Салыстырмалы-тарихи тіл білімі, өзекті мәселелері

Табиғи және жасанды тілдер, арақатынасы, жасанды тіл жасаудың болашағы

Интерлингвистика теориясының қалыптасуы, зерттеу нысаны, өзекті мәселелері

ЕМТИХАН БИЛЕТІ

1. Мәтін және мәтінтану, өзекті мәселелері, зерттелуі Мәтінтану проблемасы мәтін тарихы мен мәтінтану деген екі ұғымның айырмашылықтарын танып–біліп алудан басталады. Бұл екі ұғымды тең дәрежеде қабылдауға болмайды. Осы ғалымдардың еңбектері арқылы қазақ тіл білімінде мәтінтанудың негізгі ұғымдары мен терминдік жүйесі қалыптасты. Қазіргі кезде көркем шығарманың мәтінтану тұрғысынан зерттелуі де өзекті болып отыр. Көркем шығарманың мәтінтанымдық жағынан зерттелуі филологияның басты салаларының бірінен саналады.

Мәтінтанушы белгілі бір мәтіннің жарыққа шыққанға дейінгі тарихын зерттеп қана қоймайды, әрбір автографтағы өзгерістердің пайда болу себебін ашады, өзгерістер мен жапсырмалардың, қоспалардың мәтінге енген кезі мен көмескі сөздердің, тіркестердің шыққан тегін анықтағанда, ұлт тілінің әр дәуірдегі ерекшелігімен сабақтастықта, саяси-әлеуметтік, мәдени өзгерістерімен ұштастыра келіп, қолжазбаны көшірушінің ұстанған мақсатын жадында тұта отырып, қарастыруға міндетті. 2009 жылы жарыққа шыққан академик Р.Сыздықтың «Қазақ тіліндегі ескіліктер мен жаңалықтар» (Алматы:Арыс,2009) еңбегі де осы салаға тыңнан қосылған еңбекке жатады, мәтінтануға қатысты қазақ тіл біліміндегі бірнеше проблеманы көрсетеді: 1) текстологиялық зерттеулердің жолға қойылмауы; 2) мәтінге қалай болса, солай қарау: а) тарихи мәтіндерді, ә) кейінгі жаңа жазба мәтіндерді да жариялану барысында кемшіліктердің жіберілуі, б) мәтіндер қазына іспетті, көне мен ескіліктердің топтастырылған орын екені, в) ескілер мен көнеліктердің мән-мағынасын ашуда да мәтіндердің көмегі көптігін ескерусіз қалып отыруы [12, 11 б.].

Қолда бар кез келген ескерткіш-мұраның екі түрлі жарияланымы, нұсқасы: 1.лингвистикалық басылым(Орхон жазбалары, «Хан жарғылықтары», «Қадырғали Жалаири т.б.» және 2.әдебиленген («қазіргіленген») басылым (Қ.Халиди «Тауарих Хамса» т.б.) болады. Мұраны «лингвистикалық қалыпта» (яғни таңбасын нақты беріп) жариялаудың да көптеген даулы мәселелері бар. Қазақ филологиясындағы мұра атаулы о баста жазба күйге (қолжазба, кітап түрінде) араб қарпімен, оның ішінде қадим жазулы нұсқалар түрінде түскендіктен, оны қайта оқудың, қазігі әріпке түсіріп таңбалаудың толық әдістемесі жасалмаған. Сол себепті де тілші ғалымдар кез келген мәтінді қайта жарияларда өз принциптерін, жазу қалыбын қайталап түсіндіруге мәжбүр болады. Мәселен,А.Байтұрсынұлының «Тіл тағылымы» (Алматы, 1993) атты еңбегі араға 70 жыл салып қайта жарық көрген тұста академик Р.Сыздық оған мынадай түсінік жазды: «Ауыспалы шақтық есімшенің жұрнағы көбінесе тұн, түн(баратұн, келетүн) түрінде жазылғанмен, түпнұсқадағы орфограмма сақталмай, қазіргі нормасымен тын, тін болып жазылды. А.Байтұрсынов грамматикасында жіктік жалғаудың ІІ жағының тұлғасы қазіргідей –сың емес, -сын түрінде берілген (сен барасын, сен не сұрап тұрсын дегендерде), бұл өзгешелік сақталды».
^ Жаңа замандық мәтінтанулық зерттеулерде қолжазбалар екіге бөлінеді:

а) автордың өз қолымен жазған; ә) тізімдер немесе тізбелер, яғни автордың өзі емес, басқалардың қолымен жазған қолжазбасы. Көне және ортағасырлық ескерткіштер үшін бұл өлшем өзгереді, онда қолжазбақолмен жазылған мәтін немесе мәтін үзіндісі де, тізім немесе тізбе деп қайтадан көшірілген шығарма аталады. Бір қолжазба бірнеше тізімнен яки тізбеден тұруы мүмкін. Қолжазба да, тізім де автограф болуы әбден ықтимал, яғни қолжазбаны да, тізімді де автор өз қолымен жазуы мүмкін.

Автографтың таза жазба («беловик») және жөнделіп бітпеген шимай жазба түрі («черновик») болады. Сондай-ақ автор тексеріп, жөндеген, корректура жасаған қолжазбалар мен шығарманың жөнделген баспа түрі бар. Қазақ көне мәтіндерінің авторлар өз қолымен жазған мәтіндік қолжазбалары жоқ. Сондықтан шимай жазба немесе таза жазба ұғымдарын да ХҮ-ХҮІІІ ғғ. ақын-жыраулар шығармашылығына қатысты қолдана қою қиын.

Мәтінтануда жиі қолданылатын терминнің бірі конъектура – мәтінге дереккөзсіз, жорамалмен жасалған түзетулер дегенді білдіреді. Конъектуралық жағдайда мәтіннің дұрыс оқылуын қалпына келтіру әрқилы қисынды оймен байланыстырылады. Қисынды дұрысталу мен мәтінді о бастағы қалпына келтіру және оның қалпына келтірілгені туралы түсініктер одан кейінгі басылымдарда қатар берілуі тиіс. Мысалы, Махамбет өлеңдерінде конъектуралық түзетулер кездеседі. Конъектура екі түрлі болады: 1.қарапайым конъектураға әр жылғы басылымдардағы түсініктер, түрлі үзіктер мен абзацтарды жатқызуға болады.

