Жастық кезеңдегі (студенттік шақтағы) Мен-тұжырымдамасының ерекшеліктеріне өз көзқарасыңызды білдіріңіз.
Жеке тұлғаның қоғамдық-педагогикалық шығармашылық қаблетін дамытуда олардың кәсіби шеберлігін шыңдау ерекше орын алады. Сондықтан кәсіби білім беру ұйымдары студенттердің ойлау қабілетін, адамгершілігінің және күш-жігерінің қалыптасуына, үздіксіз білім алуына және өз бетінше дайындалуына ықпал жасай отырып, жеке қасиеттерінің кең көлемде ашылуына ықпал жасауды қажет етеді.
Жеке тұлғаның қоғамдық-педагогикалық шығармашылық қаблетін дамытуда олардың кәсіби шеберлігін шыңдау ерекше орын алады. Сондықтан кәсіби білім беру ұйымдары студенттердің ойлау қабілетін, адамгершілігінің және күш-жігерінің қалыптасуына, үздіксіз білім алуына және өз бетінше дайындалуына ықпал жасай отырып, жеке қасиеттерінің кең көлемде ашылуына ықпал жасауды қажет етеді.
Өзін-өзі тану әңгімелесуге, шындықты бірлесе іздестіруге, білімді бірге игеруге, өздік шығармашылықты, ішкі белсенділікті оятуға бағытталған. Жеке тұлғаның бойында жақсы көру, бейбітшілік, әдептілік, шыншылдық, аяушылық, адалдық, имандылық, сыйластық, достық, сүйіспеншілік, кішіпейілділік, жанашырлық, жақсылық жасау, әділеттілік, елжандылық, ізеттілік, сенім, махаббат, қайырымдылық, қамқорлық жасау сияқты құндылықтарды қалыптастыру көзделген. Өзін-өзі тану психологиялық, педагогикалық, философиялық ғылым негіздеріне сүйене отырып, мына міндеттердің орындалуын көздейді:
- жеке тұлғаның «Менің» (өзімшілдігін емес) ояту;
- қоршаған ортасына деген қызығушылығын ояту;
- негізгі рухани-адамгершілік категорияларына көңіл аударту;
- балалардың бойында әлем және адамзат туралы түсінік қалыптастыру;
- өзінің адамгершілік мінез-құлықтарына баға беру мүмкіндіктерін қалыптастыру;
- танымдық белсенділігін арттыру.
Оқушылар өзара қарым-қатынас барысында:
- адамдардың іс-әрекетінің, ұлттық салт-дәстүрлердің жақсы жақтарын аңғара алады, шындықты айтуға, жағымды ойлауға үйренеді;
- өзара сыйластықты түсінуге қабілетті, айналасындағыларды ұнатып, жақсы көре біледі, жақсылық жасауға дайын, жақындарын қуантуға асығады;
- сабырлы, салмақты болуға, тәрбиелі болуға, ойланып сөйлеуге үйренеді;
- әдептілікке, ұқыптылыққа үйреніп, көмектесе біледі, қамқорлық жасай алады, үлкендерді құрметтей біледі;
- өзгені ренжітпеуге тырысады, кешірімшіл болуға, барлық тіршілік иесіне сыйластықпен қарауға, аяушылық сезімін білдіріп отыруға үйретеді.
Ұсынылған материалдарды талдау барысында терең ойлану қажеттілігі туындайды. Осы кезде:
- қоршаған орта туралы түсінігі кеңейеді, жақсы мен жаманды айыра біледі, әділ болуға ұмтылады;
- айналасымен жақсы қарым-қатынас орнатуға, өзін-өзі жақсы көруге, құрметтеуге, шыдамдылыққа үйренеді;
- өзіндік пікірі бар, отбасына қамқоршыл, міндетін орындауды біледі, ел тыныштығы жөнінде ойлай алады;
- өзіне-өзі бақылау жасай біледі, өз ісін бағалай біледі, үлкендермен санаса алады;
- қамқорлық жасай біледі, жауапкершілікті сезіне біледі.
Оқу барысында:
- сауатты оқи білетін болады;
- түсінігін анық жеткізе алады;
- талдауға белсене қатысады;
- өзіндік пікірін еркін жеткізуге үйренеді;
- топта жұмыс істей біледі.
Оқушының қабілетін ашып, сезімін ояту мақсатында жүргізілетін шығармашылық әрекетте:
- қоршаған ортаға қызығушылығы артады;
- салт-дәстүрлерді құрметтеуді түсіне бастайды;
- өзіндік белсенділігін таныта бастайды;
- ойын қағаз бетіне түсіруге, түрлі суреттер арқылы білдіруге дағдыланады;
- ата-анасын, жолдастарын, мұғалімдерін құрметтеуге үйрене бастайды.
