Мекендiк жерлердiң атмосфералық ауасын қорғаудағы санитарлық қадағалау

1. "Атмосфералық ауаны қорғау" жөнiндегi заңға сәйкес, қалалық және мекендiк жерлердiң мемлекеттiк билiк және тұрғылықты өзiндiк басқару органдары, жер маңындағы атмосфералық қабатында зиянды (ластауыш) заттардың жинақталуына әсер ететiн қолайсыз метеорологиялық жағдай кезеңiнде зиянды (ластауыш) заттардың атмосфералық ауаға түсуiн реттеудi ұйымдастырады. Сәйкес болжам жасау дайындығын жергiлiктi атқарушы органдар анықтайды. Қолайсыз метеожағдайлар болжамын алғаннан кейiн зиянды (ластауыш) заттар көзi бар заңды тұлғалар (юридические лица) атмосфералық ауаға зиянды заттарды тастауды кемiтетiн iс шараларды өткiзуге мiндеттi. Атмосфералық ауаға зиянды (ластауыш) заттардан болатын апаттың (авариялық) қалдықтарының әсерiнен атмосфералық ауа қалпының өзгеруi және адам өмiрi мен денсаулығына қауiп төнген жағдайда тұрғындарды қорғау жөнiндегi табиғи және техногендiк сипатты төтенше жағдай (чрезвычайная ситуация) жөнiндегi заңға сәйкес шұғыл (экстренный) шаралар қолданылады.

Атмосфералық ауаға түсетiн қалдықтарды тазалау. "Атмосфералық ауаны қорғау" жөнiндегi заңға сәйкес атмосфералық ауаны қорғау ережелерiне сәйкес газдарды тазалау қондырғылары мен атмосфералық ауаға түсетiн зиянды (ластауыш) заттардың қалдықтарын бағалау құралдары жоқ шаруашылық немесе басқа қызметтегi объектiлердi орналастыру мен пайдалануға (эксплуатация) тыйым салынады. Газ тазалағыш (газоочистные) және тозаң қабылдағыш (пылеулавливающие) құрылғылар технологиялық және санитарлық болып екiге бөлiнедi.

Санитарлық тазалау құрылғылары - зиянды технологиялық және желдеткiштiк (вентиляциялық) қалдықтарға кедергi болатын, сол сияқты шикiзатты қайтаруға қолданылатын құрылғылар мен аппараттар.

Технологиялық тазалау құрылғылары – бұлар технологиялық процеске енгiзiлген және атмосфералық ауаға қалдықтар түсуден сақтайтын құрылғылар мен аппараттар. Көптеген газдарды тазалаудың технологиялық әдiстерiнiң негiзiне газдардың сұйық немесе қатты сiңірушi заттар (поглотители), жоғарғы температурада немесе катализаторлардың қатысуымен улы қосындылардың усыз заттарға химиялық өзгеру процестерi жатады. Сондықтан газдарды тазалауда абсорбциялау, адсорбциялау және каталитикалық әдiстер қолданылады. Өндiрiстiк қалдықтарды күкiрттi ангидридтен тазарту әдiстерi төмендегiлер: нейтрализация әдiсi – газдарды тазалаудың жоғарғы дәрежесiн қамтамасыз ететiн сульфиттер мен сульфаттар бiр уақытта қатар алынатын әдiс, бiрақ бұл өнiмдердiң халық шаруашылығында қолданылуы шектеулi; аммиакты әдiс – бұл газдарды тазалаумен қатар күкiрт тотығынан (окись серы) аммоний сульфитi мен бисульфитi алынатын әдiс, олар өз кезегiнде тауарлы өнiмдер ретiнде қолданылады, немесе қышқылмен бiрге ыдырап жоғары концентрациялы күкiрттi газ және сәйкес тұз құрайды; каталитикалық әдiс – күкiрттi ангидридтi тотықтыруға негiзделген, катализатор көмегiмен әлсiз күкiрт қышқылы алынады.

Тозаң бөлiктерiн газ ағынынан айырып алу үшiн қолданылатын тозаң қабылдағыш аппараттар:

 тозаң қондырғыш (пылеосадительные) камералар мен циклондар;

 газдарды ылғалды тазалау аппараттары;

 қуысты фильтрлер (сүзгiлер);

 электрлi фильтрлер.

