Еңбек өнімділігін өсіру мәселелері

Еңбек өнімділігі - тірі еңбектің нәтижелігін сипаттайды. Еңбек өнімділігін үздіксіз өсіру – өндірісті кеңейтудің және ішкі жалпы өнімді өсірудің бірден-бір қайнар көзі болып табылады.

Кәсіпорындағы еңбек өнімділігі келесі көрсеткіштермен сипатталады:

· өңдірумен (ПТ) – уақыт бірлігінде шығарылған өнім көлемі:

· Еңбек өнімділігін өсіру мәселелері - student2.ru

· еңбек сіңіргіштікпен – өнім бірлігін шығаруға қажет уақыт:

Еңбек өнімділігін өсіру мәселелері - student2.ru

Іс жүзінде еңбек өнімділігін келесі формула бойынша есептейді:

Еңбек өнімділігін келесі үш әдіспен есептейді:

Натуралдық: Nt – өнім натуралдық өлшем бірліктермен анықталады. Артықшылығы – қарапайымдылығы, көрнекілігі. кемшілігі – бір түрлі өнімге ғана қолдануға болады.

Еңбек өнімділігін өсіру мәселелері - student2.ru

Ақшалай: өнім ақшалай түрде анықталады.

Еңбек өнімділігін өсіру мәселелері - student2.ru

Nч – таза өнім. артықшылығы – Есептеуі оңай, барлық өнім түрлерін және жағдайларды есебке алады. Кемшілігі – инфляцияның әсерінен еңбек өнімділігінің өзгеруін дәл анықтауға болмайды.

Еңбекті: орындалған жұмыстарды еңбек-сағаттармен есептейді.

мұндағы Qi – i-й жұмыс түрінің көлемі

ti – i-й жұмыс түрінің еңбек сіңіргіштігі.

Ауыл шаруашылығындағы кооперациялау

Кооперациялау – кәсіпорындар арасында ұзақ өндірістік байланыстарды құруды білдіреді және ол жеткілікті жоғары шоғырландыру барысында және осы кәсіпорында өндірістің тұрақты мамандану жағдайында ғана мүмкін болады.

Ауыл шаруашылығындағы құрамдастыру

Құрамдастыру – бұл технологиясы жағынан әртектес, бірақ өзара байланысқан бірнеше өндірістердің кәсіпорын көлемінде бірігуі болып табылады. Ол шоғырландыруды дамытудың бір жолы болып есептеледі.

Ауыл шаруашылығындағы негізгі қорлар түсінігі

Негізгі капитал (негізгі қорлар,айналымнан тыс активтер, негізгі құралдар) – бұл өзінің құнын дайын өнімге біртіндеп, белгілі бір бөліктермен, бірнеше өндірістік цикл ішінде түсіретін және өзінің натуралдық-заттық формасын ұзақ уақыт бойы сақтайтын, жоғалтпайтын еңбек құралдары. Негізгі құралдар өндірістік (өндірістік процесіне қатысатын) және өндірістік емес (тікелей қолдануға арналған, өндірістік процеске қатыспайды: мед.мекемелер, мәдениет үйі, тұрғын үй) болып бөлінеді. Өндірістік қорлар өз кезегінде активті (өндірістік процеске тікелей қатысатын) және пассивті (өндірістік процеске жағдай жасайтын) бөліктерге бөлінеді. Негізгі қорлар натуралдық және ақшалай түрде өлшенеді. Натуралдық баға беру дегеніміз – олардың өндірістік сипаттамасын беру деген сөз.

Қолдану мақсатына қарай негізгі қор түрлері:

· Ғимараттар (цехтер, қоймалар, т.б.);

· Құрлыстар (көпір, тоннель, жолдар, т.б.);

· Тасымалдау қондырғылары (құбырлар, электр тоғын тасымалдау желілері, т.б.)

· Машиналар және жабдықтар:

а) Күш машиналары және жабдықтары (энергияның түрлерін шығарады);

б) Жұмыс машиналары мен жабдықтары (еңбек затына әсер етеді);

в) Өлшеу және реттеу аспаптары;

г) Есептегіш техника және т.б.

