Мұғалiм: Алдашова. Ш

Күні:5.05.15 Пәні: қазақтілі Сынып: 2«Ә»

Сабақтың тақырыбы:Мәтін және оның түрлері. Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушылардың мәтін және оның түрлері жайлы түсініктерін пысықтау Дамытушылығы:Сөздердің неше әріп неше дыбыстан тұратынын ажырата білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік:Жинақылыққа, берілген тапсырманы тиянақты орындауға , бір-біріне көмек қолын созуға дайын тұруға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:қайталау сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ–жауап, талдау-жинақтау

Сабақтың көрнекілігі: көкөніс, жеміс жидектер суреті, әріптер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық жаттығу

Арайлап таң атты,

Күн шуағын таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II.Оқушылардың субьекті тәжірибесін өзектілеу кезеңі.

-Үйге берілген тапсырманың орындалуын тексеру.

-Ережелерді сұрап мысалдар келтіру.

ІІI.Жаңа сабақты оқып білу кезеңі:

1.Сабақты тақырыбын таныстыру.

2.Мәтін туралы білімдерін сұрақ-жауап арқылы еске түсіру.

3.Дыбыстар мен әріптер, сөздер, сөйлемдер, мәтін жазылған кестені пайдаланып ажырату.

4.Дәптермен жұмыс.

-Күн ретін, сынып жұмысын, көркем жазу минутын өткізу.

5.Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу.

-Оқып қайсысы мәтін екенін анықтау.

-Сөйлемді жалғастыру: «Бұл-мәтін, өйткені тұтас бір ойды баяндап тұр. Сөйлемдерде өзара байланысқан»

2-жаттығу. Шығармашылық тапсырма.

- «Айжанның қамқорлығы» тақырыбына сурет бойынша мәтін құрастыру.

-Демалыс күні болатын. Ары қарай жалғастырып айт.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз, Қолды алға созамыз. Бір отырып, бір тұрып,

Біз шынығып аламыз.

3-жаттығу.

-Сурет бойынша мәтінді толықтырып айту.

-Мәтінді піл өзінің қылығына қатты ұялып, кешірім сұрады -сөйлемімен аяқтау.

VI.Жаңа білім іс-әрекет амалдарын қорытындылау кезеңі.

-Мәтін дегеніміз не?

-Мәтін нешеге бөлінеді?

-Мәтіннің несі болады?

-Әңгімелеу мәтіні дегеніміз не?

-Сипаттау мәтіні дегеніміз не?

-Пайымдау мәтіні дегеніміз ше?

V.Үйге тапсырма беру:

4-жаттығу. (205 бет)

VI.Рефлексия кезеңі:

Оқушылардың сабақтағы белсенділіктеріне қарай бағалау, мадақтау.

Тексерілді:

Мұғалiм: Алдашова. Ш

Күні:6.05.15 Пәні: қазақтілі Сынып: 2«Ә»

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем және оның түрлері. (1) Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушылардың сөйлем туралы түсініктерін пысықтау Дамытушылығы:Жеке сөздерден байланыстырып сөйлем құрай білуге, сөйлемдегі ойды анықтай білуге,сөйлем соңына тиісті тыныс белгісін қоя білуге үйрету. Тәрбиелік:Ұқыптылыққа, сауаттылыққа, бір-бірімен дұрыс түсінікті сөйлесе білуге баулу.

Сабақтың түрі:қайталау сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ–жауап, талдау-жинақтау

Сабақтың көрнекілігі: көкөніс, жеміс жидектер суреті, әріптер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық жаттығу

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II.Оқушылардың субьекті тәжірибесін өзектілеу кезеңі.

-Үйге берілген тапсырманы тексеру.

-Мәтін дегеніміз не?

-Мәтін нешеге бөлінеді?

-Мәтіннің несі болады?

-Әңгімелеу мәтіні дегеніміз не?

-Сипаттау мәтіні дегеніміз не?

-Пайымдау мәтіні дегеніміз ше?

ІІI.Жаңа сабақты оқып білу кезеңі:

1.Сабақты тақырыбын таныстыру.

2.Сөйлем туралы білімдерін тексеру, еске түсіріп қайталау..

3. Дәптермен жұмыс.

-Күн ретін, сынып жұмысын, көркем жазу минутын жүргізу.

4. Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу.

-Сөздер мен сөйлемдерді салыстыру.

-Олардың айырмашылығын айту.

-Сөйлемдерді көшіріп жазу. Сөйлем ережесін айту.

2-жаттығу.

-Берілген сөздерден сөйлем құрастырып жазу.

-Сөйлемді қарамен жазылған сөздерден бастап жазу.

-Сөйлемнің бірінші сөзі қандай әріппен басталып жазылады?

-Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылатынын анықтау

5.Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрамыз, Қолды алға созамыз. Бір отырып, бір тұрып,

Біз шынығып аламыз.

4-жаттығу

-Сурет бойынша хабарлы, сұраулы, лепті сөйлем құрастырып жаз.

-Әр сөйлемде не туралы айтылған.

5-жаттығу.

-Мәтінді оқу.

-Сөйлемдерді бастап және аяқтап тұрған сөзді табу.

-Мәтіннің әр сөйлемінде не туралы хабарлайды?

-Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылғанын, қандай сөйлем екенін ажырату.

Наши рекомендации