Іс - әрекет теориясы мен ақыл-ой іс-әрекетін қалыптастыру теориясы әдістің психологиялық негізі ретінде
Осы жөнінде К.Д. Ушинский оқушылардың бойында бақылағыштық, танымдылық қасиеттерді дамыту үшін көрнекі оқытуды талдау негізінде олар үшін жаңа кейіпкерлер тудыратын, өзіне таныс заттардың жаңа жақтарын ашатын оқу материалдары мен көрнекі құралды неғұрлым көбірек пайдалануға кеңес береді. Өйткені, олар бір жағынан оқушылардың ой - өрісін ауызекі сөйлеу тілін, жазу дағдысын, айналасындағы өмір туралы түсінігін кеңейтеді және оқушының білім деңгейіне сай болғандықтан нәтижелі болады, ал үлгерімі төмен оқушылар ескеусіз қалып қоймай олардың теориялық білім мен дағдыларын дамытуға әсер етеді. Атап айтқанда, оқу процесінің жаңартудың негізгі ұстанымдарын дамыту, демократияландыру, реалистік шектеу саясаты, интеграциялау жатады. Оқу- тәрбие ісін жетілдіре түсудің мақсаты мен келешегін ғылыми анықтайтын, болжайтын идеялар мен қағиданың ғылыми негізі жинақталады. Бұл тұжырымдарды жалпы лингвистика, психология, лингводидактика, педагогика, әдістемелік зерттеу жұмыстары, жалпы білім беретін мектептегі басқа да тіл пәнінің идеялары басшылыққа алынады. Мақсаты- шет тілін оқыту арқылы өнегелік және эстетикалық жағынан жан – жақты дамыған, саяси – идеялық жағынан сенімді еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.Бүгінгі оқыту процесінде қатынастық бағыт беру арқылы жалпы дүниеге деген көзқарасын қалыптастыру бірінші орында тұр. Осындай мақсаттармен қатар қазіргі кезде шет тілін жаңа әдістемелермен, ұстанымдармен оқыту қажеттілігі туып отыр. Қай елдің болмасын механизмін үйрену үшін мынадай екі жағдайды ескерген жөн:
сол елдің жүйесі қалай құрылғанын
ол тәжірибелік жағынан қалай меңгерілуі керек?
Демек, қазақ тілінің құрылысы сияқты қатынастық тәсілде ұйымдастыру тиімді деп айтуға болады. Шет тілін оқытуда оқу материалдық тұжырымдаманы негізге алу тілдік материалды беруде және оны талдауда оның қызметтік жағын ескру, білімнің базалық және жылжымалы құрамдарын анықтау, оқыту әдістемесі мен тәрбиені интеллектуалды пайдалы және өнімді еңбекпен ұштастыру маңызды.
75 Коммуникативті әдіс. Қазіргі кезде шет тілдеріне қоғамның сұранысы өсіп отырған жағдайда шет тілдерін оқыту әдістемесіне оның кейбір мәселелерін шешуге басты назар аудару керек. Шет тілін оқыту әдістемесінің мәселелері өте көп. Біз оның тек екеуіне ғана тоқталмақпыз.
1) Мәдениетаралық қарым – қатынас.
2) Тіларалық қарым- қатынас.
Шет тілін оқыту барысында белгілі бір әдістемені қолдану әр түрлі шарттарға байланысты болады. Оның ең бастысы оқытудың алдына қойылған мақсаты, оқушының жас ерекшелігі, оқуға бөлінген уақыт, т.б.Мысалы: шет тілін оқып үйренетін ғалым мен саяхатшының мақсаттары әр түрлі, сондықтан қойылатын әдіс – тәсілдерде өзгеше болады. Әрине, он жастағы бала мен 25 жастағы ересек адамды оқытудың әдіс – тәсілдері де өзгеше.Осы факторлардың барлығын әдістемелік оқытуда ескерген жөн.Осы факторлардың ішіндегі маңыздысы оқытудың мақсаты, қоғамның дамуы, басқа елдермен байланыс оқытудың мақсаттарын анықтауға тікелей ықпал етіп отырады.
