АлҒашҚы діни нанымдар жӘне олардыҢ мӘні 1 страница

Бүгінгі ғылымда діннің пайда болуы туралы екі теория бар. Олар “прамонотеизм” және адамзат тарихындағы “дінге дейінгі кезең” теориялары. “Прамонотеизм” концепциясы әлемдегі тайпалар мен халықтар әуелгі баста бір құдайға иланған, көпқұдайлық кейін пайда болған деген тұжырымға негізделеді. “Дінге дейінгі кезең” теориясы алғашқы қауымдық құрылыста адамдарда ешқандай дін болған емес деген қағидаға сүйенеді.

Көне діндердің пайда болуы мен эволюциялануы мәселесіне бірнеше ғылыми көзқарас бар: эволюциялық көзқарас (Чарльз Дарвиннің “Түрлердің шығуы” теориясы, 1859); әлеуметтік көзқарас (Огюст Конттың теориясы; ол бойынша дін – адамның рухани даму жолының алғашқы сатысы); анимистік теория (теорияның негізін салушы Э.Б. Тайлор) және функционалдық көзқарас. Соңғысының авторы – К.Маркс дін қоғамдық қатынастар жүйесінің бөлігі ретінде пайда болды деген тұжырымға келді.

О.Конт “Қоғамдағы тәртіптің негізі не және сол тәртіпті орнатудағы діннің ролі қандай?” деген сұрақ қойып, “тарихтың үш кезеңі” туралы ілім жасады. Ол тарихты үш дәуірге бөлді: дін кезеңі немесе “теологиялық қалып” (бұл кезеңде адам санасында діни түсініктер мен діни идеялар үстемдік етеді); философиялық кезең немесе “метафизика қалпы” (адамдардың анасында абстракция басымдық етеді); позитивтік кезең (ғылым құбылыстарды объективті бағалауға жол ашады).

Адамзат тарихының бірінші, діни кезеңі құдайға деген сеніммен сипатталады, осы сенім түрлі топтардың мүдделерінің үйлесімін, қоғамдағы әлеуметтік тәртіпті қамтамасыз етеді. Дін бұл кездері қоғамда интегративті (біріктіруші) қызмет атқарады. Бұдан соң адамзат екінші және үшінші кезеңдерді бастан өткереді. Бірақ, Конттың пікірінше, қоғамдағы әлеуметтік-тарихи өзгерістер адамзатты ерте ме, кеш пе, қоғамдағы қатынастардың рухани негізі ретінде “екінші теологиялық синтезге” алып келеді, сол кезде “позитивті діннің” үлкен маңызы болады.

Ғылымда осылармен қатар діннің көне наным нысандары да бар. Олар – фетишизм, тотемизм, анимизм және магия.

Фетишизм(“ерекше қасиеті бар зат” португал. сөзінен) – жансыз заттардың табиғаттан тыс қасиетіне, олардың магиялық қуатына деген сенімге негізделген. Фетишизм пұтқа табынудан, бойтұмар тағынудан, т.с.с.-дан айқын көрінеді. Бұл заттарда рухтардың, аруақтардың, тотемдердің қуаты бар деп саналады. Яғни, бұл өмірдегі күнделікті заттар құдыреттің символына айналдырылады. Осыдан о дүние туралы, табиғаттан тыс күштер туралы сенім қалыптасады.

Тотемизм (ототеман – Солтүстік Америка үндістерінің тілінен, “оның тегі” деген мағына береді) құбылысын неғұрлым терең зерттеген ғалым – дін социологиясының негізін салушы болып танылатын Э.Дюркгейм діннің көне наным нысандары және олардың бертінгі көріністері әлеуметтік интеграция факторы болып табылады деген тұжырымға келеді.

