Мотив арқылы оқушының қызығушылығы, оқуға деген ниеті, не үшін оқып жүргені түсіндіріледі.

Дәріс тақырыбы. Шет тілін оқыту үрдісінің психологиялық негіздемесі

Дәріс жоспары:

1. Танымдық үрдіс ретіндегі ойлаудың психологиялық ерекшеліктері.

2. Меңгеру – шет тілін оқытудағы маңызды бөлім ретінде.

Біз осы дәріс барысында шет тілін және шет тілде сөйлеуді меңгеру кезіндегі оқушылардың психикалық процесі сияқты негізгі психикалық процестермен танысамыз.

Ойлау – маңызды жаңалықты іздестіру мен ашудың әлеуметтік шарттастырылған, сөйлеумен тығыз байланысты психикалық процес, анализ және синтез барысындағы шындықты жанама және жалпылама бейнелеу процесі.

Ойлау сезімдік танымның практикалық әрекеті (біздің жағдайда танымдық және шет тілдік сөйлеу) негізінде туындайды және оның шегінен де шығады.

Танымдық іс-әрекет түйсіктен және қабылдаудан басталады. Кез келген, тіпті ең дамыған ойлау әрқашан сезімдік таныммен, яғни түйсікпен, қабылдаумен және елестетумен байланысын сақтайды. Ойлау іс-әрекеті барлық ақпараттарды тек қана бір мәлімет көзінен алады: ол – сезімдік таным. Түйсік және қабылдау арқылы ойлау тікелей сыртқы ортамен байланысады және оның бейнесі болып табылады. Осы бейненің дұрыстылығы (адекваттылығы) табиғат пен қоғамның практикалық қайта реттелу үрдісінде тынымсыз тексеріледі.

Ойлау процесінде, осы берілген түйсік, қабылдау және елестетуді пайдалана отырып, адам сезімдік танымның шегінен шығады, яғни, түйсікте тікелей берілмеген, сол себепті мүлде бақыланбаған бұл дүниенің қасиеттері мен қарым-қатынастары сияқты құбылыстарды тани бастайды.

Ойлау танымдық сезім жеткіліксіз және әлсіз болған жағдайда бастау табады. Ойлау түйсік, қабылдау және елестетудің танымдық жұмысын, оның шегінен шыға отырып жалғастырады және дамытады.

Дәріс тақырыбы. Педогогикалық қарым-қатынас

Дәріс мазмұны:

1. Педогогикалық қарым-қатынастың жалпы сипаттамасы.

2. Серіктестік педогогикалық қарым-қатынастың бір үлгісі ретінде.

3. Педогогикалық қарым-қатынастың және оның функцияларының сипаты.

Оқу процесіне кіретін компоненттерге мыналар жатады: ұстаз – оқушы – оқу кезеңінің мазмұны.

Оқыту кезеңінде барлық аталған компоненттер әрдайым диалектикалық қарым қатынаста болады. Оқыту барысында ұстаз оқушыға оқудың жалпы мазмұнын береді, яғни оқушының игеруі керек материалдары. Оқушы өз кезегінде оқу мазмұнының белгілі бір қиындысын меңгеріп, сонымен қатар оның нәтижесін көрсетіп, өз кезегінде оқытушыға әсер етеді. Сол арқылы ұстаздың мазмұнды жасау және таңдау кезеңіне де септігін тигізеді.

Оқу мазмұнына оқушы игеретін мынадай компоненттер кіреді:

- Тілдік және сөздік материал, әлемтанушылық материал;

- Шет тілдерін және сол тілде сөйлейтін елдің мәдениетін білу;

- Тілдік қабілеттер және тілдік қызметтің әртүрлілігі (Шатилов С.Ф.).

Оқушы мен ұстаздың арасындағы қарым-қатынас оң ықпалды, сапалы білімді қамтамасыз ететіндей болғаны өте маңызды болып табылады.

Дәріс тақырыбы. Оқушының шет тілін үйренудегі өзіндік жұмысы.

Өзіндік жұмысқа араластыру рөлі

Дәріс жоспары:

1. «Субъектілік» ұғымының түсініктемесі.

2. Өзіндік жұмыс түрлері.

Өткен лекцияларда біз оқу қызметі жөнінде айттық. Оған субъектілік тән.

Субъектілік(Петровский,1996,Слободчиков,1996)дегеніміз жеке тұлғаның өзіндік, тәуелсіз ынтагерлікке, бағытталуына, қызметті бағалауына қабілеттілік және қызмет процесіндегі жеке бастық өзін-өзі билеу.

Бұл қабілет, сонымен қатар, шешім қабылдаудағы еркіндік, шешім таңдаудағы жауапкершілік, қызмет бағытталған жағдайды шығармашылық түрлендіру, жеке бастық тәжірибені жинау, басқа қызмет субъектілерімен шешім қабылдаудағы әрекеттесу, қызмет тәжірибесін тапсырумен сипатталады.

«Өзіндік оқу қызметі» мен «Өзіндік жұмыс» ұғымдарын қарастырайық.

Өзіндік оқу қызметі – бұл оқушы басқаратын және реттейтін танымдық қызметтің бір түрі. Ол пәндік білім, іскерлік және мәдени-тарихи тәжірибені меңгеруге бағытталған.

Өзіндік жұмыс – а) бұл оқушының танымдық мотивінен туындаған, оның өзі арқылы ұйымдастырылған, оған ыңғайлы уақытта жүзеге асырылатын, сабақтан тыс мұғалімнің бақылауынсыз жүзеге асырылатын процесс жүзінде және нәтиже бойынша оқушының өзімен бақыланған қызмет түрі.

- б) мұғалімнің тікелей басқаруынсыз ұйымдастырылған және жүзеге асқан құрылым ретінде қарастырамыз.

Өзіндік оқу қызметіне шет тілін үйретудегі әдістемеде көп назар аударылады.

Қажетті талаптар мен басым объектілер бойынша, шет тілін меңгерудегі өзіндік жұмыстың, оқу-танымдық міндеттердің негізгі түрлерін атап кетуге болады.

Дәріс тақырыбы. Мектеп оқушыларының жас ерекшеліктері

Дәріс жоспары:

1. Шет тілін оқытудың әртүрлі сатылары.

2. Оқушылардың жас ерекшеліктерінің классификациясы.

3. Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері.

4. Орта жастағы сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері.

5. Жоғарғы сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері.