Айталық, қом сулар тіркесімі мен құм, сулар бірыңғай мүшелерінің қолданысының қайсысы дұрыс, қайсысы қате екенін конъектураға байланысты алып көрелік. Қом мен құм қолданысының Махамбет өлеңдерінің мәнмәтінінде қайсысы орынды екені түсіндіру конъектуралық заңдылық бойынша зерттеушінің қисынына қарай жүзеге асады. Ол үшін тұтас өлең мен осы тіркес кездесетін мәнмәтін қарастырылады.Қом мен құмды жазудан кеткен қателік ретінде алмастыруға болар еді. Бірақ 1939 жылғы және 1948 жылғы басылымдар латын және кирилл әліпбиімен жазылғандықтан, олардың қателік ретінде алмасуы мүмкін емес, ешқандай фонетикалық заңдылықтар негізінде алмастыруға да келмейді. Қазақ тіліндегі аймақтық ерекшеліктердің батыс тобында қомсөзінің кездесетіні жайлы факті бойынша ғана қомды қалдыруға болар еді. Бірақ жалаң ғана бұл факт аздық қылады. Сондықтан келесі кезекте мәнмәтін алынады. Бірақ мәнмәтінде құм да дұрыс болып көрінетінін жоққа шығаруға болмайды. Алғашқы басылымдармен салыстырып қарар болсақ, 1939 жылғы және 1948 жылғы басылымдардағы мәтіндерде құм мен сулар сөздерінің ортасына «,» (үтір) қойылып, аралары бірыңғай мүшелер сияқты ажыратылғанын көруге болады. Ал 1925 жылғы басылым араб қаріпті қазақ жауымен терілген және тыныс белгілерінің түрі де аз, сирек қойылған, тіпті ол кезде тыныс белгілерін қоюдың нормаланбағаны әдеби тіл тарихынан белгілі жайт, сондықтан бұл басылымда үтір белгісі жоқ, ал мәнмәтінге екі сөз де үйлеседі.

Қом су сөзі Қазақстанның батыс аймағында, әсіресе Маңғыстауда жерінде кездеседі және осы сөз «тоқталған, бір жерге жиналған су» дегенді білдіреді. Ал тұтас өлеңнің мазмұнына қарағанда, Қоғалы көлдерден кейін, қом сулардың тұрғаны дұрыс болып көрінеді. Себебі ел көшкенде су жағалап немесе су шығатын, суы мол жерді мекендейтіні белгілі. Сондықтан ақылға қонымды варианты ретінде: Қоғалы көлдер, қом сулар Кімдерге қоныс болмаған?! - деп айтқан жөн.Егер Махамбет мәтіндеріне қатысты алар болсақ, ондай ақын өлеңдерінің мәтінін өз түсінігі бойынша жақсартып, логикалық қалыпқа салу арқылы өзіндік түзетулер істеген Б.Аманшин конъектураларын күрделі «өңделген мәтіндік конъектураға» жатқызған дұрыс. Себебі Б.Аманшин Махамбет өлеңдерін өз тәртібімен түзіп шыққан. Ол енгізген өзгертулерді былайша жіктеуге болады: а) өлеңдердің орын тәртібін түгелімен өзгертіп, тарихи оқиғаларлардың хронологиялық ретімен, ізімен түзген; ә) кейбір өлеңдерді жойып жіберіп, мәтіннің тұтастығын бұзып, оларды басқа өлеңдердің құрамына енгізген; б) өлең жолдарын өз логикалық қалыбымен өзгерткен; в) жекелеген сөздерді мәнмәтінге осы сай келеді деген өз ойының жетегімен өзгерткен (мысалы, жиылған әскер білінді - жиылған әскер бүлінді); г) өлеңдерге өз тарапынан, өз түсінігіне қарай тақырып берген; д) өз еркіне салып, тыныс белгілерін қойған, т.б.Келесі кезекте Махамбет өлең мәтіндерінің Б.Аманшин және Қ.Жұмалиев дайындаған басылымдарын мәтінтанулық ұғым ретінде айтылатын мәтін редакциясына жатқызу мәселесі тұрады. Оны білу үшін мәтінді редакциялау немесе мәтін редакциясы дегеніміз не екенін білу керек. Мәтін редакциясы деп мақсатты түрде мәтінді қайта қарастыруды, өңдеуді айтады. Мәтінді редакциялаудан өткізудегі мақсаттар әртүрлі болады. Редакциялау әлеуметтік себептерге және уақытқа, редакция жасалған орынға, редакция жасаушының интеллектісіне байланысты болғандықтан, редакцияланған жазба мәтіндерге атау беріледі. Мысалы, Махамбет өлеңдерінің Халел басылымы, Қ.Жұмалиев басылымы, Б.Аманшин басылымы деп атауға болады. Сол сияқты ұлы Абай қолжазбасы баспаға тұңғыш тапсырған адамның атымен Мүрсейіт қолжзбасы деп аталатыны белгілі. Олардың мақсаты өлең мәтіндерін қайткенде де жарыққа шығару, мұраны жоғалып кетуден сақтау болғандықтан, тұтасымен алғанда, мәтіннің негізгі мазмұнына, көркемдік бояуына айтарлықтай өзгерістерді дарыта алмаған. Сондықтан Махамбет мәтіндерініңредакциясыдемократиялықредакцияғажатады.

Ал әржылғыбасылымдардысалыстыракеле, оларды: а) саясикөзқарастардыңәсерісолғынбасылымдар(1925);ә)саясиәсербасыммәтіндер(1935, 1948);б) редакциялықөзгерістереңкөпенгізілгенмәтіндер(1974, 1979) депжіктепкөрсетугеболады.

Махамбет мәтіндеріндегі өзгертулердің кейбірін саясатқа лайықталған өзгертулер дегенімізбен, оның жанры, оқырман таңдауына лайықталып өзгертілуі, тұтасымен түбірлі өзгертілуі болмаған. Негізінен, Махамбет өлең мәтіндерінің цензураға лайықталған басылымдарына кеңестік дәуір мәтіндері жатады. Бұл мәтіндердегі мұсылманшылыққа, орыс армиясына, орыс патшасына қатысты айтылған жекелеген сөздер мақсатты түрде өзгертілген. Мәтіндердің құрылымы ең көп өзгертілген уақыты кеңестік кезеңге тап келеді және аса көп өзгертілгені Б.Аманшин нұсқасы саналады, осы нұсқалар ақын мәтіндерін қайтадан өңдеген әрі түпнұсқадан мейлінше ауытқыған мәтіндерге жатады.

Сонда Махамбет өлеңдерінің негізгі, түпнұсқалық я болмаса канондық мәтіні қандай? Классикалық филологиядағы канондық мәтін дегеніміз – мәтін дереккөзін зерттеудің белгілі бір кезеңіндегі шығарманың барлық басылымдарына негіз болатын, соңғы редакцияланған түпнұсқалық, авторлық мәтін. Абай тілін зерттеушілер үшін Мүрсейіт қолжазбасы канондық мәтін болса, махамбеттанушылар үшін 1925 жылғы басылым канондық мәтін болып саналуы тиіс. Мәтін түрлерінің канондық мәтіннен өзге көшірме деп аталатын түрі бар. Мәтінтанулық ұғымдардың ішінде көшірме статусы жағынан мәтіннен төмен болғанмен, түпқолжазбадан толығымен айнытпай көшіріліп, қайталап жазылатындықтан, тілшілер үшін маңызды болып табылады. Көшірмеде көшірме жасаған адамның тарапынан кеткен механикалық қателер, мақсатты түрде емес, еркінен тыс жіберіп алған қателер, әдейі емес, байқаусызда орын алған қателіктер болады. Бірақ оның бәрі де мұндай қолжазбаларды көшірме деп айтуға кедергі бола алмайды. Кейде көшіруші тарапынан мәтінде бар иллюстрациялар көшірілмей қалып қойып жатса, кейде, керісінше, көшіруші өз тарапынан иллюстрациялар енгізуі мүмкін. Міне, бұл мәтін мен мәтінтануға байланысты зерттеу кезінде лингвистикалық сараптама жасауда зерттеушінің ескерусіз қалдырмайтын нәрселері. Мәтін мақсатты түрде өзгертілмесе, оның жаңа редакциясы туралы қандай да болмасын пікір айту ерте. Тіпті жартысы жоғалған мәтіннің жартысын сол күйінде жариялауға болады, мұндайда ол тек кінаратты мәтін ғана болып шығады және ол қазіргі кінаратты мәтіндерден өзгеше түсіндіріледі, бірақ әлдекім өз тарапынан мәтінді өзінше аяқтағысы келсе, немесе мән-мағынасына айтарлықтай өзгеріс кіргізсе, сонда ғана мәтіннің жаңа редакциясы туралы пікір білдіру дұрыс. Осылайша мәтіннің тілдік сипатын тірілту арқылы: а) кейінгі көшірілген мәтіндерде жөн-жосықсыз пайда болған өзгерістерді анықтауға; ә) сыртқы факторларды, қоғамдық-саяси ықпалдарды анықтауға; б) жалған шығармалардың пайда болуының жолын кесуге; в) әр дәуір, белгілі бір кезеңнің нақты ерекшеліктері өзге де қолжазбалардың тілдік құрамын талдауға, сапасын анықтауға, тарихи ерекшеліктерін тануға мүмкіндік туады.