Э.Дюркгейм бойынша, діни сенімдердің бастауы – қоғамның өзі және көнедегі ең қарапайым формасы осы тотемизм. Тотем белгілі бір әлеуметтік топ үшін оның генеологиялық бастауы әрі желеп-жебеушісі рәміз (символ) әрі ең басты құндылық. Сондықтан осы (белгілі бір құс, аң немесе өсімдік) құлшылық объектісі, осымен бірге сол топты біріктіруші, рулық, тайпалық тұтастығын сақтаушы.

Тотемді құрметтеу – оны қасиет иесі санап құлшылық етушілердің бәрін қастерлеу деген сөз. Яғни, тотем белгілі бір әлеуметтік топқа қатыстылықтың рәмізі. Тотемизм бастапқыда рулар мен тайпалардың, бертін келе тұтастай халықтардың діни наным нысаны және олардың өзгелерден даралығын сипаттайтын белгі болып тұрақтайды. Осыған қарай бұл тайпаның, халықтың өзіндік ғұрыптары мен салттары қалыптасады. Олар мифологияға ауысады.

Көне замандарда тотем көбіне зооантропоморфты (адам және хайуан кескінді) бейнеленіп келеді. Біртіндеп реинкарнация, яғни адамның өлген соң тотем бейнесінде дүниеге қайта оралуы туралы ұғым қалыптасты. Осыдан тотемдік жануарды, өсімдікті т.б. өздерінің бұрынғы ата-бабаларының аруағы санап, оларды асқа пайдаланбау, ерекше қадірлеу салты орнықты. Осылайша тотемизм рулық қауымда тұтастырушы, рулар мен тайпаларда әлеуметтік қатынастарды реттеуші қызмет атқарады.

Анимизм (латын тілінде animus – жан, рух) жан мен рухты тірі және өлі табиғаттың сезіммен қабылданатын барлық заттары мен құбылыстарында жасырынып жататын, оларды басқарып отыратын жаратылыстан тыс күш деп санайды. Анимистік ұғымда егер жан жеке затпен яки оның бір бөлігімен байланысты болса, онда рух дербес тіршілік етеді, белгілі бір затқа дари алалды.

Анимизм – алғашқы қауымдық құрылыста пайда болған құбылыс. Мұнда дуализм мен антропоморфизм негізге алынған. Әлем бұ дүние және о дүние болып бөлінеді. О дүниеде рухтар мекен етеді. Бастапқыда бұл рухтар осы дүниедегі қасиеттердің бәріне ие болып келген. Бертін келе рух, жан дегендер материалдық емес денелер деген ұғым орныққан.

Жаратылыстан тыс күштер шақыратын тұтастай ғұрыптар жүйесін құрайтын көнедегі нанымдардың бірі – магия немесе тылсым (“ауызекі сөзде сиқыр, аяр, жады” деп те атайды). Бұл да анимизм және тотемизм қатарлы дүниеге келегн құбылыс. Оның негізінде де рухқа, жанға иланым жатыр.

Магияныңтарихи және дүниетанымдық эволюциясын зерттеген адам Дж. Фрезер. Ол өзінің “Алтын бұтақ” атты көлемді еңғбегінде магияны көне дін емес, қарапайым ойлау тәсілі, наным түрі деген тұжырым жасайды. Оның ойынша, магия жоғалған жерде дін пайда бола бастайды. Дін құдіретке сенім, соған тәуелділік арқылы адамның өзін өзі тануына мүмкіндік ашады.

Ал Леви-Брюль адамның ой қабілеті, әсіресе қауымдық құрылыс кезінде, логикалық және пралогикалық деген екі бөліктен тұрады, біріншісі логикалық ойлау заңдылықтары бойынша дамиды, екіншісі кездейсоқ және мүмкін болатын жаратылыс, әлеуметтік құбылыстарымен байланысты, ойлаудың осы екінші бөлегі жаратылыстан тыс күштерге илануға, пралогикалық магиялық ойлаудың тууына негіз болды, осылай әлемді діни тұрғыдан зерделеудің тағы бір ізі салынды, деп санайды.