Шетел тілін оқыту әр түрлі сатыларда және жас деңгейлерінде өтеді. Заманауи білім саясаты әр жастағы топтардың және әр түрлі типтегі мекемелердің шетел тілін меңгеруіне бағытталған.

Оқыту әрбір оқушының жеке қасиеттері мен қабілеттілік ерекшелігі, яғни кепілдеме ерекшеліктеріне (жеке типологиялық алғышарты), қабілеттеріне, жеке қабілетіне, когнитивтік стиліне, талаптану деңгейіне, өзін-өзі бағалауына, жұмыс қабілеттілігіне, қызмет орындау ерекшеліктеріне (ойластыру, ұйымдастыру, дәлдік және т.б.) байланысты ұйымдастырылады.

Білім системасының әр түрлі сатысында оқитындар олар үшін бастапқы жалпы типтік ерекшеліктерімен және белгілерімен сипатталады. Бұл білім сатысының әрқайсысы адам өмірінде анық болатын ережеге қатысты түсіндіріледі.

Мектепте оқыту сатысы мен оқушылардың жас бөліндісін қарастырайық.

Жас бөліндісі өзінің қиындықтарының бірі мен психологияның бірқатар шешілетін қиындықтарын көрсетеді.

Бүкіл әлемде оқушыларды оқитын білім системасына сәйкес атайды (оқушылар, гимназиялықтар, шыншылдар, студенттер). Осы аталғандардың ішінде жасы мен оқу сатысына сәйкес белгілі атаулармен ажыратылады. Бұл үйренушiнің жеке болмысының әлеуметтiк мәдениет жас шамасына байланысты периодизациясына жататын мәдени тарихи диффереренциация деп аталатын. Ол мемлекеттiк маңызды институттардағы баланың қызметiнiң сипатымен байланысты. Осыдан білім сатылар кезеңдерінің атауы шығады, яғни мектепке дейінгі, мектеп (кіші,орта,үлкен). Бұл сәйкесiнше жеке болмыстың периодизациясының педагогикалық белгiлерiнiң жас шамасына байланысты кезеңi туралы куәландырады, яғни 6-дан 18 жасқа дейін. Жалпымен қабылданған болып келесі периодизация есептеледі: мектепке дейінгінің алды (3-5), мектепке дейінгі (5-7), кіші мектеп кезеңі (7-11), жасөспірім жас (11-15), ерте жастық және ерте мектеп жасы (15-18).(С.Ф.Шатилов, Б.Г. Ананьев).

Дәріс тақырыбы. Сабақтың психологиялық анализі

Дәріс жоспары:

1. Сабақты психологиялық талдаудың түсініктемесі.

2. Сабақты психологиялық талдау жоспары.

Оқушының шет тілін меңгеріп алу және білім алуы оқыту процесінің ең маңызды мақсаты болып табылады. Оқытушы мен оқушының әрекеттерінің құрамы мен кезеңдері бар. Оқытушының әрекеті 3 компоненттен тұрады:

- Оқытушының мақсаттар мен тапсырмалар қоюы;

- Оқушыға әсер ету құралдарын таңдау мен пайдалану;

- Оқыту әсер ету процесінің бақылауы мен өзіндік бақылауы;

Оқытушының сабақтың психологиялық анализі осы кезеңдерде орындалады.

Педагогикалық қызмет өз кезегінде әр түрлі формада іске асуы мүмкін. Оның ішінде ерекше орын алатыны сабақ (немесе пән). Яғни сабақ процесінде оқушы мен оқытушы арасында білім берудің негізгі ұйымдастырушылық бірлігі қызмет етеді.

Сабақты талдау – ұғынудың маңызды әдісі әрі оған қатысушылардың, әсіресе, оқытушының талдау қызметін объектендіру тәсілі болып табылады.

Пәнді немесе сабақты талдауға өз кезегінде бірнеше психологиялық, педагогикалық және әдіснамалық жұмыстар арналған. Зерттеушілер пәнді талдаудың көп объектілігін, педагогикалық өзара әрекеттесудің барлық тараптарының мұғалімді есепке алу маңыздылығын және оның қызметтері мен субъект ретіндегі ерекшелігін атап көрсетеді. Пәнді талдау өз ішінде әр түрлі аспектілер енгізеді: психологиялық, педагогикалық, әдіснамалық және пәндік. Олардың бәрі тығыз байланысты. Аспектілердің бірін ерекшелеу шартты сипатта қолданады және тек теориялық жоспарда қажет. Пәндік талдау педагогикалық қызметтің тиімділігін көтеруге мүмкіндік туғызады. Психологиялық талдауларға жататын сабақ психологиялық компоненттер ретінде оқу процесінің екі белсенді субъектісін қарастырады: мұғалім және оқушылар. Бұл компоненттерді бөліп қарау, олардың шеттелген талданулары, анализі құраса, ал компоненттердің бір‑бірімен әсерлесуі және біртұтас жүйе ретінде қарастыру синтез болып табылады. Пәннің психологиялық талдауын «синтез арқылы таңдау» формасы ретінде қарастыруымызға болады.

Сабақтың психологиялық талдау пәні ретінде мұғалімнің психологиялық ерекшеліктері, білім алудың заңдылықтары, оқушының психологиялық ерекшелігі, оқытушы‑оқушы жүйесіндегі қарым‑қатынас сипаты кіре алады.

Дәріс тақырыбы. Шет тілін оқыту процесінің оңтайлылығы (оптимизациясы)

Дәріс жоспары:

1. «Оптимизация» ұғымының түсініктемесі.

2. Шет тілін оқыту процесінің оптимизация резервтері.

Оптимизациялау – бұл оқыту процесіндегі оқыту мәселелерін тез шешу мақсатында және оқытушы мен оқушылардың рационалды уақытын қолданатын ғылыми негіздегі әдіс (Бабанский, Китайгородская, Бердичевский)

Оптимизация бағыттары:

1. Материалды меңгерудегі барлық сатылардағы коммуникативті қабілеттілік, сипатқа сүйену;

2. Оқыту әрекеттерін анықтаудағы оқытушының шығармашылығы;

3. Оқушының жеке ерекшеліктерін ескеру;

4. Қазіргі заманғы оқыту құралдарын қолдану.

Шет тілін оқыту процесінде мұғалім оқушыға әсер етіп қана қоймай, сондай‑ақ өзіндік қарым‑қатынас орнығады және олардың арасында дидактикалық қатынас та маңызды роль атқарады.

