Тақырып № 2 Үйлердің микроклиматын гигиеналық бағалау. Жылытуды бағалау-3 сағат.

Мақсаты. Тұрғын және аурухана бөлмелеріндегі микроклиматтық жағдайларын бағалау және оның қолайсыз әсерлерін алдын алу жөніндегі білімдері мен дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

- ағзаның жылу гомеостазын жылу мен қамтамасыз етудегі химиялық және физикалық термореттелудің рөлі жөніндегі білімді қалыптастыру;

- тұрғын үйлер мен ЕАМ микроклимат көрсеткіштері және олардың нормативтері жөніндегі білімді қалыптастыру;

- жылытудың оптималды жүйелері жөніндегі білімді қалыптастыру;

- бөлмедегі ауаның физикалық көрсеткіштерін анықтау дағдысын қалыптастыру;

- жылу сезінуі бойынша адамның жылулық жағдайын анықтау дағдысын қалыптастыру;

- микроклиматты бағалау дағдысын қалыптастыру;

- микроклиматты оптимизациялау бойынша алдын алу шаралары жөніндегі дағдыны қалыптастыру;

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Адамның жылу ретттелу механизмі

2. Адамның қоршаған ортамен жылу алмасуын анықтайтын ауа ортасының физикалық факторлары және гигиеналық маңызы.

3. Микроклимат, адамның жылулық жағдайын анықтайтын ауа ортасының физикалық қасиеттерінің жиынтығы ретіндегі адам организміне қолайсыз микроклиматтық жағдайларының әсері

4. Микроклиматтық жағдайлардың қолайсыз әсерлерінің алдын алу жөніндегі шаралар.

5. Ауа ортасының физикалық факторларын бағалау және өлшеу әдістері.

Оқыту және сабақ беру әдістері:кіші топтармен жұмыс істеу: температураны, ауаның қозғалу жылдамдығы, салыстырмалы ылғалдылығын өлшеу аспаптарымен таныстыру, жағдайлық есептерді шешу.

Дебиеттер

Негізгі:

1.Гигиена / Под ред. акад. РАМН Г.И.Румянцева.- М.:ГЭОТАР:Медицина,2000.- С.76-110, 197-220.

2.Пивоваров Ю.П., Королик В.В., Зиневич Л.С. Гигиена и основы экологии человека. – Ростов н/Д:»Феникс».2002.- С.59-73, 31-47, 48-53.

3. Пивоваров Ю.П. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене и основам экологии человека. 3-е изд. – М.:ГОУВУНМЦ МЗ РФ, 2001. – С.7-16, 190-194.

Қосымша:

1.Амрин М.А. Гигиеническая оценка воздушной среды/Учебно-методическое пособие для студентов медицинских факультетов. – Алматы: КазНМУ, 2003. – С. 6-21, 48-50.

2.Гурова А.И.,Горлова О.Е. Практикум по общей гигиене.-М.:Изд-во Университета дружбы народов.1991.- С.11-31

3. Гончарук Е.И., Кундиев Ю.И., Бардов В.Г. и др. Общая гигиена: пропедевтика гигиены.- К.:Вища шк.,1999.- С.177-237, 140-142, 237-289.

4.Пивоваров Ю.П. и др. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене. - М.: Медицина, 1983.- С.93-101.

5.Румянцев Г.И. с соавт. – Общая гигиена.- М.: Медицина,1985.- С.263-268.

6. Санитарные правила и нормы «Требования к устройству и содержанию больничных

организаций и организаций охраны материнства и детства» от 24.06 2002 г.

Бақылау

1. Сұрақтар бойынша ауызша сұрау арқылы бастапқы білім деңгейін бақылау:

1. Микроклимат. Микроклимат көрсметкіштері.

2. Ауаның жоғарғы және төменгі температурасының ағзаға әсері.

3. Ылғалдылықтың гигиеналық маңызы. Ылғалдылық түрлері. Өлшеу бірлігі.

4. Ауа қозғалысының гигиеналық маңызы. «Жел раушаны» оның қосалқы маңызы.

5. Барометрлік қысымның гигиеналық маңызы. Ағзаға жоғары және төменгі барометрлік қысымның әсері.

6. Бөлменің оптималды микроклиматын қамтамасыз ету бойынша шаралар негізінде микроклимат көрсеткіштерін гигиеналық нормалау.

7. Микроклимат түрлері: комфорттық, дискомфорттық қыздыратын және салқындататын.

8. Адам ағзасына қолайсыз микроклиматтық жағдайлардың әсері.

9. Микроклиматтық жағдайлардың қолайсыз әсерін алдын алу бойынша шаралар.

10.Ауаның температурасын, ылғалдылығын және қозғалу жылдамдығын анықтау бойынша әдістер.

11.Жылытудың әртүрлі жүйлерінің артықшылығы мен кемшілігі.

3. Студенттердің өзіндік жұмыс жасау барысындағы соңғы білім деңгейлерін бағалау:

· Тапсырма 1. Аспаптық зерттеулер нәтижесімен және өзінің жылу сезінуі бойынша микроклиматтық жағдайларға баға беру және жұмыс принципімен таныстыру.

· Тапсырма 2.Ылғалдылықты, температура мен ауаның қозғалысы жылдамдығын анықтауды, аспаптармен зерттеулер жүргізу, нормативтермен салыстыру және оны оптимизациялау бойынша ұсыныстар беру.

Наши рекомендации