Осы мәселемен шұғылданған ғалымдардың тағы бірі – Б.Малиновский бастапқы қауымдық құрылыста адамдар өз мүмкіндіктері көлеміндегі істерге қатысты ұтымды ойлауға қаблетті болды. Бірақ, өз мүмкіндіктерінен тысқары нәрселер алдына келгенде тосылып, осыдан тылсым ұғымы қалыптаса бастаған деген тұжырым жасайды. Ғалым өзінің “Магия, ғылым және дін” (1926) атты еңбегінде магияның қоғамға ықпалы жаратылыс құбылыстарын таным дәрежесіне байланысты, оның әлеуметтік қызметі – адамның саналуан жағдайларды шешім табу мүмкіндігінде, деген байлам жасайды.

Магияны ғұрыптық тұрғысынан қарастыра келіп, ғалымдар әсер ету тәсіліне қарай: 1) тікелей әсер ету, 2) инициалды (қол жетпейтін объектіге әсері), 3) парциалды (тамаққа, тағы басқа нәрселер арқылы әсер ету), 4) имитативті (ұқсас нәрсеге әсер ету) деп жіктейді. Ол сонымен бірге мақсатына қарай : 1) әскери, 2) кәсіптік, 3) емдік сияқтылар болып бөлініп кете береді.

Осылайша алғашқы адамдардың ойы мен санасында адамның болмыс шындығының көрінісі болып табылатын көне діни түсініктердің тұтас кешені жасалған. Олардан адамзаттың неолиттен бүгінгі күнге дейінгі жүріп өткен жолын көреміз.

Шаманизм- алғашқы діни сенімдердің ішіндегі ең күрделісі, шаманизм (бақсылық). Бұл діни сенім Сібір, Солтүстік Америка, Орта Азия, Қазақстан жерлерінде тараған.

Бақсылар - жер бетіндегі “жандармен” сөйлесе алатын болғандықтан, қарапайым адамдар бақсыларға сенетін де, олардан қорқатын.

Қазақ бақсылары өздерінің тәжірибесінде арнайы бақсылық өлең-сарынды пайдаланды. Қазақ бақсылары қобыз, қамшы пайдаланды.

Бақсылар өздерінің “жынын” қызыл шұбар айдаһар, “қара шұбар жолбарыс”, “зу тісі балғадай қара бура”, “бір мүйізі жер тіреген көк бұқа” т.б. қаралы дауыл бейнесінде алады. Бақсылықтың негізгі мазмұны – шын шайтанға сену, олармен “тілдесе” алатын қабілеті барлығына көпшілікті сендіру.

Бақсылықтың өзіндік мифологиясы да бар. Әртүрлі аңыз-ертегілерде бақсылардың жалаң аяқ қызған темірді басқаны, оны тілмен жалағаны, өткір пышақтың үстімен жүргені т.б. аңыздары бар.

Политеизмлатынның поли – көп жне гректің ти – дін деген сөздерінен шыққан. Өндіріс ірі жетістіктерге жетуіне байланысты адамдар арасындағы қатынастар да күрделенеді. Осыған орай діни түсініктер де өз мазмұнын өзгертіп, неғұрлым күрделі түрге ауыса бастады, жеке заттар мен құбылыстарға табыну орнына, сол заттар мен құбылыстардың рухына, иесіне табыну пайда болды. Ерте ғасырлардағы Египеттегі, Вавилондағы, Грециядағы, Римдегі діндер полоитейстік діни сенімдерге мысал бола алды.

Таптық теңсіздіктің күшейуіне және бар билікті өз қолына жинаған мемлекетті жалғыз басқарушы император, патшалардың шығуына байланысты дін де өзгере бастады. Көп құдайлардың ішінен бір құдай негізгі, ең құдыретті, ең басты құдай болып бөлініп, монотейстік (бір құдайға сену) пайда болды. Монотейстік діндер қатарына иудеизм, буддизм, христиан және ислам діндері жатады.

