ЖОО психология пәні, құрылымы, міндеттері

Психология курсының пәні, мақсаты, міндеттері мен маңызы.мақсаты: болашақ мамандардың негізгі Психологиялық ұғымдар бойынша ғылыми-теориялық кӛзқарастарын қалыптастыру; психологиялық ғылыми туралы түсініктерді дамыту. Пәннің міндеті: жаратылыстану және гуманитарлық пән ретінде психологияныашу;- субъектініңіс-әрекеті, танымыжәнеқарым-қатынасы ретіндеадамды психологиялық тұрғыдан талдау; — негізгі психологиялық ұғымдар, оның анықтамаларымен таныстыру және олардың мазмұны мен мәнін түсіну; — оқу-танымдықіс-әрекет барысында алған білімдерді ӛз бетінше пайдалану;- болашақ практикалықіс-әрекетінде психологиялық білімдерді қолдану

Мақсаты оқу пәні ретіндегі психологияны оқыту ерекшеліктері жайлы ғылыми-әдістемелік білімдердің қалыптасуын және алынған білімді психологияны оқыту тәжірибесінде жүзеге асыра білу шеберліктерін жетілдіруді көздейді.

Міндеттері:

- жоғары оқу орнындағы психология пәнін оқыту әдістемесі жайлы ұғымдарын және оқу пәні ретіндегі психологияның құрылу принциптері жайлы, психологиялық пәндердің мазмұнын меңгеру тәсілдерін ұйымдастыру жайлы түсінік - ұғымдарын қалыптастыру;

- осы пәннің мазмұн ерекшелігі және оқытылу мазмұнына орай психологияны оқытуды дәстүрлі емес инновациялық тұрғыда ұйымдастыруға көшу қажеттілігін негіздеу;

- психология курсы сабақтарында тұтастай оқу-тәрбиелік жағдайларын ұйымдастыруға нақты талаптарды жүйелеу;

- жоғары оқу орындағы психология пәнін оқытудың қазіргі жаңа әдістері мен технологияларын меңгеру.

- Құзыреттері (оқытудың нәтижелері):

- Жалпы құзырет:

- Құралдық: Психология бойынша оқу материалдарының дағдыларын дәріс, семинарлар, сабақ жоспарларын дайындауда құрылымдау; студенттерге білім беруде психологиялық мәселелерді түсіну; ЖОО психологияны оқыту әдістерін меңгеру және бірнеше әдістерді қолдану; дәріс, семинар және СОӨЖ сабақтарын педагогикалық әдістерді қолдану, психологиялық жаттығулар мен тренинг әдістерін меңгеру;

- Тұлғааралық: психологиялық әдістерді оқу-тәрбие мәселесін шешуде қолдану; әр түрлі тұжырымдамалар мен теорияларды психологиялық пәндерді оқыту барысында қолдану.

- Жүйелілік: психологиялықпәндерді оқыту мәселелерін түсіну; сабақтар өткізу және инновациялық технологияларды пайдалана біле алу.

- Пәндік құзырет:

- ЖОО психологиялық пәндерді оқыту барысында кездесетін теориялар мен ұғымдар туралы түсінік беру; кең тәжірибелік қызметке тірек жасайтын теориялық материалдың игерілуіне ықпал жасау; психологияны оқыту әдістерімен танысып, қолдана білу туралы түсінік бере алады.