Коммуникативтік әдіс – оқушы мен мұғалімнің тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын, белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын,тілдік қатынас пен әдістемелік категорияға тән басты белгілер мен қағидалар жүйесінен тұратын, тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілдік қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі.Коммуникативтік стратегияға кіретін кезеңдер:
1.Әңгімелесушінің зейін қойып тыңдауын қадағалау;
2.« Бәрі түсінікті » деген сигнал арқылы толық түсінуді қамтамасыз ету;
3. « Мен дұрыс түсіндім » деген сигнал арқылы әңгімелесушінің толық түсінігін қамтамасыз ету;
4. Сөз жетіспеушілік мәселесін сөз тіркестері мен түсініктемелер,аудару арқылы шешу;
5. Қате кеткен жағдайда өзін-өзі түзеу;
6. Қарым-қатынастың тақырыбын өзгерту арқылы әңгімені қолдап отыру.
Коммуникативтік ойлау іс-әрекетіне дайын болатын когнитивтік құзырлық коммуникативтік құзырлықтың керекті компоненті болып табылады.Шетел тілі сабақтарында оқушылардың тіл-ойлау қабілетін дамытатын жағдайлар:
1.мәтінмен жұмыс
2.мәселемен жұмыс
3.ойын ойнату жұмысы
Коммуникативтік әдіс:
1.Жұптық
2.Топтық
3.Ұжымдық
Коммуникативтік әдістердің негізгі принциптері мыналардан тұрады:
1.тілдік бағыттар
2.функционалдық
3.оқиғалық
4.жаңашылдық
5.қарым-қатынастық дербестік бағыттар
Коммуникация сөзінің негізгі мазмұны жалпы қарым-қатынас, араласу, хабарласу, байланыс деген сияқты мағына білдіре келіп, адамдардың арасындағы қарым-
қатынасты,өзара түсінушілікті көрсетеді.Осыдан барып «коммуникабельдік», түсінушілік
деген сөздер мен ұғымдар пайда бола бастады. Коммуникация – қарым-қатынас,өзара
байланыс деген ұғымды білдіреді.
Коммуникативтік – оқыту процесінің тілдік бағытын білдіреді – ол дегеніміз коммуникативтік әдістемеде «сөйлеу» — тіл дамыту жұмыстарының бір түрі ретінде және қарым-қатынас құралы ретінде үйретудің басты принциптерінің бірі болы табылады деген сөз.
Коммуникативтік байланыс технологиясы – шетел тілі сабақтарын қарым-қатынас негізінде оқыту. Ол сабаққа іскерлік бағыт-бағдар береді.Сабақтың практикалық жағына бағытталады.Сөйлеу жаттығулары арқылы лексика мен грамматикалық ұғымдар кең көлемде бір қалыпты,және тез мөлшерде жинақталады.Коммуникативтік оқыту қарым-қатынас жағдайларын құруға мүмкіндік береді:
1.Коммуникативтік мотивация
2.Дұрыс бағытта сөйлеу
3.Өзара қатынастың қалыптасуы
4.Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
76 Коммуникативті әдіс- коммуникативті лингвистика идеялары,іс-әректтің психологиялық теориясы,мәдениет диалогындағы тұлғаның дамуының тұжырымдамасыкоммуникативтік оқыту тілдік әрекетінің барлық түрінде қалыптасады — тыңдауда да, сөйлеуде де, оқығанда да, жазғанда да, өйткені ол оның іске асуын қамтамасыз етеді.
Лингвистикалық, әдістемелік әдебиеттердің көпшілігінде сөйлесім әрекетін төрт түрге бөліп қарастыру тұрақты орын алған. Олар: сөйлеу, оқу жазу, түсіну.
Коммуникативтік оқыту: ОҚУ, СӨЙЛЕУ, ТЫҢДАУ, ЖАЗУ – ауызша өзара қатынас, жазбаша өзара қатынас біркелкі, бір уақытта дамиды. Жоғарыда айтылғандай коммуникативтік оқытудың сөйлеу әрекетінің барлық түрінде де қажеттілікпен қатысып тұрғандығы көрінеді. Өйткені ол ауызша да, жазбаша да қарым-қатынас жасаушылардың бір-бірін тілдік қабылдауы мен түсінігін қамтамасыз етеді.
Шетел тілін оқытудың басты мақсаттары – оқушылардың дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдыларын қалыптастырып, шетел тілін әр түрлі жаңа технологиялар арқылы игерту. Шетел тілі мұғалімінің негізгі міндеті – шетел тілі сабақтарын мазмұны мен форма жағынан қызықты, тиімді етіп өткізу. Шетел тілі сабақтарын тиімді өткізу мақсатында коммуникативтік оқыту технологиясын қолдану.