· Көлік құралдары;

· Құрал-сайман, қызмет ету мерзімі 1 жылдан жоғары болатын басқа құралдар);

· Өндірістік және шаруашылық жиһаз;

· Жұмысшы және өнім беретін мал;

· Көпжылдық өсімдіктер;

· Жер құнарлығын өсіруге қажет күрделі шығындар;

· Басқа қорлар (мысалы кітапханалық қор).

Қызмет ету мерзімі 1 жылдан кем болатын заттар негізгі қорларға жатпайды.

Ауыл шаруашылығының ерекшеліктері

Ауыл шаруашылығы — шаруашылық салаларының ішіндегі ең ежелгі және табиғат жағдайларына тікелей тәуелді саласы. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы — неғұрлым көп тараған сала. Шындығында, дүниежүзінде халқы ауыл шаруашылығының түрлі салаларымен айналыспайтын бірде-бір ел жоқ. Ауыл шаруашылығының барлық жерге таралуы оның алуан түрлілігіне байланысты. Ғалымдар шамамен онын 50-ге жуық түрін бөліп көрсетеді. Қазіргі мәлімет бойынша дүниежүзінде бұл салада шамамен 1,3 млрд-тан астам адам еңбек етеді, оған ауыл шаруашылығындағы шаруа отбасыларын қосатын болса, онда ол көрсеткіш 2,6 млрд адамға жетеді. Еңбекке жарамды ер адамдардың ауыл шаруашылығындағы үлесіне сәйкес елдер индустриялы, постиндустриялы және аграрлы болып жіктеледі. Дүниежүзінде экономикалық белсенді халықтың (ЭБХ) 46%-ы осы салада еңбек етеді.

Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етілуі

Материалдық-техникалық қамсыздандыру - бұл субъективті-объективті құрылымы бар объективті экономикалық қарым - қатынастар. Материалдық-техникалық қамсыздандырудың субъективті-объективті құрылымы – бұл мақсаттары мен қызығушылығы бір бағытқа бағытталаған, материалдық-техникалық қамсыздандырылу объектілерінің қозғалысының сипаты мен формаларының жиынтығы. Өз кезегінде материалдық-техникалық қамсыздандыру субъектілерін қызығушылығы бір объектіге бағытталған заңды және жеке тұлға ретінде айқындауға болады. Материалдық-техникалық қамсыздандыру объектілеріне өндірістің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуші өндіріс және ұқсату шарттары, тауарөндірушілердің (сатып алушылар) қызметтері мен бейімділігі жатады.

Экономикалық даму жағдайында өндіріс саласы мен инфрақұрылымына, оның ішінде материалдық-техникалық қамсыздандыруға елеулі әсер ететін факторлар, құбылыстар және үдерістер туындайды:

· еңбек заты мен құралдарының жаңа конструкциялық қағидаларға сәйкес сапалы өзгеруі;

· шығарылатын және пайдаланылатын өнім түрлерінің технологиялық жағынан түбегейлі конструкциялық жаңартылуы;

· ғылыми техникалық прогресстің жоғары деңгейі жағдайында халық шаруашылығының әр түрлі салаларымен шығарылатын өнім номенклатурасының интенсивті артуы себбінен мамандану мен қоғамдық еңбек бөлінісіндегі қиыншылықтар туғызады;

· өндірістік және жеке тұтынушыға арналып шығарылатын өнім номенклатурасының кеңеюі өндірістік үдеріске тартылатын материалдық ресурстар мен жабдықтардың типтерінің, сұрыптарының және көлемдерінің санының одан әрі артуына әкеледі;

· бір мезгілде машиналар, жабдықтар және техникалық құралдардың жаңа типтерінің пайда болуы, моральдық ескірген өнімдердің кейбір түрлерін өндірістен алып тастауды қажет етеді;

· ресурстарды тиімсіз пайдалану нәтижесінде ертерек қаржыландырылған шикізаттар мен материалдардың кейбір түрлеріне қажеттіліктің болмай қалуынан, жаңа типті өнімдер шығаруда бірқатар қиындықтар туындайды.

Кәсіпорындар мен бірлесіктерді материалдық-техникалық жабдықтармен, шикізатпен, отынмен және басқа да ресурстармен қамсыздандыруды жетілдірудің отандық мүмкіндіктерін зерттеуде бұл үдеріс басқа салалардың өндірістік инфрақұрылымдарымен салыстырғанда кеш дамығаны байқалады.