2. Мәдениетаралық коммуникация теориясы, мәселелері. Мәдениаралық коммуникация - мәдениаралық өзара ықпалдасу негізінде субъектілер (жеке тұлғалар, әлеуметтік топтар, қауымдастықтар, мәдениеттер, өркениеттер) арасындағы байланыстар негізінде пайда болған құндылықтармен және құндылықты ұстанымдармен өзара алмасу процесі. Кейде мәдениаралық коммуникация жайлы сөз еткенде "мәдениеттер диалоги" және "өркениеттер диалогы" ұғымдарын қолданады. 1990- шы жылдарда мәдениаралық коммуникация мәселелері индивидуалистік, ұжымдық және коммунитарлық мәдени бағдарлар аясында қарастырыла бастады. Мәдениаралық коммуникация барысында әртүрлі мәдениет өкілдері осы мәдениетке тән ерекшеліктерді ескере отырып, әлеуметтік қарым-қатынастарда түсініспеушілік пен ыңғайсыздық жағдайларын төмендетуге көп септігін тигізеді. Кейбір әлеуметтанушылар ұжымдық және индивидуалистік құндылықтардан ең жақсыларын біріктіруге үміттене отырып, жеке тұлғаның шексіз еркіндігі мәдениеттің әлеуметтік бұйымын бүлдірмеуі үшін қоғам игілігіне индивиду алдылық құқық пен ұжымдық құқықты тепе-теңдестіруге тиісті коммунитаризм тұжырымдамасын жасауға тырысады. Осылайша, мәдениеттер өзара ықпалдасуы мен диалогы идеяларынан туындаған мәдениаралық коммуникация мәселесі уақыт өте келе тұлғааралық мәдени коммуникация деңгейіне өтті. Мәдениаралық коммуникация мәселесі жаһанданудың өзара әріптестік пен өзара түсіністік аспектісінде бүгінгі таңда аса өзекті болып отыр. Ықпалдастық процестер әлемді өзара байланысты, біртұтас етуде. Мәдениаралық коммуникация дағдыларын халықаралық менеджмент және маркетинг саласында, БАҚ қызметінде, трансұлттық корпорациялар және трансұлттық саясат, сондай-ақ мәдениаралық коммуникация зерттеулеріне түрткі болған - мәдениет саласында қолдануға болады. Мәдениеттер диалогы, өркениеттер диалогы негізінде жатқан мәдениаралық коммуникация идеяларын халықаралық ұйымдар (мысалы, [[Сурет:ЮНЕСКО]]), саяси көшбасшылар, мемлекет басшылары, үкіметтік емес ұйымдар көп қолданады.