Ең біріншіден, жаңа білім стандарттарына сай, мынадай талаптарға сүйеніп жұмыс істеуге болады:
1.сөйлемдерді қолданып сұхбат жүргізу.
2.мектепте және өзін қоршаған ортаны танып білу.
3.оқушыларды қазақ тілінде сөйлеуге үйрету.
4.синтаксиситік сөйлемдерді құрастыра білу.
Бұлардың барлығын іс жүзінде қолдану үшін әр түрлі сабақ түрлерін өткізген дұрыс.Сонда ғана нәтиже жақсы болады. Сабаққа дайындалған уақытта формаларды (ұжымдық, топтық т.б.) іріктеп алу қажет. Бұл формалар арқылы оқушылардың білімін, іскерлігін, дағдысын тексеру үшін түрлі белсенді тапсырмалар енгізу қажет.. Пәннің мазмұны, яғни сабақтың дидактикалық элементтерінің жүйесі: сөйлеуден, тыңдаудан, сөйлем құрастырудан, аударудан , оқудан, жазудан құралуы керек.
І. Тіл материалдары (фонетика, лексика, грамматика).
Осы материал үш бағытқа бөлінеді:
1.Лексикалық бағыт – айтылуын меңгеріп, мағынасын өмірде кездесетін жағдаяттар арқылы тілді тез игерту.
2.Фонетикалық бағыт – дыбыстың айтылуы мен жазылуын меңгерту.
3.Грамматикалық бағыт – жас ерекшелігіне сай сурет бойынша жұмыс, мазмұнын айту, сөйлем құрастыру.
Әрбір жаңа тақырып бойынша мәтінді меңгерту кезінде оқушылар топқа бөлініп, әрқайсысына бес міндет беріледі:
1.Мәнерлеп оқу
2.Түсіну
3.Сұрақтар қою немесе диалог құрау
4.Сызба арқылы өз ойларын айту
5.Грамматика
77. Мәдениетаралық коммуникация процесінде шетел тілін оқытудың соңғы мақсаты ретінде.Қазіргі кезде шет тілдеріне қоғамның сұранысы өсіп отырған жағдайда шет тілдерін оқыту әдістемесіне оның кейбір мәселелерін шешуге басты назар аудару керек. Шет тілін оқыту әдістемесінің мәселелері өте көп. Біз оның тек екеуіне ғана тоқталмақпыз.
Мәдениетаралық қарым – қатынас.
Тіларалық қарым- қатынас.
Шет тілін оқыту барысында белгілі бір әдістемені қолдану әр түрлі шарттарға байланысты болады. Оның ең бастысы оқытудың алдына қойылған мақсаты, оқушының жас ерекшелігі, оқуға бөлінген уақыт, т.б. Мысалы: шет тілін оқып үйренетін ғалым мен саяхатшының мақсаттары әр түрлі, сондықтан қойылатын әдіс – тәсілдерде өзгеше болады. Әрине, он жастағы бала мен 25 жастағы ересек адамды оқытудың әдіс – тәсілдері де өзгеше. Осы факторлардың барлығын әдістемелік оқытуда ескерген жөн. Осы факторлардың ішіндегі маңыздысы оқытудың мақсаты, қоғамның дамуы, басқа елдермен байланыс оқытудың мақсаттарын анықтауға тікелей ықпал етіп отырады.
78. Коммуникативті шетел тілдік білім беру тұжырымдамасын қалыптастыру бағытындағы коммуникативтік әдістің эволюциясы.1970-1980жж. Лингвистикалық зерттеулерді бағыттылығына себепші болған әдістемелік жағынан радикалдық бетбұрыс шет тілдерде қарым-қатынастың қалыптастыру қыбілеттерінің айқын байқалған прагматикалық бағыттылығында анық көрінеді. Қазіргі әдістемелік ғлымның терминологиялық аппараты келесі категориялармен толықтырылады:
1) сөйлеу қабілеті;
2) коммуникативтік біліктілік;
3) қарым-қатынастың әлеуметтік факторлары;
4) буынды тілдік тұлға.
