Автокөліктерге фирмалық қызмет көрсету жүйесі.

Техникалық прогресстің дамуы тенденцияларына байланысты, толық жинақты автотрактор техникасын шығарушылар, сонымен қатар осы техниканың базалық элементін өндірушілер (қозғалтқыштар, гидравликалық құралдар, жетек жүйесі, автоматика жүйесі және т.б) шығарылатын өнімнің техникалық сервистік дамуына және ұйымдастырылуына міндетті түрде қатысуы қажет. Техникалық сервиске тек техникалық қызмет кешені ғана емес (сату алды дайындық, игеруге беру, ТҚ, ТЖ, диагностика),сондай-ақ МТС бойынша қызмет, техникалық кеңестер, қызметкерлерді оқыту және т.б жүйелейді.

Автокөліктердің техникалық сервистерін дамыту стратегияларын таңдау негізінен фирмалық қызмет көрсету жүйелерінің негіздері мен міндеттеріне базаланған.

Фирмалық қызмет көрсету принциптері мен міндеттері. Фирмалық қызмет көрсету жүйесінің негізгі принципіне –көлікті кез-келген аумақта, белгіленген мерзімде игерілетін өнімнің жұмыс қаблетін толық қамту жауапкершілігі болып табылады. Сондықтан ТҚ ұйымдастыру жауапкершілігі мен көлік сервисін, жабдықтау және т.б бұйымдар игеруді көлік өндіруші өз мойнына алады.

Фирмалық қызмет көрсету жүйесінің құрылымы.Қазіргі таңда дайындаушы мен тұтынушы арасындағы қатынастарды ұйымдастырудың ажыраулары автотракторлық техникадағы тежегішті жандандыру мен қолдану, сапасын көтеру қызметі арқылы орындалады. Осы тапсырмаларды шешу мақсатында ФҚКЖ құрамына техниканы игеру саласы мен өндіріс саласының негізгі құрылымдары біріктірілген. Осы жұмыстардың негізінде фирмалық қызмет көрсетулердің аумақтық жүйелерін құру жұмыстары жатыр, демек құрамына бірігіп атқарылған қызмет, атап айтсақ техниканы өндіруші-өнеркәсіп және техниканы тұтынушылар. Бұл үрдіске өндіріс саласы тарабынан отандық және шет елдік толық қанды техникамен жабдықтанған дайындаушы-өнеркәсіптер (автокөліктер, тракторлар және т.б), өндіруші-зауыттар (мердігерлер), бұйымдарды құрастырушылар (түйіндер, агрегаттар, шассилер, соның ішінде қозғалтқыштар, трансмиссия элементтері, жүріс жабдықтары, электрожабдықтар, гидравликалық жабдықтар, автокөлік және трактор прицептері және т.б),ҰЗИ, оқу орындары, ал эксплуатация саласы тарабынан-эксплуатациялық өнеркәсіптер (АТП және т.б), жөндеу кәсіпорындары (АРЗ және т.б) қатысады.

ФҚЖ кәсіпорындарының өндірістік қызметі бағыттары келесідей: техниканы сату және жеткізу (соның ішінде диагностикалық жабдықтар, ТҚ жабдықтары және ТЖ), қосалқы бөлшектер, сату алды қызметтер, игеруге дайындау және беру (монтаж және техникалық жөндеулер), кепілдендірілген қызмет көрсету, кепіл беруден кейінгі техникалық қызметтер (көлемі бойынша, периодтылығы, жұмыс құрамы мен орындау технологиясы, техниканың құжатымен регламенттену), ағымдық жөндеу жұмыстары, жүйе диагностикасы мен көлік механизмдері, техникалық модернизация, қосалқы бөлшектерді басқару (қосалқы бөлшектерге деген тұтынушылардың сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында), нормативтік және техникалық құжаттамаларды дайындау, консалтинг (техникалық кеңестер беру мен игеру құжаттамалары), мамандарды оқыту ( жаңа көліктерді жүргізу үшін машинистерді оқыту), бұйым мен қызмет сапасы бойынша ақпараттарды жинау, талдау, лизинг, маркетинг бойынша мәліметтер жинау.

