Р ҚылмыстыҚ ҚҰҚыҒы (ерекше бӨлім) пӘнін оҚыту бойынша оҚу-Әдістемелік нҰсҚаулар

ҚР Қылмыстық құқығы (ерекше бөлім) пәні құрылымы жағынан пәннің оқу-әдістемелік кешенін толық қамтиды: онда пәннің оқу жұмыс бағдарламасы, силлабус, жеке сабақ түрлері бойынша оқу-әдістемелік нұсқаулар, тапсырмалар, глосарий, студент білімін бағалау жүйесінен тұрады. Аталмыш нұсқаулар құжат жоғары оқу орындарында 5В030100 «Заңтану», 5В030300 «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша күндiзгi, сырттай және кешкі оқу факультеттерiнде бiлiм беруге арналады.

Қылмыстық құкық Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінін оқу орындарында оқытылатын негізгі де жетекші пәндерінің бірі болып саналады. Қылмыстық құқык пәнін терең игеру ҚР құкық қорғау органдарымен сот органдарының кәсіби қызметін ойдағыдай атқаруға үлкен септігін тигізеді.

Қылмыстық құқық пәнін оқуды Қазақстан республикасы ІІМ жоғары оқу орындарына арналған қылмыстық кұкық пәнінің типтік бағдарламасымен танысудан бастау қажет.

Бағдарлама өтетін тақырыптарды рет-ретімен оқуға және сол өткен материалдарды берік игеруіне көмектеседі. Бұл білімдер оқылып жатқан пәнді жақсы игеруге және тәжірибелік қызметте қолдануға септігін тигізеді.

«Кылмыстық құкық» пәнін оқығанда Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстандық қоғамның түбегейлі мәселелеріне арналған Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламенті мен Үкіметінің шешімдерін негізге алу кажет / барлық тақырыпқа арналган әдебиеттер тізімін караңыз/.

Қолданыстағы заңдылықтармен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативті түсініктемелерін білу міндетті шарт болып табылады. Сонымен бірге мерзімдік басылымдарды да, соның ішінде әсіресе арнаулы заңгерлік газет-журналдарды көзден таса қылмай, жиі қарап жүру керек. Өйткені олардан іске араласып жүрген заңгерлермен бірге осы сала бойынша болашақ маман иелері болғалы жүргендер үшін де заң ғылымы төңірегінде білімін толықтыра түсетін біраз материалдар табылары сөзсіз.

Сонымен бірге қылмыстық кұқық бойынша білімін толықтыра түсуі үшін сот-тергеу іс-тәжірибелерін игеру қажет.

Дәрістерде, өз бетімен дайындалу сағаты барысында алған теориялык білім семинарлық сабақтарда теренделіп және бекітілуі тиіс. Семинарлық сабақтын мақсаты -теориялық материалдарға талдау жасау мен білгенін ауызша айтып, жеткізе білуге дағдыландыру.

Теориялық білім соңында тәжірбиелік сабақтармен пысықталады. Тәжірбиелік сабақтың мақсаты - алған теориялық білімді іс жүзінде пайдалана білуге дағдылану, сондай-ақ өзінің де пікір-ұсыныстарын іске асыру.

Оқу барысында тақырыптардын біреуі бойынша баяндама немесе реферат жазуға мүмкіндік болады. Баяндама мен рефераттың, тақырыбын өткен сабақтын тақырыбына сәйкес таңдалады. Баяндама мен рефератты жазу мерзімі белгілі бір тақырыпты оқу мерзімімен белгіленеді. Бір тақырыпта екі-үш тындаушының баяндама немесе реферат жазуына болады.

Мазмұнды әрі терең мағыналы баяндама дайындағандар ғылыми-теориялық конференциясына қатысу мүмкіндігіне ие болады. Ал осындай жоғары дәрежеде реферат дайындағандар оны бағамдық немесе ғылыми жұмыс деңгейіне көтере түсуіне болады.

«Қылмыстық құкық» (Ерекше бөлім) бағамын игеру барысында оқылған тақырыптың негізгі, базалық және маңызды қылмыстық құқыұтыұ ұғымдары игерілуі тиіс. Ол үшін мыналар кажет:

1. Белгілі бір қылмысқа қолданылатын жауаптылық көрсететін баптың Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің кай бөлімінде екенін нақты білу;

2. Қылмыстық кодекске сәйкес қылмысты анықтауды терең ойлап және ұғып алуға тырысу;

3. Қылмыстың құрамына сәйкес заңдык белгілерді, элементерді (объектісі, объективтік жағы, субъектісі, субъективтік жағы), сондай-ақ жіктейтін (ауырлататын) немесе жеңілдететін мән-жайларын нақты білу;

4. Қылмыс қүрамының аралас («шектес», ұқсас) қылмыстарды айыра білу.

Қылмыстық құқықтың Ерекше-бөлімін игеру үшін фәлсапаның. жалпы тарихтың, қалыпты кисынның заңдарын және т.б. білу қажет. Сонымен қатар базалық заң пәндерін: мемлекет және құқықтың теориясы, мемлекет пен құқықтын тарихы. қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімі және басқаларын игеру қажет.

Қылмыстық кұқықтың Ерекше бөлімі басқа заң пәндерімен тығыз қарым-қатынаста. Ол, бәрінен бұрын қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімімен, қылмыстық іс жүргізу құқығымен, криминологиямен, криминалистикамен, жедел-іздестіру қызметімен, қылмыстық-атқару құқығымен және басқаларымен.

Наши рекомендации