Махатма гандидің пацифизмінің мәні

«Менің ең басты сенімім мен ұраным күш қолданбай күресуде»

М.К.Ганди

Махатма (Гандиді отандастары осылай атады; «Ұлы рух иесі» деген мағына білдірді) өзінің өркениеттік жобасында күшқолданбау және пацифистік принциптер ұстанды.Ганди пацифизімінің көрінісі әсіресе, Үндістан жерінде 1946 жылы үнді мемлекетімен қосарланып құрылған Пакистан елі құрылған кезде айрықша сипатқа ие болды.

Ағылшын импералистері өздерінің Үндістандағы отарлық бұғауын сақтап қалудың соңғы мүмкіндігі ретінде екі дербес мемлекетті құруға келісті.Пакистан құрылғаннан бастап Үндістан мен арадағы дінаралық, жер үшін даулы-мәселелер шыға бастады.Мұсылмандар үнділерді өлтіре бастады, өз кезегінде үнділер де мұсылман қыстақтары мен ауылдарын тұтастай құртып жіберіп отырды.Сондықтан да Махатма Ганди бейбіт тұрғындар арасындағы қанды қақтығыстар мен тәртіпсіздіктерді тоқтату үшін үлкен, маңызды еңбектер атқарды.Ол тәуелсіздік пен жарқын келешекке қарулы күрес арқылы жету мүмкін емес, керісінше, адамдар бірін-бірі өз бауырындай көріп, түсіністікпен қарап, келіссөздерге ерік берсе ғана сол халықтың, сол мемлекеттің келешегі зор деп мәлімдеді.

«Мен үшін күш қолданбау бұл жай ғана философиялық категория емес, бұл менің өмірімнің заңы.Ахимса ақылмен емес рухпен тарайды.Өмірде ахимсаға ие болу үшін жоғарғы деңгейдегі батылдық пен өжеттік міндетті түрде керек.Мен өз мүмкіндіктерімнің шекарасын сеземін.Бірақ мендегі сәуле сөнбейді және ол жап-жарық.Біздің барлығымызды тек ақиқат пен күшқолданбаушылық қағидалары ғана құтқармақ.

Адам және оның іс-әрекеттері- әртүрлі.Ахимса – ақиқатты іздеудің негізі болып табылады дейді «Ұлы рух иесі»Махатма ганди кез-келген ушыққан мәселені дипломатиялық жолмен шешу нұсқаларын алдыңғы орынға қойды.Нацизммен күшқолданбай күресу мүмкін бе? Барлық нәрсені жоқ қылуға даяр осындай күшке күшқолданбаушылықтың қарсы қоярлықтай қандай аспектілері бар?

Гандидің өзі бұл сұраққа жауап беруден бас тартқан.Бірақ, Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында, көптеген елдерде күш қолданбай күресу халықтың рухын көтеріп қана қоймай, адамдардың өмірлерін де сақтап қалды.Сондықтан да Мохандас Карамчанд Ганди ойлап тапқан зұлымдықпен күресуде күш қолданбай қарсыласу тактикасы әлі күнге дейін адамзат тарихында өз маңызын жоғалтар емес.

Гандидің адамзат тарихындағы тамаша рөліне көпшілік қауым қазіргі таңда зор баға беруде.Кезінде Үндістанның халық жазушысы) Нобель сыйлығының лауреаты – Рабиндранд тагор Гандиді Буддамен (Сидһартһа Гаутама) салыстыра келіп былай деген еді: «Ол өзі орташа отбасыдан шықса да, мыңдаған адамдардың жыртық баспаналарының қасында тұрды, дәл солар секілді киінді, ол сол тұрмысы ауыр бұқараға солардың тілінде, көптен күткендей, кітаптардағы цитаталар емес, ащы шындықты айтып сөйледі.Гандидің сөздерінен желпінген Үндістан ежелдегі тұрпайы халық арасынан шығып, шынайы ақиқатты еш тайсалмастан айтқан Буддадан кем түспеді»

Сатьяграха – бұл Ганди айтқандай, бейбіт қарсыласу, атыс-шабыссыз ымыраға келмейтін соғыс.Яғни бұл соғыста адамдарда өз өмірлерінен басқа қарулары жоқ.

Ганди әрқашанда күшқолданбай қарсыласу тактикасы әлсіздік пен қорқақтықты білдірмейтіндігін айтып, дәлелдеумен болды: «Қауіп-қатермен бетпе-бет жолыққан адам өзін тура тышқан сияқты кейіпте ұстайды,яғни,қорқақ болуы да заңдылық сияқты көрінеді, бірақ та, ол күш қолданбаушылыққа мүлде жат нәрсе» дейді Ганди.Ганди адами әлсіздіктерге

шыдамдылықпен,түсіністікпен қарады,бірақ,қорқақтық ол үшін жасырынып жатқан күш секілді жиіркенішті болып көрінді.

Күшқолданбаушылық- тек күштілердің позициясы емес, сондай-ақ, күшті позиция.Оңтүстік Африкада жүрген уақытысында бір ағылшын шенеунігі Гандиге келіп былай деген болатын: «Мен сіздердің күш қолдану әдісіне көшкендеріңізді қалаймын.Сонда ғана біз сіздердің шаруаларыңызбен қалай айналысатындығымызды көретін едіңіздер».