Материалдық ағындарды басқару, яғни жеткізілімдерді реттеу, қорларды бақылау және аймақтық деңгейде олардың қажетті көлемін ұстану сияқты ортақ мақсат болу керек. Сонымен қатар, материалдық-техникалық қамсыздандырудың нормативтік базасына негізделе отырып тұтынушылармен жасалған келісім шарттар мен тапсырыстарға сәйкес міндеттемелерді уақытылы және толық орындауға бағытталған өндіріс және өткізуді оперативті жоспарлауды қамтамасыз ету қажет.

Қазіргі кезде материалдық – техникалық қызмет көрсету саласын мемелекеттік реттеудің негізгі бағыттарына антимонополиялық реттеу, сапасыз бәсекелестермен күресу, сапалы өнім мен қызметке бәсекелес орта қалыптастыру басым бағыттарға жатады. Сонымен қатар, агроөнеркәсіп кешенін материалдық-техникалық қамсыздандыру өндірістік техникалық қызмет көрсетуге байланысты бірқатар қосымша қызмет түрлерімен қатар жүргізілуі тиіс.

Агроөнеркәсіп кешені нарығының мамандандырылған бір бөлігі ретінде материалдық-техникалық ресурстар нарығы барлық АӨК жүйесінің заңдылықтарына сәйкес сегмент ретінде қызмет етеді. Сондықтан, материалдық-техникалық ресурстар нарығының ерекшелігін қарастыра отырып, агроөнеркәсіп кешені нарығының қалыптасуы және әрекет етуінің жалпы заңдылықтары мен қағидаларын ескеру қажет.

Материалдық-техникалық ресурстар дегеніміз – өндіріс құралдары нарығындағы ерекше тауарлар түрі. Оның ерекшелігі ең алдымен, тұтынушылардың шектелілігі жағдайында материалдық ресурстарды жеткізушілер саны күрт азаюы мүмкін немесе АӨК саласында материалдық-техникалық ресурстардың бөлшек саудасы жеткілікті дәрежеде дамымаған. Сондықтан, бұл нарық түрі бойынша ең бірінші айтатын мәселе, оның еркін бәсекелестік құрылымдарының болмауы.

Ауыл шаруашылығының экономикалық тиімділік көрсеткіштері

Экономикалық тиімділік – өндіріс құралдары мен тірі еңбекті қолданудан алынатын соңғы пайдалы нәтиже.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігінің критерийі: Жер, материалдық және еңбек ресурстарын рационалды пайдалану арқылы минималды тірі және заттай еңбек шығындарында таза өнімнің (жиынтық табыстың) өсуі.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігінің түрлері:

· Халық шаруашылық тиімділігі

· Ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігі

· Кәсіпорындардағы өндіріс тиімділігі

· Жекелеген салалардың тиімділігі

· Ішкі шаруашылық бөлімшелердің тиімділігі

· Жекелеген дақылдар мен өнімдердің тиімділігі

· Шаралар тиімділігі (мелиоративтік, химияландыру, агротехникалық, зоотехникалық, ветеринарлық т.б)

Ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділік көрсеткіштері:

· Натуралдық (ауыл шаруашылық дақылдарының және ауыл шаруашылық жануарларының өнімділігі)

· Құндық (жиынтық табыс, таза табыс, пайда)

Экономикалық тиімділіктің негізгі көрсеткіштері:

· Жиынтық өнімнің тірі және заттай еңбек шығындарына қатынасы

· Жиынтық табыстың тірі және заттай еңбек шығындарына қатынасы

· Таза табыстың тірі және заттай еңбек шығындарына қатынасы

· Пайданың тірі және заттай еңбек шығындарына қатынасы

Пайда –бұл өткізілген тауарлық өнімнен түскен ақшалай түсім мен оның өзіндік құнының арасындағы айырмашылық ретінде анықталатын нәтижелік көрсеткіш.

