Дәріс №1. Аударма алды мәтін талдау пәніне кіріспе
АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТҰРАН-АСТАНА» УНИВЕРСИТЕТІ
Леуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы
БЕКІТЕМІН Тұран-Астана университетінің ОӘК-нің төрағасы
э.ғ.к., профессор М.К. Шайжанов
_________________________ «______» __________2016 ж.
ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
(СИЛЛАБУС)
5B020700-«Аударма ісі» мамандығы
«Аударма алды мәтін талдау» пәні
БП/ТК Таңдау компоненті
Астана-2016
1.Юсбекова Н.Н. – аға оқытушы, магистр
Жұмыс тел.:-+7(717)2395210
Моб.: +7076609037
E-mail: [email protected]
2. Пән атауы: «Аударма алды мәтін талдау»
Кредит саны: 3
Оқу пәннің өтілетін уақыты мен орны
«Аударма алды мәтін талдау» пәні 5 семестрда оқылады.
4. Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері:
Пререквизиттер: мамандыққа кіріаспе, аударма теориясы
Постреквизиттер: ауызша аударма, жазбаша аударма, ілеспе аударма, техникалық аударма
Оқу пәнінің сипаттамасы
Оқу пәнінің сипаттамасы
«Аударма алды мәтін талдау» курсы «Аударма ісі» мамандықтарында таңдау пәні ретінде оқытылады. Аударма алды мәтін талдау курсы болашақ мамандар аударма жасамас бұрын мәтінге талдау жасай алу керек, осы ретте аталмыш пәннің маңызы зор. Курста аудармашылар мәтіннің құрылысына талдау жасайды, мәтіннің ақпараттық мәніне тоқталып, жанрлық ерекшеліктерін анықтайды. Аталған пәнде студенттер мәтінмен жұмыс жасағанда қолданылатын әдіс-тәсілдерді ескеріп, аударма ерекшеліктерін білуге дағдыланады.
5.2 Оқу пәнінің мақсаты:
«Аударма алды мәтін талдау» курсы аудармашылар үшін мәтіндермен дұрыс жұмыс жасауға дағдыландырады. Студенттер мәтіндерде аудару ерекшеліктерімен, аударма әдіс-тәсілдерімен танысады.
ТҮСІНІГІ БОЛУЫ ҚАЖЕТ:
Студенттер «Аударма алды мәтін талдау» пәні бойынша алған білімдерін тәжірибеде қолдана алу қажет. Аударма барысында мәтін түріне сәйкес аударма тәсілдерін қолдана алу керек.
БІЛІМІ:
Студенттер мәтіндерді аудару барысында атқарылатын жұмыстармен танысу. Аударма алды мәтін талдау мәселелерін білу. Ауызша және жазбаша аудармадағы мәтін талдау. Мәтін құрылысымен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.
БІЛІГІ:
Аударма алды талдау жасай алу,мәтіннің түрін, жанрын, стилін, жазылған мерзімін, авторын анықтай алу, мәтінді дұрыс аудара алу. Студенттер тәжірибеде аударма алды мәтіндермен жұмыс жасай алуы керек.
ДАҒДЫСЫ:
Аударма түрлері мен аударма әдістерін тиімді қолдана алу, мәтіндерге толық түрде талдау жасай алу.
НЕГІЗГІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК:Болашақ маман ретінде Аударма алды мәтін талдау пәнінің теориялық және практикалық аппаратын терең меңгеруі.
Жалпы құзыреттілік:Аударма алды мәтін талдау пәнін игеру барысында алған теориялық білімдерін іс-тәжірибеде қолдана алуы.
Кәсіби құзыреттілік:Танымдық тіл білімінің теориялық, ғылыми негіздерін меңгеру, оның басты тұжырымдары мен негізгі қағидаларын маман ретінде пайдалана білу.
ОҚЫТУДЫҢ НӘТИЖЕСІ:
A. Аударма алды мәтін талдау меңгеру нәтижесінде қоршаған ортаны, адамзат қасиеттерін, қоғамдық құбылыстар мен жаратылысты танып – білудің ғылыми-теориялық негіздерін түсіну және білуі.
B. Аударма алды мәтін талдау пәнін игеру барысында алған теориялық білімдерін іс-тәжірибеде қолдана алуы.
- Аударма алды мәтін талдау жөнінде ой-пікірлері, пайымдаулары болуы.
- Оқыту үдерісіне қатысушылармен мәдениетті қарым-қатынас орнатуы.
- Аударма алды мәтін талдау пәнінің теориялық және практикалық ғылыми аппаратын меңгеру нәтижесінде оқу қабілетін дамыту.
5.3 Оқу пәнінің міндеті:
-аударма алды мәтінге талдау жасау;
-ғылыми мәтіндерде терминдерді аудара білу;
- мәтіндерді талдауда дұрыс әдіс қолдана отырып аудару;
- сөздіктермен жұмыс жасай алу.
Студенттер тәжірибеде мәтіндермен жұмыс жасай алуы керек.
ОҚУ ПӘНІНІҢ МАЗМҰНЫ
Дәріс №1. Аударма алды мәтін талдау пәніне кіріспе
Аталған курстың мақсаты бастапқы мәтінге аударма алды талдау жасай алу қабілетін дағдыландыру мен қалыптастыру болып табылады. Аударма тұрғысынан мәтінге салыстырмалы талдау жасау; әртүрлі мәліметті жеткізудегі тілдік құралдары пайдалануда екі тілдегі тілдік категориялар мен лексикалық және грамматикалық жүйелердің ұқсастығы мен айырмашылықтарын ажарыта білу; берілген тілдердегі мәдениетаралық ерекшеліктерді ескере білу.