Оқыту процесінде оқушыға оқыту әсерінің бірлігі, ішкі бейне, меңгеру бұл ықпалдардың жүзеге асуы, оқушының біліммен, дағдымен, қабілетпен байқалатын оқушының өзіндік әрекеті қалыптасады.

Оқыту психологиясы тұлғалық білімнің қоғамдық қажеттілігі бар мақсаттарға ие болады, сондай‑ақ осы мақсатқа жету мазмұны мен құралдары бар болады. Жаңа мақсаты, құралдары мен оның нәтижеге жетуде өндірудің нақты нәтижесімен аяқталады. Олай болса оқыту психологиясы компоненттері: оқыту мақсаттары, оқыту мазмұны, дидактикалық шарттары, оқушының әрекет формасы, оқыту әдістемесі, оқыту талдауы мен өзін‑өзі талдауы.

Дәріс тақырыбы. Оқыту процесінің интенсивтілігі

Дәріс жоспары:

1. «Интенсификация» ұғымының түсініктемесі.

2. Шет тілін оқыту процесінің интенсификация резервтері.

3. Шет тілін оқыту мазмұнының ерекшеліктері.

Бұл шет тілін оқытудағы теорияның орталық түсінігі. Ол 60-жылдардағы әдістемелікте мына бөлімдермен байланысты қарастырылады: негізгі мақсат болып шет тілін қарым‑қатынас құралы ретінде оқып меңгеру және оқытудағы екпінді әдістерді жетілдіру.

“Оқыту процесінің интенсивтілігі” термині әдістемелікте әр жақты әр түрлі көзқараста қарастырылады.

Бұл бір жағынан оқыту процесінің интенсивтілігі – бұл оқытудың дидактикалық принципі (оқыту процесінің бүкіл өлшемді интенсивтілігі);

Басқа жағынан, бұл оқыту курсының қалыптасу принципі, мұнда аз уақыт аралығында оқушылар көп мөлшерде ақпараттар алып, меңгере алады.

Оқыту процесінің интенсивтілігі, сонымен қатар, оқушылардың оқыту интенсивтілігін арттыру жолдарының бірі болып және де оқытушының оқыту сапасын анықтаушы болып табылады.

Интенсивтіліктің сандық сипаттамаларына да көңіл бөлінеді:

Интенсивті оқыту – бұл максимум жетістіктерге өте аз уақыт аралығында жету және оқытушы мен оқушының аз мөлшерде тырысуы, яғни оқыту жылдамдығы мен сапасын арттыру, сонымен қатар, бұл – белгіленген уақытпен шектелген өте үлкен көлемді жұмыс.

Дәріс тақырыбы: Әдістеме ғылымдағы оқыту әдістерінің жалпы теориялық мәселелері

Дәріс жоспары:

1. Шетел тілін оқыту әдістемесіндегі әдіс түсінігі.

2. «Модель» түсінігінің пайда болуы.

3. Оқыту жүйесі оқыту процесінің белгілі әдістемелік тұжырымы.

4. «Амал» түсінігі әдістемелік категория ретінде.

"Әдіс" түсінігі Шетел тілін оқыту әдістемесіндегі әдіс түсінігі. Әдіс түсінігіне анықтама беру жолдары, әдіс шетел тілін оқытудың біртұтас стратегиясы, жалпы және басты бағыт ретінде /мысалы, грамматикалық - аударма, саналы-салғастыру және т.б./.

"Модель" түсінігі пайда болуды /пән, процесс, жағдаят және т.б./ тану нысанасын үйренуді қарама-қарсы пайда болуға қатысты табиғи және жасанды түрде жасалған зерттеудің қиындатылуы немесе мүдде болмауы /Братко А.Н., 1969/ ретіңде.

"Оқыту жүйесі"түсінігі. Оқыту жүйесі оқыту процесінің белгілі әдістемелік тұжырымға сай, мақсатқа негізделген оку материалын таңдауға, оқыту мазмұны, оқыту түрі және оқыту құралына сәйкес жалпы модель ретінде.

"Амал" түсінігі әдістемелік категория ретінде. Шетел тілін оқытудың қазіргі әдістемесіндегі кеңінен танымал амалдар. Коммуникативті-іс-әрекеттік, суггестопедтік, коммуникативті-когнитивтік, әлеуметтік-мәдени және т.б. амалдары.

Дәріс тақырыбы: Грамматикалық – аудармалық және мәтіндерін - аудармалық әдістер

Дәріс жоспары:

1. Грамматикалық – аудармалық және мәтіндерін - аудармалық әдістердің пайда болуының алғышарттары

2. Грамматикалық – аудармалық әдістерінің дамуы.

3. Мәтіндерін - аудармалық әдістерінің дамуы.

4. Салыстырмалы – салғастырмалы тіл бімінің, ассоциативтік психологияның идеяларының әсері

5. Грамматикалық – аудармалық әдістердің жетістіктері мен кемшіліктері.

Грамматикалық- аудармалық әдіс көбіне классикалық тілдерді, әсіресе, латын тілін оқытуда қолданылған. Бұл әдісте тіл граммтикалық ережелерді жаттау арқылы оқытылады. Жаңа сөздер грамматикалық тақырып көлемінде алынады. Ал, аударма жаңа сөздерді, сөз құрылымын, ережесін оқытқанда қолданылады. Барлық жаттығулар белгілі грамматикалық ереженің аясында құрылып, ана тілінен шет тіліне, шет тілінен ана тіліне аудару арқылы орындалған.

Грамматикалық – аудармалық әдістің ерекшелілтері:

1.Грамматикалық талдаудың негізі;

2. Тілді оқытудағы грамматикалық сатылар.

Грамматикалық - аудармалық әдіс бойынша сөйлемді талдаудың ең жақсы әдісі – оны әуелі ана тілінде түсініп, сөйлем мүшелерін, яғни бастауыш пен баяндауышты, толықтауышты анықтау. Әрі қарай талдауды етістіктің шағын, етісін анықтап жалғастыруға болады. Содан кейін оқушыға осы сөйлемнің шет тіліндегі аудармасын беру оңайырақ болады.

Дыбыстар, морфемалар, сөздер әр тілдің өзіне ғана тән түрінде болады, ал синтаксистік негізгі қағидалары барлық тілдерге тән. Бірақ ағылшын тіліндегі грамматикалық құрылымдар қазақ тіліндегі құрылымдармен сәйкес келмейді.

