Тақырып 18. Жаңа кезеңдегі және қазіргі кездегі Францияның мемлекеті мен құқығы

Револцияның терең де, түпкі мақсатқа жетудің себебі, елдегі феодалдық өндірістік қатынастарды басқарушылар мен өндіруші күш арасындағы қайшылықтар болды. Феодализм революцияның одан әрі дамуын қамтамасыз ете алмауына байланысты тежегішке айналды. Саудагерлер, көпестер өндірісшілердің негізгі тобы өздерінің жағдайларына қанағаттанбады. Ішкі базар өндіріс үшін тар болды, себебі шаруалардың (елдегі тұрғындардың негізгі бөлігі ) өнеркәсіп тауарларын сатып алуға мүмкіншілігі болмады. Сауданың дамуына ішкі кеденнің көп болуы әсер етті. Дворяндар және духовендердің жоғарғы негізгі бөлігі әрекет етіп жатқан құрылымды сақтап қалуға тырысты. Оны қорғаудың басты құралы ретінде мемлекеттің феодалдық-абсолюттік негізі танылды. Елдің арасында әртүрлі өзгерістер мен ауытқушылықтар болды. Бұған экономикалық және саяси жағынан ұйымдастырылған, феодалдық қозғалыстарға қарсы әлеуметтік топтар құрайтын буржуазия дайындалды. Франция АҚШ-ның, Англияның, Голландияның мемлекеттік-құқықтық құрылыс тәжірибелерін жетекшілікке ала отырып, революция жолын нақты зерттеді.

1789 жылдың мамыр айында Бас штаттың ашылды. Билік топтары бұрынгыдай үкіметтің көпшілік дауысын сақтап қалу үшін дауыс берудің ескі тәртібін қолдануды талап етті, демек әрбір сословие бір дауысқа ие болады. Бұнымен «үшінші сословие» өкілдері келіспеді. Сословиялық жекелеген мәжілістер арасында емес біріккен отырыста көпшіліктің дауыс беруімен шешім қабылдаған жөн деді. Тек осы жағдайда ғана «үшінші сословие» депутаттары өздерінің қалаған жетістіктеріне жете алады, яғни қалай да жалпы артықшылықтары бар сословие депутатары саны жалпы депутаттар санына пара-пар келеді деп есептеген. Сонымен қоса кейбір артықшылығы бар депутаттардың қолдауына сенген еді, бірақ бұл сенімдері ақталмады. Үкімет бұндай жағдайдан бас тартқаннан кейін, депуттаттардың дауыс беру жаңа ережесін қабылдайды. 1789 жылдың маусым айында «үшінші сословие» өздерін Ұлттық жиналыс деп жариялайды. Бір ай өте бере француз халқының атынан өздерін - Құрылтай жиналысы деп хабарлап, бұрынғы заңдардың қуаттылығын жойып және жаңа заңдар қабылдайтын құқыққа ие болғандарын жариялады.

Парижде басталған революция барлық елді қамтыды. Көтерілісті бастаушылар король шенеуліктерін биліктен қуды, ендігі жерде шаруалар феодалға бағынудан және олардың міндеттерін орындаудан бас тартты. Солдаттар халықты аудан бас тартты. Үшінші сословие басшылары (ірі буржуазия), Құрылтай жиналысында ерекше жағдайға ие бола отырып, саяси билікті басқару үшін халық қозғалысын пайдаланды.

1789 жылы 26 тамызда Құрылтай жиналысында революцияның маңызды құжаты - Адам және азаматтардың құқығы Декларациясы қабылданды. Бұл құжат революция бағдарламасын құрғандай, халықты жұбату мен «ағалық тұтастықты» сақтауға әрекет етті.

