Эпидемиологиясы. БГП таралымы —щамамен 500 адамға 1 жағдай, жаңа жағдайлар жиілігі жылына 100000 халыққа 25 жағдай

БГП таралымы —щамамен 500 адамға 1 жағдай, жаңа жағдайлар жиілігі жылына 100000 халыққа 25 жағдай. Гиперкальциемия синдромының шамамен 35%-ы БГП-мен байланысты (гиперкальциемия ересектерде 0,5-1,1% жағдайда тіркеледі, жиі 50 жастан асқан әйелдерде; госпитализацияланған науқастардың 5%-да көрініс береді.). БГП қантты диабет пен қалқанша безі ауруларынан кейін эндокринді аурулардың ішінде үшінші орынды иемденеді. Сырқаттанудың жасқа байланысты шыңы 40–50 жасқа сәйкес келеді, соның ішінде БГП әйел адамдарда 2 есе жиі көрініс береді, оның 3%-ы менопаузадан кейін әйел адамдарда дамиды. БГП несеп-тас ауруымен сырқаттанған науқастардың 2–5%-да көрініс береді.

Клиникалық көріністері

Науқастардың басым көпшілігінде БГП симптомсыз өтеді және диагноз гиперкальциемияға байланысты зерттелген науқастарда қойылады.

1. Бүйректік симптомдарға полиурия, полидипсия, пиелонефритпен асқынған нефролитиаз (25%), сирек бүйрек жеткіліксіздігіне әкелетін нефрокальциноз жатады.

2. Асқазан-ішектік симптоматика: анорексия, лоқсу, обстипация, метеоризм, жүдеу. 10 % жағдайда асқазан және/немесе ұлтабар ойық жарасы, 10 % — панкреатит, сирек панкреакалькулез дамиды. Өт-тас ауруы жалпы популяциямен салыстырғанда екі есе жиі көрініс береді.

Эпидемиологиясы. БГП таралымы —щамамен 500 адамға 1 жағдай, жаңа жағдайлар жиілігі жылына 100000 халыққа 25 жағдай - student2.ru

8.4 сурет.Біріншілік гиперпаратиреоз кезіндегі білек рентгенограммасы: фалангалардың субпериостальды резорбциясы

3. Жүрек-қантамырлық симптоматика: артериялық гипертензия және оның асқынулары.

4. Сүйектік өзгерістер: остеопороз, хондрокальциноз; ауыр БГП: субпериостальды резорбция, білек, аяқ фалангаларының акроостеолизі (сурет 8.4), қаңқа деформациясы, сүйектердің патологиялық сынықтары (8.5 сурет), кисталар, алыпжасушалық ісіктер және эпулидтер (кисталық түзілістер).

5. Орталық жүйке жүйесі: депрессия, ұйқышылдық, естің бұзылуы, қозғыштық, терінің қышуы.

6. Гиперкальциемиялық криз — БГП-дің өте сирек ауыр асқынуы. Үдемелі дамыған анорексиядан кейін ұйқышылдық, ступор, кома, психоз, лоқсу, құсу, эпигастрий аймағындағы ауыру сезімі, жылдам дамитын әлсіздік, сусыздану, анурия, комотозды жағдай тән. Ең ауыр асқынулары- дененің проксимальды бөліктерінің, қабырға аралық бұлшықеттердің, көкеттің миопатиясы, 38–39 °С дейін қызба.

Эпидемиологиясы. БГП таралымы —щамамен 500 адамға 1 жағдай, жаңа жағдайлар жиілігі жылына 100000 халыққа 25 жағдай - student2.ru

8.5 сурет.Біріншілік гиперпаратиреоз кезінде тізе мен білек сүйектерінің сынықтары мен псевдосынықтары

Криз қан сарысуында кальций деңгейі 4 ммоль/л болғанда ғана көрініс беріп, ұзаққа созылған төсек тәртібі, тиазидті диуретиктер, кальций дәрілері және D дәрумендерін жиі қолданғанда дамиды.

Наши рекомендации