Жаман қылықтарға бейімділік
«Тұлғаның мінез-құлқындағы ауытқушылықтары» категориясындағы тәуелді немесе аддиктивті мінез-құлық сияқты топтамалар да кездеседі.Тәуелді мінез-құлық өзіндік ауқымды әлеуметтік мәселені тудырады. Өйткені бұл формада мынандай негативті жағдайға ұшырайды: еңбекке жарамдығын жоғалтады, ортасымен жиі конфликтіге түсуі, қылмыс жасауы. Ежелден әр түрлі тәуелді мінез-құлық формаларын жат әдеттерге жатқызған, мысалға: алкоголизм, мөлшерден тыс тамақтану, азарттық ойындар және т.б. жатады. Қазіргі медицинада кеңінен қолданылатын патологиялық әдеттер термині бар, белгілі бір затты қолданылуда шектен тыс тәуелді немесе аддиктивті мінез-құлық таныту (ағылшын тілінен аударғанда addiction-бейім, теріс қылық деген мағынаны білдіреді). Аддиктивті мінез-құлық тұлғаның девиантты мінезінің бір түрі. Қазіргі кезде тәуелділіктің мынандай түрлері тараған:
1. Психоактивті заттар. 2. Алкоголь 3. Тамақ. 4. Әртүрлі ойындар. 5. Жыныстық қатынастар. 6. Діни ошақтар
Тізбектелген объектілерден келесі тәуелді мінез-құлық формалары көрсетіледі:
- химиялық тәуелділік (темекі шегу, таксикомания, анаша шегу, дәрі- дәрмек, араққа кұмарлық);
- тамақтанудың бұзылуы (мөлшерден артық тамақтану, аш болу, тамақтан бас тарту);
- гэмблинг-ойынға тәуелділік (компьютерге тәуелділік, азартты ойындарға құмарлық);
- сексуалды аддикция (зоофилия, фетишизм, пигмалионизм, трансвестизм, эксбиционизм, вуайеризм, некрофилия, садомазохизм);
- діни деструктивті мінез-құлық (религиоздық фанатизм, сектаға бару);
- заманның өзгеруіне байланысты тәуелді мінез-құлқының жаңа бір формалары етек алуда: бүгінгі күні компьютерлік тәуелділік кең жайылуда.
Сексуалды мінез-құлық нормаға сәйкес болады, егер ол: - екі жақты келісіммен;
-кәмелетке толғандармен; - тірі адамға бағытталса; -девианттілік белгілері болмаса.
Онда сексуалды мінез-құлықтағы ауытқушылықтарды былай бөлеміз:
1) қылмыстық сексуалды әрекеттер (зорлау, жезөкшелік, балаларға бағытталу)
2) сексуалды девиациялар (жануарлармен жыныстық қатынасқа түсу, садомазахизм, фетишсекс т.б.)
3) маргинальды мінез-құлық (промисуитет, нудизм, гомосексуализм)
4) жалпы қабылданған сексуалды мінез-құлық(ересектердің келіссіммен гетеросексуалды мінез-құлқы)
Аддиктивті (тәуелділік) мінез-құлық тұлға ауытқушылықтарының бір формасы, ол бейімделу мен өзін реттеу мақсатында белгілі бір нәрсені мөлшерден тыс қолдану.Әртүрлі тәуелділік формалары бір түрден екіншісіне немесе қатар байланыста ұстауы жүреді. Мысалы: темекі шегуші көп жылдардан кейін шылымнан бас тарту кезінде тамақтануға құмарлана түседі.Тұлғаның тәуелділік мінез-құлқы психофизиологиялық қалыптың өзгеруімен сипатталады. Сырттай бұл көрініс өз- өзімен күрес, өз-өзіне бақылау жасаудан арылу есебінде көрінеді
Аддиктивті мінез-құлық бірден пайда болмайды, ол үздіксіз процесс процесс, тәуелділіктің дамуымен қалыптасады. Аддикцияның бастапқы кезі, индивидуалды ағымы және аяқталуы болады. Мысалға, анашаға тәуелділік келесі стадияларда жүруі мүмкін:
1) Анашамен танысу эпизодтық қолдану фонында, өзін бақылай алу кезінде жүреді.
2) Біртіндеп өзін бақылау үстінде ұстай отырып,тұтынудың тұрақты индивидуалды ритмі қалыптасады. Бұл кезең психологиялық тәуелділік болып есептеледі, өйткені мұнда объект шынымен де белгілі бір уақытта психофизиологиялық қалыпты жақсартады.
3) Максималды дозаны қолдана отырып, уақытын жиілету. Физикалық тәуелділік толығымен өзін бақылаудан айырылады. ләззат әкелуден қалады, тек оны ауруды сезінбес үшін қолданады.
4) Әлеуметтік құлдырау (дозаның жоғары болуы, суицид, СПИД, т.б.)
Тағы бір тәуелділік мінез-құлқының ерекшелігі оның циклділігінде. Бір циклділігінің фазалары:
- аддиктивті мінез-құлыққа іштей дайындық;
- қызығушылығының артуы;
- аддикция объектісін белсенді іздеуі
- объектінің алуы мен жетудегі спецификалықалаңдаушылығы;
- босаңсу;
- тыныштық алу.
Бір аддиктивті цикл бір ай немесе бір күнге дейін созылады. Тәуелділік мінез-құлқы міндетті түрде ауру немесе өлімге дейін әкелмейді, бірақ жекелік өзгерістер мен әлеуметтік дезадаптацияға әкеледі. Аддиктивті құбылыс үнемі аддикция объектісіне жоғары құндылы эмоционалды қатынасты тудырады. Мысалы: анаша, шылымның үнемі артық болуын қадағалайды. Рационалды механизмі күшейеді, яғни аддикцияның интеллектуалдылықты жөн көруі («бәрі шылым шегеді», «алкогольсіз стрессті жою мүмкін емес») және «қалауынша ойлау» туады («мен өзімді бақылай аламын», «барлық анаша шегушілер- жақсы адамдар»).
Сонымен қатар барлық «басқа» адамдарға сенімсіздік туады, әсіресі арнайы мамандарға («олар мені түсінбейді, өйткені олар өздері мұның не екенін білмейді»).
Аддиктивті құбылыс тәуелді объектіні тіршіліктің мақсаты, ал оны қолдану- өмір салты деп түсіндіреді. Аддиктивті құбылыстың ең бір негативті көрінісі анозогнозия- ауруды жоққа шығару немесе оның өте ауырлығы. Өзінің тәуелділігін мойындамау (мен маскүнем емеспін, егер қойғым келсе қоямын). Осылайша тәуелділік (аддиктивті) мінез-құлық –бұл аутодеструктивті қылық, белгілі бір затты қолдануда тәуелділіктің психикалық қалыптан ауытқуы. Субъективті бұл алаңдаушылық сол аддикция объектісіз өмір сүре алмайды.
Дәріс