Тақырып . Судағы экстремальды жағдайлар -1 сағат
Дәріс жоспары:
1.Теңіз, мұхиттардағы автономды тіршілік.
2.Апат кезінде белгі және хабар беру.
3.Су жорықтарындағы қауыпты жағдайлар.
Адам мұхиттағы автономды тіршілік ету жағдайында: белгі беру және байланыс ¸ ауыз сумен қамтамасыз ету¸ суық суда тірі қалу¸ тамақтану, судан өту қауіпсіздігі басты мәселелер.
Радио және телетайптарда үнемі суларда, оның ішінде теніз мұхиттарда болып жаткан апаттар жайлы жиі хабарлап жатады. 1978 жылдан 1980 жылдар аралығында дүние жүзілік теніз флоттары апаттар кезінде жоғалтқан кемелердін салмағы 5 млн. тонна.
Кемелер рифтерге су асты жартастарына соғылып қайран немесе өрт және жарылыстар болып суға батып жатады. Сонымен бірге теңіздер үстінде ұшатын ұшактарда ақаулар болып суға құлап жатады.
Ашық теңіздерде суға батқан адамдарды құтқаруға пайдаланылатын жекелей құтқару заттары ауа толтырылған кеуде желеткесі, ауа толтырылған мойынға киетін жаға және құтқару белдіктері казіргі кезде кеңінен колданылады.
Бұл құтқару жабдықтарыны барлығы да адамдарды суға батырмай су бетінде ұстап тұрғанмен, суықтан қорғап қалмайды. Сондықтан апатқан түскен кеме, ұшақ жолаушыларымен экипаж мүшелері суық тиіп өлуі мүкін.
Бұндай ұзак уақыт суық суда болған жағдайда ауа толтырылған қайықтар ғана суықтан сақтай алады.
Апатка ұшыраған кеме жолаушыларының 20% авария кезінде әр түрлі зақымдар алып тез көмек көрсетілмеген де суға батады, ал қайыктар болған жағдайда 80% жолаушыларды аман алып қалуға болады.
Суға батқан адамды құтқаруда міндетті түрде арқа жағынан келіп екі қолтығынан демеп кеудесін құшақтай көтеруі қажет.
Барлық қайықтағы адамдар капитанның бұйрығына бағынуға тиісті. Тамақ, ассуы қорлары үнемделіп бөлініп тек капитаннын рұқсатымен ғана пайдаланылады. Бірінші минуттан бастап адамдар арасында келіспеушіліктер болмай, 2 сағат сайын ауыстырылып отырылатын кезекші тағайындалады, оның міндеті су бетін және аспанды бақылау, сонымен бірге ауа райының өзгере бастауын дер уақытта капитанға баяндау жасау, жүзу құралының бүлінбеуінеде жауапты. Қайыктардың резеңке қабаттарының жұқа болғандығынан барлық адамдар аяқ киімдерін шешіп, кесетін және тесетін заттарды киімге орап белгілі бір жерге қоюы тиіс.
Ауа шыққа жағдайда ысылдаған дыбыс естіледі, онда бүлінуге ұшыраған резеңке қайықты желіммен немесе тығынмен бекітеді. Резеңке қайыктар тесілмеген жағдайда, тігісінен және тканнен ауа шығып отырады. Сондықтан ауызбен немесе жел үргішпен үрлеп отыру қажет.
2. Мұхит және теңіздерде апатқа ұшыраған жағдайда жүзіп бара жаткан кемелер немесе үшып өткен ұшактардың назарын аудару үшін әр түрлі құрал жабдықтардан ракета, түтін шығаратын фильтерлер т.б. қолдалынылып белгі беріледі.
Бірақ бұларды орынсыз егер белгі жететініне толык көз жетпегенде жүмсауға болмайды. Күндізгі уақытта кеме 4-5 ш қашықтықта жүзіп бара жатқанда, ал түнде 12-18 ш қашықтықты жүзіп өткенде ракетамен белгі береді.
Ракета атқанда оты қайыққа тиіп кетпес үшін, қолды жазып борт шетінде тұрып атқан жөн, жоғарыда ұшып өткен ұшықтарға белгі беру үшін арнайы пакеттер қолданылады.
Белгі беру пакеті сыртындағы су өтпейтін қабшығынан босатқанан кейін суға тасталады. Суға тиісімен тез еріп ашық жасыл түсті жарқыраған дақтар шығарады. Ұшақтан 3 мын биіктіктен көрінеді, егер теніз бетінде толқын болмаған жағдайда 2-3 сағатка дейін сакталып, жел немесе толқын болған жағдайда 15-30 минуттан кейін сөнеді.
