Нұсқа к - Қосүйлі қалақай жапырағы

1-кезең

1. Өндірілетін өсімдік-Қосүйлі қалақай

Planta productiva-Urtica dioica L.

2. Дәрілік өсімдік шикізаты-Қосүйлі қалақайжапырағы

Materia vegetabilisMedicinalis-Folium urticae.

Тұқымдасы- Қалақайлар

Familia- Urticaсeae

3. Қосүйлі қалақай жапырағының морфологиялық сипаттамасы:жәй,бүтін, сағақты,ұзындығы 20 см-ге дейін,ені 9 см-ге дейін болады. Жапырақтың пішіні жұмыртқалы-ланцет, ұзынжұмыртқа тәрізді,ұшы үшкір,сүйір.Шеттері өткір,үлкен ара тісті ,ұшына қарай иілген. Жапырақтың сыртқы беті түкті.Жапырақ сағаттарының ұзындығы 7-8см, домалақ не кескенде жартылай домалық,сағақтың жоғарғы бөлігінде жыртылған,түүк басқан. Жапырақтарының түсті бурыл-жасыл,сағақтары-жасыл.Иісі-әлсіз.Дәмі-ащылау.

2-кезең

1. Гүлі –диаметрі 5см дейін бүтін немесе себілген себеттер, гүлшоғыры жоқ немесе ұзындығы 3см аспайтын қалдық гүлшоғыры бар. Орамасы сұр жасыл бір екі қатарлы ːжапырақшалары сызықты, ұшталған, қалың салынған. Гүлтабаны аздап дөңес, жалаңаш. Шеткі гүлдері тілше тәрізді, ұзындығы 15-28мм, ені 3-5 мм, майысқан қысқа түкті түтікше, 3 тісті жазылады, орамасын екі есе асыратын және 4-5 талшықтары бар. Түкті еместерінің гүлдері 2-3 қатарда орналасқан және түкті формаларында 10-15. Аналығы төменге иілген байламы бар бір ұяда жұқа тізбекпен және екі күректік тозаңда орналасқан. Орталық гүлдері түтікшелі, бес тістік тәжі бар.

2. Химиялық құрамы–Дәрілік тырнақгүл химиялық құрамыда әсер етуші заттар-каротиноидтар(3% дейін): α-β- каротиндер, ликопин, лютеин және каротиннің оттекті қосылыстары: виолаксантин, цитроксантин, рубиксантин, флавоксантин т.б.;аскорбин қышқылы, флавоноидтар (0,33-0,88%), изорамнетин, кверцитрин; кумариндер; илік заттар (6,4%); полисахаридтер(шырыш 2,5-4,0%), эфир майы (0,02%), ащылар(календен), смола(3,4% жуық), тритерпен қосылыстары, органикалық қышқылдар, алкалоидтар іздері.

3.Микроскопиясы 1. Қосүйлі қалақай жапырағын ағарту үшін дәрілік өсімдік шикізатын калий гидроксидінің 5% ерітіндісінде 3-5 минут қайнатты.Петри табақшасына ауыстырып,2-3 рет ағын сумен жуды. Препаровалдық иненің көмегімен сынаманы заттық шыныға көшіреді.Жарықтандыру үшін хлоралгидрат ерітіндісінен 1 тамшы тамызылады, жабынды шынымен жабады және микроскоптың кіші және үлкен өлшемімен қаралады.Қосүйлі қалақай жапырағының препаратының микроскопиясында келесідей диагностикалық элементтерді табады: жапырақтың үстінгі бетінің эпидермисі – көп бұрышты немесе әлсіз иілген, төменгі бөлігі – күшті иілген.

3-кезең

1. Химиялық құрамы.Қосүйлі қалақай жапырағының химиялық құрамында әсер етуші заттар -0,2% -ға дейін К1 дәрумені, 0,6 % С дәрумені, 50мг/100г каротиноидтар, В2 дәрумендері, пантотен қышқылы бар, қосүйлі қалақай жапырағының химиялық құрамында ілеспелі заттары : гликозид уртицин,илік заттар, құмырсқа қышқылы мен минералды тұздары бар. Хлорофиллге бай -5%.

Қажетті зетханалық құралдар (колба,воронка,келі мен келсап,сүзгіш қағаздар,таразылар,өшегіш тастар,пробиркалар,су моншасы,тазартылған су) таңдап алынады. Қосүйлі қалақай жапырағы келіде тесіктерінің диаметрі 0,25 мм болатын електен өтетіндей етіп ұсақтайды. 1г салмақтағы қосүйлі қалақай жапырағы ұсақталған шикізатын үстіне 10мл гексан ерітіндісін қосады. 3 сағат механикалық араластырғыш қондырғысында араластырады. Қосүйлі қалақай жапырағынан алынған бөліндіні сүзіп алады.