2001 жылы ҚРА ЖТБИ (Жоғарғы температуралардың бiрiккен институтының) ресей мамандары мәскеулiк ЖЭО-2 (жылу энергетикалық орталық - ТЭЦ), азот тотығының қалдықтарын төмендету жөнiндегi жұмыстарын аяқтады. Ғалымдар бұл тотықтарды ауламай, олардың пайда болуының алдын алу мақсатын алға қойды. Бұл экономика тұрғысынан пайдалы болып табылады. РҚА ЖТБИ мамандары құрылғыларды ауыстырмай немесе жаңа құрылғылар жасамай-ақ жану режимiнiң жаңа көрсеткiштерiн ойлап тапты. Нәтижесiнде азот тотығының қалдықтары 2-4 есе төмендетiледi. Осы институтта электростанция қалдықтарын азот, күкiрт тотықтары мен тозаңнан тазалайтын жаңа электродинамикалық фильтр жасалынған.

Ресей ғалымдары түтiн газдарды пайдалы заттарға айналдыратын микробалдырларды тапты. РҚА өсiмдiктер физиологиясы институты және М.В.Ломоносов атындағы сезiмтал (тонкий) химикалық технология академиясының мамандары атмосферада таза көмiртегiнiң қос тотығынан өсуге бейiм балдырларды тапты. Сынау барысында олар көмiрқышқыл газ (углекислый газ) мөлшерiн 50% дейiн төмендетедi. Олар жоғарғы концентрацияда белсендi өседi, ал олардың биохимиялық құрамының әдеттегiден айырмашылығы бар. Көмiртек қостотығының жоғарғы концентрациясы жасуша (клеткалар) үшiн күйзелiс (стресс) болып табылады. Мұндай ортада алуан түрлер өздерiне тән емес бейарнайы (неспецифические) өндiрiсте қолданылатын, мысалы каратиноидтар, кейбiр көмiртектер мен майлы қышқылдар сияқты заттар шығарады және жинақтайды. Мұндағы масштабтар лабораториялық болмауы мүмкiн. Келешекте бұның атмосфераға қалдықтарды тастау мәселелерiн шешуде маңызы болады.

Новосiбiр ғалымдары көптеген өнеркәсiп қалдықтарының өзара әрекеттерiн басқару негiзiндегi қалдықсыз өндiрiстiк орталық құру идеясын ұсынды, яғни кәдуiлгi канализациялық газдың баламасын (аналогын) жасау қажет. Газ қалдықтарын канализациялық құбырлармен қала сыртына төменiрек қысыммен (атмосфералық қысымнан сәл жоғары), бiрнеше километр арақашықтыққа тасымалдау - соншалықты күрделi емес. Жапонияның Осака қаласындағы "Хиттачи Зоссен" машина жасаушы фирмасында бөлiнетiн күкiрттi газдан күкiртқышқылын (төмен концентрациялы қышқыл) алуға арналған құрылғы пайдаланылады. Құрылғыны бейстационарлық каталитикалық процесс немесе оны АҚШ химиктерi атағандай "орыс процесi", негiзiнде жаңа өндiрiстiк аппараттар шығарудағы РФ лицензиясы бойынша жапон фирмасы дайындаған. Ол әлемде тұңғыш рет РҒА Сiбiр бөлiмiнiң Катализ институтында жасалынған, өнiм шығарумен қатар құрылғы зиянды қалдықтарды тазалап, табиғатты қорғау ролiн атқарады. "Печенеганикель", Медногор мыс-күкiрттi, Красноуральск таулы-металлургиялық комбинат-тарындағы құрылғылар жыл сайын қалдықтардан 500000 т жуық күкiрт қышқылын алады. Бiр ғана құрылғы Коль түбегiнде (полуостров) күкiрттi газ қалдықтарын 15% төмендетедi. Уақыт маңызды етiп азқалдықты технологияның ролiн алға шығарды. "Мется-Серла" концернi, Скандинавия елдерiнде, өнiмiне "солтүстiк экологиялық белгi" атағы қойылған, тұңғыш қағаз жасайтын компания болып табылды. Солтүстiк елдер Министрлер Кеңесiнiң шешiмiне сәйкес бұл белгiмен 1990 жылдан бастап қоршаған ортаны қорғау шарттарын максимальдi есепке алып шығарылған өнiмдерге берiледi. Концерн шығаратын қағаздың үш түрi (сорты) аққудың бейнесi бар маркiмен белгiлену құқығына ие болды. 1990 жылы Финляндияның Каскинен қаласындағы "Мется-Ботния" фирмасының концернi құрамындағы зауытта хлор қолданылмаған өндiрiстiк целлюлозаның iрi партиясы шығарылды. Ресей ғалымдары цементтi жаңа минералдық негiзде алудың ғылыми базасын құрды. Алып айналмалы ошақтардың орнына ықшамды (компактные) конвейрлi технология келедi. Мұның бәрi атмосфераға түсетiн қалдықтарды азайтады.