Жоғары мектеп психологиясының кағидалары мен құрылымы.ЖМП – болашақ маманның кәсіби білім беру жүйесіндегі психологиялық дамуы туралы деректерді, заңдалықтар мен механизмдерді зерттейтін педагогикалық психологияның бір саласы. ЖМП студенттерді оқыту процесін, олардың маман және тұлға ретінде даму көрсеткіштері мен өлшемдерін, қарым қатынас саласын, оқытушылардың психологиялық ерекшеліктерін қарастырады.Негізгі міндеттері: — студенттердің толымды психикалық даму, тұлғалық жетілу механизмдерін зерттеу; — студенттердің маман, зияткер және тұлға ретінде дамып, жетілуіне барынша ықпал ететін әлеум-психологиялық , педагогикалық жағдайларды анықтап, жобалау; — студенттің маман және тұлға ретінде даму ерекшеліктерін анықтауға және жоблауға мүмкіндік беретін әдістемелік, психо-диагностикалық құралдарды жасау; -кәсіби білім беру субьектілерінің – оқытушылардың, әкімшіліктің, ұжымның психологиялық ерекшеліктерін және олардың студенттің психикалық дамуына ықпал ету механизмдерін зерттеу. Құрылымы: ЖОО-дағы –оқу әрекетінің және оқыту психологиясы, — даму психологиясы, — педагогикалық кәсіби іс-әрекет психологиясы бойынша әр жақты білім қамтылады.

4 сұраққа келеді :

Жоғары психологиялық білім берудің өзекті мәселелрі: оның мазмұны.Қоғам өмірінің бар саласындағы қарқынды динамика мен ғаламды бет бұрыстар сипаты адам тағдырын өзгертуге сипат болды. Бүгінгі заман дүбіріне сай болу үшін адам баласы жаңа жағдайға бейімделіп қоя салу емес, оны алдымен өзін өзгерту және дамыту арқылы жасампаздықмен түрлендіру, өзгерту қажеттігі шықты. Мұндай өзгертулерге, түрлендірулерге адамның зор мүмкіндіктері мен шектері; тағдырын өз ырғымен билеуге және қоғамға ықпал етуге қабілеттері ықпал етеді. Осыған байланысты, психологиялық мүмкіндіктер өмір сүру мен әрекет таным мәнерлерінен және стратегияларынан танылатын тұлғаның ерекше, жеке дара құрылымы ретінде анықталад

