Ойға шабуыл, ой түю.

Талдықорған, 2016ж.

Мақсаты:Балаларды зиянды әдеттермен таныстыра отырып, олардың адам ағзасына зияны туралы түсінік беру; балалардың рухани қабілетін дамыту; сурет арқылы жай-күйін бақылау.

Қатысушылар:Жоғары топ балалары.

Мерзімі:Қазан

Құрал-жабдықтар: плакат, түрлі-түсті қарандаш, фломастер, бояулар, нашақорлыққа байланысты суреттер.

Жоспары:

v Сәлемдесу (шаттық шеңбері)

v «Атомдар мен молекулалар» ойын

v Ойға шабуыл (слайд), ой түю

v «Сурет байқауы» сурет салу

v «Бос микрафон» рефлексия

Барысы:

1.Кіріспе сөз (арт терапия тақырыбын, мақсатын түсіндіріп кету). Сәлемдесу, шаттық шеңбері. Оқушылар шаттық шеңберіне тұрып бір-бірінің қолдарын ұстап топпен «Денсаулық» тілейді.

Атомдар мен молекулалар» ойыны

Әр қатысушы жеке атом. Жүргізушінің айтуы бойынша атомдар қозғалысқа түседі, бір-бірімен жеңіл қақтығысады. Жүргізуші қанша атом қосындысын атайды оқушылар сол санға қарай молекула болып топтасулары қажет. Осылайша қатысушылар топтарға бөлініп, оларға «Болашақ», «Денсаулық», «Салауат» топтардың есімдері қойылады.

Ойға шабуыл, ой түю.

Қатысушыларға алдын ала тақырып бойынша дайындалған слайд ұсынылып, сұрақтар қойылады. Нашақорлықтың зияны мен салдарлары туралы мағұлматтармен қатысушыларды таныстырып, өздерінің ой пікірлерін тыңдау.

Наркотик ( гр. ναρκωτικός — естен айырылу) — БДСҰ-ның анықтауы бойынша, ауру сезгіштікті жоятын химиялық есірткі. Термин әдетте есiрткi анальгетиктер деп аталған апиыны бар заттарға немесе опиоидтарға жатады. Алғаш болып «наркотик» деген анықтаманы сезгiштiктi жоғалтуға алып келетін заттарды сипаттау үшін грек емшісі Гиппократ қолданған. Бұл анықтаманы дәрігер болған Клавдий Гален да қолданған. Наркотикті сипаттау үшін Клавдий Гален көбінесе мандрагор, семена эклаты и макатамырын немесе эклат тұқымдарын және көкнәрді терең зерттеген. Аталмыш терминнің мәні XX ғасырда кеңiдi. Алдыңғы уақыттарда «наркотик» деген мағынаны беретін сөз, уақыт өте көпмағыналы бола бастады.

Наркотик ұғымы. Көп жағдайларда медицинада және
юриспруденцияда «наркотик» ұғымы толық бір мағынаны бере бермейді. Бұл салаларда барлық заңсыз және жүйке жүйесін уландыратын химиялық өнімдер, наркотик ұғымына қосылады. Мысалы, Канада және АҚШ елдерінде есірткі қатарына кокаин, каннабис және опиоидтар жатқызылған.
Мағыналық жағынақ келіспеушіліктер көп болғандықтан, бұл анықтаманы олық өзіне сәйкес мағынасында атаған жөн.

Есірткіге әуестенген адамның өмірі қысқа болады дейді. Оның себебі неде?Нашақорлықпен ауратындардың өмірі ұзаққа бармайды. Алғашқыда ляззат алу үшін, кейіннен ауырмау үшін ғана қолданатын болады. Демек, алғашқыда ляззат алу үшін күніне 0,1 грамм кететін болса, кейін 0,2 грамм қолдануы керек болады. Сөйтіп, дозаны бірден өсіріп алады да, денелерін улап тастайды нәтижесінде мидың тыныс алу орталығы тоқтайды.

Марихуана – кептірілген, ұсақ туралған жапырақтың, тұқымдар
мен жасыл, қоңыр немесе сұр түсті сора гүлдерінің қосындысы.
Марихуана – көптеген елдерде, оның ішінде Қазақстанда көп таралған заңсыз есірткі. Марихуананы шегуді кейбіреулер денсаулыққа зиян емес деп
санайды. Алайда, ол денсаулыққа үлкен зиян келтіреді. Марихуананың ықпалындағы адамның басы айналады, жүрісі бұзылады, үнемі күле береді және есте сақтау қабілеті төмендейді.

