Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 6, 7

№7 Тақырып. Аударма алды мәтін туралы мәлімет жинау мәселесі

Мақсаты: Аударма алды мәтін талдау жұмыстарын ұйымдастыру. Мәтін туралы мәлімет жинақтау. Мәтінге жан-жақты талдау жасау.

Кілт сөздер: мәтін, мәлімет, анализ және синтез.

Жоспар:

1. Аударма алды мәтін талдау жұсытары

Қазіргі кезде қазақ аударма ісінің басты парызының бірі – ресми, іскерлік тілдің, саясат, ғылым мен техника тілін заман талабына сай қазақ тілінде сөйлесу. Аударманың әлеуетін пайдаланып,қазақ тілінің табиғатына нұқсан келтірмей, оның үздік үлгілерін жасау. Ол үшін аударма үрдісін ғылыми жолға қолға алу қажет.

Аударматтнудың, ғылымдардың көрсетуінше, 10 аспектісі бар. Соның ішінде қолданбалы аударматтануға айрықша мән береді. Өйткені қолданбалы аударматтау тікелей аударма жүйесін қамтамасыз етуді көздейді. Мұның негізгі міндеті аудармашыларға арнап әртүрлі көмекші құралдар түзу, оларды жетілдіру. Мысалы: түсіндірме сөздіктер, көптілді сөздіктер, лингвоелтанудық сөздіктер, аудармашыға арналған әртүрлі анықтамалықтар.

Қазіргі кезеңде аударма ғылымы аударманы тіларалық үрдістерін ретінде қараудан гөрі, оның қоғамдық қызметіне, ұлтаралық қарым-қатынас құралы ретіндегі қызметіне ойысып келеді. Мұның өзі-аударманың прагматикалық қырына негізгі қағида деп қарау. Прагматикалық лингвистика нысандардың арасындағы қарым-қатынасты ойдағыдай жүзеге асыру жолдарын іздейді. Ал комменикативтік лингвистикалық, нақты айтқанда, тілдесім теориясында, басты екі нысан бар: адресат (ақпарды қабылдаушы) және адресат (ақпарат жолдаушы). Тілдесім мақсатына жету үшін адресаттың мүддесі көзделеді. Осы тұрғыдан кезгенде, аударманы екі тілдік тепе-тендікке жетудің құралы деп есептеу жөн емес. Мәселе аударманың екі тіл иелерінің арасындағы дәнекер болуында. Ғалымдар аударманың осындай дәнекерлігін жүзеге асырудың мынадай амалдарын көрсетеді: мазмұндау, терме аударма, түйіндеме аударма, бейімдеп аудару, жатсындыру, тілмаштық, мәтінді өңдеу. Ал шын мәтініндегі аударма екітілді қарым-қатынасты біртілді қарым-қатынасқа барынша жуықтатуды міндет тұтады, мұнда талап жоғары болғанымен, тепе-теңдікке жетуді мұрат етпейді. Демек, қазіргі аудармашыларды осы жұмыстарға бағыттау қажет.

Аударма ісі аударма стратегиясын ұстанады. Аударма стратегиясы деп нақты бір мәтінді аударғанда аудармашы әрекетінің реті мен мәнін ұғыназ.

Эксперттік қызметке аудармашының мәдениетаралық, тіларалық қатысымды жүзеге асыруы, мәтін дизайнері қызметіне түпнұқа тілін білмейтін адамға белгілі бір мақсатпен лайықтап тілдік өнім жасауы жатады, реципиентпен жұмыс істеу аударма мәтінді қабылдаушыға не қажеттігін нысанды түрде шешуге көмектеседі. Аударма стратегиясын орындаудың үш кезеңі болады: мәтінді алдын ала талдау, балама нұсқаларды іздеп тауып таразылау, аударма нәтижелерін талдау.

Аударар алдында түпнұсқа мәтінмен жұмыс жасау (мәтінді алдын ала талдау) туралы. Қазіргі аударма ісіне (көркем аудармадан басқасында), тәжірибе көрсеткендей, көбінесе бастапқы сөзден я сөйлемнен бастап сырпыра аудару себебінен (бәлкім, уақыт тарлығынан, мұрсаттың аздығынан) көптеген кемшіліктер орын алып отыр. Мұндайда аудармашы өзінің екі тілді білуіне ғана немесе екітілді сөздік мәліметіне ғана сүйенеді. Екі тілді білген адамның бәрі аудармашы бола бермейтінін ескері қажет. Жалпы екітілді сөздік баламаны білу аударма іс-әрекетіне катализаторлық қана қызмет атқарады. Сыпыра аудару барысында стильдік бояуы өзгеше, бағалау мәтініндегі сөз қолданыстар не контекстегі мәні басқаша сөздер я басқа бірліктер бар екенін аудармашы кейінгі сәттерде, кеш байқайды да түзетіге кіріседі. Мұнын өзі аударма ырғағын бұзады. Сондықтан уақытты тиімді жұмсау үшін, жақсы нәтиже үшін аударуға дайындалу қажет. Бұл дегеніміз түпнұсқа мәтінге көз жүгіртіп оқып шығудан басталады. Егер кітап көлеміндегі мәтін болса я үлкен көлеміндегі мәтін болса, әр тұсынан оқып, шолып шығу қажет. Сонын соң бірнеше үзінділер таңдап алып талдау жасалады. Талдаудың мақсаты – алдымыздағы мәтіннің қандай мәтін екенін анықтау. Сонымен қоса тапсырыс беруші аудармашыдан не талап ететінін, аударманы тұтынушы нені күтетінін білген жөн. Сонда ғана аударма экстенсивтілік интенсивті қарқынға ауысады.

Наши рекомендации