Грамматикалық – аудармалық әдіс алғашында XVIII – XIX ғасырларда мектептерде кеңінен қолданылды. Кейіннен педагогика, психология, лингвистика ғылымдардың дамуы бұл әдіске өзгерістер енгізіп, XIX – XX ғасырдың соңында « екі грамматиканың» арақатынасы ажыратылды.

Қазір де әдістемеге дәстүрлі тұрғыдан қарағанда грамматикалвық – аудармалық әдіс жиі кездеседі.

Дәріс тақырыбы: Табиғи әдіс (М.Бернц, Ф.Гуэн, М.Вальтер).

Дәріс жоспары:

1. Ассоциационизм әдістің психологиялық негізі ретінде.

2. Оқытудың мақсаты мен мазмұны.

3. Оқытудың принциптері мен тәсілдері.

Әдістеме педагогика ғылымымен, психология, лингвистика ғылымдарымен тығыз байланысты.

Педагогика – жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу жөнінднгі ғылым. Педагогика ғылымында оқыту және оның әдістері негізгі қағидалары болып табылады. Шет тілін оқытуды үйрену үшін педагогиканы білуі шарт. Педагогиканың бір саласы дидактика деп аталады. Дидактика мектепте оқытудың негізгі жолдарын зерттейді.

Әдістер – дидактиктердің айтуы бойынша, белгілі бір тақырыпты оқытудың жолдары.

Шет тілін оқыту, математиканы, тарихты оқыту әдістемелері сияқты дидактиканың негізгі қағидаларын қолданады және оны байытады.

Мысалы: «көрсету» принципі тұңғыш рет шет тілін оқыту әдістемесінде қолданылды.

Қазір ол дидактиканың негізгі принциптерінің біріне айналды және басқа да пәндерді оқытуда да қолданылады.

Шет тілін оқыту дегеніміз – оқушыда тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу дағдысымен біліктілік қалыптастыру. Егер біз дағды мен біліктіліктің психологиялық мәнін түсінбесек, онда біз оларды қалыптастыра алмаймыз.

Шет тілін оқытуда психологиялық негізгі қағидаларын сөйлеу әрекетіне байланыстыра отырып пайдалану қажет.

Психология ғылымы әдістемеге көп көмек көрсетеді. Шет тілін үйренуде ана тілінің орны мен оның шет тілін үйрену кезеңдеріндегі қызметі, әр түрлі дағды мен біліктілік түрлерінің сәйкес келуі, жаңа тақырыпқа арналған әдістер мен тәсілдерді таңдай білу, т.б. психология ғылымының негіздерін білу қажет.

Әдістеме ғылымы жүйке жүйесі физиологиясы ғылымымен де байланысты. Атақты орыс ғалымы Павловтың айтуынша адамның жоғары жүйке жүйесінің қызметі – сөйлеу және ойлау, жүйке жүйесінің ерекше қызметі. Бұл қызмет түрі тек адамда ғана дамыға. Павловтың теориясы бойынша, дабылдар адамның сезіну мүшелері арқылы келіп түседі. Адамның әрекетінің бұл түрі – сөйлеу әрекеті.

Әдістеме ғылымы лингвистика ғылымымен тығыз байланысты, себебі лингвистиканың негізгі проблемалары тіл мен ойлау, грамматикамен сөздік,т.б. әдістемеге де қатысы бар.

Әдістемеде лингвистика ғылымының оқу материалын іріктеудегі зерттеулері негізге алынады. Көптеген атақты лингвистер, лингвистика теориясын ғана зерттеп қоймай оларды тілді оқытуда қалай пайдалану керек екендігін де зерттеген.

Дәріс тақырыбы: Тура әдіс (О.Есперсен, Ш.Швейцер)

Дәріс жоспары:

1. Бихейвиоризм және ассоциационизм әдістің психологиялық негізі ретінде.

2. Я.А.Каменский, В.Райхштайн, дидактикалық еңбектері әдістің педагогикалық негізі ретінде

3. Жаңа тура әдістің екі негізгі бағыттары: шетел тілін репродуктивті және рецептивті меңгеру.

Тура әдіс грамматикалық – аудармалық әдіске қайшы әдіс ретінде дүниеге келді.

Өндіріс пен сауданың халықаралық көлемде қарқынды дамуы, капиталистік мемлекттердің үлкен елдерді отарлау сияқты процестер шет тілін білетін мамандарға сұранысты арттырды. Бұл өз кезегінде жаңа әдістің пайда болуына себепші болды. Тілді іс жүзінде игеру мектептерде шет тілін оқытудың негізгі мәселесіне айналды.

Тура әдістің негізгі ерекшеліктері мынадай:

1. шет тілін оқытудың негізгі бағыты – тәжірибелік, яғни, бірінші орынға сөйлеу қойылады;

2. Ана тілінің екінші орында, тіпті назарсыз қалуы;

3. тілді үйрету ісінде аударманың өте аз мөлшерде, керісінше, ауызша-жазьаша жаттығулардың көп қолданылуы;

4. грамматиканы оқытуда индуктивтік әдістің қолданылуы (грамматикалық әдісте, грамматикалық ереже бірінші беріліп, жаттығулар орындалады, ал бұл әдісте әуелі жаттығулар орындалып, содан кейін грамматикалық тұжырым жасалады).

5. Айтуды үйретуге үлкен көңіл бөлінеді;

6. Мәтіндердің мазмұнына, әсіресе, тақырыпқа байланысты мәтіндер құрастыруға назар аударылады.

Бұл әдістің тура әдіс деп аталуының себебі – шетел тілін оқытуда, шет тілімен беретін түсініктің арасындағы байланыстың тура болып, ана тілінің мүлдем қолданылмауы.

XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында тура әдістің бірнеше түрлері пайда болды. Тура әдісте жақтаушылар Г.Гуэн, М.Валтер, т.б.

Бұл әдісті пайдаланатын мұғалімдер тіл үйретудің алғашқы күнінен бастап, оқушыны әңгімелесуге тартады, заттарды суреттерді пайдаланып, сөйлемнің мағынасын түсіндіру үшін қимылдар жасайды.

Тура әдісті қолданушылар өте көп. Осы әдіс оқушылардың шет тілін меңгеруге деген қызығушылығын арттырады.