2-3 лекция: Ежелгі дәуірдегі политеистік діндер

Жоспар:

1.Ежелгі Грекия, Рим,

2.Ежелгі Қосөзен мен Египет.

Зевс, Дий (Z e u z) – құдайлар мен адамдардың жаратушысы, олипиялық құдайлар отбасының әміршісі. Грек тілінен аударғанда Зевс есімі – “ашық аспан” деген мағына береді. Ол Кронос пен Реяның ұлы, ол құдайлар ұрпағының үшінші буынына жатады.

Зевс үш ағайындының бірі. Олар: Зевс, Посейдон және Аид. Зевске аспанға, Посейдонға теңізге, Аидке өліктер патшалығына билік құру бұйырған. Патриархат кезеңінде Зевс Олимп тауына шоғырланып, Олипиялық деген атақ алған.

Грекияның бас құдайы Зевс – бәрінен бұрын найзағай мен күн күркірінің әміршісі. Ол аспан секілді құбылмалы, ол әр минут сайын әр түрлі кейіпке енеді. Ол қар мен жаңбырды жібереді. Зевс – аса құдіретті құдай. Зевске ешбір құдайдың әлі келмес еді, есесіне Зевстің бір өзі барлығына бірдей төтеп бере алады. Өзін ашуландырған адамдар мен құдайларды құдіретті Зевс алтын жебелері – жай оғымен жайратады-мыс.

Гестия (еж.-грек. Ἑστία) — Отбасы құдайы. Сондай-ақ Ежелгі Грекияның құрбандық отының құдайы деп те аталады. Кронос пен Реяның үлкен қызы. Зевстің, Гераның, Деметраның, Аидтың және Посейдонның бауыры.

Афродитаның істерін ұнатпайды, оған Посейдон мен Аполлон оған үйленуге сөз салған, бірақ Гестия пәктігін сақтап, бауыры Зевспен тұруға бел байлады. Кносс қаласының негізін қалаған.

Кез-келген игі істер бастамас бұрын оның атына қашан да құрбандық шалынған. Сондықтан да, кел-келген әрекетті қолға аларда “Гестиямен бастау” деген мәтел қалған. Бұл іске кірісерде сәттілік пен оң бастаманың синонимі ретінде айтылды.

Зевс, Дий (Z e u z) – құдайлар мен адамдардың жаратушысы, олипиялық құдайлар отбасының әміршісі. Грек тілінен аударғанда Зевс есімі – “ашық аспан” деген мағына береді. Ол Кронос пен Реяның ұлы, ол құдайлар ұрпағының үшінші буынына жатады.

Зевс үш ағайындының бірі. Олар: Зевс, Посейдон және Аид. Зевске аспанға, Посейдонға теңізге, Аидке өліктер патшалығына билік құру бұйырған. Патриархат кезеңінде Зевс Олимп тауына шоғырланып, Олипиялық деген атақ алған.

Грекияның бас құдайы Зевс – бәрінен бұрын найзағай мен күн күркірінің әміршісі. Ол аспан секілді құбылмалы, ол әр минут сайын әр түрлі кейіпке енеді. Ол қар мен жаңбырды жібереді. Зевс – аса құдіретті құдай. Зевске ешбір құдайдың әлі келмес еді, есесіне Зевстің бір өзі барлығына бірдей төтеп бере алады. Өзін ашуландырған адамдар мен құдайларды құдіретті Зевс алтын жебелері – жай оғымен жайратады-мыс.

Океан (W k e a n o z) -Бүкіл әлемді жатқан жаһанның ең ұлы және ең көне, шетсіз-шексіз аттас өзеннің тәңірі. Батысты ол өмір әлемі мен өлім әлемін шектеп тұрады. Бұл шетсіз өзеннен барлық басқа өзендер мен теңіз ағыстағы бастау алады; бұл өзеннен Күн, Ай және жұлдыздар шығып-батады.

