Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. www.akorda.kz ҚР Президентінің Халыққа жолдауы

2. Омирсеитова А, Родионов А, Сартакова Л. Формирование информационного поля столицы: тенденции и перспективы. – Астана: ОФ Сарапшы, 2009. – 131стр.

3. Оразалы С. Шығармалары үш томдық. III т - Астана: Фолиант баспа үйі, 2011. Өмір айнасы. Телевизия туралы толғаныстар. – 560 бет.

4. Есенбекова Ұ. Тележурналистика: телехабар жасау технологиясы. – Алматы: ЖШС РПБК Дәуір, 2011. – 220 бет.

5. Кузнецов Г, Цвик В, Юровский А Телевизионная журналистика. – Москва: Издательство МГУ , 2002. – 304 стр.

6. Барманкулов М. Телевидение: деньги или власть? – Алматы: Санат

баспасы, 1997. – 270 стр.

.....

Осымша

Жүрегінен от шашқан ҰСТАЗ» атты фильмнің мәтіндік сценарийі

Фильмнің хронометражы – 20 минут

Мазмұны – ұстаздығы мен азаматтығына арналған

Хабар шапкасы: 30секунд (Тойбастар, Көңілашар күйлерімен)

КСМ: Тілші «Алып анадан туады» деген қанатты сөз бар. Қазақ журналистикасын әлемге танытып жүрген «Жүрегінен от шашқан Ұстаз» Намазалы Омашұлы қасиетті Жамбыл облысы Мерке ауданы Ойтал ауылында 1950 жылы 19 қаңтарда дүниеге келген. Әкесі Омаш Иманалыұлы әңгімеге шебер, сөзге ұста, арысы - Тараз, берісі - Меркі өңіріне белгілі болған адам. Ел таныған әкенің ұлын бүгінде жұрты ардақ тұтады.

КСМ: ТілшіАуыл қара домалақтары сияқты ертелі – кеш доп қуды. Асау атты ауыздықтап, шабандоз атанды. 1967 жылы Сұрат орта мектебін бітірді. Ауылшаруашылығы институтына түсті. Оның бойындағы сөз өнеріне деген құштарлық, «ат айналып қазығын табады» дегендей, адастырмай 1969 жылы ҚазМУ-дың Журналистика факультетінен бір-ақ шығарды. Студент Намазалының алғырлық қасиеті – курстастар арасында көшбасшы болуға итермеледі. Ол қазақ журналистикасының абыздары Қайыржан Бекхожин, Тауман Амандосов, Темірбек Қожакеев, Әбілфайыз Ыдырысовтардың тәлімінен сусындады. Ұстаздар ісін жалғастырып, жаңа идеяларды тоғыстырған «көпірі» атанды. Өздері «темірдей Темкең» дейтін Темірбек Қожакеевтің қаталдығы шәкірті Намазалының бойында да бар қасиет.

СНХ: Намазалы Омашұлы Титр – ф.ғ.д., профессор

КСМ Тілші:Қызығы мен шыжығы қатар өрген студенттік шақта өте шықты. Қара шаңырақ бүгінгі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін 1974 жылы тәмамдады. Атақты Журфактың осы жылғы түлектерінің ешқайсысыда осал болмағанын өмір дәлелдеп келеді. Бір курстан бес бірдей ғылым докторы, профессорлардың шығуы әр курстың бағында жанбаған жұлдызды жағдай.

СНХ: Тұрсын Жұртбай Титр – курстасы, ф.ғ.д., профессор

Рамазан Стамғазиевтің «Біздің елдің жігіттері » әні

АЙЫРМА

СНХ: Қайрат Сақ Титр – шәкірті, ф.ғ.к., доцент

Стэнд-ап: титр – Абзал Қалиев(Қазақ радиосының студиясы)

СНХ: Гүлмира Қаракөзова Титр – шәкірті, Қазақ радиосы Астана филиалының директоры

КСМ: ТілшіТабиғатынан зерек Намазалы Омашев қазақ журналистикасының мэтрі, ғалым Марат Барманқұловтың көңілінен шықты. Қазақ бөліміне радиожурналистика пәні бойынша оқытушы қажет екенін айтып, 1977жылы ұстаздық қызметке шақырады. Намазалы Омашев жаңа жұмыста да іскерлігін, белсенділігін көрсетті.

Стэнд-ап: титр - Мейрамгүл Құспан(Намазалы Омашұлының студенттер алдындағы «алғашқы» дәріс оқығаны есінде ме екен?!)

СНХ: Намазалы Омашұлы Титр – ф.ғ.д., профессор

КСМ: Тілші1984 жылы Мәскеу қаласында одаққа әйгілі журналистика теоретиктерінің алдында «Фильетон – радиожурналистика жанры» атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын, ал 1992 жылы «Қазақ радиохабары: қалыптасу және даму проблемалары» туралы докторлық диссертациясын табысты қорғады.

СНХ: Аязби Бейсенқұлов Титр – шәкірті, ф.ғ.к., доцент

Тілші: КСМ1995 жылы ЮНЕСКО-ның жанындағы Дүниежүзілік Коммуникация мен журналистиканың «Орбиком» ұйымына Орта Азия бойынша Намазалы Омашұлы ғана мүше болды. Намазалы Омашұлының еңбектері ғылыми ортада ғана емес, сонымен қатар алыс-жақын шет елдерде де үлкен резонанс тудырды. 2001 жылы Кембридждің Халықаралық Өмірбаяндық орталығы Журналистикадағы тын ойларын өзгеге мойындатқан қазақ ғалымына «Жыл адамы» деген атақ берді. 2007жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың БАҚ саласындағы сыйлығының лауреаты атанды.

СНХ: Ғаділбек Шалахметов Титр – Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Телерадио және қоғаммен байланыс » кафедрасының меңгерушісі

АЙЫРМА

Наши рекомендации