ЫлҒалды Қыздыру жӘне дӘрілік компрестерді Қою
Мақсаты: қан тамырларын ұзақ жэне біркелкі кеңейту, ұлпадағы қан айналуын жақеарту, ауыруын азайту жэне сіңіру әсерін жасау.
Қолдану көрсетілімдері: инъекциядан кейінгі инфильтратта (жергілікті түйінде) бұлшық еттердегі жэне буындардагы қабыну процестері, мұрын, құлак аурулары, согып алганнан кейінгі 2 тэулікте.
Қарсы көрсетілімдері: қызба, қан құйылу. терідегі іріңді жэне аллергиялық бөртпелер, тері жамылгысы бүтіндігінің бүзылуы, эртүрлі этиологиядагы ісіктер, жарақат пен согып алудың бірінші тәулігінде.
Асқынулар: терінің тітіркенуі, күю.
Дайындаңыз: компрестік матаны немесе 8-10 қабаттап бүктелген дэке салфеткасын, компрестік қагазды, мақтаны, бинтті, 40% этил спирті немесе дэрілік ерітінділерді, 20-25°С суды, қайшыны, қолгапты.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оны жасауга рүқсатын алыңыз.
2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолгапты киіңіз.
3. Науқастың компресс қоятын жерінің терісін қараңыз.
4. Даярланган ерітіндінің (20-25 С) біреуіне компрестік матаны немесе дәке салфеткасын ылғалдап, оны аздап қана сығыңыз.
5. Дененің қажетті учаскесіне компрестік матаны немесе дәке салфетканы қойыңыз. Әсерін тигізетін аймақтан оның көлемі 2 см артық болуы керек.
6. Компрестік матаның немесе дэке салфеткасының үстіне компрестік қагазды салыңыз. Ол алдыңгы қабаттан 2 см-ге енді болуы қажет.
7. Компрестік қагаздың үстіне мақтаны қойыңыз (компрестің алдыңгы қабатынан колемі 2 см артық болуы тиіс).
8. Қойган компрес денеге тыгыз қабыса жататындай керек, бірақ қозгалысты шектемейтіндей етіп, бинтпен байлаңыз.
9. Компресті 6-12 сагатқа қалдырыңыз (дұрысы түнге қарай қою).
10.Қолыңызды жуып, құрғатыңыз. Қолғапты шешіңіз.
11.2 сағаттан кейін компрестің дүрыс салынганын тексеріңіз. Компрестің астына саусағыңызды сұғыңыз, салфетканың ылғалды, терінің жылы екендігіне көзіңізді жеткізіңіз.
12.Компресті алып, теріні жылы сумен сүртіп, сүрткімен құрғатып, қүргақ таңгыш салыңыз. Компресс қойган жерді жылы қымтаңыз.
13.Өзіңіз қолыңызды жуыңыз.
Ескерту:
- егер 2 сагаттан кейін салфетка қүргақ болса, онда компресс дүрыс салынбаган;
- спирттік компресттер жылдам кебеді, сондықтан оларды эрбір 4-6 сагат сайын ауыстырады;
- компресті қайталап қоюды, алдыңгы компресті алганнан кейін 1 сагат соң қайталауга болады;
- қоспасыз иіс су (одеколон) немесе спирт қолданганда тері қабатын күйдіру мүмкін.
СҮЛІКТІ қою
Мақсаты: емдік, жергілікті жерден қан алу, қанның үюын төмендету. Қолдану көрсетілімдері: гипертониялық криз, жүрек аймагының ауруы (стенокардия, миокард инфаркті), қан тамырларының түйінделуі (тромбофлебит), тамырда қанның үюы (тромбоз вен), тік ішектің айналуы (геморрой), бауыр көк тамырларының іркілуі (венозный застой в печени), глаукома.