Океан – бірінші буындағы титан, аспан Уран мен жер Геяның ұлы, титанида Тефиданың ағасы мен жұбайы. Бұлардан үш мың қыз – океанидалар мен үш мың ұл – өзен тасқындары таралған. Ол Зевстің дана әйелі – Метиданың әкесі. Океан сондай-ақ өзінің бейбіт сүйгіштігімен және мейірімділігімен белгілі. Океан мен Тефида өздерінің су асты сарайында өмір сүреді және басқа құдайлардың істеріне араласпайды.

Гелиос(еж.-грек. Ἥλιος немесе Ἠέλιος, Гелий, кейдеЭэлиос «күн») — көне грек мифологиясында, титан Гиперионның және Тейяның ұлы. Күн құдайы деген атпен белгілі. Гелиосақша қардай аппақ аттар жегілген алтын арбасымен аспанда жүріп өткенде күн туады-мыс.

Әр таң сайын ол ақ қанатты және от шашқан төрт атқа жегілген күн арбасымен аспанға шығатын, ал кешке батыстағы Мұхитқа түсіп, үлкен дөңгелек кемеге отыратын.

Жер бетінде Гелиостың жеті табын сиыры мен жеті отар қойы болды.

Аид (Гадес) —Крон мен Реяның ұлы, Зевс пен Посейдонның бауыры. Титандарды жеңген соң ағайындылар әлемдегі билікті бөліске салды. Жеребе бойынша Аидке өліктердің жер асты патшалығына билік ету бұйырды. Ол жер асты патшалығын әйелі Персефона екеуі басқарады.

Ол жер бетіне өте сирек шығады, Олимп құдайларының той-думанына қатыспайды. Аид бәрінен бұрын жер астында сақталған қымбат металдарды және оны көзге көрінбейтін ететін дулығасын қадірлейді. Аид өзгелерге үрей туғызады, бірақ ол аса құдіретті емес. Мысалы, оны Сизиф алдап кетеді, Гераклдың қолынан жарақат алады, Тесей мен Пейритой оның әйелін тартып алуға әрекет жасайды.

Көне шумерлер б.д. дейінгі VI мыңжылдықтың соңын ала Тигр мен Ефрат өзендерінің аңғарларына қоныстанып (қазіргі Ирактың территориясы), тұңғыш қала – мемлекет орнатты. Б.д. дейінгі ІІ мыңжылдыққа қарай шумер өркениеті құлдырады. Бірақ, шумерлердің діни нанымдары аккадтықтарға – вавилондықтар мен ассириялықтарға мұра болып қалды. Көне шумерлердің құдайлары барлық қала-мемлекеттер үшін ортақ болғанымен, олардың әрқайсысының ерекше табынатын құдайлары болды. Мәселен, Нуппурда Эниль құдайы “ауа әміршісі” және “құдайлар патшасы” деп дәріптелсе, Эреду қаласында даналық және әлемдік Мұхит құдайы Энка, Урук қаласында аспан құдайы Ан, Наннада соғыс құдайы Инан-на әспеттелді. Шумер мифологиясында бала көтерген әйел түрінде кескінделетін Ұлы Ана кейіпіндегі Жер ерекше құрметтеледі.

Бірінші құдай, аспанды жаратушы Ан деп танылғанымен, жерді және жер бетіндегінің бәрін жаратуды аяқтаған, адамдардың тағдырының, табиғат байлығының, өмір қуатының иесі, ең үлкен құдай “ауа әміршісі” Энлиль деп марапатталды. Шумер мифологиясында Энлиль мен оның әйелі Нинлиль құдайдан Ай құдайы Нанна, соғыс құдайлары Нинурта мен Нингирсу, От құдайы Нуску, тамұқ құдайы Нергал, тағдыр құдайы Намтар туды деп саналды.

