Бап. Халықаралық қорғауды пайдаланатын адамдарға немесе уйымдарға шабуыл жасау

1. Шет мемлекеттің өкіліне немесе халықаралық қоргауды пайдаланатын халықаралық үйымның ңызметиеріне немесе онымен бірге түратын оның отбасы мүшелеріне, сол сияқты халықаралық қоргауды пайдаланатын адамдардың қызметтік немесе тұрғын үп-жайларына не көлік құралдарына шабуыл жасау, сол сияқты осы адамдарды урлау неме-се бас бостандыгынан күштеп айыру, сондай-ақ көрсетілген әрекеттерді жасау ңатерін төндіру -

2. Бірнеше рет не қаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып не адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған не денсаулыққа ауыр зиян кел-тірумен үштасқан, сол сияқты согысқа арандату немесе халықаралық ңатынастарды ушықтыру мақсатында жасалған дәл сол іс-әрекеттер -

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, абайсызда адам өліміне әкеп соққан немесе қылмыстық топ жасаган іс-әрекеттер -

Қылмыстық кодекстің 173-бабында халықаральщ қорғау аясына алынған адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасағаны үшін жауаптылық көзделіп отыр. Бұл қылмыстық-құқықтық норманың негізгі мэні халыкаралық қорғауға алынған ұйымдар мен адамдар-ды кез келген экстремистік топтың шабуылынан, қылмысты қол сұғуынан қорғау, сөйтіп соғысқа арандату немесе халықаралық жағдайды шиеленістіруге жол бермеу болып табылады. Осы норманың заңдылық негізі халықаралық қорғаудағы адамдарды, оның ішінде дипломатиялық агенттерге қарсы қылмысты тойтару жэне ондай қылмыс істеген-дерді жазалау жөніндегі 1973 жылғы Конвенция болып табылады1.

Осы Конвенцияда халықаралық қорғауға алынған адамдар мен ұйымдардың ұғымы берілген. Осы Конвенцияға сэйкес, мұндай адамдардың қатарына: а) Конституция бойын- ша аныкталған мемлекет басшысы; үкімет басшысы; сыртқы істер министрі, аталған адамдармен бірге жүрген отбасы мүшелері; мемлекеттің өкілі немесе арнаулы қорғануға құқығы бар басқадай лауазымды адамдар; қорғануға арнаулы қу^ығы бар халықаралық үкімет аралық ұйымдардың кез келген агенттері немесе лауазымды адамдардың немесе олармен бірге түратын отбасы мүшелері; дипломатиялық, консулдық жэне сьфтқы сауда қызметкерлері жэне олардың бірге тұратын отбасы мүшелері. Қылмыстық заң, сондай-ақ эр түрлі халықаралық қорғауға жататын қоғамдық ұйымдар мен олардың өкілдерін қорғауды өз міндеті деп біледі (Мысалы, халықаралық қайырымдылық қорының, гуманитарлық көмек беретін үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлерін қорғау т. б.)-

Қылмыстық кодекстің 173-бабындағы осы норма жоғарыда көрсетілген адамдар шет мемлекетгің аумағында болған кезде ғана қолданылуы мүмкін.

Көрсетілген қылмыстың жэбірленушісі халықаралық қорғау аясына алынған адамдар болады.

Қылмыстың заты - халыкаралық қорғау аясындағы адамдардың қызметтік немесе тұрғын үй-жайлары, не көлік құ_ралдары болады.

Қылмыс объективтік жағынан шетелдік мемлекеттің өкіліне немесе халықаралық қорғау аясындағы халықаралық ұйымның қызметкеріне немесе онымен бірге тұратын оның отбасы мүшелеріне, сондай-ақ халықаралық қорғау аясындағы адамдардың қызметтік немесе тұрғын үй-жайларына, не көлік құралдарына шабуыл жасау, сондай-ақ осы азаматтарды ұрлау немесе бас бостандығынан күштеп айыру, егер осы эрекеттер соғысқа арандату немесе халыкаралық жағдайды шиеленістіру мақсатында жасалу арқылы сипатталады.