Дегенмен, бұл әдісті қолданудың қиыншылықтары да жоқ емес. Мәселен:

1. Оқу материалы мен жаңа сөздер ғылыми негізсіз іріктеледі. Бұл әдіс тек тақырыптық негізге сүйенеді, ол үшін оқушы өте көп жаңа сөздерді білуі керек.

2. Мектепте оқушылардың сөйлеп үйренуіне жағдайдың болмауы.

3. Тәжірибесіз мұғалімдер қолданса, өте тиімсіз болып келеді.

Тура әдістің негізгі қағидаларын ұсынған атақты ағылшын әдіскерлері Г. Пальмер мен М. Уэст болды.

Дәріс тақырыбы: Г.Пальмердің ауызша әдісі.

Дәріс жоспары:

1. Пальмер шетел тілін оқыту әдістемесіндегі көрнекілік – интуитивтік бағыт өкілі.

2. Пальмердің негізгі еңбектері.

3. Пальмердің негізгі әдістемелік көзқарастары.

Г. Пальмер әдісінің негізгі қағидалары:

- Шет тілін оқыту ауызша сөйлеуден басталады.

- Шет тілін оқыту іріктелген материалдардың негізінде жүзеге асырылады. Г. Пальмердің ұсынуы бойынша оқытылуға тиіс жаңа сөздердің мөлшері 3000 сөз болды.

Пальмер ауызша оқытудың мынадай жолдарын ұсынды:

- іс-қимыл арқылы(Мұнда арнайы жасалған заттарды көрсетіп, қимыл арқылы білдіретін жаттығулар ұсынылады);

- сәйкестендірудің 100 кестесі (оқушылар осы кестелердегі ағылшын тіліндегі мысалдарға қарап, сөйлемдер құрауы тиіс).

Г. Пальмердің бұл әдістері қазіргі кезде де жиі қолданылады және оқушыларға мынадай мүмкіндіктер береді:

- сөйлем үлгілерінде үнемі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерінің берілуі ауызекі сөйлеуде көмектеседі;

- тыңдау жаттығуларының көп болуы оқушыға жылдам сөйлегенде ағылшын тілін түсінуге мүмкіндік береді.

Сәйкестендіру кестесінің үлгісі мынадай:

I You We They Saw Put Left Found Two Three A few some Books Letters Keys Good ones Here There On the table In this book Yesterday Last week On Sunday This morning

Шет тілін оқыту – мұғалімнің үздіксіз еңбегінің және оқушының оған жауабының тізбегі. Шет тілін үйренуде оқушы мынадай кезеңдерден өтеді:

1. а) Қабылдау.

Бұл кезеңде мұғалім сөйлейді. Оқушы мұғалімнің сөзін тыңдайды. Мысалы: Мұғалім сынып бөлмесіндегі заттарды көрсетіп, оларды атайды.

This is a book. Look at the book. I am going to put the book on the table.

ә) Мұғалім сөйлейді. Оқушыларға тапсырма береді. Мысалы: «Дауыс ырғағына назар аударыңыз».

б) Бұйрықтарды орындау жаттығулары.

Мұғалім оқушыларға бұйрықтар береді.

Мысалы: Get up. Sit down. Come here.

Мұғалім бұйрықтарды ымдап түсіндіреді.

в) «Yes», «No».

Мұғалім сұрақ қояды. Оқушылар тек « Иә» не «Жоқ» деп жауап береді.

2. Қабылдау – еліктеу.

Мұғалім сөйлейді. Оқушылар қайталайды.

3. Әңгімелесу

Оқушы әр түрлі сұрақтар қойып, оған жауап беруді үйренеді.

4. Сөйлеу.

Мұғалім оқушымен ағылшын тілінде сөйлеседі.

Жалпы, Г. Пальмер әдісінің негізі – сөйлеуді үйрету, ал М. Уэст болса, керісінше, басты міндет қылып оқуды қойды.

Дәріс тақырыбы: М.Уэсттің әдістемелік жүйесі.

Дәріс жоспары:

1. Уэст оқуға үйретудің рационалдық жүйесін жасаушы ретінде.

2. Уэсттің оқу материалының құрастыру және таңдау мен ауызша сөйлеудің ара қатынасы, сабақты ұйымдастыруға әдістемелік көзқарастарының сипаттамасы.

3. Уэсттің оқулықтарына сыни талдау.

Уэст оқуға үйретудің рационалдық жүйесін жасаушы ретінде. Уэсттің оқу материалының құрастыру және таңдау мен ауызша сөйлеудің ара қатынасы, сабақты ұйымдастыруға әдістемелік көзқарастарының сипаттамасы. Уэсттің оқулықтарына сыни талдау.

М. Уэст оқу арқылы шет тілін үйренетін әдістемелік жинақтар жасады:

а) оқуға арналған кітаптар

ә) жаттығу кітаптары

Бұл екі ағылшын әдіскері ағылшын тілін оқыту әдістемесіне үлкен үлес қосты.

Қазіргі әдістеме дәстүрлі және аудио – лингвистикалық оқытуу деп екіге бөлінеді. Қазіргі әдістеменің негізгі қағидалары :

- Тыңдауды және сөйлеуді дамыту

- Сөйлеу үлгілерін пайдалану

- Аударманы өте аз қолдану

- Грамматиканы үлгі арқылы оқыту

- Сөйлеуді үйретуде өмірмен тығыз байланысты жағдайларды қолдану

Мұғалім оқушыларды шет тіліне үйрету үшін өзі:

- шет тілін жетік білуі

- педагогика мен психологияны жақсы білуі

- оқыту әдістері мен техникасын білуі

- оқыту әдістерін оқу процесінде шебер қолдана білуі керек.

Дәріс тақырыбы: Аудио – лингвалдық әдіс (Ч. Фриз, Р.Ладо, Н.Брукс)

Дәріс жоспары:

1. Структурализм және бихейвиоризм аудио – лингвалды әдістің лингвистикалық және психологиялық негізі ретінде.

2. Оқытудың мақсаты мен мазмұны.

3. Оқытудың әдістемелік принциптері мен тәсілдері және оқулықтар.

