Пәннің құрылымы мен мазмұны. Азақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Азақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Орқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

«Бекітілді»

Филология, тарих және құқық

факультетінің деканы

___________________С.Т.Тайман

« ______ » ________________ 2017ж.

СИЛЛАБУС

(жұмыс оқу бағдарламасы)

Модуль №17 «Мерзімді баспасөздегі өзекті мәселелер» XXgKPAB 3213 «ХХ ғасыр басындағы қазақ публицистикасы және Алаш баспасөзі»  
Мамандығы: 5В050400-журналистика
Курс, семестр (көктемгі) 3-курс, 6-семестр (көктемгі)
Оқыту тілі: қазақ
Кредит саны
Пән статусы (міндетті, таңдау) таңдау
Лектор Әшірбекова Гүлмира Шайтмағанбетқызы, ф.ғ.к., қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының аға оқытушысы, байланыс телефондары (жұмыс орны 27-85-72, ұялы телефоны 87787887475), e-mail: [email protected], 204-каб. 1-оқу ғимараты.  
Практикалық сабақты беретін оқытушы Әшірбекова Гүлмира Шайтмағанбетқызы, ф.ғ.к., қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының аға оқытушысы, байланыс телефондары (жұмыс орны 27
Сабақ өтетін дәрісхана, зертхана Алмауытова Әсия Базарбайқызы, ф.ғ.к., қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының аға оқытушысы, байланыс телефондары (жұмыс орны 2785-72, ұялы телефоны 87056710517), e-mail: [email protected], 204-каб. 1-оқу ғимараты.   116, 128-дәрісхана  
     

Ызылорда, 2017

Силлабусты дайындаған: Г.Ш.Әшірбекова

Силлабус қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының мәжілісінде талқыланды.

Хаттама № «__»___________ 2017 жыл.

Кафедра меңгерушісі: Ғ.Ә.Тұяқбаев

Силлабус гуманитарлық мамандықтар бағыт бойынша Академиялық кеңесі мәжілісінде қаралып, бекітілді.

Хаттама № «__»___________ 2017 жыл.

Комитет төрағасы: А.Ә.Әбілов

Пәннің мақсаты мен міндеттері

Пәннің мақсаты:ХХ ғасыр басындағы қазақ публицистикасының тақырыптық, проблемалық, тілдік, стильдік ерекшеліктерін айқындап, Алаш басылымдарының бағыт-бағдарын, онда көтерілген өзекті мәселелердің маңызын ашу, ұлттық көсемсөз өнерінің майталмандары жазған мақалаларға жанрлық тұрғыдан талдау жасау.

Міндеттері:

- студенттерге журналистиканың негізгі функцияларын түсіндіре отырып, Алаш көсемдерінің публицистік қағидалары мен кәсіби шеберліктерін жан-жақты танып-білуге ықпал ету;

- Алаш партиясының бағдарламасы мен бүгінгі таңдағы ұлттық даму стратегиямыздың өзара байланысын айқындау;

- Алаш көсемдері қозғаған сол кездегі бірқатар ұлттық мәселелердің бүгінгі таңдағы маңызы мен өзектілігіне салыстыра отырып, көз жеткізу;

- Алаш көсемдері шығармашылығындағы азаматтық мүдде, мелекеттік мүдде, қоғамдық-саяси көзқарастарын ұлттық мүдде тұрғысынан қарастырып, публицистикалық мақалаларын талдай отырып, үлгі алу;

- Алаштану мәселелеріне қатысты баспасөз материалдарын жан-жақты талдай отырып, тың пікірлер мен тұжырымдарға өзіндік ұсыныстар білдіріп, зерттеу курстың басты міндеттеріне жатады. Жалпы курс барысында Алаш баспасөзінің атқарған қызметі мен қоғамда алған орны айқындалып, әрбір басылымның көтерер жүгі таразыға салынбақ.

Құзыреттілік (оқытудың нәтижелері):

- ұлттық ақпарат тарату мен сақтаудың түрлері мен пішіндерін меңгереді;

- ХХ ғасыр басындағы саяси жағдай мен қазақ публицистикасының бағыт-бағдарын, мазмұнын, ондағы өзекті мәселелер бойынша өзіндік көзқарас қалыптастырады;

- алғашқы қазақ тілінде шығып тұрған мерзімді басылымның идеялық-саяси бағыт-бағдары, тілдік-стильдік ерекшелігі, шығармашылық көркемдік деңгейі мен ұлттық сипаты туралы мол түсінік алады;

- Алаш басылымдарының жер, тіл, дін мәселелерін жазудағы басты мақсаты мен негізгі идеясын тереңірек таниды;

- Қазақ журналистикасы тарихының мол тәжірибесін бойына сіңіріп, отандық БАҚ-ты идеялық-көркемдік, тілдік-стильдік, композициялық, мазмұндық, пішіндік жаңа сапалық деңгейге көтеретін маман ретінде машықтанады.

Пререквизиттер:Қазақ журналистикасының тарихы,Журналистикаға кіріспе, Талдамалы журналистика.

Постреквизиттер:Публцистің шығармашылық шеберханасы, Сыр өңірі журналистикасының тарихы мен тәжірибесі.

Пәннің құрылымы мен мазмұны

Наши рекомендации