Қарсы көрсетілімдері: қан қысымының төмендеуінде (гипотензия), қан аздықта (анемия), қанның үйюының төмендеуінде (снижение свертываемости крови), аллергиялық жагдайда, антикоагулянтармен емдеу кезеңінде, тері сезімталдыгының жоғарлығында.
Қоятын жерлері: емізік тэрізді өсіндінің аймағы (область сосңевидного отростка), оң жақ қабырға асты, кеуде түсының сол жағы, көк тамырлардың зақымданған жолдары (шахмат тэрізді), қүйымшақ айналасы, самай аймағы.
Асқынулар: терінің қышуы, қан ағу, пиодермия, сыздауық, тері асты тіндеріне қан кету.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: таңғыш бинтті, науаны, шымшуырды (пинңеттерді), тампондарды, сүрткілерді, пробиркаларды, 40% глюкоза ерітіндісін, натрий хлорид ерітіндісін, ҚЖК, түздалған суды, ыдыстағы ыстық суды, 6-8 белсенді сүліктерді, зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның ем шараға рүқсатын алыңыз.
2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Залалсыздандырылған қолғапты киіңіз.
3. Науқасқа ыңғайлы қалып беріңіз.
4. Дененің қажетті жерін босатып, ашып, теріні қараңыз, қоятын орнында түкті шаш болса қырып алып тастаңыз.
5. Залалсыздандырылған мақта шариктерін жылы қайнатылған суда сулап терідегі белгіленген жерді жуыңыз және оны қызарғанша ысқылаңыз.
6. Теріні қүрғатыңыз.
7. Сүлік коятын жерге 40% глюкоза ерітіндісін жағыңыз.
8. Банкада суда түрған сүлікті пинңетпен алып, қүйрық жағын пробирканың түбіне қаратып салыңыз.
9. Пробирканы дененің қажетті орнына тақап, сілкілей қозғалыс жасап, сүлікті теріге бағыттаңыз.
Ю.Сүлік теріні тістеп жабысқанда жэне оның алдыңғы болігінде толқынды
қозғалыс пайда болғанда пробирканы алыңыз. П.Артқы сорғыш ауыз (емізік) астына залалсыздандырылған салфетканы салыңыз.
12.Сондай әдіспен барлық сүлікті қойып шығыңыз (бір сәтте 4-тен 12-ге дейін сүлік қояды).
13.Сүліктің қозғалысын қамтамасыз ету үшін, оның дене бойын жылы суға суланған мақтамен сұлап шығыңыз.
14.Науаны сүліктің қойылған жеріне жақын қойыңыз.
15.30-60 минуттай күтіңіз. Дені сау сүлік қанды сорып болған соң, қойған науаға өздігінен түседі.
16.Егер сүлік түспесе немесе оны ерте алу қажет болса, алдыңғы сорғыш ауыз (емізік) аймағын түзды сумен сулаңыз.
17.Қолданған сүліктерді зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз, сосын ҚЖК салыңыз.
18.Сүліктің сорған жеріне қүрғақ залалсыздандырылған таңғышты үстіне қойып үлкен мақта көлемімен бір тэулікке таңып тастаңыз (сүлік сорған жер 6 сағаттан 24 сағатқа дейін қанайды).
19.Пайдаланған күтім қүралдарын зарарсыздандырыңыз: сүрткілерді, мақта шариктерді, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
20.Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, кептіріңіз.
21.Бір тэуліктен кейін таңғышты ауыстырыңыз, егер қан ағу тоқтамаса, жараның үстіне залалсыздандырылған қысатын таңғыш салыңыз.
Ескерту:
- сүлік науқастың қанына өзінің сілекей қүрамындағы үйытқыштыққа қарсы әсер ететін антикогулянт - гирудин затын жібереді;
- сүлік салған жарақат орны біраз уақытқа дейін (3 сағатқа дейін) қанайды, бүл табиғи жағдай;
- асептика ережесі бүзылғанда жарақат орны іріңдейді немесе сол жаракат орны қышитын болады;
- сүлікті бір рет қана қолданады.