Тапсырма. Төменде берілген мәліметтерді оқып, өз көзқарастарыңызды білдіріңіздер.

2014 жылдың бірінші наурызындағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 17 млн. 207 мың адамды құрады. Соның ішінде қалалықтар - 9 млн. 479 мың (55%), ал ауыл тұрғындары - 7 млн. 728 мың (45%) адамға жетіп, биыл екі ай ішінде елімізде халық саны 42 мың 400 адамға артқан. Ал он екі айдың ішінде еліміздің халық саны 253 мың адамға, яғни 1,5 пайызға өскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, халық саны 1,5 пайызға көбейгендігін көрсетеді.

(http://baq.kz/news/45859)

Республикада қазақтардан басқа 131 ұлыстың өкілдері тұрады. 2013 жылы өткізілген халық санағының қорытындысы бойынша халықтың этноқұрамы келесідей болды: қазақтар - 65,2%, орыстар - 21,8%, өзбектер - 3%, украиндар - 1,8%, ұйғырлар - 1,4%, татарлар - 1,2% , немістер - 1,1%, корейлер - 0,6%, түріктер - 0,6%.

(https://kk.wikipedia.org/.../Қазақстан_демографиясы)

Солтүстік Қазақстан облысында халық саны азайып барады. Тек соңғы жарты жылда бұл көрсеткіш 0,3%-ға төмендеп, қазір облыста 574 мың адам қалған. Статистика мамандарының мәліметінше, теріскей демографиясы кері кету үрдісіне тап болды. Халық саны 2008 жылдан бері азая түскен. Құзырлы орган өкілдері мұны ішкі миграцияның белең алуымен түсіндіріп отыр. Өткен 6 айда облысқа қоныс аударғандар саны 5 мың 75. Олардың басым бөлігі – Моңғолиядан келген оралмандар. Ал көшіп кеткендер 6 мың 996 адам. Олардың басым бөлігі елдің орталық аймақтарына қоныс аударыпты.

(http://www.qazaquni.kz/?p=27917)

Тапсырма. Жоғарыдағы мәліметтерді пайдалана отырып, берілген сұрақтарды топ болып талқылаңыздар.

Талқылау сұрақтары:

1. Халықтың ұдайы өзгерісі – ұрпақ алмасу, туу мен өлу, яғни табиғи жағдай арқылы жүзеге асады.

2. Белгілі бір аймақтағы халықтың өсу мөлшерінің өзгеруі адамдардың басқа жерлерден көшіп келуі (иммиграция) мен олардың бөтен аймақтарға қоныс аударуына (эмиграция), яғни халықтың көшу-қону қозғалысына байланысты.

3. Халық санының өзгеруі адамдардың жасына, отбасы жағдайына, балалар санына немесе білім деңгейіне, мамандығына, әлеуметтік ахуалына орай бір күйден екінші күйге, бір топтан екінші топқа ауысуына тәуелді.

Тапсырма. Сөздерді сәйкестендіріңіздер.

халық жағдай

демографиялық саны

ауыл өкілдері

ұлт тұрғындары

орташа санағы

қарттар жас

Тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Демографиялық жағдай, ұлт өкілдері, ауыл тұрғындары, ұлт саны, орташа жас, қарттар саны.

Үлгі: Халық санағы.

Тәуелсіз Қазақстан елінде алғашқы халық санағы 1999 жылы өткізілді.

Тапсырма. Диаграмма сызбасын пайдалана отырып, сұхбат құрыңыздар.

Лемде қанша қазақ бар?

 
  Тапсырма. Төменде берілген мәліметтерді оқып, өз көзқарастарыңызды білдіріңіздер. - student2.ru

АҚШ Швеция Франция Германия Өзбекстан Қытай Моңғолия

Үшінші сабақ

Тапсырма. Мәтінді тыңдаңыздар.

Жер және 7 миллиард

Зерттеушілердің айтуынша, қазіргі жыл санауымыздың 1-жылында Жер бетінде небәрі 300 миллион-ақ тұрғын болған. Арада 1800 жыл уақыт өткенде ғана адамзат баласы 1 миллиардқа жеткен еді. Сол 1800 жылдан бері, яғни екі ғасырдан астам уақыт ішінде дүниежүзі тұрғындарының саны 7 есе өсті. Әсіресе соңғы 50-60 жылда Адам Ата мен Хауа Ана ұрпақтарының саны жедел өсіп, 3 миллиардтан 7 миллиардқа дейін жетті.

Зерттеушілер мұны медицинаның ғылым ретінде жедел дамуымен, сондай-ақ жер-жерлерде емханалар, ауруханалар ашылып, денсаулық сақтау ісінің жақсы жолға қойылуымен байланыстырады. Соңғы жарты ғасыр мерзімде әлем бойынша орташа өмір сүру ұзақтығы 48 жастан (енді бір деректерде – 53 жас) 68 жасқа көтерілген. Әлемде жыл сайын 135 миллион сәби дүниеге келіп, 57 миллион адам көз жұмады. Сонда Жер тұрғындарының табиғи өсімі, орта есеппен жылына 78 миллион адам болып отыр.

Бүгінгі күні әлемде тұрғындарының саны 80 миллионнан асқан 16 ел бар. Бүкіл дүниежүзі халқының жартысынан астамы алты елде тұрып жатыр: Қытай, Үндістан, АҚШ, Индонезия, Бразилия және Пәкістан.

Ал әлемде халқының саны ең көп қала – Токио. Жапон жұртының астанасында 36,5 миллион адам тұрады. Жалпы, бүгінгі күні Жер бетінде тұрғындарының саны 10 миллионнан асатын 21 қала бар. Ал 1975 жылы бұл көрсеткіш небәрі үш қаламен шектелген еді.

2008 жылға дейін әлем бойынша қалада тұрып жатқандардан гөрі ауыл тұрғындарының саны басым болды. Қазір қала тұрғындарының саны күннен-күнге артып келеді. Сарапшылар болжамына сенсек, 2050 жылы адамдардың 70 пайызы ірі қалалар тұрғыны болады. Енді 12-13 жылда әлемде тұрғындары 10 миллионнан асатын қалалар саны 29-ға жетеді.

(http://www.aktobegazeti.kz/?p=14872)

Наши рекомендации