Структурализм және бихейвиоризм аудио – лингвалды әдістің лингвистикалық және психологиялық негізі ретінде. Оқытудың мақсаты мен мазмұны. Оқытудың әдістемелік принциптері мен тәсілдері және оқулықтар. Ағылшын тілін оқытудағы көрнекілік әдіс. Әдістеме оқытушының қызметін көрсетіп, оқушының материалымен танысуына, жаттығуына, қолдануына сілтеме жасауы тиіс. Әдістеме дегенімізді оқушының оқуын басқару тәсілі деп түсінуімізге болады. И.Л. Бим көрсеткендей, әдістеменің негізгі және қосалқы түрлері бар.

Негізгі әдістемеге:

1. таныстыру

2. жаттығу

3. қолдануды жатқызуға болады

Қосалқы әдістемеге:

1. бақылау

2. түзету

3. бағалау жатады.

Ал оқушының қызметінің негізгі әдістеріне

1. танысу

2. жаттығу

3. қолдануды жатқызуға болады.

Қосалқы әдістерге өзің бақылауды алуға болады.

Дәріс тақырыбы: Аудио –визуалды әдіс. (П. Губерина, П. Риван т.б.)

Дәріс жоспары:

1. Бихейвиоризм және структурализм әдістің лингвистикалық және психологиялық негізі ретінде.

2. Оқытудың мақсаты мен мазмұны.

3. Оқытудың принциптері мен тәсілдері

Бихейвиоризм және структурализм әдістің лингвистикалық және психологиялық негізі ретінде. Оқытудың мақсаты мен мазмұны. Оқытудың принциптері мен тәсілдері.

Әдістеме ғылымы жүйке жүйесі физиологиясы ғылымымен де байланысты. Атақты орыс ғалымы Павловтың айтуынша адамның жоғары жүйке жүйесінің қызметі – сөйлеу және ойлау, жүйке жүйесінің ерекше қызметі. Бұл қызмет түрі тек адамда ғана дамыға. Павловтың теориясы бойынша, дабылдар адамның сезіну мүшелері арқылы келіп түседі. Адамның әрекетінің бұл түрі – сөйлеу әрекеті.

Әдістеме ғылымы лингвистика ғылымымен тығыз байланысты, себебі лингвистиканың негізгі проблемалары тіл мен ойлау, грамматикамен сөздік,т.б. әдістемеге де қатысы бар.

Әдістемеде лингвистика ғылымының оқу материалын іріктеудегі зерттеулері негізге алынады. Көптеген атақты лингвистер, лингвистика теориясын ғана зерттеп қоймай оларды тілді оқытуда қалай пайдалану керек екендігін де зерттеген.

Шет тілін оқыту әдістемесінің басқа ғылымдар сияқты зерттеу мәселелері бар:

1. шет тілін өз елімізде, шет елдерде оқыту жолдары

2. әр түрлі мектептерде алдыңғы қатарлы мұғалімдердің тәжірибесін зерттеу және қолдану

3. тәжірибелер арқылы жаңа әдістемелік тақырыптар енгізу

Соңғы кезде тәжірибе жасау әдіскерлер арасында кең тараған. Шет тілін оқыту әдістемесінде зерттеу қажет ететін проблемалар көп. Жаңа оқыту материалдары мен технологиясы жаңа идеяларды, шешімдерді, әдіс – тәсілдерді қажет етеді.

Дәріс тақырыбы: Аралас әдіс.

(Х.Флагстад, С.П. Хэгбольдт, Ф. Клоссе, т.б.).

Дәріс жоспары:

1. Шетел тілін оқытудың тәсілдері мен принциптері әдістемелік көзқарастары.

2.Аралас әдіс өкілдерінің оқулықтарына сыни талдау.

Шетел тілін оқытудың тәсілдері мен принциптері әдістемелік көзқарастары. Аралас әдіс өкілдерінің оқулықтарына сыни талдау.

Мұғалім оқушыны тілге үйрету барысында, тыңдау мен сөйлеудің бар мүмкіндіктерін жасау керек. Екінші тілде сөйлеу дегеніміз – жаңа таңбалы білім алудың жаңа жолдарын игеру деген сөз. Осы жаңа жолды жасау тілді үйренуде маңызды орын алады.

Шет тілін үйренуде оқушының есте сақтау қабілетінің маңызы зор. Сондықтан, мұғалім тақырыпты есте сақтау, есте ұзақ сақтау жолдарын білуі керек.

Есте сақтау қабілетінде ерікті, еріксіз есте сақтау болады. Бұл проблеманы зерттеген ғалым П.К. Зинченко еріксіз есте сақтау қабілеті бір нәрсені жылдам қайталап жатағанда емес, керісінше осы нәрсе туралы белгілі бір қиындықтарды, мәселелерді талдағанда ғана іске қосылатынын айтады. Ол үшін мынадай тәжірибе өткізілген. «А» тобындағы студенттерге жаттауға сөздер тізімі берілген. Ал «Б» тобындағы студенттерге сөздер берілмей, оларға ағылшын тілінде мәтін берілген және сөздермен жұмыстың түрлері және сұрақтар берілген. Келесі сабақта екі топ студенттері бақылау жұмысын жазған, эксперимент «Б» тобы студенттерінің сөздерді есте жақсы сақтағанын көрсетті.

Психология ғылымы әдістемеге көп көмек көрсетеді. Шет тілін үйренуде ана тілінің орны мен оның шет тілін үйрену кезеңдеріндегі қызметі, әр түрлі дағды мен біліктілік түрлерінің сәйкес келуі, жаңа тақырыпқа арналған әдістер мен тәсілдерді таңдай білу, т.б. психология ғылымының негіздерін білу қажет.

Дәріс тақырыбы: Саналы –салғастырмалы әдіс. (Л.В. Щерба, И.А. Грузинская, Аракин В.Д., З.М. Цветкова , И.В. Рахманов, А.А. Миролюбов, В.С. Цетлин, т.б.).

Дәріс жоспары:

1. Л.В. Щербаның іс - әрекет теориясы, ақыл – ой іс- әрекетін қалыптастыру кезеңдері теориясы жайындағы идеялары, әдістің негізі ретінде.

2.Саналы –салғастырмалы әдістің негізгі сипаттамасы.

3. Әдістің жетістіктері мен кемшіліктері.

Л.В. Щербаның іс - әрекет теориясы, ақыл – ой іс- әрекетін қалыптастыру кезеңдері теориясы жайындағы идеялары, әдістің негізі ретінде. Саналы –салғастырмалы әдістің негізгі сипаттамасы. Әдістің жетістіктері мен кемшіліктері. Атап айтқанда, оқу процесінің жаңартудың негізгі ұстанымдарын дамыту, демократияландыру, реалистік шектеу саясаты, интеграциялау жатады. Оқу- тәрбие ісін жетілдіре түсудің мақсаты мен келешегін ғылыми анықтайтын, болжайтын идеялар мен қағиданың ғылыми негізі жинақталады.

