Деріске қатысушылардың өзара іс-қимылы
3. БХТ порталы арқылы МСАК ұйымдарына бекіту үдерісіне (бұдан әрі – үдеріс) мынадай адамдар (бұдан әрі – қатысушылар) қатысады:
Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар (бұдан әрі – халық);
МСАК субъектісі;
облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың (бұдан әрі – денсаулық сақтау басқармалары) жергілікті органдары;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – «РЭДО» РМК).
4. Үдерістің қатысушылары мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) халық:
жеке басын куәландыруға қажетті құжаттар (жеке куәлік, паспорт, туу туралы куәлік) оралманның жеке куәлігі мен электрондық цифрлық қол таңба болған жағдайда МСАК ұйымына бекіту үшін «электрондық үкімет» веб-порталына жүгінген кезде сұратуды қалыптастырады.
2) МСАК субъектісі:
учаскелер бойынша бекітілген халық туралы және БХТ порталындағы персонал туралы деректерді енгізудің толықтығы мен дұрыстығын және оларды уақтылы жаңартуды қамтамасыз етеді;
«Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 253 қаулысымен бекітілген «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) стандартына сәйкес «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық нысанда келіп түскен бекітуге арналған сұратуларды уақтылы өңдеуді жүзеге асырады;
бекітілген халықтың саны мен құрылымының өзгеруін талдау мен мониторингілеуді жүзеге асырады;
БХТ порталының құрамындағы бекітілген халық туралы мәліметтердің құпиялылығын сақтайды;
БХТ порталын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
МСАК субъектілеріне, оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы бекіту мен бекітуден шығару мәселелері бойынша халықтың өтініштерін қарайды;
халықты бекіту және бекітуден шығаруға арналған сұратуларды тіркейді;
туу, қайтыс болу, перинаталдық өлім туралы медициналық куәліктер туралы деректер енгізеді;
денсаулық сақтау басқармасы айқындаған бекітілген қызмет көрсету аумағы бойынша деректерді БХТ порталында жаңартуды қамтамасыз етеді;
3) денсаулық сақтау басқармасы:
үдеріске қатысушылардың қызметін үйлестіреді;
үдеріске қатысушылардың БХТ порталын сақтауын бақылайды;
МСАК субъектілеріне халықты бекіту мен бекітуден шығаруға арналған сұратуларды өңдеуді бақылау мен мониторингтеуді жүзеге асырады;
МСАК субъектісінің БХТ порталында қызмет көрсету аумағының мекенжайлары мен бекітілген халық саны туралы ақпаратты өзгертуін бақылау мен мониторингтеуді қамтамасыз етеді;
БХТ порталындағы учаскелер мен штаттардың нақты санына сәйкестігін бақылау мен мониторингтеуді қамтамасыз етеді;
БХТ порталын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
БХТ порталының жұмыс істеуі, халықты бекіту мен бекітуден шығару мәселелері бойынша халық пен МСАК субъектілерінің өтініштерін, оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы қарайды;
мемлекеттік қызмет көрсету бойынша МСАК субъектілерінің қызметін ай сайынғы бақылау мен мониторингтеуді қамтамасыз етеді;
туу (қайтыс болу) туралы медициналық куәліктерді уақтылы енгізуді бақылау мен мониторингтеуді қамтамасыз етеді.
4) «РЭДО» ШЖҚ РМК:
бекіту мен бекітуден шығаруға арналған сұратуларды өңдеуді БХТ порталына сәйкес пациенттен өтініш түскен күні, шиеленесті сұратуларды 2 күннің ішінде өңдеуді жүзеге асырады;
қолмен енгізілген жазбалар арқылы МСАК субъектісіне бекітілген адамдарды ЖТ МДБ деректерімен салыстыруды жүргізеді, қосарлануды жою үшін жеке тұлға туралы бір жазбаның МСАК субъектісіне бекітудің бір мәртебесіне сәйкес келуін қамтамасыз етеді;
денсаулық сақтау басқармасы және МСАК субъектілерімен келісім бойынша МСАК субъектілеріне бекіту қызметін БХТ порталына өзгерістер енгізуді қамтамасыз етеді;
жауапты адамдарды жаңартуды және қол жеткізудің барлық логиндерінде парольдерді ауыстыруды қамтамасыз етеді;
БХТ порталындағы мекенжайлар анықтамалығын әкімшілендіруді қамтамасыз етеді.