Декларация авторлары бірінші кезекте энциклопедистер еңбегіне негізделе отырып жасады. 1776 жылғы Американдықтардың Тәуелсіздік Декларациясын, 1776 жылғы Виргиндік декларация құқығын, сонымен қоса, отандық мемлекеттік-құқықтық тарих құжатын, Француз Бас штат декларциясын, Париж парламентінің ремонстрациясын нақты құжат үлгісі сипатында танып, қолданды. Декларация жалпы ұлттық манифест рухын, адамдардың бостандық қағидасын қалыптастырды: «Адамдар өмірге келген сәттен бастап, ерікті және тең құқықты болып танылады» (1 бап). Декларацияның демократиялық мемлекеттік-құқықтық құрылыс қағидасының ішінде ерекше рөлді «адамның табиғи және айырылмайтын құқығы», «халық егеменділігі» және «билік бөлінісі» қағидалары жүзеге асырады.

Декларация қабылдағаннан кейін, төрт айдан соң, 1789 жылдың желтоқсан айында Құрылтай жиналысында сайлаушылар үшін ценз және басқа да мүліктерді енгізу туралы декрет қабылдады. Осы декретке сәйкес, барлық азаматтар активті және пассивті болып бөлінді. Сайлау құқығына тек активті азаматтар ие болды. Активті (белсенді) азамат болу үшін келесідей талаптар болу керек:1). ұлтының француз болуы; 2). 25 жасқа толу керек; 3). тұрғылықты жерде кемінде бір жыл тұру керек; 4). үш күндік жәрдем ақы көлемінде тікелей салық төлеу керек; 5). қайыршылық жағдайда болмауы керек;

1791 жылы Құрылтай жиналысы мүліктік ценз көлемін бірнеше есеге төмендетті. 6000 адамнан көп қала тұрғындарына әрбір 200 күн үшін жалдамалы еңбектің орташа ақысын тең көлемде есептей отыра, узуфрукт көлемі мен меншік кірісін шектеді.

Құрылтай жиналысы Декларацияны құрастырумен бір уақытта конституцияны дайындап, өңдеуге кірісті. Жиналыста конституцияның негізгі қағидалары , жоғарғы заң шығару билігі корольдің, үкіметтің, соттың, сайлау жүйесі органдарының мәртебесін талқылап, бекітті. Ұлттық жиналыстың құзыретіне келесідей мәселелер жатады:

әскери іс бойынша - жыл сайын қарулы күштердің саны, құрамы жөніндегі қаулыларды қабылдау, ақша көлемін анықтау және соғыс жариялау;

қаржы шеңберінде - жыл сайынғы бюджетті бекіту, құрастыру, салықты бекіту, мемлекет құрылғысына кеткен шығындарды есептеу;

әкімшілік басқару саласында - мемлекеттік лауазымдарды тағайындау;

әділет шеңберінде - мемлекет қауіпсіздігіне қарсы келіссөз жүргізген сезіктілерді, қылмыстық қудалау қозғалған тұлғаларды, Жоғарғы сот министрлерінің және басқа да лауазымды тұлғалардың алдында қылмыстық жауапкершілікке тарту;

сыртқы қатынас шеңберінде - шетел мемлекеттерімен шарттарды ратификациялау. Атқару билігі корольге жүктелді. Король- ішкі қатынастар және сыртқы басқару басшыларын, жоғарғы шенеуніктерді, команда құрамының бөліктерін тағайындап, қарулы күштерді басқарды. Корольдің атқару билігі шектелді. Ол Жиналыс қабылдаған заң шегінде ғана әрекет ете алады. Министлер корольмен тағайындалды, бірақ өз ведомствасы бойынша құқыққа қайшы әрекеті үшін Ұлттық жиналыстың бекітуімен сотқа жіберіледі. Сот билігі белгілі мерзімге бекітілген соттарға жүктелді. Қылмыстық істі қарастыру үшін присяжный соты құрылды. Мемлекетке қауіп төнетін және аса ауыр қылмыстарды қарастыру үшін, министрлердің құқық бұзушылықтарын анықтау мақсатында Жоғарғы сотты құруды көздеді. 1791 жылдың күз айында конституциялық институттарды қалыптастыру негізі аяқталды.