3. Әлеуметтік лингвистиканың зерттеу бағыттары, басқа ғылымдармен байланысы.ӘЛЕУМЕТТІК ЛИНГВИСТИКА ТІЛДІ, дұрыс қолданушылармен емес, өз сөйлеулерінде қоғамда, тілдік ортада қалыптасқан тілдік норманы бұзатын, қателесетін, бірнеше тілдік стильдерді немесе бірнеше тілдің элементтерін араластыратын нақтылы адамдарды нысана етеді. Тілді қолданудағы осындай барлық ерекшеліктерді білу, оларды талдап түсіндіру, болу себептерін анықтау тілді дамыту жұмыстары үшін маңызды мәселе болып табылады. Зерттеу нысаны тілдің қоғамдағы қызмет етуі болып табылатынын әлеуметтік лингвистика тілдің ішкі құрылымын жалпы мәлімет ретінде қабылдағанымен оны арнайы қарастырмайды. Дүниеде бір тіл емес, екі тіл немесе одан да көп тілдер қолданылатын қоғамдар (мемлекет, ел, аймақ т.б.) бар. Міне, осындай екі, үш одан да көп тіл қызмет ететін қоғамдағы әлеуметтік лингвистиканың нысанасы қандай? Мұндай жағдайда әлеуметтік лингвистика бірнеше тілдердің өзара қарым-қатынаста қызмет ету тетігін зерттейді. Олар әлеуметтік өмірдің қандай салаларында қолданылады? Қандай тіл «басымдылық» танытады, яғни қай тіл негізгі қатынастағы мемлекеттік немесе ресми тіл болып табылады? Оның мәнісі неде? Отбасылық не тұрмыстық тілдерге «қанағаттанушылық» қажеттігі қандай? Адамдар бір тілден екінші тілге неге көшеді, ана тілін ауыстыру себебі неде? Қандай жағдайда және қандай формада қостілділік, көптілділік түрлері дамыған? Міне, қарап отырсақ, осындай мәселелермен дәстүрлі лингвистика да, әлеуметтану да емес, тек әлеуметтік лингвистика айналысады. Әлеуметтік лингвистика деген атынан көрініп тұрғандай бұл ғылыми пән бірнеше ғылымдардың (тіл білімі, әлеуметтану, психология, тарих, этнография, демография, экономика, саясаттану т.б.) тоғысқан жерінен пайда болған. Әлеуметтік лингвистиканың осындай пәнаралық сипатын көптеген ғалымдар мойындайды, бірақ бұл мойындаушылық оның қай ғылымға көбірек жақын екендігіне жауап бола алмайды. Осыдан бұл ғылымды зерттеумен кім айналысады деген сұрақ туады. Мұндай сұраққа қазіргі әлеуметтік лингвиститка - бұл тіл білімінің бір саласы деп нақты жауап береді, Өйткені, оның қай ғылымға жататындығы, өзіндік мәртебесі туралы даудың күні өтті. Ол - әлеуметтік лингвистиканың пайда болу, қалыптасу кезеңіндегі мәселе. Бүгін, XXI ғасыр басында әлеуметтік лингвистика өзінің нысанасын, мақсаты мен міндеттерін ғана анықтап қойған жоқ, сонымен қатар тіл білімі ғылымына тән нақтылы нәтижелерін де беріп үлгірді. Әлеуметтік лингвистиканың ғылым ретінде негізін Праиж стуктизімі және Женева мектебінің өкілдері (А. Сеше, Ш. Балли, А. Мартине, С.Д. Кацевский, Р.Р. Едаль т.б.), кеңестік диалектографистері ( Г. Розенкронц, Т. Фрингс, Р. Горссе т.б.), кеңестік әлеуметтік бағытты ұстанушылар ( Е.Д. Поливанов, Р.Д. Шор, В.М. Жирмунский т.б.) қалады. Қазақстандағы әлеуметтік лингвистика бұрынғы КСРО-дағы әлеуметтік лингвистикалық бағыттың негізінде қалыптасты. Еліміздің тәуелсіздік алғанынан бергі жылдарда республикадағы тілдік жағдаят, тіл саясаты, оның өзіндік бағыттары арнайы зерттелді. Еліміздің өзіндік тілдік құрылысы және онымен байланысты мәселелер ғылыми шешімін таба бастады. Бұл бағытта Б. Хасанұлы, М.М. Копыленко, А.Е. Карлинский, М.К. Исаев, Э.Д. Сүлейменова, З.К. Ахметжанова, С.Т. Саина, Н.Ж. Шаймерденова т.б. аға буын ғалымдармен қатар, К.М Байбосынова, А.М. Құмарова, А. Абасилов, Г.С. Суюнова, С.А. Асанбаева, Д.Ж. Қасымова, Г.Д. Алдабергенова, Г.М. Әлімжанова, т.б. жас ғалымдардың еңбектерін атауға болады. Қазақстандағы тілдік құрылыс пен тілдік ахуалды зерттеуші ғалымдардың еңбектерінде әлеуметтік лингвистиканың жоғарыда аталған ең өзекті деген проблемалары жан-жақты талданады. Қолда бар материалдарды сараптай отырып, солардың бірқатарына қысқаша шолулар жасап өтейік. Б.Хасанұлы 1976 жылы жарық көрген «Языки народов Казахстана и их взаимодействие» атты еңбегінде Қазақстандағы тілдік жағдаятқа кең түрде мінездеме береді. Қазақстан халықтары тілдерінің өзара қарым-қатынасын, олардың тұтынушыларын, тіл меңгеру деңгейлерін, өмір салаларында қолданылуын, қоғамдық қызметтерін нақтылы статистикалық мәліметтермен талдап көрсетеді. Бұл еңбектерде қазақтардың орыс тілін қолданудағы фонетикалық, лексикалық және морфологиялық қателіктері зерттелді. Интерференциялық құбылыстарды әлеуметтік лингвистикалық тұрғыдан зерттеу әдістері мынадай бағытта қарастырылды: 1) қазақ және орыс тілдерін зерттеу кезеңіндегі интерференциялық құбылыстардың қысқаша салыстырмалы талдау; 2) потенциалды интерференцияның аумағын айқындау; 3) информанттарды экспедициялық бақылау; 4) нақты интерференцияны лингвистикалық тұрғыдан сипаттау, талдау; 5) тест және сауалнама сұрақтары арқылы интерференциялық құбылыстарды зерттеу, талдаулар жүргізу; 6) интерференциялық құбылысқа әлеуметтік лингвистикалық талдаулар жасау [2]. Б. Хасанұлының 1987 жылы «Казахскорусское двуязычие (социолингвистический аспект)», 1989 жылы «Нациолнальные языки: пойски и перспективы» атты еңбектері жарық көрді. Осы еңбектерде қазақ-орыс қостілтілдігінің пайда болу жолдары, қазақтардың екі тілді меңгеру ерекшелігі нақты сөз болады. Сондай-ақ Қазақстандағы этностардың тіл меңгеру деңгейлері мен тәжірибелері нақты статистикалық зерттеулерге сүйене отырып талданды. Мұнда біртілділік, қостілділік, үштілділік, төрттілділік ұғымдарына анықтамалар беріліп, олардың әлеуметтік лингвистикалық сипаттамалары көрсетілді. Қазақстандық тәжірибеде қостілді, үштілді және төрттілді этнос өкілдерін нақты мысалдармен дәлелдеп берді. 1990 жылдары қазақстандық әлеуметтік лингвистиканың біршама кең түрде қарастырған проблемасы – қостілділік, көптілділік және диглоссия мәселелерін жан-жақты талдаған тағы да басқа зертеу еңбектері жарық көре бастады. Олардың қатарына төмендегі еңбектерді жатқызуға болады. 1990 жылы жарық көрген А.Е. Карлинскийдің «Основы теории взаимодействие языков» деген еңбегінде тілдердің бір-біріне әсер ету мәселесі, қостілділік, оның пайда болуы және қоғамдағы орны, табиғи және жасанды билингвизм, тілдік ұжым, интерференция, оның типтері, интеркаляция типологиясы т.б. мәселелер қамтылған. Қазақстандағы тіл саясаты мәселесіне қатысты 1990 жылы «Языковая политика в Казахстане и пути ее реализации» атты жинақ жарық көрсе, 1991 жылы қостілділік мәселесін талдаған М.М. Копыленко мен З.К. Ахметжанованың «Психолингвистический аспект двуязычия. Проблемы национально-русского двуязычие» деген зерттеуларі қостілділік теориясына қосылған қомақты еңбек болды. 1992 жылы Б. Хасанұлы «Ана тілі – ата мұра» атты еңбегінде алғаш рет ана тілі категориясын әлеуметтік лингвистикалық тұрғыдан жан-жақты талдап көрсетті. Мұнда автор ана тілінің лингвистикалық, әлеуметтік лингвистикалық психологиялық, педагогикалық, тарихи-этникалық смпаттамаларын, сондай-ақ ана тілі және заң, ана тілі және экономика, ана тілін білу мен меңгерудің айырым белгілері, қостілділіктің әлеуметтік лингвистикалық мәні, еліміздің әлеуметтік-коммуникативтік жүйесі, оны құрайтын тілдер, олардың қызметтік жүктемелері, типологиясы, мемлекеттік тіл мәселелері, қазақ тілін білудің қажеттілік талаптары дүниежүзілік тіл дамыту тәжірибесі тұрғысынан зерттелу қажеттігі, мемлекеттік тілді дамыту тетіктері т.б. көптеген әлеуметтік лингвистикалық проблемалар арнайы зерттелді. Б. Хасанұлы осы еңбегінде ана тіліне мынадай анықтама береді: «Ана тілі дегеніміз күллі тіл атаулыдан ішкі құрылыс ерекшелігімен дараланатын, белгілі бір халықпен нақты кеңістікте тарихи бірге жасап, оның төл мәдениетін ұрпақтан-ұрпаққа үздіксіз ұластырушы, сол халық адамдарына (жас, жыныс, сенім, кәсіп, әлеуметтік жағдай айырмасына қарамай) түгелдей және жан-жақты қызмет ететін ұлтішілік қатынас құралы [3, 25]. Автор сондай-ақ қостілділіктің табиғатына талдау жасай келіп: «Қостілділік – белгілі бір территория көлеміндегі ұлтаралық (этносаралық) қарым-қатынасқа түсетін белгілі бір этникалық қауымдастық өкілдеріне, бүкіл қоғамның (социумның) әр түрлі жағдайда екі тілді (әдетте, ана тілі мен екінші бір тілді) алма кезек немесе қатар қолдануы», - деген анықтама береді [3, 132]. Соның негізінде елімізде кеңінен тарап отырған қазақ-орыс қостілділігін былайша сипаттайды: «Қазақорыс қостілділігі дегеніміз – қазақтардың көпұлтты қоғамда ана тілімен қабат орыс тілін ұлтішілік және ұлтаралық қатынаста қатар не алма кезек қолдануы, екі тілдің әрқайсысын әр түрлі жағдайда керегінше пайдалану» [3, 133]. Б. Хасанұлы осы еңбегінде бүгінгі таңда күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе – қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесіне сай қызмет етуі мен дамуын, қоғамдық өмір салаларында қолданылу жағдайларын сөз ете келе, мемлекеттік тілді дамытудың мынадай принциптерін атап көрсетеді:

Бірінші принцип –мемлекеттік тілді жоспарлы түрде, барлық жағдайды туғыза отырып, кезең-кезеңімен барлық мекеме, ұйым, кәсіпорындардың қызмет бабындағы қарымқатынас құралына айналдыру. Екінші принцип – мемлекеттік тілді жоспарлы түрде, барлық жағдайды туғыза отырып, кезеңімен барлық мекемелерде, ұйымдар мен кәсіпорындарда іс қағаздарын жүргізуге пайдалану. Үшінші принцип – мемлекеттік тілді қаржыландыру мәселесін түбегейлі шешу. Төртінші принцип – мемлекеттік тілді оқыту ісін кадрмен, оқу құралдарымен толық қамтамасыз ету. Бесінші принцип – мемлекеттік тілді бір ғана қазақ тілінде емес, орыс және басқа тілдерде де насихаттаудың іс-шаралар жүйесін қалыптастыру. Алтыншы принцип – Тіл заңының іске асуы мен мемлекеттік тілді өмірге енгізу жөнінде жоғары орындар мен көпшілік қауым алдында жыл сайын есеп беріп отыруды дағдыға айналдыру [ 3, 219-220]. 1996 жылы Э.Д. Сүлейменованың «Казахский и русский языки: основы контрастив- ной лингвистики» атты еңбегі, 1999 жылы А.Е. Карлинскийдің «Международные отношения: теория – практика – поиск» деген зерттеуі, 2001 жылы «Двуязычие и межэтническая коммуникация. Актуальные проблемы межкультурной коммуникации и перевода» атты еңбектері жарық көрді. Э.Д. Сүлейменова мен Н.Ж. Шаймерденованың 2002 жылы шыққан «Словарь социолингвистических терминов» атты сөздігінде әлеуметтік лингвистиканың теориялық мәселелеріне, зерттеу бағыттарына, әдіс-тәсілдеріне т.б. қатысты 400-дей терминге түсінік берілген [4 ]. Бұл біздіңше, қазақстандық әлеуметтік лингвистика тарихындағы соны және құнды еңбек болып табылады. Б. Хасанұлының 2006 жылы жарық көрген «Тілдік қатынас негіздері» еңбегі Қазақстандағы қазақ, орыс және ағылшын тілдері серіктестігінен тұратын үштілділік мәселесін, халықаралық қатынастар тілінің пайда болу себептерін, тілдік қатынастың теориялық мәселелерін, адам қарым-қатынасында тілдің қолданылуын, тілдің әлеуметтік мәнін, саралануын, атқаратын қызметін т.б. кең көлемдегі мәселелерді қамтыған оқу құралы ретінде танылды.

ЕМТИХАН БИЛЕТІ

1. ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері, зерттелуі. ХІХ ғасырдың екінші жартысы түркі тілін зерттеудің «алтын ғасыры» деген атауға ие болып тарихта қалды.

Қазақ тілі туралы алғашқы зерттеу – неміс ғалымы Г.Ю. Клапроттың 1823 жылы жариялаған «Қазақ тілі жайында» деген француз тіліндегі мақаласы . Шығыстанушы ғалым бұл мақаланы Парижде «Азия журналында» жариялаған. Мақаланың алғашқы бөлімінде қазақ тілі жайлы жалпы шолу жасалса, екінші бөлімінде французша-қазақша сөздік беріліп, сол арқылы қазақ тілінің фонетикалық, грамматикалық, лексикалық ерекшеліктері, оның монғол тілінен айырмашылығы, түркі тілдерімен туыстығы салыстырылады. Мысалы, Р. Дүйсенбаевтың, қазақ тілі туралы газет бетіне тұңғыш мақала жазған Бөкен Адықовтың, Дінмұхамет Сұлтанғазиннің «Біздің қазақ туралы 5-6 ауыз» деген мақалалары негізінен, «қазақ тілінің түркі тілдерінің ішінен алатын орны, қазақ тіліне басқа тілдерден сөз қабылдау принциптері, алфавит, орфография, пунктуация, т.б. болды».

Алфавитке, грамматикаға қатысты жазба жұмыстары мен екі тілді сөздіктер ХІХ ғасырдың екінші жартысында пайда болды. Қазақтарға арналған бірінші әліппе 1892 жылы Қазанда басылды, сосын 1879 жылы Орынборда Ы. Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» мен 1896 және 1899 жылдары «Махтубап» кітабы басылып шықты.

Патша үкіметінің тапсырмасымен орыс ғалымдарының келе бастауының нәтижесінде көптеген еңбектер орысшаға аударылып, жарық көре бастады. Орыс оқымыстылары қазақтарға орысша үйретіп, олармен араласа бастады. ХІХ ғасырдың екінші жартысында орыс түркологиясы әлемдік шығыстану ғылымының алдыңғы сапынан көрінді. Барлық түркі тілдері сол кезеңде отандық ғалымдардың ғылыми-зерттеу нысанына айналды. Түркі тілін, соның ішінде қазақ тілін зерттеуде атақты орыс ғалымдары – Н.И. Ильминский, М.А. Терентьев, П.М. Мелиоранский, В.В. Катаринский, Н.Созонтов, Г.В. Архангельский, В.В. Радлов, Н.Н. Пантусов, В.В. Григорьев, В.В. Бартольд, С.Е. Малов. Н. Лаптев, Е.А. Алекторов, қазақ халқының ағартушы-ғалымдары А. Диваев, М.Н. Бектемиров, Қ. Кемеңгеров, А. Байтұрсынұлы, Тоқаш Бокин, Е. Букин, Н.С. Жетпісбаев, Ж. Көшербаев, М.А. Машанов т.б. зор үлес қосады. Аталған ғалымдар қазақ тіл білімінің салаларын зерттеумен айналысты.

Сондай еңбектің бірі – П.М. Мелиоранскийдің «Краткая грамматика казах-киргизского языка» деп аталатын еңбегі. Ғалымның бұл еңбегінде қазақ тілінің грамматикасын теориялық тұрғыдан сипаттап беруі көптеген ғалымдардың назарын аудартты.