Толық жинақты техника өндірушілермен құрылған өнеркәсіптерді дилерлер деп атаймыз, сондықтан техниканы сатумен байланысты мәселелер мен сұрақтар шешімін табуға бағытталады. Дилерлік қызметтерді тәуелсіз мамандандырылған фирмалар атқарады, оны толық жинақты көлік өндірушілердің базалық элементімен (түйіндер және агрегаттар) құрылады. Қажет болғанда көлемді техникалық сервис қызметін өндіруші-зауыт дилермен және тәуелсіз мамандандырылған фирмалармен бірігіп аумақтық техникалық орталықтарды ұйымдастырады.

ФҚЖ тұрмыс және өндіріс нысандарының қосалқы бөлшектері. Тұтынушыларды қосалқы бөлшектермен қамтамасыз ету және қосалқы бөлшектерді өндіру күрделі үрдіс болып табылады, дегенмен көптеген жағдайда техникалардың бәсекеге қабілеттілігін анықтайды. Қосалқы бөлшектермен қамтуды ұйымдастыру деңгейлері көптеген жағдайда техникалық қызметтердің тиімділіктерімен анықталады. Өндіруші-өнеркәсіптердегі қосалқы бөлшектер бөлімдері өндіріс бойынша ұсыныстарды жүзеге асырып, элемент базасындағы мердігермен кооперация ұйымдастырып, орталық қоймаларға (мұндай болса) қосалқы бөлшектерді жеткізіп, номенклатурасын құрастырып, санын анықтап, тапсырыстарды жылдам және толық орындауға тырысады.

Қосалқы бөлшектер үш категорияға бөлінген:

1. Аса бәсекелесуші - бұйымдар мен түйіндер стандартты ассортимент болып табылады, сондықтан аналогтары көптеген өндірушілермен нарыққа шығарылады (сүзгілер, электрлік жабдықтар және т.б). Барлық қосалқы бөлшектердің номенклатурасындағы үлесі 5-8%.

2. Бәсекелес түйіндер мен бөлшектер әдетте техникалық продуцент ретінде арнайы өнеркәсіптермен жеткізіліп, еркін саудаға шығарылады, сонымен қатар сериялық өндіріс бөлшектері кез - келген мамандандырылған өнеркәсіпке тиеселі болады. Жалпы номенклатура бойынша үлесі 20-50%.

3. Бәсекеге қабілетсіз - бөлшектер мен түйіндерді жеткізу көзі - техниканы өндірушілер немесе оға бағынышты кәсіпорындар (өндірістік бірлестіктерге кіретін бөлімдері, филиалдары), құрылымдар басқа кәсіпорындардың төмен бағамен бөлшектер жасауына жол бермейді.

4. Қосалқы бөлшектер нарығында ығуына байланысты тауарларды бөлу орын алған, демек өндірушілеріне байланысты топтастырады. «Түпнұсқалықтарға» сапасына кепіл бере отырып, тауарын тасымалдаушы желімен сататын өндірушілер жатады. Ал «Түпнұсқалары еместерге»-көліктерді дайындау желісінен тыс нарықта пайда болған қосалқы бөлшектер мен түйіндер жатады.

Әлемдік нарықта қосалқы бөлшектерді сұраныс деңгейін анықтайтын топтарға бөлу қарастырылған, демек фирма қоймаларында қосалқы бөлшектерді басқару өте маңызды болып табылады. Мұндай жіктемелерді АВС - анализдері деп атайды.

А классы - жоғары сұраныстағы қосалқы бөлшектер. Аталмыш топ жалпы бөлшектің 15% құрайды, бірақ олардың үлесіне жалпы тұрмыстың 80% келеді.

В классы - орташа сұраныстағы қосалқы бөлшектер. Жалпы тұрмыстағы көлемі 10% болса, жалпы бөлшектердің 25% құрайды.

С классы - төмен сұраныстағы бөлшектер. Жалпы тұрмыста 5%, жалпы номенклатураның 60% құрайды.

Наши рекомендации