Тақырып 19. Жаңа кезеңдегі және қазіргі кездегі Германияның мемлекеті және құқығы

Соғыстағы сәтсіздік және Ресей революциясы Германияда революциялық ахуал тудырды. 1918 жылы қарашада Килде әскери теңізшілер көтеріліс жасады. Германияның ірі қалалары – Гамбург, Лейпциг, Мюнхен, Бремен көтерілісшілерге қосылды. Билікге жұмысшылар Кеңесі және солдат депуттары ие болды. 1918 жылы 9 қарашада Берлинде Революция жеңді.

Император Кайзер Вильгельм Голландияға зытты, Германия империясы құлады.

1919 жылғы Конституция (Веймар) Германия мемлекетін Президент басқаруындағы буржуйлық демократиялық республикаға айналдырды.

Парламент екі палатадан тұрады: рейхстаг (төменгі палата) және рейсрат (империялық кеңес). Германия Президент билігі монархиялық сипатта.

1929 жылы әлемдік экономикалық дағдарыс етек жаяды, бұл Германияның ішкі саяси жағдайын шиеленістіре түсті. 1930 жылғы сайлауда Коммунистк партия 4,5 млн. дауысқа ие болды. Жаңа жұмыскер революциясынан қорыққан ірі өндіріс иелері және қаражат мамандары Адольф Гитлердің фашистік партиясынан үміт күте бастады.

1932 жылы шілдеде ұлтшылдар 13 млн. дауыс, ал қарашада 11 млн. дауыс жинады. 1933 жылы Гитлер сол кездегі канцлер Ф. фон Папенмен ортақ келісімге келе отырып, 1933 жылы 30 қарашада оны рейхканцлер (империялық канцлер) лауазымына шақырды.

Германияда фашистік диктатура құруға себеп болған жағдайлар:

5. ірі өндіріс иегерлері мен қаражат мамандары дағдарыстан шығудың бірден-бір жолы диктатура деп санады;

6. уақ буржуйлар мен шаруалар ұлтшылдардың жарық болашағы туралы уәдесіне сенім артты;

7. Германия еңбекшілер класы бытыранқы, әлсіреген болды, коммунистер фашизммен жеке күресе алмады;

8. елде өте күшті экономикалық дағдарыс етек жайғандықтан одан шығудың жолында қатаң жетекші басқарма қажет болды.

Фашистер өз басқаруын буржулық-демократиялық бостандықты жоюдан бастады. 1933 жылы ақпанда сөз, баспа, шеру бостандығына тыйым салған «Герман халқы мен мемлекетті қорғау» декреті қабылданды. Осы айда полицияға шексіз өкілеттілік берген «Герман халқын қорғау» декреті қабылданды. 1933 жылы 23 наурызда рейхстагтағы коммунист-депутаттар мандаттарынан айрылды және тұтқындалды. Компартия және оның бұқаралық құралдары жабылды және тыйым салынды. Басқа да партиялар қызметін тоқтатты. Кәсіподақтар таратылды, бірақ мәжбүрлеу арқылы мүшелікке енгізетін кәсіподақ ашылды.

Мемлекетте бір партиялық әскери саяси жүйе орнықты. Үкімет партия бақылауында болды. Партияның штурмалық отряды (СА), қорғау отряды (СС) және фашист Германияның қарулы күшін құрайтын әскери ұйымдар (вермахт) болған.

1933 жылы 24 наурызда қабылданған заң парламенттен тыс империя үкіметі актілер қабылдауға мүмкіндік берді. 1934 жылы тамызда президент лауазымы қысқарды. Үкімет басшысы фюрерғұмырлық тағайындалады.

«Жаңа үшінші Рейх»-ты құру үшін ұлтшылдар тек жаулап алу керек еді. 1939 жылы 1 қыркүйекте Германия Польшаға шабуыл жасады, осылай екінші дүниежүзілік соғыс басталды. 1945 жылы КСРО және одақтас елдер АҚШ, Ұлыбритания фашистік Германияны күйретті

Наши рекомендации