№2 сұрақ

ЖОО-да психологиялық қызмет білім беру жүйесінің жеке элементтерінің қажеттіліктеріне жағдайға сәйкес қызмет кӛрсетпейді, ол осы жүйені және оның субъектілерін толық психологиялық қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Соңғы жылдары білім берудің практикалық психологиясында кеңінен қолданыс тауып, бекітілген психологиялық сүйемелдеу идеологиясы. «Психологиялық сүйемелдеу» түсінігі Ю.В. Слюсарев (1992), Р. Бардиер, И. Ромазан, Т. Чередникова (1993), М.Р. Битянова (1997), Е.И. Казакова (1998), Т.И. Чиркова (1999), И.А. Кибак (2000), Ю.М. Забродин (2002), Э.Ф. Зеера (2003) және т.б. зерттеушілердің еңбектерінде қарастырылады. Кӛптеген зерттеушілер психологиялық сүйемелдеу түсінігі ретінде білім алушылардың ӛзекті мәселелерін шешу мүмкіншілігін қамтамасыз ететін шарттарды құруға бағытталған психологтың ұйымдасқан ерекше қызметін атап ӛтеді. Ал оның нәтижесі ӛзіндік таңдау және ӛзіндік шешімді қабылдау арқылы тұлғалық және кәсіптік даму болып табылады. Бұл жағдайда студент әсер ету объектісі емес, ӛзара байланысу субъектісі болып табылады. Э.Ф. Зеер атап ӛткендей, психологиялық сүйемелдеу дегеніміз тұлғаның кәсіптік қалыптасуын игеру, қалыптастыру, дамыту және түзету. Кәсіби қалыптасуда, психологиялық сүйемелдеудің ең басты тапсырмаларының бірі тек тұлғаға уақытында кӛмек кӛрсетіп, қолдау емес, осы үдерістің қиыншылықтарын ӛздігінен жеңіп шығуға, ӛзінің қалыптасуына жауаппен қарауға үйрету, тұлғаның кәсіптік ӛмірде толық субъект болып қалыптасуына кӛмектесу болып табылады. Психологиялық сүйемелдеу – бұл бір реттік шара немесе акция емес. Бұл – психологиялық қызметтің жүйелі ұйымдастырылатын және тұрақты орындалатын жұмысы. http://www.enu.kz Ӛкінішке орай, қазіргі таңдағы әрекет етуші құқықтық нормалар оқу орындарындағы психологиялық қызмет қызметкерінің міндеттерін нақты түрде анықтамайды. Практикада оның функционалдық міндеттерінің шекаралары үнемі қозғалыста яғни «шараларды ұйымдастырушыдан» бастап «оқу мен тәрбиенің маңызды сұрақтары жӛніндегі сарапшыға» дейін анықталады. Сарапшы қызметінің тиімділігі кӛбінесе қызметтің қалай ұйымдастырылғанына, ЖОО әкімшілігімен, студенттермен, педагогикалық ұжыммен, ата-аналармен, басқа да бӛлімдермен және қызметтермен ӛзара байланысу жүйесінің дұрыс құрылғанына, психологиялық қызмет мамандарының қызметі мен құзыреттілігі қаншалықты білім беру ортасының қажеттіліктеріне сәйкес құрылғандығына, қаншалықты психологтар осы қызметті басқаратынына және оны практикалық сұраныс пен мәселелерге айналдыруына, оның шешу жолдарын табуына, қолдағы ресурстарды белсенді пайдалана білуіне байланысты. Соңғы жылдардағы басылымдар мен материалдардың талдауы кӛрсеткендей, әр түрлі ЖОО-ның психологиялық қызметтің кадрлық құрамы біртексіз. Психологиялық қызмет басшысының беделі номиналды немесе шынайы болуы мүмкін. Номиналды беделі бойынша басшы қызметтің қызметкерлері арасынан сайланады, оның құзыретіне ЖОО әкімшілігі мен оқытушылық құрамы алдында қызметті таныстыру, диспетчерлік, әдістемелік және т.б. функцияларды орындау кіреді, алайда, психологиялық қызмет қызметкері ретінде оған психологтың міндеттемелері де жүктеледі. Ал шынайы басшы ректор бұйрығымен тағайындалады, оның функционалдық қызметі басқа қызметкерлерге қарағанда ерекше яғни ол алдымен басқарушы, әдістемелік және ғылыми-зерттеулік функцияларды жүзеге асырады. Психологиялық қызмет басшысының беделін анықтау ӛте жауапты іс, себебі барлық жұмыстың ұйымдастырылуы, ӛзара байланыс жүйесінің болуы басшыға байланысты. Кейбір ЖОО-дың штаттық кестесінде медициналық қызметкерлер де бар. Студенттер қажет болған жағдайда дәрігер-психиатрға жолығып, медициналық ем алуына болады. Қызмет жұмысына аралас кәсіптің мамандарын тарту соңғы кездегі студенттер арасында депрессиялы, үрейлі жағдайлардың кӛбейіп кету себебінен болып отыр. Бұл жағдай шетелдік ЖОО-дың (Еуропа, АҚШ, Канада, Австралия және т.