Лекция. Тақырыбы: Жаяу әскерге қарсы миналар, құрылымы, ұрыстық сипаттамасы.
Лекция жоспары:
1. Жаяу әскерге қарсы ПМД-6М миналары МУВ, МУВ-2 және МУВ-3 жарғыштарымен қолданылуы.
2. Танкіге қарсы миналар, құрылымы, ұрыстық сипаттамасы.
Лекция мақсаты:Студенттерге жаяу әскерге және танкіге қарсы қолданылатын миналардың құрылысын, ұрыстық сипаттамасын, миналарды орнату әдістерін және бөлімше құрамында минажарылғыш бөгеттерден өтудің тәсілдері мен амалдарын үйрету.
Лекция мәтіні:1. Жаяу әскерге қарсы миналар. Адам күшін жою үшін қолданылады. Олар фугас (ПМД-6 М, ПМН) және жарықшақты (ПОМЗ-2М, ОМЗ-72 және МОН-50) болып сараланады.
Жаяу әскерге қарсы ПМД-6М миналары МУВ, МУВ-2 және МУВ-3 жарғыштарымен қолданылады.
Жаяу әскерге қарсы ПМД-М минасының құрылысы: 1) қақпағы 2)МУВ-2 жарғышы 3) резеңке қалпақша 4) металл элемент 5) тескіш 6) сақтандырғыш мұрындық 7) Т тәрізді ұрыстық мұрындық 8) соққыш 9) соққы серіппе 10) жарғыш корпусы 11) МД-5М тұтандырғышы 12)металл тілімше 13) мина корпусы 14) ЖЗ заряды 15) бүпкеніш қабат (жапырақтар)
Минаның әрекет принципі минаны басқан кезде қақпақ төмендеп Т тә-різді мұрындықты жарғыштан суырады соққыш соққы серіппенің әсерінен МД-5М (МД-2) тұтандырғышын теседі, ол жарылып миналар жарылады.
Жаяу әскерге қарсы ПМ минасының пластмасса корпусы болады. Мина-ның әрекет принципі минаны басқан кезде қақпамен қалқанша төмен түседі, соққы серіппенің әсерімен тұтандырғышты теседі де ол жарылып, минаны жарады.
Жаяу әскерге қарсы ПМН минасының құрылысы: 1) корпус 2)ЖЗ заряды 3) резеңке қалпақ 4)қалқанша 5) кеспе шығыршық 6)соташық 7)металл таспа 8)резеңке төсем 9) калпақша 10) кескіш 11) металл элемент 12)шығыршық 13)сақтандырғыш мұрындық 14)төлке 15)соққы серіппе 16)соққыш 17)сота-шық серіппесі 18)ұрыстық томпешік 19)капсюл детонаторы 20)тетрил құты 21) пластмасса гильза 22)тығын 23)резеңке төсем.
Жаяу әскерге қарсы Фугас миналар топыраққа үстіңгі беттен 3-5 см тереңдікке, қысқы жағдайда қардың қалыңдығы 10 см болғанда жерге,ал қар қалың болғанда үсіңгі бетінен 5 см аспайтын бүркеніш қабаты бар тапталған қарға қойылады. Орнатылған жаяу әскерге қарсы Фугас миналарды алуға үзілді-кесілді тыйым салынады.
Жаяу әскерге қарсы ПОМЗ-2М жарықшақты миналарыы МУВ,МУВ-2 немесе МУВ-з жарғышымен қолданылады.
Жаяу әскерге қарсы ПОМЗ-2М жарықшақты минасының құрылысы: 1)корпус 2)ЖЗ заряды(75 грамм тротилды құты) 3)МУВ-2 жарғышы 4)Р тәрізді ұрыстық мұрындық 5) кесінді сымы бар карабин 6)сым керме 7)қазықша 8)МД-М тұтандырғышы
3. Минаның әрекет ету принципі: сым керме тартылған кезде ұрыстық мұрындық жарғыштан жұлынады соққыш босайды да, соққы серіппенің әсерімен тұтандырғышты теседі ол жарылып минаны жарады, минаның корпусы жарықшақтарға бөлшектеліп жан-жаққа ұшып жаралайды.
Минаны сым керменінің бір не екі тармағымен орнатады .Керменің қазықшалары топыраққа жер бетінен 12-15 см биіктікке қағылады,ал орнатпа қазықша топырақ бетінен 5-7 см-ге қағылады.Сым керме минадан 5 м-ге дейінгі қашықтықта орнатылады, ал екі тармақпен орнатқан кезде екі қазықшаның арасындағы сым керме бір-бірінен 8 метрге дейін болуы керек.