Осыған дейін Николай Иванович Ильминскиийдің «Материалы к изучению киргизского наречия» деп аталатын практикалық мақсатта жазылған еңбегі жарық көрді. Ел арасындағы сауатты адамдардан қазақтың тілі мен әдебиетіне, этнографиясына қатысты материалдар жинайды. Атап айтқанда, 1859 жылы Маңғышлақта, 1860 жылы Бөкей хандығында болып көптеген лингвистикалық деректер жинаған. Ертегіші Марабайдан «Ер Тарғын» ертегісін жазып алып, 1861 жылы жарыққа шығарады.

Ал оның қазақ тілі грамматикасы мен фонетикасы туралы жазған «Материалы к изучению киргизского (казахского) наречия» еңбегі үш бөлімнен: фонетика (часть звуковая), грамматика, сөздіктен тұрады. Барлық фонетика-грамматикалық бөлім бар-жоғы 30 беттен (110-140 бб.) аспайды. 140-159 беттер және еңбектің 152 беті сөздікке арналған. Грамматика бөлімінде тек татар тілінен ерекшеленетін формаларды ғана қарастырған.

Н.И. Ильминскийдің түркітану ғылымына қалдырған «баға жетпес байлығы» – Рабғузидің «Бабыр-наме» мен «Қысас-әл-анбияны» жарыққа шығаруы. Мұнан кейін ғалымның В.И. Вербицкиймен және Алтай діни миссионерлерімен (М. Невский) бірлесіп, 1869 жылы Қазанда құрастырған «Алтай тілінің грамматикасы» атты еңбегі басқа түркі тілдерінің грамматикасын жазуға себепші болды. «Сонымен қатар оның қазақ тілі үшін де орны ерекше. Өйткені бұл «Грамматиканың» негізгі объектілері болған телеут, алтай, шор, тува тілдерінің фактілері кітаптың өн бойында қазақ тілі материалдарымен салыстырылып отырылады».

Қазақ тілі грамматикасын зерттеудегі еңбектердің ішінде ғалымдардың назарын аударған – П.М. Мелиоранскийдің «Краткая грамматика казак-киргизского языка» деп аталатын еңбегі. Грамматика Петербург университетінің шығыс тілдері факультетінде басылып шықты. Автор еңбегін қазақ тілін үйренем деушілерге ғана арнап жаздым деп практикалық мақсатты көздегенін айтса да, сол кездегі қазақ тілін жүйеге келтірген басқа еңбектердің алды болып табылады. Оның еңбегі «этимология», «синтаксис» деген екі тараудан тұрады. Қазақ халқының танымына терең бойлай алмағандықтан, Санк-Петербург университетінің студенті Б.Т. Саматовтан қазақ тілінің ерекшеліктерін сұрап отырған. Грамматика бөлімін профессор Н.Ф. Катанов қарап шыққан. Зерттеуші‑ғалым: «По единогласному свидетельству всех исследователей киргизского языка он принадлежит к числу самых богатых тюркских наречий...» деп қазақ тілінің байлығын мойындаған.

П.М. Мелиоранский «Краткая грамматика казак-киргизского языка» атты еңбегінде В.В. Радловтың, Н.И. Ильминскийдің, Я.Я. Лютштың, М.А. Терентьевтің], араб тілінде жазылған кітаби қазақ тілі үлгілерін және Сібір мен Түркістан басылымдарынан алынған материалдарды пайдаланғанын жазады.

Төртінші грамматикалық еңбектің авторы Василий Владимирович Катаринский (1846-1902) – Орта Азиядағы көрнекті түркітанушылардың бірі, Н.И. Ильминскийдің шәкірті. Ол оқу-ағарту істеріне қатысты: «Краткий киргизско-русский словарь» (Оренбург, 1895, 1898), «Русско-киргизский словарь» (Оренбург, 1899-1900), «Киргизско-русский словарь» (Оренбург, 1897), А.Н. Кононовпен бірлесіп жасаған «Практические уроки русского языка для киргизов» (Оренбург, 1895), «Грамматика киргизского языка» (Оренбург, 1897) және «Первоначальный учебник русского языка для киргизов» (Казань, 1909) т.б. еңбектерімен танымал болады. Сондай-ақ, «Сборник киргизских пословиц», «Материалы по этнографии киргиз» (Оренбург, 1899) жинақтарын құрастырады.

«Грамматика киргизского языка»еңбегінде фонетика, этимология (морфология), синтаксис салалары туралы мәліметтер кеңірек берілген. Еңбек өте қомақты, 200 бетке жуық. Фонетика және синтаксис бөлімінен тұрады.Бірақ қазақ тіл білімін толықтай ашып көрсеткен, болмаса қамтыған еңбек деп айтуға келмейді, ғылыми тұжырымдарға бара алмаған. Сөйлеу тілі ерекшеліктерін басты нысанға алған.

Бесінші грамматикалық еңбек – Н. Созонтовтың «Записки по грамматике киргизского языка»деп аталатын еңбегі. 1912 жылы Ташкентте басылып шыққан. Фонетика, этимология, синтаксис тарауларынан тұратын 67 беттік жазба. Автор кіріспесінде жазбаның орыстарға арнап жазылғанын, Н.Н. Пантусовтың транскрипциясы мен мәтінін қарап шыққанын жазады да, Діни миссионерлік қоғамның жазбаларын пайдаланғандығын айтады. Автор жазбада қазақ тілінің сөз таптары мен жалғауларының арасында айырмашылықтар жоқ деп, род категориясының болмауын басқаша түсінеді. 9 cептіктің түрі бар деп демеуліктермен шатастырады. Бірақ ойды жүйелеуде синтаксис саласының Еуропа тілдеріне қарағанда маңызы жоғары екендігін дұрыс бағымдайды.

Алтыншы зерттеу жұмысы Г.В.Архангельскийдің құрастыруымен жарық көрген “Грамматика казахского языка”атты еңбегі. Бұл еңбек қазақ тілінің оқытушысы Қ.Кемеңгерұлының 1924-25 жылдары Түркістанда шығыстану курсында оқыған дәрістерінен алынған.

Ғалым Э.Н. Наджиптің мақаласында қазақ тілін зерттеуші ғалымдар туралы айтылып, олардың еңбектеріне тоқталады. Ол өз еңбегінде қазақ тілін зерттеу ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталғандығын және осы кезеңде қазақ әдеби тілі де қалыптаса бастап, оның негізін қалаушы қазақ халқының ағартушы-ақыны, ойшылы Абай Құнанбаев екендігін атап өтеді.

І. Кеңесбаев «Основные вехи изучения языка казахского народа» атты мақаласында қазақ тілінің төңкеріске дейінгі және төңкерістен кейінгі жалпы мәселелерін сөз етеді. Ол өз еңбегінде төңкеріске дейін шамамен 250 еңбектің, оның ішінде қазақ тілінде 60, орыс тілінде 190 екі тілді сөздіктер, мақалалар, оқу құралдары шыққанын айтады. Қазақ тілін зерттеудің ғылыми өзектілігін атап көрсетеді. Төңкеріске дейінгі қазақ тілін зерттеудің үш кезеңіне тоқталады:

  • Классификациялық жүйелеу тұрғысынан қазақ тілінің фонетика-морфологиялық ерекшеліктері анықталып, түркі тілінің бір тармағы ретінде орны белгіленді;
  • Қазақ тілінің фонетика-грамматикалық нормалары қысқаша түрде жазылып, екі тілді жеке сөздіктер құрастырылды;
  • Бай ауыз әдебиеті үлгілері туралы шамалы болса да мақалалар жарық көрді.