б.) тәжірибесінде де кеңінен таралған, ол ӛзінің тиімділігін кӛрсетті. Психологиялық қызмет қызметкерлері жалпы, педагогикалық, әлеуметтік, жас ерекшелігіне байланысты психология, психодиагностика, психологиялық түзету және психологиялық дайындық саласында іргелі білімдерді меңгеруі тиіс, сонымен қатар психологиялық ғылымның жаңа жетістіктерін игеріп, диагностиканың, психологиялық түзету және дайындық жұмыстарының ғылыми негізделген әдістерін қолдана білуі керек, сонымен қатар ұдайы біліктілігін арттырып отыруы қажет. Психолог әлеуметтік тұрғыда білім беру үдерісінің барлық субъектілерімен құрылымдық байланыс орнатуға құзыретті болуы тиіс. Ӛз қызметінде кәсіптік-этикалық қағидаларды басшылыққа алуы керек. Бұл қағидалар бұзылса, психологтың кәсіптік қызметі сәйкессіз болып есептеледі. Одан басқа, психологиялық қызметтің қызметкерлері ӛз құзыреттіліктері мен жауапкершіліктерінің шекараларын білуі қажет. Егер келіп түскен сұраныс психологтың функционалдық міндеттемелерінің немесе кәсіптік құзыреттілігінің шегінен асатын болса, бұл сұраныс қажетті кӛмек кӛрсете алатын маманға жіберіледі. Диспетчерлік қызметті атқару үшін психологиялық қызмет маманында әр түрлі әлеуметтік-психологиялық қызмет туралы мәліметтер базасы болуы тиіс. Бұл маңызды психологиялық мәселе туындаған жағдайда ЖОО студенттеріне немесе қызметкерлеріне уақытында білікті кӛмек кӛрсету үшін қажет. Қазіргі таңда әрбір оқу орны ӛздігінен ЖОО-ның жалпы құрылымына сәйкес психологиялық қызметтің орны мен ролін анықтау мәселелерін шешеді. Психологиялық қызметтің ішкі құрылымы мен штаттық кестесі, оның кадрлық құрамы әр түрлі факторларға байланысты: http://www.enu.kz ЖОО қызметінің бағыты, білім алушылардың сандық құрамы мен контингенті, ЖОО-ның материалдық-техникалық базасы, ұйымдастырушылық-педагогикалық және психологиялық шарттар, т.б. Психологиялық қызмет қызметінің қалай ұйымдастырылғанына, ӛзара байланыс жүйесінің қалай құрылуына қарамастан, кӛбінесе жұмыс тиімділігі қызмет ерекшелігіне байланысты. Сонымен, ЖОО психологиялық қызметі – біз үшін жаңа құбылыс, алайда, кӛптеген мемлекеттер үшін студенттерге психологиялық кӛмек кӛрсету және қолдау дәстүрлі әрекет болып саналады. Бұл қызмет ЖОО-ның ұйымдық құрылымының маңызды бӛлігі болып есептеледі. Соңғы кезде ЖОО-да психологиялық қызметке кӛбірек назар аударыла бастағандықтан, ұйымдық құрылымның жаңа саласы деп қарастыруға болады. Бұл мәселе ғылыми басылымдар мен әр түрлі деңгейдегі конференцияларда талқыланып келеді. Қазіргі таңда ЖОО психологиялық қызметін қалыптасу сатысында деп айтуға болады. Бірақ, әлі де кӛптеген мәселелер бар: яғни оның дамуына әсер ететін құқықтық, ұйымдастырушылық, әдістемелік және қолданбалы мәселелер. ЖОО психологиялық қызметінің дамуын тежейтін бірнеше факторларды да атап ӛтуге болады: концептуалды (ЖОО-дағы психологиялық жұмыстың қағидалары, мазмұны мен әдістері туралы нақты теориялық кӛріністер жоқ); құқықтық (ЖОО-ның ПҚ жұмысын реттейтін нормативтік- құқықтық базаның жоқтығы); экономикалық (қаржыландыру-мен байланысқан мәселелер, әлсіз материалдық-техникалық база); психологиялық (қазіргі заманғы жоғары білімнің міндеттерін шешуде психологиялық қызмет роліне нақты баға бермеу). ЖОО психологиялық қызметі кӛбінесе қызметтің қалай ұйымдастырылғанына, ЖОО әкімшілігімен, студенттермен, педагогикалық ұжыммен, ата-аналармен, басқа да бӛлімдермен және қызметтермен ӛзара байланысу жүйесінің дұрыс құрылғанына, психологиялық қызмет мамандарының қызметі мен құзыреттілігі қаншалықты білім беру ортасының қажеттіліктеріне сәйкес құрылғандығына, қаншалықты психологтар осы қызметті басқаратынына және оны практикалық сұраныс пен мәселелерге айналдыруына, оның шешу жолдарын табуына, қолдағы ресурстарды белсенді пайдалана білуіне байланысты.

Наши рекомендации