Гандидің жақтастарының көпшілігі де дәл осы күшқолданбау тактикасы тәуелсіздікке апаратын бірден-бір жол екендігіне нық сенімді болғанын айта кеткен жөн.Ганди үшін де күшқолданбаушылық- ең алдымен адамзат үшін күрес болып табылды.

Гандидің адамдарды өзіне сендіре білуімен оларды келешектегі жарқын өмірге иландыру қабілеттері жоғарыдан берілген сый тәрізді болып та көрінеді.Көптеген үнділіктер үшін ол құдай болды, яғни, үнділер оны жоғарыдан түсіп, Үндістанды азат ету үшін келген тәңір деп те санады.Кішкене ғана, арық денелі балаша күлкісі бар нақ осындай тұлға өзінің ішкі күшімен, ақылымен және мәңгілік қайырымдылығымен адамгершілік, ізгілік жолдарын насихаттады.Ол әрқашан да адамдарға нық сенді, өзі абсолютті түрде адал адам болды.Ол адами әлсіздіктерге – шыдамдылықпен қарады, бірақ осыған өзін жауапты, кіналы санайды.Ол әрқашан өзінің терең сеніміне бір сәт үңіледі, сол сенімі оған әр уақытта дұрыс, әрі адал шешімдер шығаруына көмектеседі.Ганди адамдармен сөйлескенде оларды қорқыныш пен үрей, жалғыздықпен қараңғылық тастап кеткендей әсер қалдыратын.Ганди туралы «ол саз-балшықтан батырлап жасайды» деген әңгімелер де тарады.

Сондай-ақ, үнділердің өз ішінде Гандиге қаскөйлік ойлайтын жаулары жетерлік еді.Олар ең алдымен темірдей тәртіпке бағынған діни үнді және мұсылман фанатиктері болатын.Олардың артында Конгресс жеңе қалған жағдайда өздерінің орасан зор жер аумақтарынан айрылып қалатындарын сезген бай үнді феодалдары тұрды.

Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда үнділіктер бірдей фашизмді айыптады, алайда Үндістанның көптеген сарбаздары Англия қатарында соғысты.Ағылшын үкіметі оларға соғыста жеңе қалған жағдайда, Үндістан тәуелсіздігін алады деп жариялаған болатын.Ганди соғыс жылдарында өмірін түрмеде өткізді.1946 жылы Бомбейдің әскери теңізшілері Үндістанның тәуелсіздігі үшін бас көтерулер бастады.Жалпы халықтық наразылық акцияларының масштабы күн өткен сайын ұлғая түсті.Репрессияға қарамастан шерушілердің легі бүкіл елді қаптап кетті.

Ағылшын отаршылдары біртіндеп Үндістан жерін тастап кете бастады.Бірақ, күтпеген жерден тәуелсіздік жолындағы жеңіс үлкен трагедияға жалғаса бастады.Ол жоғарыда атап өткеніміздей үнді-мұсылмандар қасабы.Мыңдаған адамдар өліп, миллиондаған жандар ауыр тұрмыстың тауқіметіне тап болды.Ағылшындар дайындаған «жеккөрушілік бомбасы» жарылды.Англия Үндістанды ең алғаш отарлағанынан бастап елдегі үнділер мен мұсылмандар арасындағы даулы мәселелерді пайдаланып, оларды бір-біріне айдап салды, «бөліп ал да, билей бер» тактикасымен басқарды.Ганди және оның қызу жақтаушылары ел ішін жайлаған қызыл қасапты тоқтату үшін қолдарынан келгенше әрекеттер жасап бақты.Алайда, отаршылар салып кеткен лаң басыла қоймады.

1947 жылы 15 тамызда бұрынғы ағылшын колониясының территориясында бір емес, екі мемлекет; Үндістан одағымен мұсылмандық Пакистан құрылды.Миллиондаған адамдардың үрейленген қоныстанушылары басталды.Қанды қақтығыстарда аштық пен аурулардан және қоныс аударудан – 700 мыңдай адам қаза болды.

Ганди толық басылып қалғандай жағдайға тап болды.Оның айналасындағылардың бәрі оның күшқолданбау теориясы құлдырауға алып келді деп есептеді.Ол құлдырауды жеке өзі бастан кешірді, ал күшқолданбау бағыты келешектің еншісінде деп тұжырымдады.

Үндістанның астанасы – Делиде қанды қасап пен қырғын қақтығыстар орын алып жатты.Ганди екі жақтың діни фанатиктеріне өзінің өміріндегі он алтыншы аштық жариялауын мәлімдейді.Ол астанада тыныштық орнамаса, өз өмірін құрбандыққа шалатындығын ескертеді.Алайда, соңғы-таңғажайып, яғни, Махатманың ең соңғы ғажайыбы орын алды.Атыс-шабыстар Ганди басшылығындағы ынтымақтасқан митингілер мен демонстрацияларға айналады.

Үнділер мен мұсылмандар бауыр болуға уәделесіп, Гандиге ірі екі діннің жетекшілері бейбітшілікті сақтау үшін ант береді.Елде тыныштық орнай бастады, бірақ та, әсіресешіл үнділік діни фанатиктер Гандиді «олардың қасиетті мұраттарына сатқындық жасағаны» үшін кешірмеді олар өз мақсаттарына жетіп, үнді топырағының ардақты ұлдарының бірі болған – М.Гандиді айуандықпен өлтіртті.

Наши рекомендации