2."Атмосфералық ауаны қорғау" жөнiндегi заң төмендегi жағдайларды қамтамасыз етедi:

 атмосфералық ауаны қорғауды мемлекет тарапынан бақылау;

 атмосфералық ауаға түсетiн зиянды (ластауыш) заттардың қалдықтарын рұқсат ететiн жағдайларды;

 атмосфералық ауаны қорғаудың стандарттары, нормативтерi, ережелерi және басқа да шарттарын, сол сияқты атмосфералық ауа қорғаудың өндiрiстiк бақылауын өткiзудi;

 атмосфералық ауаға түсетiн стационарлық қалдықтар көзi бар объектiлердi санитарлы-қорғау аймақтарының режимi;

 атмосфералық ауаны қорғаудың мақсатты бағдарламаларын орындау.

Атмосфералық ауаны қорғаудың өндiрiстiк бақылауын атмосфералық ауа ластайтын зиянды заттар көзi бар заңды тұлғалар жүзеге асырады. Табиғатты қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар атмосфералық ауа қорғауға бақылауды жүргiзедi. Қоғамдық бақылау, атмосфералық ауа қорғаудың экономикалық механизмi және басқа бiрқатар шаралар бар.

Бақылау сұрақтары:

1)Мемлекеттiк және жергiлiктi билiк органдарының атмосфералық ауа ластанған жағдайдағы мiндеттерi.

2)Атмосфералық қалдықтарды тазалайтын құрылғылар.

3)Атмосфералық ауа қалдықтарын тазалау әдiстерi.

4)Атмосфералық ауа қалдықтарын жоюдың жаңа технологиялары.

Оқытудың техникалық құралдары: интербелсенді тақта

Лекция оқудың тәртібі, оқыту әдістері мен түрлері: түсіндіру, баяндау, пікір алмасу, сұрақ-жауап

Бақылау сұрактары: (20 балға дейін)

1)Атмосфералық ластауыштарды гигиеналық нормалау, оның негiзгi ережелерi.

2)Атмосфера ауасының ластану дәрежесiнiң сипаттамасы, оны бағалау.

3)Ластауыш заттар концентрациясының деңгейi және ол неге байланысты болады?

4)Ұйымдасқан және ұйымдаспаған қалдықтар, олар қандай шамамен өлшенедi? Экологиялық нормалау мен сараптама негіздері.

1 Қадағалау постарын таңдау үшін нені зерттеу қажет?

2 Стационарлы постардың орнласуын кім таңдайды?

3 Посттардың саны неге байланысты және қалай анықталады?

4 Стационарлы постар қалай жабдықталады?

5 Стационарлы, маршрутты және қозғалысты постардың бағдарламасы және мерзімдері.
6 Ауаның ластануын бағалау үшін қосымша қандай қадағалаулар жүргізеді?

СӨЖ және ОБСӨЖ тапсырмалары (слайд):(30 балға дейін) Атмосфераны табиғи ластаушылар. Атмосфераның әртүрлі өнеркәсіп салаларынан ластануы. Атмосфераның автокөліктермен, оның ішінде авиациялық транспорттармен ластануы. Ластануыдың деңгейлері.

Әдебиет:

Негізгі:

1. Полонский В.М. Охрана воздушного басссейна.-М., 2006.

2. Брюхань Ф. Промышленная экология.-М.: «Форум», 2013.

3. Воровьев В.И. Эколого-градостроительные основы расчёта приземных

концентраций газа.-М., 2006.

4. Брюхань Ф. Промышленная экология.-М.: «Форум», 2011.

5. Рекомендации по оформлению и содержанию проектов нормативно

предельно допустимых выбросов в атмосферу (ПДВ) для предприятия

Республики Казахстан. РНД 211.2.02.02-07. Алматы, 2007.

Қосымша:

1. Методическое пособие по расчету, нормированию и контролю выбросов

загрязняющих веществ в атмосферный воздух. НИИ Атмосфера.- Спб., 2005.

2. Пыле – и газоулавливающие устройства. Методические указания к

выпускной работе для студентов – бакалавров специальности 5В0717 -

Теплоэнергеника. - Алматы: АИЭС, 2010 - 44 с.

Наши рекомендации