқығы. Тұтынушыға келесі мәлімет беріледі: қызмет бағасы мен төлеу шарттары; тағам даярлау әдісі мен құрамындағы негізгі құрамдас бөліктері көсетіліп өзі өндіретін ұсынылған өнімнің фирмалық аты; дайын тағам порциясының массасы (көлемі) туралы мәлімет; ұсынылатын алкогольді сусындар бөтелкесінің көлемі мен оның порциясының көлемі; қызметтердің сертификатталуы туралы мәлімет.

Тұтынушы ұсынылатын өнімнің негізгі тұтынушылық қасиеті мен сапасы туралы, сонымен қатар бұл коммерациялық құпия болмаса, тағамдарды даярлау шарттары туралы қосымша мәлімет алуға құқылы.

Орындаушы қызметтердің сертификатталғандығын растау үшін сертификат түпнұсқасы немес көшірмесін ұсыну қажет.

Қызмет көсету реті. Қызмет көрсету шарттары, соның ішінде оның бағасы барлық тұтынушылар үшін бірдей, тек Қ.Р. заңы немесе құқықтық актілермен рұқсат етілетін жеке тұтынушылар категориясы үшін жеңілдік берген жағдайлар ескеріледі.

Сонымен қатар орындаушы таңдап емес, қызметті тапсырыс беру ықыласы бар кез-келген тұтынушыға қызмет көрсетуі тиіс.

Тұтынушы алдын-ала тапсырыс беруге құқылы, ол қажетті мәліметтері (орындаушы аты, тұтынушы аты-жөні, қызмет түрі мен бағасы, төлеу шарты тапсырыс қабылдау күні мен орындау күні, тапсырысты қабылдаған тұлға қолы және басқа) бар құжат (тапсырыс, квитанция және т.б.). құру жолымен рәсімделу керек. Сонымен қатар телефон, электрондық және басқа байланыс арқылы жасалуы мүмкін. Қызмет көрсету туралы келісімді растайтын құжаттың бір экземпляры тұтынушыға беріледі.

Мейрамханаларда әдетте тұтынушылар залдан кетер алдында немесе суық тағамдар мен тісбасарларды ұсынғанмен кейін есеп айырысады, бірақ орындаушы тұтынушыға алдын-ала төлеуді, тағамдарды таңдағаннан кейін төлеуге және басқа есеп айырысу түрлерін, сонымен қатар қоғамдық тамақтандыру кәсіпорынның мамандануы, типі, қызмет көрсету әдісіне байланысты көрсетілген қызметтерге қолма-қол немесе қолма-қол емес есеп айырысуға ұсынуға құқылы. Көрсетілетін қызметтерге тұтынушылар есеп айырысу кезінде оны төлегенін растайтын құжат (кассалық чек, есеп т.б.) беріледі.

Даяшылармен қызмет көрсету кезінде өткізілген өнімге есеп-айырысу счет арқылы жүзеге асады. Тұтынушы кез- келген уақытта ас мәзірін сұрап, счетпен салыстыруға, сонымен қатар ұсынылатын өнім көлемін (массасын ) тексеруге құқылы. Сол уақытта орындаушы міндеті көрсетілетін қызмет сапасы мен қауіпсіздігін тұрақты бақылауға міндетті.

Қоғамдық тамақтандыру қызметтерін көрсетумен қатар төленетін қосымша қызметтер: гүл, сувенирлер, фото және т.б. ұсынылады.

Қызмет көрсетуге алдын-ала тапсырысты орындау мерзімі бұзылғанда немесе көрсетілетін қызмет кемшіліктері айқындалғанда өз таңдауы бойынша төмендегілерге құқылы:

· орындаушыға жаңа мерзім орнату, ол мерзімде қызмет көрсетуге кірісуге және (немесе) қызмет көрсетуді аяқтау қажет;

· көрсетілетін қызмет бағасын төмендетуді талап ету;

· тұтынушымен орнатылған мерзімде кемшіліктерді тегін жоюды талап ету немесе сапалы аналогтық өнімді дайындау немесе басқа өніммен алмастыруды талап ету;

· қызмет көрсетуден бас тарту.

Сонымен қатар тұтынушы қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуына байланысты әкелген шығындарын толық өтеуді талап етуді құқылы. Шығындар Қ.Р. заңмен орнатылған мерзімде өтеледі.

Егер қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы форс-мажор жағдайлар немесе тұтынушы кінәсі салдарынан болғанын дәлелдеп берсе, онда тұтынушы талаптарын қанағаттандырмайды.

Тұтынушы кез - келген уақытта тапсырылған қызметтен бас тарта алады, бірақ онда нақты шығындарын орындаушыға төлеу керек.

Наши рекомендации