Шумер мифологиясында даналық құдайы, жер үстіндегі және жер астындағы сулардың иесі, бар әлемді басқаратын құдіретті күш сақтаушы Энки құдайы дара тұр. Ол – адамды және барша адамзатты жасаушы, оларды бағбандыққа, кендір өсіруге, емшілікке үйретуші. Күн падишасы – Уту құдайы күндіз аспан төрінде, түнге қарай жер астымен саяхат жасайды. Ол билік айтушылардың қорғаны, “әділет иесі”, Урук қаласы патша әулетінің жебеушісі саналған.

Шумер мифологиясында құдайлар өліп, қайта тіріліп отырады. Соңынан көптеген аңыздарға негіз болған топан суы мифі кең көрініс береді. Бірде құдайлар адамзат баласына қатты қаһарланып, оларды құртып жібермек болады. Даналық құдайы Энки мұны Шуруппак қаласының әкіміне мәлім етеді. Содан ол жеті тәулік бойы болатын топан суынан аман құтылу үшін кемежасауға әмір етеді. Бірақ, құдайлар өздерінің бұл ісінің әділ еместігін ұғынып, қаһарынан қайтады да, Шуруппак қаласының басшысына мәңгілік ғұмыр сыйлайды.

Аккадтықтар осы шумер құдайларына сыйынған. Бірақ, оларға басқа есімдер берген. Мәселен, Уту енді Шамаш деп аталса, Инанна құдай Иштар деп аталған. Вавилондықтардың бас құдайы, Вавилон қаласының жебеушісі Мардук болса, ассириялықтар Ашшур қаласының жебеушісі – Ашшур құдайды дәріптеген. Осылардың ішінде алғашқы адамдарды жасаушы, аспанда және жер астынада билік құрушы құдайлардың әмірі жүретін шекараны белгілеуші Мардук өзгесінен жоғары қойылып, әлемнің әміршісі саналған. Осымен бірге шумерлердің тұсындағы құдіреттер әлемнің сатылық тәртібі сақталып қалды. Ан, Энлиль және Энки құдайлары бұрынғысынша жетекші орындарда болды. Осыларға әлем тағдырына араласып отыратын он екі “ұлы құдай” тіркесіп келеді. Барлық құдіреттер пантеоны аспан және жер құдайлары болып екіге бөлінді.

Вавилондықтар әлем “жоғарғы” және “төменгі” аталатын қатар дүниелерден тұрады, ал жер бетіндегінің бәрі аспан әлемінің сәулесі, Ұлы құдайлар мен адам арсында тура байланыс жоқ, олар адмдарға қамқор, тағдырларын белгілеп отыратын дербес жебеуші құдайлар арқылы ғана байланыс орната алады, соңғылары адамдарды, олардың болмысын қорғайды деп санаған.

Аккадтықтардың басты мифтік мұрасы – Гильгамеш туралы миф. Кейінен эпос түрінде өңделген бұл мұрадан аккадтықтардың ел билеушілері, достық, өмір мен өлім туралы әлеуметтік-дүниетанымдық түсініктерін оқимыз.

Шумер-аккад діни ғұрыптары. Шумерде болашақ дінбасыларын даярлайтын арнайы жабық мектептер болды. Оған текті тұқымдардан шыққан адамдар ғана алынды. Мектепті бітіргендер дінбасы атақтарына ие болатын еді. Шумер-аккад діні бойынша күн сайын екі мәрте – таңертең және кешкілік құдайларға құрбандық жасау тәртібі болды. Соғыстан түскен олжаның ең тәуірі, астықтың ең сапалысы мен еркек малдың ең күйлісі құдайларға сыйлыққа арналды. Храмдарда осыларға байланысты қосалқы жұмыстарды орындаушы, құрбандық ыдыстарын әзірлеуші төменгі шендегі қызметшілер даярланды. Шумерліктер өлген адамдарымен жылап қоштасқан соң, мүрдені өртеп жіберетін болған.