2. Сан көрсеткіштері. Бүтін шикізат. Ылғалдығы 14% көп емес; жалпы күлділігі 20% көп емес; хлор сутектік 10% ерітіндісінде ерімейтін күл 2% көп емес; өсімдіктің басқа бөліктері ( жапырақтары, сабақ бөліктері) 5% көп емес; қарайған және күңгірттенген жапырақтары 5 % көп емес; диаметрі 3мм болатын елеуіштен өтетін бөлшектер 10 % көп емес, органикалық қоспалар 2% көп емес; минералды қоспалар 1% көп емес.

Ұсақталған шикізат. Ылғалдылығы 14% көп емес; жалпы күлділігі 20% көп емес; хлор сутектік 10% ерітіндісінде ерімейтін 2% көп емес; өсімдіктің басқа бөліктері (жапырақтары, сабақ бөліктері) 5% көп емес; қаайған және күңгірттенген жапырақтары 5% көп емес;.

4-кезең

1. Сапалық анықтау.Аналитикалық сынама шикізатын диаметрі 0,25 мм болатын тесіктері бар елеуіштен өтетіндей етіп ұнтақтайды, 1г ұсақталған шикізатты 15мл сыйымдылықтағы колбаға ауыстырып, 10мл гексан құйып және 3 сағат бойы механикалық айналдырғышта араластырып, фильтрлеп, су моншасында көлемі 2-3 мл болғанша қайнатады.

Микропипетка көмегімен 0,1 мл бөліндіні «Силуфол» (размері 13x5) пластинкасының сызығына ені 1,5-2 см болатындай шетінен 1,5см қашықтықта тамызады. 3-5 минут пластинканы ауада кептіріп және бензол-петролей эфир еріткіштер жүйесінде 40-70 °С температурада қайнатып, әдісі арқылы хроматография жасалады.Еріткіштердің аумағы 10 см асқанда пластинканы камерадан шығарады, 2-3 минут ауада кептіріп және УК-аумағында 360 нм толқын ұзындығында 2 мин ұстайды. Пластинкада жасыл-сары флюоресценция беретін дақ пайда болуы керек (К1 дәрумені).

2. Сандық анықтау. Қосүйлі қалақай жапырағына ҚР МФ сандық анықтау әдісін ұсынбайды, бірақ сапалығын бағалау үшін келесі сан көрсеткіштер анықталады.

1. Ылғалдылығы – 14% аспау керек.

2. Жалпы күлі – 20% аспау керек.

3. 10% тұз қышқылында ерімейтін күл –2% аспау керек.

4. Қарайған,күреңденген, түсін жоғалтқан жапырақтар– 5% аспау керек.

5. Сабағы, гүлшоғыры т.б. бөліктері –5% аспау керек.

6. Тесіктерінің диаметрі 3мм болатын електен өтетін жапырақ бөліктері –10% аспау керек.

7. Органикалық қоспалар, басқа улы емес шөптер қоспалары –2% аспау керек.

8. Минералды қоспалар 1%–аспау керек

5-кезең

1. Сұйық экстракттіқос үйлi қалақай жапырақтарынан (Urtica dioica ) 1:1 қатынаста дайындайды, экстрагент – 50 % спирт. Сұйық экстрактті дайындау процестері келесі кезеңдерден тұрады:

1. Ұсақтау. Шикiзатты 0, 5-1 мм iрiлiкке дейiн ұнтайды, таразыға тартады.

2. Спиртқа су қосу. Су қосу арқылы 50% спирт алады.

3. Ұсақталған құрғақ жапырақтардыұсақ үлестерiмен цилиндірлік перколяторға жүктейді,айна экстрагент пайда болғанша 50% спиртті шикізатқа мерниктен құяды.

Қоспаны 12 сағат тұндырады,сосын біртіндеп бірдей таза экстрагаентті үстінен құю арқылы вытяжканы төгеді.Қабылдағышқа шамамен 85% құрғақ материалдың массасы құйылған болса , 100 массалық бөлiктерге қабылданған , қабылдағышты өшіреді. Қабылдағышқа шығаруларды (извлечение) жинап, шикiзаттың жадаулығына дейiн экстракциясын жүргiзедi. Iстелген материалдың құрамында спирт қалпына келтiредi.

4. Спиртті вакуум-айдау.Қабылдағыштан алынған сұйытылған вытяжканы вакуум-бу аппартаына құяды және қабылдағышқа құйылатын қою қалдықты алғанша 50-60 температурада спиртти айдайды.

Наши рекомендации