Академик-ғалым Р.Г. Сыздықова қазақ тілінің лексикографиясына арнайы тоқталып, осы кезеңдегі шыққан сөздіктердің кемшіліктері мен жетістіктерін тереңдей зерттеді. Ғалым қазақ тілін зерттеген түркітанушылардың біраз еңбектеріне тоқталып, І. Кеңесбаевтың пікірлеріне қосыла келе:қазақ тіл білімінің іргетасы қаланды;тұңғыш рет қазақ тілі туралы лингвистикалық ілім пайда болды;грамматика мен фонетика курсы құрылды;алғаш рет көп мөлшерде ана тіліндегі лингвистикалық терминдер енгізілді;қазақ жазуы, орфографиясы мен пунктуациясы мәселелері күн тәртібіне қойылып, шешімінтапты деген тұжырымға келеді. Басқа мақалаларындақазақ тілін зерттеген орыс ғалымдары мен қазақ лексикасындағы терминдердің қалыптасуы және грамматика мәселесі жөнінде сөз етеді.

С. Аманжолов «Вопросы диалектологии и истории казахского языка» атты кітабында қазақ тілінің осы кезеңдегі зерттелу тарихына тоқталып өтеді. Ғалымның зерттеу нысаны диалектілер болғандықтан, басқа ғалымдардың еңбектерінде осы мәселе төңірегінде сөз етіледі. Арасында В.В. Радловтың, Н.И. Ильминскийдің, В.В. Катаринскийдің, М.А. Терентьевтің, П.М. Мелиоранскийдің еңбектеріне баға беріп, еңбектеріндегі диалектілерді талдайды. Дәлелдері орынды, ойларын нақты мысалдармен береді. Бұлардан басқа Х.К. Жұбановтың «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» атты еңбегі, Ш. Ш. Сарыбаевтың «Қазақ тіл білімі әдебиетінің библиографиялық көрсеткіші» атты т.б. ғалымдар еңбегінен құнды-құнды материалдармен танысуға болады.Қорыта келгенде, ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ тілін зерттеу орыс тілінде жүргізілді. Осы кезеңге дейін қазақ тілі грамматикасы жеке пән ретінде қарастырылмай, шығыс тілдерімен араласып қарастырылса, ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап Петербург, Қазан, Ресей Ғылым академиясы, Азиялық шетел министрлігі департаменті жанындағы шығыс тілдері бөлімі тарапынан назар аударылып, қазақ тілі жайлы түсінік, тілдік құрылымы, өзге тілдермен салыстыра зерттеу жүргізілді. Қазақ тіл білімін орыс тіл білімінің жүйесіне салып, орыстандыру саясатын ұстанды. Ғалымдар қазақ тіл білімін қанша зерттеп, өз болжамдарын айтқанымен, сол тілдің төл өкілі болмаған соң, қазақ ұлтының танымына терең бойлай алмады. Нәтижесінде қазіргі таңға дейін қолданып келе жатқан кириллица әліпбиін таңу арқылы өз миссияларын орындап, қазақ халқын талай жылдар бойы өз тамырынан алшақтатты.

2. Математикалық лингвистика, зерттеу нысаны, өзекті мәселелері.Математикалық лингвистика (орысша математическая лингвистика) — тіл білімінің математикалық тәсілдермен тілді зерттейтін саласы. Ол 20 ғасыр 50 жылдары табиғи және кейбір жасанды тілдердің кұрылысын сипаттауға және тіл біліміне тән негізгі ұғымдарды анықтауға арналған формалды аппарат жасау мақсатында туған. Математикалық лингвистика әдістері мен математикалық аппараттың көмегімен тілдің әр түрлі заңдылықтарын ашуға болады. Белгілі бір заңдылықтарға бағынатын сөз бөлшектерінің кезектескен тізбектерін ("дұрыс мәтіндер") математика тұрғысында зерттеу Ф. де Соссюрден басталады. Математикалық лингвистика синтаксистік құрылымды сипаттау тәсілдерінің теориясы және формалды грамматика теориясы деген салаларға бөлінеді. Формалды грамматиканың кеңірек қолданылып жүргені түрі — "Туынды грамматика" немесе Н. Хомский грамматикасы. Қазақстанда бұл сала бойынша Ұлттық Ғылым Академиясы Тіл білімі институтында ЭЕМ көмегімен қазақ мәтіндерінен сөз, сөз тұлға, сөз тіркесінің әр түрлі жиілік сөздіктері түзіліп, лексика, фонетика, синтаксис салаларындағы сандық зандылықтар анықталуда.Бектаев зерттеу барысында математикаға да, тіл біліміне де үйлес ұғымдарды анықтады. Осындай кең тараған ұғымның бірі – алгоритм туралы мәселе. Ғылымда алгоритм ұғымы электронды есептеу машиналарынан бірнеше ғасыр бұрын пайда болып, өмірде кеңінен қолданылып келе жатқандығы мәлім. Ғалымдар алгоритм электронды есептеу машиналарына ғана қатысты емес, гуманитарлық ғылымдар үшін де қажетті математикалық категория деп есептейді. Ғалымның: «Тіл білімінің қолданбалы бағыты оның теориясын дамытып, тереңдете түсуде ерекше маңызды. Бұл теориялар ең алдымен дискретті математиканың бастауында пайда болып, есептеуіш мәшинелерді қолдануда, компьютерлік бағдарлама жазуда кең қолданыс тапты. Оның жекелеген ерекшеліктері табиғи тіл деректерін өңдеуде де нәтижелі болуда», – деген пікірі алгоритмдік жүйенің лингвистикалық түсініктемесін береді.

Бектаев тілді математикалық амалдар арқылы зерттеу барысында лингвостатистика ғылымының теориялық және практикалық мәселелеріне тереңдеп бара білді. Тілшінің лингвостатистиканың теориялық мәселелеріне байланысты пікірін қазақ сөзінің саны мен сапасын анықтауға, сақтауға арналған ғылыми тұжырым деп түсі­нуге болады.Математикалық тәсілдерді қолданып тілдік қолданыста санамалау, қайталау арқылы сөздердің актив және пассив қызметін, тіркесу ерекшелігін т.б. анықтауға болады.Ғалымның пікірінше, «Статистикалық лингвистика, негізінен, математикалық статистика әдістемесіне сүйенеді. Зерттеу барысында ондай әдістемені қолдану қатынас құралы ретіндегі «тілді» белгілі бір жүйе деп қарастырудан туындайды. Шынында да, «тіл» дегеніміз ақиқат болмыста өмір сүретін көп өлшемді және белгілі бір ішкі заңдылықтардың негізінде топталған (реттелген) табиғи құбылыс деуге болады. Ал тілдік жүйе математикалық статистика заңдылықтарына бағыну үшін ондағы бірліктер тобы қайталанып отыратын және кездейсоқтық сипатта болатын тілдік элементтерден тұруы қажет.

