Жапырағы қуарған ескі үмітпен
Жапырағы қуарған ескі үмітпен Қиял қып өмір сүріп, бос жүріппін. Жыбыр қағып, көңілді тыншытпайды, Қашанғы өтіп кеткен бұлдыр көп күн. Ой, дәурен өмір емес, бір көрген тус, Ойға тойма, қызықты қиялдан күс. Қарашы, өз бойыңа түгел ме екен, Ыстық жүрек, өң-шырай, қуат пен күш? Төңкеріліп құбылған, жұрт— бір сағым, Шынға шыңдап, қоса алмас ынтымағын. Көптің аузын күзетсең, күн көрмейсің, Өзіңді өзің күзет, кел, шырағым! |
Жарқ етпес қара көңілім не қылса да
Жарқ етпес қара көңілім не қылса да, Аспанда ай менен күн шағылса да, Дүниеде, сірә, сендей маған жар жоқ, Саған жар менен артық табылса да. Сорлы асық сарғайса да, сағынса да, Жар тайып, жақсы сөзден жаңылса да, Шыдайды риза боып жар ісіне Қорлық пен мазағына табынса да. |
Жастықтың оты, қайдасың
Жастықтың оты, қайдасың, Жүректі түртіп қозғамай? Ғылымның біліп пайдасын, Дүниенің көркін болжамай? Адамның тауып айласын, Кісілікті ойламай. Қаруын көңіл сайласын, Қолға ол түспес бойламай. Махаббат, қызық кім көрер, Оның да дәмін татпаса? Біржола басты кім берер, Жаныңа қайғы батпаса. Аямай жанын дос ерер, Жолдастықты ақтаса. Алдыңа айдап кім келер, Ерінбей жүріп бақпаса. Мал бақпақтық шаруа боп, Адал тауып асықпай. Құр айғаймен әуре боп, Өнердің жайын баса ұқпай. Ендi ненi iстеймiз, Бәрiнен де бос қалдық? "Ауызға келiп түс" деймiз, Қылып жүрiп құр салдық! |
Жастықтың оты жалындап
Жастыќтың оты жалындап. Жас жүректе жанған шаќ. Талаптың аты арындап, Әр ќиынға салған шаќ. Уайым — аз, үміт — көп, Ет ауырмас бейнетке, Бүгін-ертең жетем деп Көңілге алған дәулетке. Ќайратпен кіріп, жалынбай, Аќылмен тауып айласын, “Мен ќалайға?” салынбай, Жылы жүзбен жайнасын. Ќайратќа сеніп ќаќтыќпай, Жазасын тауып жауласар, Ќатынша тілмен шаптыќпай, Майданға шыќса жарасар. Жалыны ќайтар дененің. Үнемі тұрмас осы шаќ. Талайғы кәрі дүниенің, Бір кетігін ұстап баќ. Ќұйрығы шаян, беті адам,— Байќамай сенбе ќұрбыға! Жылмаңы сыртта, іші арам Кез болар ќайда сорлыға. Достыќќа достыќ — ќарыз іс. Дұшпаныңа_әділ бол. Асығыс түбі — өкініш, Ойланып алмаќ—сабыр сол. Аќ көңілді жаќсыдан, Аянбай салыс ортаға. Аќылы, ары тапшыдан, Ќу сөзін алма ќолќаға. Сұмсұрќия, ќу заман, Гүл көрінер жігітке — Ќызыќты өмір жайнаған, Кеудесі толып үмітке. Бір нәрсені ұнатса, Ќайта ойланып ќарамас. Маќтанып жұртты шулатса, Ќұмары сол ќызба бас. Сенісерге келгенде, Сене берер талғамай, Жұрты ќұрғыр сенгішке Тұра ма ќулыќ жалғамай? Ары кеткен алдағыш. Мені-аќ алда, сөкпейін, Балы тамған жас ќамыс Ормасаңшы көктейін Сені жаќсы көрмесе, Сенер ме еді сөзіңе? “Япырмай?..” деп терлесе, Ар емес пе өзіне? |
Жасымда ғылым бар деп ескермедім
Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Пайдасын көре тұра тексермедім. Ержеткен соң түспеді уысыма, Қолымды мезгілінен кеш сермедім. Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы, Қолымды дәп сермесем, өстер ме едім? Адамның бір қызығы бала деген, Баланы оқытуды жек көрмедім. Баламды медресеге біл деп бердім, Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім, Өзім де басқа шауып, төске өрледім, Қазаққа қара сөзге дес бермедім. Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ, Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім. |
Жас өспірім замандас қапа қылды
Жас өспірім замандас қапа қылды, Сабыр, ар жоқ, аял жоқ, ілді-жұлды. Тұрлау қылып ешнәрсе басқара алмай, Сенімі жоқ серменде өңкей жынды. Жамандық, жақсылық пен — оған бір бәс, Дін ісін, құдай ісін айыра алмас. Арын сатып, ант ұрып іздегені — Бір семіз ат, аяғы бір табақ ас. Тұрлаусыздың қолынан не келеді? Ынтасыз қайтіп өнер үйренеді? Еңбегі жоқ, еппенен мал табам деп, Сендіре алмай, сене алмай, сенделеді. Онда оны алдайды, мұнда мұны, Жанын берсе табылмас сөздің шыны. Алты жақсы, жүз жылқы болған басы Бір семіз ат болады оның құны. |
Жақсылық ұзақ тұрмайды