АлтайдаҒы саҚ мӘдениетініҢ зерттелуі жӘне Қазіргі кездегі Өзекті мӘселелері

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі:Қазақстан өлкесі – ежелгі көшпелі өркениеттің алтын бесігі, өзінің географиялық орналасуындағы тиімділігіне байланысты өте көне заманнан бері Еуразиядағы көптеген халықтардың толассыз көші-қон процестерінің тоғысар торабы, алуан түрлі этномәдени байланыстардың қайнаған ортасы. Археологиялық кезеңдеменің «ерте темір дәуірі» деп аталатын бөлігімен сәйкесетін сақ дәуірі (б.з.д. VIII-III ғғ.) туралы ғылымда да, көпшілік әдебиеттеде де аз жазылған жоқ. Мемлекеттің елтаңбасына негіз болған «Алтын адам», осы археологиялық жаңалықтың әсерімен жазылған «Томирис» романын, сондай-ақ парсы-сақ қарым-қатынастары, сақтар жайлы басқадай зерттеулер мен аңыз-әфсаналық мағлұматтар қалың көпшілікке кеңінен таныс. Таза археология ғылымының аумағында да сақ дәуірін зерттеу аса зор маңызы бар іргелі салаға жатады. Скиф-сақ археологиясының қалыптасу тарихы бірнеше ғасырларды қамтиды және осы мерзім аралығында оның өз дерекнамалық қоры мен тарихнамасы, күрделі әдістемелік жүйесі мен атаулық-ұғымдық аппараты қалыптасқан. Скиф пен сақ ескерткіштерінің арасын алып жатқанын ескерсек, бұл ең алдымен еуразиялық ғылым. Мұны үлкен тұтас құрылым ретінде көз алдымызға елестетсек, осының бір құрамдас бөлігін Қазақстандағы сақ археологиясы алып жатыр. Осы уақытқа дейінгі берген нәтижелеріне қарағанда, сөз жоқ өте беделді құрамдас бөлік.

Диссертациялық жұмысымыздың ерекшелігі сақ археологиясында қалыптасқан негізгі бағыттардан шығады. Турасын айтқанда, скиф-сақ археологиясы ең алдымен жерлеу ескерткіштерінің, яғни көне оба, қорғандарды зерттейтін сала ретінде белгілі. Оба, қорғандардан алынатын деректер негізінде атақты «аң стилін», қару-жарақты, ат-әбзелдерін, киім үлгілерін зерттеу ерекше маңызды ғылыми бағыттар ретінде қалыптасқан. Міне осыларға көне идеология мәселелерін, жерлеу ғұрпын қоссақ скиф-сақ археологиясының жалпы мазмұны келіп шығады.

Қазақ елі егемендігін алғаннан кейін тарихты жаңғырту айдарымен көнемізге көзімізді сала бастасақ та, тарихта б.з.д. VII-IV ғасырда өмір сүрген «Азиялық скифтердің» мемлекеттілігі, әлеуметтік құрылысы, орналасуы, шыққан тегі және соңында дүниетанымы т.б. жөнінде бұрыннан қалыптасып қалған концепциялар әлі өзгермей, жаңаша бетбұрыс жасалмай отыр. Соған қарамастан соңғы он, он бес жыл көлеміндегі зерттеулер жаңа тың дәйекті тарихи тұжырымдардың түзілуіне игі ықпал етуде. Осы тұрғыдан алғанда Таулы Алтайдағы, соның ішінде Қазақ Алтайындағы сақ дәуірі ескерткіштерін археологиялық, тарихи-мәдени және діни-философиялық ареалда қарастыру мәселесі аталған тақырыптың өзектілігін анық аңғартады деп санаймыз.

Тарихнамасы мен дерекнамасы. Қазақстан ерте көшпелілер қоғамын, сақ-скиф әлемін танып-білуде жазба деректердің аздығы, жетімсіздігі басты назарды еріксіз өлкенің көне тарихының көзін ашар археологиялық деректерге, оның ішінде күрделі құрылысты, көптеп кездесетін жаппай табыну ескерткіштерінің көне түрі – обаларға аударуға итермелейді. Күні бүгінге дейін ерте көшпелілер жөніндегі археологиялық зерттеулер олардың діни-мифологиялық дүниетанымын, этно-мәдени және әлеуметтік бөлінісін айқындап, мән-мағынасын ашуда тек қабір ішінен шыққан заттар арқылы жүргізілгенді. Сондықтан да отандық және әлемдік тарихнамада обаларды жерлеу-ғұрыптық кешен ретінде қарап, жер үсті, үйінді асты, оба маңы т.б құрылымын архитектуралық-көркемдік тұрғыдан зерттеу бастамасы 1963 жылы салынса да әлі көмескіленіп жатыр.

Ал қазылған қорғандар көптеген ғасырлар процесінде табиғи бүлінушілікке ұшыраған, бүгінде бізге жеткен сыры ашылмаған көне құрылыстың тек қалдығы. Қорғандар әртүрлі тарихи-мәдени кезеңде әр этникалық ортада басқа мәнде, формада дами отырып, уақыт пен кеңістік аралығында өзіндік ғажап далалық-мәдени дәстүр болып сақталды. Діни-мифологиялық терең мазмұнды жерлеу-ғұрыптық ескерткіштер анық бір идеологиялық түсінік пен діни наным-сенімге сай алдын-ала тұрғызылған. Сондықтан да тұрақты және консервативті.