Бұл тұжырымдарды жалпы лингвистика, психология, лингводидактика, педагогика, әдістемелік зерттеу жұмыстары, жалпы білім беретін мектептегі басқа да тіл пәнінің идеялары басшылыққа алынады. Мақсаты- шет тілін оқыту арқылы өнегелік және эстетикалық жағынан жан – жақты дамыған, саяси – идеялық жағынан сенімді еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Бүгінгі оқыту процесінде қатынастық бағыт беру арқылы жалпы дүниеге деген көзқарасын қалыптастыру бірінші орында тұр. Осындай мақсаттармен қатар қазіргі кезде шет тілін жаңа әдістемелермен, ұстанымдармен оқыту қажеттілігі туып отыр. Қай елдің болмасын механизмін үйрену үшін мынадай екі жағдайды ескерген жөн:

1. сол елдің жүйесі қалай құрылғанын

2. ол тәжірибелік жағынан қалай меңгерілуі керек?

Демек, қазақ тілінің құрылысы сияқты қатынастық тәсілде ұйымдастыру тиімді деп айтуға болады. Шет тілін оқытуда оқу материалдық тұжырымдаманы негізге алу тілдік материалды беруде және оны талдауда оның қызметтік жағын ескру, білімнің базалық және жылжымалы құрамдарын анықтау, оқыту әдістемесі мен тәрбиені интеллектуалды пайдалы және өнімді еңбекпен ұштастыру маңызды.

Дәріс тақырыбы: Саналы –практикалық әдіс және оның негізгі сипаттамасы . (Б.В. Беляев, С.Ф.Шатилов, т.б.)

Дәріс жоспары:

1. Мақсат, мазмұн, оқыту әдістері мен принциптері.

2. Л.В. Щербаның идеялары мен коммуникативті лингвистикалық әдістің негізі ретінде.

3. Іс - әрекет теориясы мен ақыл – ой іс- әрекетін қалыптастыру теориясы әдістің психологиялық негізі ретінде.

Мақсат, мазмұн, оқыту әдістері мен принциптері. Л.В. Щербаның идеялары мен коммуникативті лингвистикалық әдістің негізі етінде. Іс - әрекет теориясы мен ақыл – ой іс- әрекетін қалыптастыру теориясы әдістің психологиялық негізі ретінде.

А.С. Выготский «мектепте оқуға даярлау балалардың алған білім, дағды, біліктіліктерінің ауқымынан зор ақыл – ой үрдістерінің сапасына көбірек тәуелді болады. Сондықтан мұндай сапаға қол жеткізудің аса маңызды жақтарының бірі – балалардың бойында танымды тудыратын тәсілді қалыптастыру болып табылады», - дейді. Бұл жерде оқушының алдына танымдық міндеттерді қойып, оның белсенділігін арттыруға бола ма? – деген сұрақ туындайды.

Осы жөнінде К.Д. Ушинский оқушылардың бойында бақылағыштық, танымдылық қасиеттерді дамыту үшін көрнекі оқытуды талдау негізінде олар үшін жаңа кейіпкерлер тудыратын, өзіне таныс заттардың жаңа жақтарын ашатын оқу материалдары мен көрнекі құралды неғұрлым көбірек пайдалануға кеңес береді.

Өйткені, олар бір жағынан оқушылардың ой - өрісін ауызекі сөйлеу тілін, жазу дағдысын, айналасындағы өмір туралы түсінігін кеңейтеді және оқушының білім деңгейіне сай болғандықтан нәтижелі болады, ал үлгерімі төмен оқушылар ескеусіз қалып қоймай олардың теориялық білім мен дағдыларын дамытуға әсер етеді.

Дәріс тақырыбы: Коммуникативті әдіс.

Дәріс жоспары:

1.Коммуникативті әдіс – коммуникативті лингвистика идеялары, іс-әрекеттің психологиялық теориясы, мәдениет диалогындағы тұлғаның дамуының тұжырымдамасы.

2. Мәдениетаралық коммуникация процесінде шетел тілін оқытудың соңғы мақсаты ретінде.

3. Коммуникативті шетел тілдік білім беру тұжырымдамасын қалыптастыру бағытындағы коммуникативтік әдістің эволюциясы.

Коммуникативті әдіс – коммуникативті лингвистика идеялары, іс-әрекеттің психологиялық теориясы, мәдениет диалогындағы тұлғаның дамуының тұжырымдамасы. Мәдениетаралық коммуникация процесінде шетел тілін оқытудың соңғы мақсаты ретінде. Коммуникативті шетел тілдік білім беру тұжырымдамасын қалыптастыру бағытындағы коммуникативтік әдістің эволюциясы.

Қазіргі кезде шет тілдеріне қоғамның сұранысы өсіп отырған жағдайда шет тілдерін оқыту әдістемесіне оның кейбір мәселелерін шешуге басты назар аудару керек. Шет тілін оқыту әдістемесінің мәселелері өте көп. Біз оның тек екеуіне ғана тоқталмақпыз.

1) Мәдениетаралық қарым – қатынас.

2) Тіларалық қарым- қатынас.

Шет тілін оқыту барысында белгілі бір әдістемені қолдану әр түрлі шарттарға байланысты болады. Оның ең бастысы оқытудың алдына қойылған мақсаты, оқушының жас ерекшелігі, оқуға бөлінген уақыт, т.б.

Мысалы: шет тілін оқып үйренетін ғалым мен саяхатшының мақсаттары әр түрлі, сондықтан қойылатын әдіс – тәсілдерде өзгеше болады. Әрине, он жастағы бала мен 25 жастағы ересек адамды оқытудың әдіс – тәсілдері де өзгеше.

Осы факторлардың барлығын әдістемелік оқытуда ескерген жөн.

Осы факторлардың ішіндегі маңыздысы оқытудың мақсаты, қоғамның дамуы, басқа елдермен байланыс оқытудың мақсаттарын анықтауға тікелей ықпал етіп отырады.

Дәріс тақырыбы: Шетел тілін оқыту әдісін дамытудағы Қазақстан әдіскерлерінің негізгі бағыттары.