Өзіндік тану – күрделі психологиялық құрылым, бірнеше қасиет ерекшеліктерін қамтиды. В.С. Мерлиннің есептеуі бойынша, біріншіден, өзінің бір беткейлігі, екіншіден, саналы түрде өзінің «мені», үшіншіден, өзінің психикалық қасиеттері мен ерекшеліктерін тану, төртіншіден, әлеуметтік-адамгершілік өзіндік бағалауын анықтау. Осы элементтердің барлығы өзара функционалды және генетикалық жағынан байланысты, бірақ олар бір мезгілде қалыптаспайды. Баланың санасы заттарды денесімен сезу арқылы ғана пайда болады. Үш жастан бастап өзін анықтай бастайды. Өзінің психикалық қасиеттерін тану мен бағалау әсіресе жеткіншек, жасөспірім шақта маңызды.
Адамның өзге адамдармен отбасында, топта, ұжымда өзара әрекеттестігіне өзін-өзі тәрбиелеу үдерісі тұрғысынан анықтама беріңіз.
Студент тұлғасы үшін «Өмір бойы білім алу» ұстанымының маңызын өзін-өзі жетілдіру жолдары арқылы түсіндіріңіз. |
Темперамент типтерінің арақатынасы және студенттің іс-әрекетінің табыстылығын өзіңіздің темпераментіңізді мысалға ала отырып көрсетіңіз. |
Виктор Франклдің өмірдің мәніне талпыну теориясының негізгі ережелеріне сәйкес өмірдің мәні түсінігіне өз ережеңізді енгізіңіз. |
Тұлғаның бағыттылығының адамның өзін-өзі тануындағы рөлін «Тұлғаның бағытталғандығын анықтау» тестінің (МТІ) нәтижесін пайдаланып түсіндіріңіз. |
Комплимент – тұлғааралық вербальды қарым-қатынастың маңызды құраушысы екендігін қазіргі жастар арасындағы қарым-қатынас арқылы сипаттаңыз. |
Адамның өзін-өзі жақын адамдармен өзара қарым-қатынаста тануына қажетті құндылықтар жүйесін кестеге түсіріңіз. |
Қазіргі замандағы адам тағдыры және жалғыздық философиясының тәжірибесіне қарым-қатынас тұрғысынан өз пікіріңізді білдіріңіз. |
«Өзін- өзі танудағы отбасының рөлі» немесе «Мен және менің жақындарым» тақырыптары бойынша ой- толғау жазыңыз. |
Адамның өз бойындағы қасиеттерге сәйкес өзін-өзі қабылдауына өз тұжырымдарыңызды ұсыныңыз. |
Жалпыадамзаттық құндылықтардың тұлғаның өзін өзі тануындағы орны туралы анықтамалық мәтін құрастырыңыз. |
Студенттік ортадағы достық қатынастың құндылықтық бағдарын дәлелдеңіз. |
Жігіт пен бойжеткен арасындағы достық және махаббат туралы нақыл сөз, мақал-мәтелдер жинастырып, олардың мағынасын түсіндіріңіз. |
«Менің өзіндік құндылығым» Декларациясын дайындаңыз. |
Адамның есеюінің төрт құраушы бөліктеріне (жағымды ойлау, дүниеге жағымды қатынас; толеранттылық; өзін-өзі дамыту; жауапкершілік) сәйкес өзін-өзі тану төлқұжатын құрастырыңыз. |
Өзіңіздің өмірбаяныңызды өзіңіздің өсу жолыңызбен сәйкестендіріп жазыңыз. |
Вербальды қарым-қатынас және бейвербальды қарым-қатынас құралдары арқылы өзіңіздің көңіл-күйіңізді сипаттап беріңіз. |
Аймақтық және жаһандық экологиялық мәселелерді жақсаруға қатысты өз жобаңызды ұсыныңыз. |
«Бақыт» ұғымының адамгершілік категориясы ретіндегі мәнін белгілі бір тұлғаның өмірде, бір салада қол жеткізген табыстары бойынша түсіндіріңіз. |
Өзіндік тәрбие тәсілдері – өзіне өзі бұйрық беру, өзіндік қолдап-қуаттау, өзіндік мадақ, өзіндік жазаны өзін-өзі тану нәтижесі ретінде сипаттаңыз. |
Өзіңіздің ата-тегіңіздің, отбасыңыздың тарихы немесе отбасы мүшелерінің бірі туралы шағын әңгіме дайындаңыз . |
Достардың арасында болған кикілжің туралы бір жағдаят құрастырып, оның шешімін табуда дұрыс әрекет құндылығын басшылыққа алыңыз |
«Өзін-өзі тану – өмірді тану» тақырыбына эссе жазыңыз. |
«Жалпыадамзаттық құндылықтар аясында» атты жобаның жоспарын құрыңыз . |
«Адамзаттың рухани ұстазы» тақырыбына диалог құрастырыңыз. |
«Сенімдік сәттілік негізі» тақырыбын өзіңіздің өсу жолыңыз арқылы баяндаңыз. |
35.