Пайдаланғанәдебиеттер

1. Кылышбаева Б.Н., Дуйсенова С.М.Әлеуметтікжұмыстағыұйымдастыру, әкімшілікжәнебасқару // Қазақуниверситетi 2011г.

2. Әлеуметтік жұмыс: Учеб. пособие /Отв. ред. Г.С. Абдирайымова. – М.: ИНФРА-М, 2014. -470 с.

3. Заяц О. В. Организация, администрирование и управление в социальной работе: Учебное пособие. - Владивосток: ТИДОТ ДВГУ, 2004. 142с.

4. Донцов Д. А. Организация, управление и администрирование в социальной работе. Учебное методическое пособие для студентов высших учебных заведений, обучающихся по специальности «Социальная работа» / Кафедра социальной работы - М.: МГПУ, 2006.

5. Организация, управление и администрирование в социальной работе: Учеб. пособие /Отв. ред. П. В.Палехова. – М.: ИНФРА-М, 2008. – 128 с.

ДәрісҰйым басқару функциясы ретінде.

Ұйымның мінездемесін білу маңызды, өйткені олар ұйым құрылымының спецификалық бөлігі болып табылады. Мұндай мінездемелер ұйымды жеке адам немесе тұлға ретінде сипаттайды. Ұйымның жалпы мінездемесі:

Ресурстар. Ұйым қолданатын негізгі ресурсар: еңбек, қаржылық, материалдық, технологиялық және ақпараттық.

Сыртқы ортадан тәуелділік. Қоршаған ортамен әрекет етпейтін бірде бір ұйым жоқ. Ұйым сыртқы орталан тәуелді, ресурстары мен тұтынушылық қатынастары жағынан.

Еңбектің көлденең бөлінісі. Барлық жұмыс компоненттерге бөлінеді. Мұны әдетте еңбектің көлденең бөлінісі дейді.

Бөлімшелері. Еңбектің көлденең бөлінісінің нәтижесінде арнайы мақсаттарға жететін және спецификалық міндеттерді орындайтын бөлімшелер құрылады.

Еңбектің тігінен бөлінісі. Жұмысты құрамдас бөліктерге бөлу іс қызметтің координациясынталап етеді. Топтың жұмысы жемісті болу үшін оның жұмысын әлдекім бақылап отыруы қажет. Басқарудың бар мазмұны да басқалардың әрекеттерін бақылаумен сипатталады.

Ричард Дафт ұйым мінездемесін екіге бөледі: құрылымдық және контексттілік. Құрылымдық мінездеме ұйымның ішкі құрылымының ерекшеліктерін көрсетуге, олардың санын көрсетуге және мынадаай сипаттамалар бойынша салыстыруға мүмкіндік береді:

Формальдылық – ұйыммен қолданылатын жазбаша құжаттардың саны. Құжаттарға нұсқаулықтар, техникалық сипаттамалар, бұйрықтар мен уставтар кіреді. Мұндай жазбаша құжаттар ұйымның қызметін сипаттайды. Формальдылық әдетте ұйымда қолданылатын құжаттар бетінің санымен өлшенеді.

Мамандану (еңбек бөлінісі) – ұйымның міндеттері қаншалықты мамандану белгілері бойынша бөлінгенін көрсетеді. Егер мамандану төмен болса, бір маман бірнеше қызмет атқарады.

Билік иерархиясы – ұйымда кім кімге бағынатынын және әр маманның жауапкершілігін көрсетеді. Ұйым құрылымындағы иерархия тік сызықтармен көрсетіледі.

Орталықтану – егер шешім қабылдайтын жұмысшылар иерархияның жоғарғы жағында орналасса, онда ұйым орталықтанған. Ал төменгі жағынан қабылданса, онда ұйым орталықтанбаған.

Кәсібилік – жұмыскерлердің формальды білімі мен даярлық дәрежесі. Кәсібилік әдетте ұйым қызметкерлерінің оқуға жұмсаған орташа жылдарының көрсеткішімен сипатталады.

Контексттілік мінездемелер ұйымды жалпылай сипаттайды, оның ішінде ұйым пайдаланатын көлемі, технологиясы, құрал-жабдықтары және алға қойған мақсаттыры бар. Одан басқа ұйымға әсер ететін және оның құрылымдық мінездемесін құратын қоршаған ортаны да сипаттайды:

1) Көлемі. Ұйымның, ондағы жұмыс істейтін адамдар санының мөлшері. Ұйымды ашық жүйе ретінде қарастырғандықтан, оның қызметін тұтынушылар саны да көлемге әсерін тигізеді.

2) Ұйым қолданатын технологиялар. Бұл – құрал жабдықтар, қызмет және өндіріс әдісі арқылы ұйым келетін ақпараттарды тұтынушыларға ұсынатын қызметтер мен тауарлар.

3) Қоршаған орта – ұйымның қызмет ету аясы, тұтынушылар, өндірушілер, қаржылық орта және үкімет.

4) Мақсат пен стратегия – ұйымның міндеттері мен олардың орындалу жолдары.

5) Мәдениет – барлық қызметкерлерге ортақ құндылықтар, көзқарастар, сенімдер жиынтығы. Осы негізгі құндылықтар қызметкерлер міндеттемелері, жүріс тұрыс этикасы мен ережесі, тиімділік және клиентке қызмет көрсетуде көрініс табады.

Аталған құрылымдық және контексттілік мінездемелер бір біріне әсер етуі мүмкін. Осы мінездемелер ұйым туралы құнды ақпарат болып табылады.

Наши рекомендации