Дәріс жоспары:

1. Қазақстан ғалымдарының шетел тілін оқыту әдістемесін дамытуға қосқан үлесі.

2. Шетел тілін оқыту әдісін дамытудағы Қазақстан әдіскерлерінің негізгі бағыттары.

Қазақстан ғалымдарының шетел тілін оқыту әдістемесін дамытуға қосқан үлесі. Шетел тілін оқыту әдісін дамытудағы Қазақстан әдіскерлерінің негізгі бағыттары. Көрнекі құралдарды оқушылардың оқу үрдісіндегі рөліне қарай М. Махмутов екі топқа бөледі:

1. Заттың бейнелік көрнекі құралдары ( картиналар, фотосуреттер, диапозитивті суреттер, кино үзінділері, табиғи нысандар, т.б.);

2. Таңбалы көрнекі құралдар ( сызбалық көлемді модельдер, сызбалар, картиналар, т.б.);

В. Занков: «Оқушыларға затты және оның қасиеттерін көрсету бұл – сөз бен көрнекі бейненің оқушының бойында тиісті дәрежесінде қабысуына қол жеткізу деген сөз емес. Егер оқушы құбылыстың қасиетін өзі айыра алса және оған сөзбен өзі сипаттама берсе, онда оның бойында белгілі бір нысан туралы түсінік қалыптасады және қасиеттердің сөздік белгілері нақты образдармен байланысқа түседі», - деп тұжырымдайды.

Оқушылардың бақылауын ұйымдастырудың негізгі әдістемелік ережелері мен тәсілдерін профессор Т. Сабыров былай көрсетеді:

1. Мұғалім оқушылардың бақылауын ұйымдастыру үшін ең алдымен бақылаудың мақсатын, байқайтын нәрселердің мөлшерін немесе көлемін анықтап,жоспарын жасайды.

2. Бақылауда мүмкіндігінше оқушылардың барлық сезім мөлшерін қалыптастыру арқылы нәрселердің неғұрлым көп және әр түрлі қасиеттерін жан – жақты байқатқан жөн.

3. Мұғалім бақылау кезінде оқушылардың сараптама мен синтез жасап, нәрселердің негізгі қасиеттерін айыру, топтастыру сияқты ойлау амалдарын қолданып, қорытынды шығаруына басшылық ете білуі қажет

4. Бақылау кезінде мұғалім өз сөздеріне басшылық ету рөлі мен оқушылардың өздігінен жұмыс істеуінің арасында дұрыс байланыс болуын қамтамасыз етіп, олардың өздігінен бақылау қабілетін мейлінше дамыту мақсатын көздеуі керек.

Демек, мұғалім баяндайды, әңгімелейді, түсіндіреді, көрнекі құралдар мен техникалық құралдарды көрсетеді, ал оқушылар сол кезде тыңдайды, қызығады, қабылдайды, бақылайды және т.б. танымдық әрекеттенеді.

1.Негізгі әдебиеттер тізімі:

1. Андриевская В.В Возрастные особенности деятельности старшеклассников на уроках иностранного языка \Иностранные языки в школе\.

2. Артемов В.А. Курс лекций по психологии. Харьков: Изд-во

3. Харьк.Гос. унив.

4. Артемов В.А.Психология обучения иностранным языкам.

5. Беляев Б.В. Очерки по психологии обучения иностранным языкам.

6. Витт Н.В. Психологические вопросы индивидуализации обучения иностранным языкам в средних специальных учебных заведениях. М. Высшая школа 1975.

7. Гурвич П.Б. Теория и практика эксперимента в методике преподавания иностранных языков.

8. Давыдов В.В, Маркова А.К. Крнцепция учебной деятельности школьника. Вопросы психологии.

9. Кунанбаева С.С. Современное иноязычное образование методология и теория. Алматы 2005.

10. Иностранные языки в школе. Научно-методический журнал. М., 2006

11. Основные направления в методике преподавания иностранных языков в XIX – XXвв. – Под редакцией Рахманова И.В.-М., 1972

12. Комков И.Ф. Методика преподавания иностранных языков

13. Миролюбов А.А. Из истории методов обучения. ИЯШ №4, 5, 6 -2002; №1-6 -2003; №2-3-2004.

14. Миролюбов А.А. История отечественной методики обучения ИЯ.-М., -2002.

15. Громова О.А. Аудио – визуальный метод и практика его применения- М.,1977.

16. Пальмер Г.Е. устный метод обучения иностранным языкам. М., 1961.

17. Уэст М. Обучение английскому языку в трудных условиях. – М., 1966.

18. Щерба Л.В. Преподавание иностранных языков в средней школе. Общие вопросы методики. – М., 1947

19. Курманбаев Н.М. Методика обучения английскому языку в казахской аудитории. Алма-Ата, «Мектеп», 1988.

20. Грузинская И.А. Методика преподавания английского языка.-М., 1947.

12. Қосымша әдебиеттер тізімі:

1. Каспарова М.Г. О некоторых компонентах иноязычных способностей и их развитие у школьников. Иностранные языки в школе.

2. Каспарова М.Г. Развитие иноязычных способностей как основа индивидуализации обучения иностранному языку.

3. Китайгородская Г.А.Методика интенсивного обучения иностранным языкам.

4. Климетенко А.Д., Миролюбов А.А. Теоретические основы методики обучения иностранным языкам в средней школе.

5. Пассов Е.И. Коммуникативный метод обучения иностранному говорению.

6. Рахманов И.В. Основные направления в методике преподавания иностранных языков.

7. Китайгородская Г.А. Методические основы интенсивного обучения иностранным языкам. – М., 1986.

8. Козлов П.Г. Интегративная роль результата в технологии обучения иностранному языку // Новые технологии в учебном процессе в ВУЗе. – Алматы, 1986.

9. Пассов Е.И. Основы коммуникативной методики обучения иноязычному общению. М., 1989.

10. Щукин А.Н. Обучение иностранным языкам. Теория и практика. Учебное пособие для преподавателей и студентов. М., 2004.

11. R.Lado, Ch.Fries. English Pattern Practices. – USA, 1958

12. Jack C. Richards, Th. Rogers. Approaches and Methods in Language Teaching. – USA, 1987.

13. Dianne Larsen – Freeman. Techniques and Principles in language Teaching-2003

14. Г. В. Рогова. Методика обучения английскому языку. Лениград,1975

Наши рекомендации