Таулы Алтайдағы сақ есткерткіштерінің зерттелуі бойынша көптеген еңбектер жазылғаныменен, әлі де болса шешімін таппай жатқан мәселелер жетерлік. Сондай аса ірі мәселерлер қатарына пазырықтықтардың этномәдениеті, кезеңделуі және мерзмделуі, пазырық мәдениетіннің пайда болуы жатады. Пазырық мәдениетінің пайда болуы жөнінде әзіргі таңда екі концепия бар. Автохтонды және миграциялық. Автохтонды концепциясын ұстанушылар монголоидтық антропологияның мықты болуы негізінде пазырықтықтардықтардың окуньев және карасук мәдениеттерінен қалғандығын алға тартады. Т.А.Чикишева пазырықтықтар және Улангомның популяциясы карасук пен окунев мәдениеттерінің ықпалымен қалыптасқандығын жазады. Миграциялық концепцияны ұстанушылар да антропологиялық мәліметтер негізінде пазырырқтықтардың Алдыңғы Азиядан келгендігін тілге тиек етеді. Оған пазырықтықтардың антропологиясында кездесетін Парфия мен Маргиан, Солтүстік бактрия территориясында мекендеген көшпелі және жартылай көшпелі халықтардың антропологиясы мен ұқсастығы түрткі болған. Келесілер пазырықтықтардан оралоидтық компоненттерді көреді. С.С. Турдың пікірінше пазырықтықтармен түрік-самадий және кет топтарындағы адамдардың бас сүйектері мен ұқсастығы бір ортақ гендік байланысқа негізделген [1, 203б]. С.С. Тур еңбектерінің нәтижесі пазырық мәдениетін тасмалдаушылардың этникалық құрамы біртекті болмағандығын дәлелдейді

Диссертация жұмысының мақсаты.Ғылыми ізденісті диссертация жұмысымыздың басты мақсаты ол Қазақ Алтайы өңіріндегі сақ ескерткіштерінің орналасу ареалы, олардың тарихи-мәдени тұрғыдан маңызды тарихи ақпараттар мен фактілер беретін арналары мен қатпары, аталған дәуір ескерткіштерінің ішкі және сыртқы құрылыстық ерекшелігі мен олардың Еуразиялық кеңістіктегі ландшафтпен өзара байланыстылық сипаты, сақ заманымыздағы діни-идеалық және қоғамдық-саяси ұстанымдарынан туындаған «жерлеу ғұрпының» феномені және Қазақстан территориясын ежелгі заманда мекендеген тайпалардың қазіргі түркі дүниесі, соның ішінде қазақ халқының арғы тегінің бастау мәні мен мағынасы болғандығын ғылыми тұрғыдан айқындау мәселесі болып табылады.

Диссертация жұмысының міндеттері:

– Таулы Алтайдағы, соның ішінде Қазақ Алтайындағы сақ қорғандарының зерттелуін анықтау. Ерте көшпелілер қоғамындағы, әлеуметтік құрылыстарындағы жерлеу және рәсімдік құрылыстарда көрініс табуын зерттеп, зерделеу.

– Қорғандардың құрылымдық ерекшеліктерін анықтау немесе сол арқылы ерте көшпелілердің жерлеу ғұрпы жөніндегі ой-түсінігімізді кеңейту және жүйелеу.

– Сақ-скиф әлемі немесе көшпелілердің өздері туралы субьективті көзқарасын анықтау, яғни олардың мифологиялық және дүниетанымдық түсінігін этнографиялық материалдар мен зерттеулер бойынша жаңғырту.

Осы алдыма қойған мақсатқа пен міндетіме жету жолында жұмысымның негізгі дерегі болып табылатын Қазақ Алтайындағы Берел қорымы мен Таулы Алтай аймағында орналасақан пазырық қорғандары туралы материалдарды жан-жақты талдау, обьективті көзқараспен қарау міндеті тұр.

Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы.Диссертациялық жұмысымызда пазырықтықтардың жерлеу ғұрыпының ерекшеліктері жан-жақты қарастырылған. Сонымен қоса Таулы Алтайдағы сақ заманындағы халықтардың діни-танымдық көзқарастарын жерлеу ғұрыптық кешендері негізінде қайта жаңғырту. Ғылыми айналымға Берел қорымындағы қорғандардан алынған жерлеу ғұрпына байланысты бірегей материалдар енгізіліп отыр.

Диссертациялық жұмыстың хронологиялық шегі. Белгіленген жоспарға байланысты б.з.д. VII-III ғғ. аралығын қамтиды.

Диссертациялық жұмыстың деректік негізі. Диссертациялық жұмысымыздың дерек көзі ретінде Таулы Алтай территориясында қазылған 200-ден аса қорғандардан алынған материалдар тартылды. Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты архивінің №420; №176-178; №1953; №2075; №2185; №2198; №2285; №356; №498; және т.б. іс-құжаттары мен жылдық есеп мәліметтері пайдаланылды.

Диссертациялық жұмыстың теориялық және әдістемелі (методологиялық) негіздері.Диссертациялық жұмысымды жазу барысында біз таза археологиялық әдістерді қолдандық: картографиялық, қорымдардың жоспарлануын зерттеу, салыстырмалы-типологиялық, семиотикалық әдістер.

Диссертация жұмыстың практикалық маңызы. Методологиялық негізде бұл жұмысты мектеп, колледждарда Қазақстанның ежелгі дүние тарихынан қосымша әдебиет ретінде ұсынуға, ал жоғарғы оқу орындарында тарих мамандықтарына археология пәнінен өздік жұмысы ретінде саралауға бере отырып, олардың көне Қазақстан тарихы туралы білімдерін кеңейтуге пайдалануға болады.

Диссертация жұмысымыздың құрылымы.Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, он тарудан, қорытындыдан, пайдаланылған деректер мен әдебиеттер тізімінен және қосымшадан

АЛТАЙДАҒЫ САҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Наши рекомендации