Егер авариялық радиостанция болған жағдайда оған су тимеуін қадағалау қажет, себебі теңіз суы тұзы істен шығаруы мүмкін.
Ракета, түтін шариктер т.б. біткен жағдайда белгі беру айнасын қолдануға болады. Айнадан шағылысатын сәуле 10-15 ш дейін жетеді. Түнық мұхитының Панама каналынан өткен Совет кемесе Линкува, ашық теңіз үстінде түсініксіз жарық көрген және сәуле үнемі бір жерден шыққан. Капитан кеменің журу маршрутынан бұзып жарық шыққан жерге бұрылғанда Панама жузу компаниясынын «Нависса» кемесіне тап болған. Экватордан шыққан кеменін жанар майы таусылып 3 күн бойы ашық теңіз үстінде ас суы және тамақ қоры бітіп, жандарынан жүзіп өткен кемелерге белгі берумен ракета және т.б. белгі беру жабдыктарын бітірген. Сондан кейін ғана белгі беру айнасын қолданған.
3. Су- саяхатшысы өзенге жузуге қайығымен түскен жағдайдан бастап әр-түрлі жағдайларға тап болады. Саяхатшының дұрыс әрекет жасамауынан немесе қайықта ақау болған жағдайда авария болуы мүмкін.
Авария-дегеніміз саяхатшынын суға кұлауы не басқаруға көнбейтін қайықта қалуы. Су аварияларының бірнеше түрлері бар-қайықтың істіен шығуы, толқынның соғуынан саяхатшының суға құлауы және абайсызда не балық аулау-кезінде суға құлауы.
Сонымен бірге бақытсыз жағдайлар саяхатшылардың әр-түрлі дәреждегі зақымдар алуы немесе өлімге әкеп соғуда мүмкін.
Су саяхатындағы апаттар көп жағдайда өліммен аяқталады. Себебі суға батушы адамға бірден бірнеше фактор әсер етеді.
Қауіп дәрежесі дегеніміз саяхатшылардың ресми тіркелгендері ішіндегі қаза тапқандар саны. Саяхатшыларға басты қауып судың өзі, оның ағу ерекшелігі, сонымен бірге қауып алдын ала есептелген немесе тосыннан болып екіге бөлінеді.
Алдын ала есептелген қауыпке саяхатшылардың жүзу маршрутын білу, тосын күтпеген жағдайларға ойламаған аяқ асты болатын қауыптарды айтамыз. Қауыпты жағдайлардын болмауы жүрер жолды алдын-ала анықтау нәтижесінде болады.
1-ден жүру маршрутын жүзу жабдығын таңдап алудан, саяхатшының қаншалықты жаттыққаны және жорыққа ұқыптылыкпен дайындалу-дәрежесіне байланысты.
2-ден қауыпты жағдайларда дұрыс. - Іс-әрекет етуімен байланысты.
Апаттарда адамдардын қаза табуы немесе зақымдануы құтқару жабдықтарының болмауы, жорыққа шыққан топтағы адамдардың дұрыс дайындалмағаны немесе катамаран т.б. жүзу қайыктарының дұрыс жасалмауы және қысқа толқында жұмыс істейтін радиоқұралдырының болмауы жатады.
Нұсқаулар бойынша апатка ұшыраған адамдар ауыз суын жаңбыр суларынан және шықтардан тунгі уақытта жинау ұсынылады. Құтқару қайықтарында ауыз суы қоры болғанменда, ыстық климатты жерлерде көпке шыдамай истеніп, көгеріп бұлінеді және су қоры ешқашанда көп болмайды үнемі пайдаланылады. Жалпы-апатқа тускеннен кейінгі бірінші тәулікте 500-600 мл су организмге 5-6 күн ішуге жеткілікті бұдан ешқандай организмде кері өзгерістер болмайды. Организм суды көп мөлшерде қажететпес үшін қайықтың үсті колдағы бар заттар жабылып тікелей күн сәулесін түсірмейтіндей болып және киімді суға малып отырған дұрыс, себебі организмдегі сұйыктық қоры көптеп сыртқа шықпас үшін. Физикалық кұш жұмсалатын жұмыстарды ыстық уақыттарда тоқтату керек. Тік тусетін күн сәулесі тері қабаттардың сезімталдығына, ерін айналасы, танау тесіктері, қабақты күйдіретін болғандықтан күн сәулесінен қорғайтын косметикалық майлар жағылу қажет.
Негізгі әдебиеттер [4,5,12,18]
Қосымша эдебиеттер:[34,38]