Тіс жегісі қарқындылығының салыстырмалы бағалау шкаласы

12 жастағы балалардың КПЖС Тіс жегісінің қарқындылығы 34 – 44 жастағы КПЖС
0,0 – 1,1 Өте төмен 0,2 – 1,5
1,2 – 2,6 Төмен 1,6 – 6,2
2,7 – 4,4 Орташа 6,3 – 12,7
4,5 – 6,5 Жоғары 12,8 – 16,2
≥ 6,6 Өте жоғары ≥ 16,3

1981 ж. ДДҰ мынадай мақсат қойды: 12 жасар балаларда КПЖ =3 –ке дейін тіс жегісінің қарқындылығын төмендету. Бірақ барлық популяциядағы тістердің тіс жегісінің қарқындылығының төмендеуі популяцияның бір бөлігіндегі тіс жегісінің жоғары қарқындылығын жоққа шығармайды. Соңғы жылдары «стомотологиялық тепе–теңсіздік» анық байқалады: тұрғындардың едәуір бөлігі тіс жегісі жоқ болған кезде, азшылық популяцияның аздау қорғалған бөлініне тіс жегісінің негізгі ауырлығы түсіп отыр. Тұрғындардың жағдайы төмен топтарындағы жағдайға назар аудару үшін, ДДҰ-ның «Денсаулық барлығы үшін» деген стратегиялық мақсатына ұмтылған Братхол 2000 ж. тіс жегісінің көрсеткіш индексін Significant Caries Index (SiC) енгізді. Бұл индекс – осы популяция үшін ең жоғарғы КПЖС индексі бар тексерілген тұрғындардың үштен бір бөлігіне есептелген орташаланған КПЖС (сур. 5.4).

SiC–ті есептеу алгоритмі:

1) барлық тексерілгендер үшін КПЖС–ны жеке есептеу;

2) КПЖС–ның ең жоғарғы мәні бар популяцияның үштен бір бөлігін бөліп алу;

3) бөлінген топ үшін орташа КПЖС-ны есептеу.

2015 ж. стоматологиялық денсаулықты жақсартуға бүкіл әлемдік жаңа мақсат қойылды: 12 жастағы балаларда SiC≤3 деңгейіне жету.

Тіс жегісінің қарқындылығының көрсеткіштері тіс жегісінің ағымының түрін (белсенділік дәрежесін) анықтауға мүмкіндік береді. Аталған жастық топ үшін (КПЖС=М) КПЖС мәнінің (КПЖС+кпжс) орташа шамаларынан аспайтын көрсеткіштер тіс жегісінің компенсирленген ағымының көрсеткіші ретінде бағаланады. Декомпенсирленген және субкомпенсирленген тіс жегісі ағымы үшін КПЖС шекараларын есептеуге, статистикалық мән σ–орташа квадраттық ауытқуды қолданады.

Тіс жегісі қарқындылығының салыстырмалы бағалау шкаласы - student2.ru

мұнда К=6,5

Субкопенсирленген тіс жегісі ағымының шекаралары анықталған: бұл топта КПЖС мәні М орташа мәнінен асады, бірақ М+3σ (М≤КПЖС≤М+3σ) тең мәннің шегінен шықпайды.

Тіс жегісінің декомпенсирленген ағымында КПЖС М+3σ (КПЖС≥М+3σ) мәнінен асып кетеді.

Тіс жегісінің ағымының түрі аталған адамда жегіленген үрдістің әрі қарай дамуын болжайтын сенімді болжамдық белгі болып табылады және ол алдын–алу атсалысуларының рациональды және тиімді бөлінуі үшін қажет шара болып табылады: балалардың суб- және декомпенсирленген тіс жегісінің түріне аса назар аударады.

КПЖС көрсеткіштерінің уақыты арқылы өзгеруін тіс жегісі қарқындылығының артуы ретінде анықталады. Тіс жегісі қарқындылығының артуын ∆КПЖС КПЖС индексінің бастапқы және соңғы мәндерінің арасындағы айырмашылық деп есептейді:

∆ КПЖС = КПЖС2 – КПЖС1,

мұнда КПЖС2 КПЖС1 тіркелгеннен біраз уақыттан кейін (жыл, екі және одан жоғары) тіркелген. Бұл адамда немесе топта КПЖС–ның өзгермеген құрамы уақыт өте келе өзгермеуі немесе ұлғаюы мүмкін.

Бақылау кезінде жүргізілген алдын–алу шараларының сипаты мен санына, бірқатар шарттарға байланысты өсуі жоғары немесе аздау болуы мүмкін.

КПЖС өсуі түсінігінің негізінде тіс жегісі қарқындылығының КИД деңгейін анықтайтын шкала жатыр. Жеке КИД науқастың сүрген жылдары сонымен (N) және жеке КПЖС (кпжс) ретінде есептеледі, яғни КПЖС–ның бір жылдық орташа өсуі:

Тіс жегісі қарқындылығының салыстырмалы бағалау шкаласы - student2.ru

9 – 19 жас аралығындағы балаларда тұрақты тістердің КИД-ті есептегенде өмірінің алғашқы 5 жылын, яғни тұрақты тістер жарып шыққанға дейінгі уақытты есепке алмайды:

Тіс жегісі қарқындылығының салыстырмалы бағалау шкаласы - student2.ru

Көптеген елдердің әртүрлі жас топтарындағы КИД–ін статистикалық талдау негізінде таблица құрылған, ол әрбір адамның КИД мәнінің салыстырмалы бағасын беруге мүмкіндік береді (табл. 5.4).

Таблица 5.4

Наши рекомендации