Жастар арасында аккультурация және әлеуметтену мәселелесін анықтаңыз

Аккультурация — қандай да бір халықтың мәдениеті жоғары дамыған басқа бір халықтың мәдениетін толық немесе жартылай қабылдауы нәтижесінде болатын мәдени өзара ықпалдасу. Әлеуметтену — жеке адамдарға қHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%BE%D2%93%D0%B0%D0%BC"оғам мен оның құрылымдары тарапынан үнемі (жинақы, бақылаулы, шашыраңқы түрде) әсер ету процесі. Соның нәтижесінде адамдар белгілі бір білімдерді, құндылықтар мен нормаларды игеріп, нақты қоғамда, әлеуметтік топтар мен ұйымдарда өмір сүру тәжірибесін жинақтайды әрі тұлғаға, сол қоғамның тең құқылы мүшесіне айналады. Есігіміз шартарапқа айқара ашылып, қазақ жастары шет мемлекеттерден білім алуына мүмкіндік туды. Экономикалық алыс – беріс, сауда – саттық дами бастады. Дегенмен, оның қайшылық жақтары да белең алуда. Өзге елдің тілі мен мәдениетін игерген жастарымыз әуелгіде жан – жақты, білімді, сәнді де мәнді жаңа заманның жас қазағы атанды. Кейіннен, сол жастарымыздың санасын шетел мәдениеттінің болмысына әуесқойлығы басып кетті. Қазағымның табиғатынан еліктегіш қасиеті қазіргі жастарды айналып өтпей, кесірін тигізіп отыр. Әрине, қазақтан бәрін көре беру дұрыс емес дегенмен, еліктеу болмысызда өте жақсы дамыған. Мысалға, қазіргі қазақ жастарымызды қызықтыра жалықтыратын, арманы мен аңсарын олардың жүріс – тұрысы, іс – әрекеті, киім кию үлгісінен байқауға болады. Халқымыздың қасиетті әдет-ғұрпына, салтына жат бүгінгі жағымсыз жағдай туралы әркім әртүрлі ойлап, пайымдайды. Сол мәселелердің бірі ретінде бүгінгі жастардың батысқа еліктеуін алып отырмын.
Адамның дүниеге келіп есі кіргеннен өзіндік көңіл қалауы, ой пайымы, сезімі, пікірі, түсінігі қалыптаса бастайды. Қазақ қыздарының киім киюі, жастардың әр түрлі сайттарда отыруы, қазақ әндерінің бұрмалануы және тағы да сол сияқты жайттар осы қатардан ойып тұрып орын алып тұрған мәселелер. Қазіргі тәуелсіз қазақ елі жастарының келбеті толғандырады. Жастарымыздың күнделікті көшеге киетін, қызметтік не болмаса сәндік кешкі киімдерін алатын болсақ, жыртылған не тозығы жеткен киім сияқты үлгідегі сәнді үстіне жапсырған қыздарымыз бір сәт ойланбастан ұялмайтын болды Бүгінде қыздардың түрі, түсі бұрынғы ғасыр қыздарына ұқсағанымен олар ұлттық үлгіден ауытқып барады. Қазағымыз «Ағаш көркі - жапырақ, адам көркі - шүберек» деген. Бүгінде ағаштан жапырақ кетпегенмен жастарымыздың үстінен шүберек кетуде. Қазақтың сәнінде көзге іліп аларлық салтанат қалмады. Ал, «Нағыз қазақ» ұлттық бейнесін жоғалтқандай. Анасының алдында кіндігін көрсеткен қыз, әкесінің қасында қысқа шорты киген ұзын сирақты бала, енесінің алдына төсін көлденең тарта ашқан келіні, атасының алдында шашын жайған кенсап! Жалпақ тілмен айтқанда яғни адамдардың үстіндегі киімінен дене пішімін көрсететін киім киюі, әйел ерлердің не болмаса ер адам әйел киімін киюі қатты сыналған. Сондықтан, ер жетіп келе жатқан ұлына әкесі, бойжеткен қызын тәрбиелеген анасы көзінің қырымен жүріс – тұрысы мен киіміне, сөйлеу мәдениетіне қатаң назар салған жөн! Жастарымыздың сөйлеу мәдениеті мен сөз саптауынан айналып өту мүмкін емес Енді тек қорқар бір нәрсе, бірнеше ғасырдан соң қазақ жастары мүлде қазақ дәстүрлерінен мақұрым қалмаса болғаны. Жеткіншек ұл – қызымыздың толықсыған шағында үнемі қасында болып, көзімізбен ісін бақылап, тура да таза жолға салуға бар күш – жігерімізбен кірісуіміз керек.

23. Қазақстандағы іскерлік мәдениеттің ерекшеліктерін ашыңыз(тарихи және заманауи)

Іскерлік қарым-қатынас – адамаралық қарым-қатынастың жетекші түрі және ол тұлғааралық қатынас барысында жүреді. Қарым-қатынас проблемасының әр түрлі аспектілерін Б.Г.Ананьев, А.Б.Добрович, Я.Л.Коломинский, В.А.Ядов, Дж.Брунер, В.В.Столин т.б. ғалымдар зерттеген. Олар әлеуметтік ортаға адамның икемделуіне негіз болатын себептер мен факторларды анықтап, қарым-қатынас функциялары мен түрлерін сыныптастырып, оларды жүйеге келтіріп, іскерлік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру факторларын анықтаған.

Қарым-қатынас – адамдардың қоғамның мәнді иесі ретіндегі маңызды рухани қажеттілігі. Адамның қарым қатынасты қажетсінуі оның қоғамдық сипаттағы тұрмысымен, іс-әрекетте өзара ынтымақтастықта болуды қажет етуімен сабақтасады. Кез келген бірлескен іс-әрекет оны орындаушылар арасында тиісті байланыс пен өзара түсінушілікті талап етеді. Іскерлік қарым-қатынас адамдар арасындағы көп қилы байланыстар болғандықтан ол байланыстар бірлескен өмір қажеттілігі болып табылады.

Іскерлік қарым-қатынас барысында бір адамды бақылаушы, ал екінші адамды бақыланушыны ретінде қабылдау үрдісінің қалыптасуы қарым-қатынасқы түсушілердің бірін-бірі бастапқы бағалауын анықтайды. Бірінші кезеңде бақылаушы бақыланушыны тек сыртқы белгілеріне қарап бағалайды. Олардың ішінде ең көп мағлұмат беретіні сыртқы кейпі (физикалық сапалар мен сыртқы келбетінің безендірілуі) және жүріс-тұрысы (істеп тұрған іс-әрекеттері мен экспрессивті реакциялары) болып табылады. Бұл сапаларды қабылдай отырып бақылаушы белгілі бір амалмен оларды бағалайды және қарым-қатынастға серіктестің ішкі психологиялық қасиеттері жайлы кейбір ой тұжырымдарын жасайды (көп жағдайда бейсаналы түрде). Бақыланушыға осылайша берілген сипатқа қарай оған белгілі қатынасты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл қатынас көбінесе эмоционалды сипаттта болады және «ұнайды-ұнамайды» деген пікірдің шегінде орналасқан.

Наши рекомендации