Сөз қатынасының табыстылығы толық мәнінде қатысушылардың бір-біріне қатынас міндетіне бара-бар ықпал ету қабілетіне және өзінің сөйлеу және үнсіз мінез-құлқын коммуникативтік біліктілік аталатын қатынас міндеттеріне барабар ұйымдастыра білуіне қатысты деген қағида лингвистикалық зерттеулердің маңызды жетістіктерінің бірі болып табылады. Лингвистикалық зерттеулердің айқын байқалған прагматикалық бағыттылығы ұғымдық ақпаратына коммуникативтік біліктілік, сөйлеу қабілеті, қатынастың әлеуметтік факторлары және басқа категориялар енген ғылым ретінде әдістеменің жалпы концептуальды позициясында байқалады. Лингвистер қатынасу қабілетін дамыту тек тілдік біліктілікті дамытумен, яғни тілдік құралдар мен оларды нақты тілдің заңына сәйкес қолдану ережелерін білумен шектелмейді деген тезис ұсынуда. Қатынасу қабілетін дамыту әр түрлі араласуды орнықтыру мақсатында тілдік құралдарды қатынасудың әр түрлі жағдайларында қолдану қабілетін, сол сияқты қатынас жағдайын бағалау, талдау қабілетін дамытумен, өзінің коммуникативтік әлеуметін субъективті бағалаумен және қажетті шешім қабылдаумен байланысты. Тілдік қатынас құралдарын (сөздер, грамматикалық құбылыстар және т.б.) және сол құралдарды меңгеру дағдыларын білмейінше коммуникативтік шеберлікті дамыту мүмкін емес. Сондықтан шет тілді оқыту мазмұнына, тілдік білім (тіл бірліктерін ойлы айтылымға айналдыратын жүйелер, ережелер ретінде үйренетін тілдің негізін, мәні түрлі тілдерде түрлеше айтылатын ұғымдарды білу) мен тілдік дағдылар енгізілді. Олар тілдік материалдың барлық түрлерін фонетикалық, лексикалық, грамматикалық оқытудың әрбір сатысы үшін алынған шағын көлемде оқытудың ойдағыдай пайдалану, сол сияқты белгілі бір коммуникативтік пиғылды (таңдануды, наразылықты, ортақ іске шақыруды және т.б.) білдіретін әдепті сөйлеу формулалары мен сөз формуларын қолдану қажет.
79 Шетел тілін оқыту әдісін дамытудағы Қазақстан әдіскерлерінің негізгі бағыттары..Қазақстан ғалымдарының шетел тілін оқыту әдістемесін дамытуға қосқан үлесі. Шетел тілін оқыту әдісін дамытудағы Қазақстан әдіскерлерінің негізгі бағыттары. Көрнекі құралдарды оқушылардың оқу үрдісіндегі рөліне қарай М. Махмутов екі топқа бөледі:
1. Заттың бейнелік көрнекі құралдары ( картиналар, фотосуреттер, диапозитивті суреттер, кино үзінділері, табиғи нысандар, т.б.);
2. Таңбалы көрнекі құралдар ( сызбалық көлемді модельдер, сызбалар, картиналар, т.б.);
В. Занков: «Оқушыларға затты және оның қасиеттерін көрсету бұл – сөз бен көрнекі бейненің оқушының бойында тиісті дәрежесінде қабысуына қол жеткізу деген сөз емес. Егер оқушы құбылыстың қасиетін өзі айыра алса және оған сөзбен өзі сипаттама берсе, онда оның бойында белгілі бір нысан туралы түсінік қалыптасады және қасиеттердің сөздік белгілері нақты образдармен байланысқа түседі», - деп тұжырымдайды.
Оқушылардың бақылауын ұйымдастырудың негізгі әдістемелік ережелері мен тәсілдерін профессор Т. Сабыров былай көрсетеді:
1. Мұғалім оқушылардың бақылауын ұйымдастыру үшін ең алдымен бақылаудың мақсатын, байқайтын нәрселердің мөлшерін немесе көлемін анықтап,жоспарын жасайды.
2. Бақылауда мүмкіндігінше оқушылардың барлық сезім мөлшерін қалыптастыру арқылы нәрселердің неғұрлым көп және әр түрлі қасиеттерін жан – жақты байқатқан жөн.
3. Мұғалім бақылау кезінде оқушылардың сараптама мен синтез жасап, нәрселердің негізгі қасиеттерін айыру, топтастыру сияқты ойлау амалдарын қолданып, қорытынды шығаруына басшылық ете білуі қажет
4. Бақылау кезінде мұғалім өз сөздеріне басшылық ету рөлі мен оқушылардың өздігінен жұмыс істеуінің арасында дұрыс байланыс болуын қамтамасыз етіп, олардың өздігінен бақылау қабілетін мейлінше дамыту мақсатын көздеуі керек.