Шабуыл жасауға жэбірленушіні ұрлау, оның денсаулығына орта дэрежелі зиян келтіріп, шабуыл жасаймын деген жэне соған ұқсас басқадай қорқытулар жасау; жәбірленушінің қызметтік немесе тұ_рғын-жайына, көлік кұралдарына басып кіру, бас бостандығынан еріксіз айыру т.б. эрекеттер жатады.

Егер шабуыл жасаудың нэтижесінде занда көрсетілген адамның бірі қасақана өлтірілсе, онда іс-эрекет қылмыстардың жиынтығы бойынша (179, 99-баптар) сарала-нады.

Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналыьуіен жасалады. Адам халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымға шабуыл жасайтынын сезеді жэне соны істе-уді тілейді. Қылмыстың субъективтік жағының белгісі, қылмыстың мақсаты - соғысты арандату немесе халықаралық жағдайды шиеленістіру болып табылады.

Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған кез келген есі дұрыс адам.

Бірнеше рет не қаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып не адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған не денсаулыққа ауыр зиян келтірумен ұштасқан, сол сияқты соғысқа арандату немесе халықаралық қатынастарды ушықтыру мақсатында жасалған дэл сол іс-эрекеттер (173-бап, 2-бөлігі).

Бірнеше рет істелген қылмыс түсінігі Қылмыстық кодекстің 11-бабында, адамдар тобының алдын ала сөз байласуының ұғымы Қылмыстық кодекстің 31-бабының 2-тармағында берілген. Қаруға кез келген атылатын, жарылатын қарулар жатады.

Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, абайсызда адам өліміне экеп соққан немесе іу.ілмыстык топ жасаған іс-әрекетгер - қылмыстың аса ауырлатын түрі болып табылады (173-бап, 3-бөлігі).

Денсаулыққа ауыр зиян қасақана немесе абайсызда келтірілуі мүмкін, абайсызда өлімге әкеп соққан эрекеттер үшін жауашылық баптың осы тармағымен саралануға жа-тады.

Бап. Қарулы қақтығыстар уақытында халықаралық гуманитарлық қуқық нормала-рын қылмыстық бұзушылықтар

Қоргалмаган жергілікті жерлерді және демилитарландырылган аймақтарды шабуыл жасау объектісіне айналдырудан не бітімгершілік, соғыс қимылдарын тоқтата түру туралы келісімдерді немесе шайңас алаңында қалган жаралылар мен қаза тапқандарды алып шыгу, айырбастау немесе тасымалдау мақсатында жасалган жергілікті келісімдерді бұзудан не азаматтық түргындарга немесе азаматтық объектілерге шабуыл жасаудан не оккупацияланған аумаққа өзінің азаматтық түргындарының бір бөлігін көшіруден не әскери түтқындарды және азаматтың адамдарды репатриациялауға қисынсыз кедергі келтіруден болган қарулы қақтыгыс уақытында халыңаралық гуманитарлық құқық нор-маларын бұзу -

Қорғалмаған жергілікті жерлерді жэне демилитарландырылған аймақтарды шабуыл жасау объектісіне айналдырудан не бітімгершілік, соғыс қимылдарын тоқтата тұру ту-ралы келісімдерді немесе шайқас алаңында қалған жаралылар мен қаза тапқандарды алып шығу, айырбастау немесе тасымалдау мақсатында жасалған жергілікті келісімдер-ді бұзудан не азаматтық тұрғындарға немесе азаматтық объектілерге шабуыл жасаудан не оккупацияланған аумаққа езінің азаматтық тұрғындарының бір бөлігін көшіруден не эскери тұгқындарды жэне азаматтық адамдарды репатриациялауға қисынсыз кедергі кел-тіруден болған қарулы қақтығыс уақытында халықаралық гуманитарлық құқық нормала-рын бұзу үшін қылмыстық жауаптылық ҚК-тің 165-бабында көрсетілген. Қылмыстың объектісі қарулы қақтығыстар кезінде халықаралық құқық нормасымен белгіленген нормаларға — қоғамдық қатынастарға кол сұғу.

Объективтік жағынан қылмыс заң диспозациясында көрсетілген іс-эрекетгердің жасау арқылы жүзеге асырылады. Субъективтік жағынан бұл қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыс субъектісі 16-ға толған, есі дұрыс адам.

Наши рекомендации