4. Белгі беруші миналар өз әскеріне қарсыластар бөгеттер ауданына, позицияларға немесе қорғаудағы объектіге келгенін ескерту үшін қолда-нылады.
Белгі беруші минаның әрекет принципі жарғыштың ұрыстық мұрын-дығы жұлынған кезде (сым керменің тартылуынан) соқыш КТ- 11 капсюль-тұтандырғышты тесіп оқ-дәрі заряды тұтанады,ал одан дыбыстық белгі блогының татанғыш құрамы жанады да дыбыс шығады (ысқырық); дыбыстық сигнал әрекеті аяқталғаннан кейін жарық сигналының бірінші жұлдызшасынынң тұтанғыш құрамы жанады, бұдан соң от жұлдызшаның тұтанғыш құрамынан айдама оқ-дәрі зарядына тиеді; айдама заряд жанға кезде түзілетін газдардың қысымымен жанған жұлдызша гильзадан атылады;жанған айдама заряд осымен бір мезгілде кезекті белгі беруші жұлдызшаны жандырады;нәтижеде барлық жұлдызшалар (12-15) дана бірінен кейін бірі кезектесе жаныпминаның корпусының 10-12 секунд ішінде атылып шығады.
Белгі беруші миналар жерге орнатылуы және жергілікті заттарға (ағашқа,қазыққа және т.б.) байлануы мүмкін. Мина іске қосылған кезде жанған жұлдызшалар мина орнатылған жерден 20 метрге дейінгі радиуста жерге түсіп жанып бітеді. Одан құраған шөп,егін өртенуі мүмкін;миналарды орнатқан кезде мұны ескеру керек.
2. Танкке қарсы миналар танктерді және басқа да ұрыс машиналарын жою үшін қолданылады, олар танк және басқа ұрыс техникасы жүріп келіп басқан кезде жарылатын шыншыр табанға қарсы, түп астыға қарсы болып бөлінеді.
Жалпы құрылысы. Танкке қарсы миналар корпустан (металл, ағаш, пластмасса) жарылғыш зат зарядынан жарғыштан және аралық детонатордан тұрады. Танкке қарсы кейбір миналардың түбінде және бүйір бетінде миналарды алынбайтындай жағдайға койған кезде жарылғышқа арналған бұрандалы тұтандырғыш ұялары болуы мүмкін.
Танкке қарсы ТМ-62 миналары, МВЧ жарғышымен қолданылуы мүмкін.
Танкке қарсы ТМ-62 миналарының құрылысы:
Корпус 2)тығын 3) төсем 4) заряд 5) түп 6) қосымша детонатор
7) тұтқаны бекітетін құлақша
Танкке қарсы ТМ-57 миналары МВЗ-57 жарғышымен қолданылады.
Минаның әрекет принципі қойылған минаның үстінен басқан кезде қақпақ майысады жарғының соққы тетігі төмен түсіп КД-МВ капсюль детонаторлары төлкесімен минаның диафрагмасына тіреледі одан әрі басқан кезде мұрындық қиылады,шарлар соққышты босатады;соққы серіппенің әсерімен соққыш капсюль детонаторды теседі де, ол да, минада жарылады.
МВЗ –57 жарғышты ТМ-57 минасы құрылысы:
1) корпус 2) қалқанша 3) НВЗ-57 жарғышы 4) диафрагма 5) заряд 6)түп 7) орталық детонатор 8) бүйірлік детонатор 9) тығын
Танкке қарсы ТМК-2 кумулятивтік минасы танктің не басқадай ұрыстық техниканың астында жарылады.
Бақылау сұрақтары :
1. Жаяу әскерге қарсы қолданылатын миналардың құрылысын айтыңдар.
2. Жаяу әскерге қарсы қолданылатын миналарды орнату тәсілдері қандай?
3. Миналанған алаңдарда өтпелер қалай жасалады?
4. Бөлімше құрамында минажарылғыш бөгеттерден өтудің тәсілдері мен амалдарын туралы айтыңдар
5. Танкке қарсы қолданылатын миналардың құрылысын айтыңдар.
6. Танкке қарсы қолданылатын миналарды орнату тәсілдері қандай?
7. Миналанған алаңдарда өтпелер қалай жасалады?
8. Бөлімше құрамында минажарылғыш бөгеттерден өтудің тәсілдері мен амалдарын туралы айтыңдар.