Демек, мұғалім баяндайды, әңгімелейді, түсіндіреді, көрнекі құралдар мен техникалық құралдарды көрсетеді, ал оқушылар сол кезде тыңдайды, қызығады, қабылдайды, бақылайды және т.б. танымдық әрекеттенеді.
80. Қазақстан ғалымдарының шетел тілін оқыту әдістемесін дамытуға қосқан үлесі.Көрнекі құралдарды оқушылардың оқу үрдісіндегі рөліне қарай М. Махмутов екі топқа бөледі:
Заттың бейнелік көрнекі құралдары ( картиналар, фотосуреттер, диапозитивті суреттер, кино үзінділері, табиғи нысандар, т.б.);
Таңбалы көрнекі құралдар ( сызбалық көлемді модельдер, сызбалар, картиналар, т.б.);
В. Занков: «Оқушыларға затты және оның қасиеттерін көрсету бұл – сөз бен көрнекі бейненің оқушының бойында тиісті дәрежесінде қабысуына қол жеткізу деген сөз емес. Егер оқушы құбылыстың қасиетін өзі айыра алса және оған сөзбен өзі сипаттама берсе, онда оның бойында белгілі бір нысан туралы түсінік қалыптасады және қасиеттердің сөздік белгілері нақты образдармен байланысқа түседі», - деп тұжырымдайды.
Оқушылардың бақылауын ұйымдастырудың негізгі әдістемелік ережелері мен тәсілдерін профессор Т. Сабыров былай көрсетеді: Мұғалім оқушылардың бақылауын ұйымдастыру үшін ең алдымен бақылаудың мақсатын, байқайтын нәрселердің мөлшерін немесе көлемін анықтап,жоспарын жасайды. Бақылауда мүмкіндігінше оқушылардың барлық сезім мөлшерін қалыптастыру арқылы нәрселердің неғұрлым көп және әр түрлі қасиеттерін жан – жақты байқатқан жөн. Мұғалім бақылау кезінде оқушылардың сараптама мен синтез жасап, нәрселердің негізгі қасиеттерін айыру, топтастыру сияқты ойлау амалдарын қолданып, қорытынды шығаруына басшылық ете білуі қажет.Бақылау кезінде мұғалім өз сөздеріне басшылық ету рөлі мен оқушылардың өздігінен жұмыс істеуінің арасында дұрыс байланыс болуын қамтамасыз етіп, олардың өздігінен бақылау қабілетін мейлінше дамыту мақсатын көздеуі керек.
81. Шетел тілін оқыту әдісін дамытудағы Қазақстан әдіскерлерінің негізгі бағыттары.Қазіргі таңда шетел тілі ретінде ағылшын тілін оқытуды жаңа сатыға көтеру отандық педагогикадағы іргелі міндеттердің іргелі міндеттердің біріне айналып отыр. Өйткені, елімізде ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен ‘Үштұғырлы тіл’ мәдени жобасын дамыту басымдыққа айналып, соның ішінде жаһандану жағдайында әлемдік интеграцияға кірігу тілі ретінде ағылшын тіліне мән берілуде. Шетел тілін оқытуда оқытудың жаңа технологиялар оқушылардың тілдік қабілетін дамытуға, сонымен қатар олардың шығармашылық белсенділігін арттыруға бірден-бір мүмкіндік жасайды. Шетел тілін оқытуда интерактивті әдістемелерді қолдануға үлкен мән беріледі. Қазіргі таңда инновациялық әдістемелерді пайдаланудың мақсаты-білім алушының тілді білуге деген құштарлығына жан-жақты әсер ету, қызығушылығын арттыру. Ақпараттық технологияның дамуына байланысты шетел тілін үйренудің жаңаша түрі-жаңа технологияларды қолдану. Ол шетел тілін үйреншінің коммуникативтік қабілетін дамытып, заманауи ағымда дамуындағы негізгі рөлді атқарады. Қазақстандағы шетел тілдеріне өзіндік қиындықтарына қатысты проблемаларға қарамастан елімізде тілдік қарым-қатынастар процесінің дұрыс жолға түсіп келе жатқаын нық сеніммен айта аламыз.