Дін ілімі жер аспан құрлымын толық қайталайды деп ұйретті. Осыдан шумер, аккад, вавилон сенімдеріне астрология, жұлдыз жорамалы сияқтыларға ерекше маңыз берілді. Бұлармен дінбасылары шұғылданды. Аспан денелерін бақылау үшін арнайы мұнаралар – зиккураттар салынды. Дін басшылары (абыздар) аспанды бақылап, сәтті, сәтсіз күндерді айқындап, мерекелер күнтізбесін жасап отырады. Жыл басы да осы тәсілмен анықталды. Түрлі құрбандық, құлшылық жолдармен, қасиет дарыды деген мүліктерді құрбандық етіп, отқа тастау немесе қасиетті Тигр және Ефрат өзендері суымен жуып тазарту арқылы тылсым күштерді аластау дәстүрі кең тарады. Вавилон мемлекетін парсылар жаулап алған соң біртіндеп Заратуштра діні таралып, Мардук және Иштар құдайларының орнына Ахура-Маздаға бас ию тәртібі орнықты.

Египетте дін бүкіл мәдениеттің біртұтас негізі болды және сәулет, бейнелеу өнерлерінің, әдебиеттің қайталанбас туындыларын жасады. Бізге бұл үлгілер тұтас күйінде жеткен жоқ. Түпнұсқалардан қолда бары б.д. дейінгі 2600-2300 жылдардағы Көне патшалық дәуірінің “Пирамидалар мәтіні” мен б.д. дейінгі ХХІ-ХҮІІІ ғасырлар шамасындағы Орта патшалық дәуірінің “Саркофактар мәтіндері” сияқты жекелеген жазулар. Жаңа патшалық дәуірі “Өлілер кітабы”, “О дүниеде не бары туралы кітап” деген, тағы басқа бірқатар діни шығармалардан көрініс табады.

Көне Египеттегі құдайлар пантеоны Жоғарғы және Төменгі Египет патшалық-тарының құрылуы барысында қалыптасып, Көне Египетте ертерек дәуірлерде Жер-Ана және оның күйеуі, Нил өзенінің иесі Хапиді культібасым болды. Олар баршаға тіршілік силаушы деп танылды. Одан бертініректе жер құдайлары Геб және Акер, олармен қатар Аспанды мадақтайтын ана құдіреті кейіпіндегі Нут құдайына сиыну орныққан уақыттың өзінде Жер-Ана мен Хапи культінің мерейі жоғары болды. Египеттіктердің көнедегі тотемдік нанымдары құдайлар мен рәміздерге енгізілген хайуанаттар культінен көрініс береді.

Египетті Орта және Жаңа патшалық дәуірлерінде атақты Фива қаласынан шыққан фараондар (перғауындар) биледі. Ра – Күн құдайы Фивадағы Күн құдайы Армонмен теңдестірілді. Сөйтіп, бұл екеуі біріктіріліп, Амон-Ра Күн құдайы пайда болды.

Көне Египеттің мифтері әлемнің жаралуын әртүрлі түсіндіреді. Бір қағида бойынша ең мәртебелі Күн құдайы Хаостан пайда болды делінсе, екінші бірінде алдымен су болып, одан керемет лотос гүлі көтеріліп шығып, осы гүлден Ра пайда болды да, осыған дейін қараңғылық қапасында жатқан жерге жарық шашады.Тағы бірінде Хаостан көтеріліп шыққан аралға келіп ғажайып құс жұмыртқа салып, одан Ра шығады. Жаратылу туралы ең күрделі миф Гелиополис қаласында туған. Ол бойынша бір құдай екінші бір құдай жаратады. Бертін келе күн құдайы Рамен біріктірілген Атум құдайы Хаостан пайда, болып, өзін-өзі ұрықтандырып, екі құдіретті – ауа құдайы Шу мен дымқылдық құдайы Тефнуттідүниеге келтіреді. Олардан жер құдайы Геб пен көк құдайы Нут туады.

Наши рекомендации