Героин - ең алдымен опий пайда болды, содан кейін одан морфин
алынды, одан героин шығарылды. Героин өзінің есірткілік белсенділігімен морфийннен әлдеқайда асып түседі. Ол қыздырғаннан кейін тамырға егіледі, шегіледі, онымен демалады. 2008 жылдың 8 айы ішінде Астана қаласында героиннің дозасын асырып қолданғаннан 19 жастан 30 жасқа дейін 48 адам көз жұмған. Нашақорлардың түн ұйқылары бұзылады, артериалдық қан
қысымы төмендейді, ине салу нәтижесінен тамырлары тесіледі, бауыры мен бүйректері ауырады, организмі дене және психологиялық жағынан әлсірейді, гепатит пен СПИД-ке шалдығады, ақырында өлімге әкеп соғады.

Кокаин – коки өсімдігінен шығарылған, негізінен ақ ұнтақ тәріздес есірткі. Кокаин ұнтағын ұсақтап мұрын арқылы тартады немесе тамырға енгізу үшін езеді. Кокаинді тек бай адамдар қолдана алады, себебі оны сатып алу үшін аптасына мың доллардан астам ақша жұмсалады. Оған тез үйреніп кетуге болады. Кокаинді қолданушылар паранойд болып келеді, олар миына қан құйылуынан, жүректің қысылуынан кенеттен өліп кетеді. Алғашқы дозадан алған жақсы әсерлерді сезіну үшін кокаинді жиі және көптеп қолдану керек болады. Есірткіні алғашқыда эйфорияны сезіну үшін енгізсе, кейін тек өзін жақсы сезініп, күйзелу немесе шаршаған жағдайын кетіру үшін қолданады. Қолданудың ақыры – сандырақтауға, дем алуының бұзылуына, есінен тануына, ақырында өлімге әкеліп соғады.

ҚР Қылмыстық іс-жүргізу кодексі: аса ірі көлемде есірткі контрабандасы үшін – 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; лауазымды тұлғаның қызметтік жағдайын пайдаланып, есірткіні сатқаны үшін - 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруға; оқу орындарында және кәмелетке толмағандардың есірткіні сатқаны үшін – 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы
бас бостандығынан айыруға; ұйымдасқан қылмыстық топпен есірткіні сатқаны үшін - 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; кәмелетке толмағандарды, екі немесе одан да көп адамдарды, сондай-ақ күш көрсетумен есірткіні пайдалануға тартқаны үшін - 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға; есірткіні пайдалануға тартып, соның негізінде адам өліміне әкеліп соққаны үшін - 15 жылдан 20
жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; есірткіні пайдалану үшін притондар ұйымдастырғаны үшін – 3 жылдан 7 жылға
дейін, ал қызметтік жағдайын пайдаланғаны немесе ұйымдасқан топпен ұйымдастырғаны үшін 7 жылдан 12 жылға дейін. Сонымен қатар, есірткі қылмысы тікелей заңсыз табыс табумен байланысты болғандықтан, осындай қылмыстың әрбір құрамы үшін мүліктерін міндетті түрде тәркілеу енгізілген.

Есірткінің алдында адам сонша дәрменсіз бе? Неге тез беріледі?Есірткінің қазір көп тарап отырғаны героин, яғни ақ ұнтақ. Одан адам санасы тез уланады. Бірінші рет көргенде ләззат алады, сосын ағза тәуелді болып іздеумен өтеді. Қолданбаса ұйқысы бұзылады, буын-буыны сырқырыйды. Сөйтіп, бара-бара тек ауырмау үшін іздейді.

Қыз балалар да нашаны қолданатын жиі естиміз. Оларды ауыздандыратын біреулер барма?Адамның өз-өзінен бұзылып кетпейтіні белгілі ғой. Біреуге әйтеуір ықпал етеді. Жастардың арасында «мода» деген түсінік бар. Еліктейді, бір-бірінен артық болып көрінгісі келеді. Қазір не көп түнгі клуб көп. Наркотикалық дәрілердің түрлі әсері болады. Бірулерін пайдаланса, адамның көңілі көтеріледі, үнемі қоғалғысы келіп тұрады, біреін ішіп алса шаршамайды, таңға дейін билегу бар. Әуелі осындай жеңіл түрінен бастайды, соңында бірте – бірте ақ ұнтаққа көшеді.

Сурет байқауы.

Қатысушылар тақырыпқа байланысты плакатқа әр топ сурет салу қажет (уақыт 20 минут). Плакат қорғауға әр топқа 3 минуттан уақыт беріледі.

Бос микорфон» рефлексия.

Еркін түрде қатысушылар арт терапиядан алған әсерлері туралы бөліседі. Арт терапиядан алған әсерлері туралы стикерларға жазып, онымен таныстырып және өздерінің салған суреттеріне жабыстырады.

Тәуелсіз эксперттер

Арт терапияға келген ұстаздар мен тәрбиешілер және де балалар арасынан тәуелсіз эксперттер сайлап , арт терапия жайында және қатысушылардың белсенділігі турады ой-пікірлерімен бөлісу.

Наши рекомендации