3.Фнукционалды грамматика, бағыттары.Функция терминінің қызметі лингвистиканыңқай саласына, қандай тілдің сипатын тануға қолдануға байланысты анықталып отырады. Мысалы, тіл ғылымындатілдің қоғамдық қызметі; тілдің коммуникативті қызметі;тілдің байланыс орнатушы қызметі; тілдің эмотивті қызметі; тілдің аппелятивті қызметі, тілдің кумулятивтік қызметі, тілдің стилистикалық қызметі, тілдің прагматикалық қызметі, тілдің эстетикалық қызметі деген қолданыстар жиі ұшырасады.

Тілдіңфункциясы ішкі жəне сыртқыдеп бөлінеді. 1) Ойлау кезіндетүзелетін тілдің грамматикалық функциясы, ойданбағытталған грамматикалық түзілім. Бұл сыртқы көрудеген ішкі қабылдаудан тұрады. 2) Айтушының немесетыңдаушының тілдің грамматикалық құрылымдық жүйесінпайдалану əлеуеті. Бұл жерде айтушы мен қабылдаушының жан-жақты қабылдау, сезіну, пайдалану сияқтықабілеті мен ерекшеліктері толық есепке алыныпотырылады. Жалпы функционалды грамматикада функцияның атқаратын 2 қызметі бар. 1. Біріншісі əлеуеттіфункция деп аталады. 2. Екіншісі нəтижелі функция депаталады. 1. Əлеуетті функция дегеніміз тіл жүйесіндегі əртүрлі деңгейде тілдік бірліктер қызметі- нің айтушыныңайтар ойына қарай таңдап алы- натын таңбалары болыптабылады. 2.Нəтижелі функция дегеніміз айтушыныңəлеуетті функциясына қатысқан тілдік бірліктердің толықорындалуы болып саналады

Жалпы функция туралы айтқанда ғылымдабелгілі тілдің ең маңызды функциясы таңбалық функция(обазначения) туралы айта кету керек. Адамдардыңбірлескен еңбек жағдайындағы бір-бірімен қарым-қатынасжасағанда ойлау ұғымы қалыптасты. Сондықтан адамдарбір- бірімен ойларын бөлісу үшін материалдық форманыңжасалуқажеттілігі туындады. Сондықтан сигналдыфункция (коммуникативті) тілдегі екінші маңызды функцияболып саналады. Тілдің үшінші маңызды функциясысөздердің мағынаға, түсінікке құрылған формалары болыптабылады.

Функционалды грамматиканыңқалыптасуы жайында Бодуэн де Куртенэ айтқан «Тілдік ойтуралы» нақты айтқанда, ттілдік ойлау туралы идеялары асақұнды болып саналады. Ф.Брюноның «Ой жəнге тіл»,О.Есперсеннің «Грамматика философиясы» аттыеңбектерінде түсінік пен синтаксистік категорияларытуралы да айтылған. Қай тілді сипаттауда болмасын, оныңжұмсалымдық жағы үнемі назарда ұсталып келгендігі анық.Мəселен, орыс тіл білімінде тілді жұмсалымдық жағынан қарастырған зерттеулер қатарына Ф.И.Буслаев, К.С.Аскаков, Н.П.Некрсаов, И.А.Бодуэн де Куртенэ т.б. еңбектерін атауға болады. Орыс сөздерінің грамматикалық тұлғасынжұмалымдық тұрғыда қарастыруда В.Вингорадовтың еңбегіерекше. Функционалды грамматика – грамматикалық құрылыстағытіл бірліктерінің функцияларын (қызметін) жəне олардың

заңдылықтарын объект етіп зерттейтін грамматика түрі. Функционалды грамматика əр тілдің əртүрлі деңгейлеріне қатысты, лексикамен, контекспен өзара байланысты, бірақ бəрі де семантикалық қызметінің ортақтығы нəтижесінде біріктіріліп, тіл құралдарының біртұтас жүйесінде қарастырылады. Функционалды грамматиканыңнегізгі мақсаты − болмысты пайымдау барасында адамсанасында қалыптасқан ойдың мəнін берудегі грамматикалық бірліктердің тілдің басқа деңгейлер бірліктерімен тығыз қарым қатынастағы қызметінің заңдылықтарын зерделеп сипаттау. Тілдің барлықдеңгейлері бірліктерінің бір-бірімен өзара қарым-қатынасыжалпы тілдік ұғымдық категориялар негізінде болады. Функционалды грамматиканың бастауларын əріден іздеген дұрыс. Мəселен, орыс тіл білімінде тілді функционалдық жағынан қарастырған зерттеулерді Ф.И.Буслаев, К.С.Аксаков, Н.П.Некрасов, А.А.Потебня, И.А.Бодуэн де Куртенэ, А.А.Шахматов жəне А.М.Пешковскийлердің еңбектерінен кездестіруге болады. Орыс сөздерініңграмматикалық тұлғасын функционалдық тұрғыдақарастырудаВ.В.Виноградовтың еңбегі ерекше. Ал жалпыалғанда функционалды грамматиканың теориялық тірегіЛ.В.Щерба, И.И.Мещанинов, С.Д.Кацнельсон еңбектерінің негізінде қаланды деуге болады. Қазіргі функционалды грамматиканың мақсаты тілдің табиғатын ашу, жеке-дара тұйықталған шеңбер аясында ғана қарастырылмайтындығын анықтап, əр түрлі тілдік құралдыр өзара əрекеттесе отырып белгілі ұғымның мəнін, мазмұнын ашу, сөз сөйлеу кезіндегі ситуация мен контекстік жағдаяттарымен байланыста анықталатын, сондай-ақ олардың басқа да ұғымдық категориялардың аясында көрінетін мағыналық-мазмұндық сипатын ашу болып табылады. Олай болса, функционалды грамматика тілдік

құбылыстың табиғатын толық əрі терең түсінуге жол ашады. Жалпы тілдік жүйедегі əр алуан тілдік бірліктердің өзара əрекеттесуі, парадигмалық жəне синтагмалық

қатынасы белгілі ұғымдарға жəне категорияларғажинақталып, олардың табиғатын толық тануға мүмкіндік ашады. Функционалды грамматиканың негізгі объектісіграмматиканың ішінде «мазмұннан – формаға, ұғымнан – үлгіге» сияқты тілдік бірліктерді зерттейтін бағыт болып табылады. Жалпы тіл білімінде функционалды грамматиканың негізгі нысаны функционалды-семантикалық өріс теориясы болып табылады. А.В.Бондарко функционалды грамматиканыфункционалды-семантикалық өрістер теориясына негіздеп

қарастырды. А.В.Бондарко «функционалды-семантикалықкатегория теориясы, функционалды-семантикалық өріс,категориялық жағдаят» деп аталатын «триада» принципінқолдану арқылы функционалды грамматиканың негізгіұғымдары мен категорияларын анықтап берді.

ЕМТИХАН БИЛЕТІ

Наши рекомендации