Рентабельділік – пайданың өнімді өндіруге және өткізуге кеткен материалдық және еңбек шығындарының жиынтық сомасына пайыздық қатынасы.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігіне әсер ететін факторлар:

· Экстенсивті (сандық)

· Интенсивті (сапалық)

Ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін көтеру жолдары:

· Ауыл шаруашылығы өнімін өндіру көлемін арттыру

· Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге кететін материалдық-ақшалай шығындарды азайту

· Өткізудің нарықтық каналдары мен өнімге қойылатын бағалар жүйесі

Ауыл шаруашылығы өнімін өндіру көлемін арттыру

· Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру

· Мал өнімділігін арттыру

· Ауыл шаруашылығы өнімінің сапасын арттыру және жоғалуын азайту

· Ауыл шаруашылығы өнімінің тауарлық деңгейін көтеру

· Жинаудан кейінгі сақтаудың жаңа тәсілдерін енгізу

Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге кететін материалдық-ақшалай шығындарды азайту

· А.Ш өндірісін мамандандыру және шоғырландыру деңгейін көтеру

· Өнімнің еңбек сыйымдылығын, материал сыйымдылығын және қор сыйымдылығын төмендету

· Жоғары өнімді техника мен технологияны қолдану

· Еңбек сыйымдылығы жоғары процестерді механикаландыру деңгейін көтеру

· Жалпы өндірістік және жалпы шаруашылық шығындарды азайту

· Еңбекті ұйымдастыруды және материалдық ынталандыруды жетілдіру

Өткізудің нарықтық каналдары мен өнімге қойылатын бағалар жүйесі

· Тиімді өткізу каналдарын таңдау

· Маркетингті ұйымдастыруды жетілдіру

· Баға саясатын негіздеу және тиімді бағалар жүйесін қалыптастыру

Ауыл шаруашылық өндірісінің экономикалық тиімділігі және оны бағалау

Табыс — кәсіпорын есеп шотына сатып алушыға жіберілген тауар үшін түскен ақша. Табыс мөлшері жіберілген өнім құнынан айрықшалану мүмкін. Оның факторлары: қоймадағы дайын өнім қалдықтары; жіберілген, бірақ төленбеген тауарлар;сатып алушыда жауапты сақтауда болатын тауарлар.

Пайда — шаруашылық қызметтің нәтижесін сипаттайтын экономикалық категория. Кәсіпорын балансында көрсетілетін пайда баланстық деп аталады.

Баланстық пайда үш элементтен тұрады:

1. Өнімді, қызметтерді өткізуден түскен пайда

  Пс=Тс-сыз - ӨҚ  

мұндағы Тс-сыз. — ҚҚС-сыз, акцизсіз өнімді өткізуден түсетін табыс; ӨҚ— өзіндік құн

2. Басқа сатулардан (мүлікті) түсетін пайда

  Пб.с.= Тс - Мқк  

мұндағы Тс — сатудан түскен табыс (ҚҚС-сыз); Мқк— мүліктің қалдық құны.

3. Өткізуден тыс табыстар мен шығындар.

Өткізуден тыс табыстарға келесі жатады:

· Басқа кәсіпорындар қызметіне қатысу үлесіне қарай алған табыстар;

· Кәсіпорынның бағалы қағаздары бойынша;

· Мүлікті жалға беру арқылы;

· Борышқорлардан түскен айып-ақылар, пенялар, айып төлемдер;

· Валюталық шоттардың кәсіпорын үшін оң курстық айырмалары және т.с.с.

Өндірістен тыс шығындарға келесі жатады:

· Сотқа кеткен шығындар;

· Кәсіпорын төлейтін айып-ақылар, пенялар, айып-төлемдер;

· Стихиялық аппаттан болған жоғалтулар

· Ұрлаудан болған шығын;

· Валюталық шоттар бойынша кәсіпорын үшін теріс кустық айырмалар және т.с.с.

Пайданы бөлу: Баланстық пайдадан салықтар және банк несиесі үшін төленетін пайыз алынады. Сонда таза пайда шығады. Осы таза пайданың құрамынан сақтық қор құрылады (акционерлік қоғамдарда 25 % жалпы Жарғылық капиталдан). Одан кейін арнайы қорлар құрылады (өндірісті дамыту қоры, тұтыну қоры, ерекше даму қоры). Сонымен қатар, пайдадан дивидендтер төленеді (акционерлік қоғамдарда).

Кәсіпорында сондай-ақ, маржинальды табыс анықталады. Ол өткізуден түскен табыс пен өзгермелі шығындар арасындағы айырмаға тең. Оның көмегімен әр өнімнің жалпы кәсіпорын пайдасын құрастырудағы үлесін анықтауға мүмкіндік береді.

Сату көлемі

Наши рекомендации