Кәсіпкерлік қызметтің теориясы және кәсіпорынның ұйымдық нысандары.

Экономикалық дағдарыстың теориялары.

Экономикалық дағдарыс – бұл өндіріс көлемінің кенеттен төмендеуі. Өндіріс көлемі төмендеуінің алғы шартына экономикадағы қорлану диспропорциясын жатқызамыз. Осы салдар түптеп келгенде өндіріс пен тұтыныс арасындағы негізгі пропорцияны бұзады. Қазіргі нарықтық маркетингтік зерттеулерді фирма, корпорациялардың кеңінен ұолданғанына қарамастан, олардың ешқайсысы өзінің өндірістік және комерциялық қызметінің барлық салдарын дәл есептей алмайды.

Біріншіден, бұл тауар және ақша қайшылығымен байланысты екендігі белгілі. Қай кезде ақша айналым құралы ретінде қолданылғанда, онда айырбас процесі Т-A-T екі қарама-қарсы актіге үзіледі: 1) сату Т-A болса, 2) сатып алу A-T болмақ.

Екіншіден, бағалы қағаздардың тауар нарықтарындағы бағалардың үзіліссіз тербелуіосы рыноктағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы диспропорцияның пайда болуын байқатады.

Үшіншіден, бұл капиталдың артық қорлануы. Өндірістің ұлғаюы төлем сұранысымен салыстырғанда тым артық болып келеді. Сондықтан да экономикалық дағдырысты әдетте, артық өндіру дағдарысы деп те атайды.

Экономикалық цикл. Циклдың кейнстік, неокейнстік және монетарлы тұжырымдамалары.

Экономикалық цикл – бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады.

Фазаның бірінші циклы – өндіріс құлдырауының дағдарысы. Дағдарыс құбылысының болуы сұраныс төлем қабілеттілігімен салыстырғанда тауарды артық өндірумен түсіндіріледі. Экономикалық циклдың екінші фазасы депрессия («depressio» – латын сөзі, төмендеу, тереңдеу дегенді білдіреді). Бұл фазада өндірістің құлдырауы тоқтатылады.

Үшінші фаза – тірілу, бұған тән нәрсе өндірісті ұлғайту, демек пайда бар деген сөз. Ол кезегіндегі өндірістің дамуын ынталандырады. Циклдың төртінші фазасы – өрлеумен алмасады. Өрлеу өнім өндірудің қарқындылығымен сипатталады және ол дағдарыс алдындағы деңгейден жоғары, жұмыссыздық тартылады, қарыз капиталы ұсынымы ұлғаяды және банк пайызының нормасы төмендейді.

Ағылшын экономисі Дж. Кейнстің ойынша, цикл фазасының алмасуы күрделі қаржы мөлшерімен байланысты, ол пайда мөлшері мен пайыз мөлшері ара-қатынасымен түсіндіріледі. Дж. Кейнстің ізбасарлары – «неокейнстіктер» – мәселен американ экономисі – Пол Самуэлсон былай дейді: нарықтық экономиканың циклдық сипаты ұлттық табыстағы тұтыну үлесінің төмендеуімен және акселератор жеделдету іс-әрекетімен түсіндіріледі. Монетаристік мектептің негізін қалаушы Милтон Фридменнің ойынша, дағдарыстар мемлекеттің ақша саясатын нашар жүргізуінен туындайды. Сондықтан мемлекеттің араласуы ақша массасын шектеу мен тұрақтандыруға бағытталуы қажет.

Азіргі циклдық дамудың ерекшеліктері, ұзын толқындар.

Дағдарыс кезеңі сипатында жаңа құбылыс – инфляция пайда болды. Дағдарыс құбылысының инфляциямен қосылуы стагфляция деп аталады. Бір жағынан экономикалық даму болып жатып, екінші жағынан басқа салалар құлдырап, артта қалып жататын болсы, онда бұндай құлдырауды – құрылымдық дағдарыс деп атайды.

Циклды классификациялағанда екі критериі қолданылады: ұзақтығы және оны қозғаушы күштер.

Осы критерийлерге сәйкес циклды классификациялаудың белгілі айқындамалары қабылданған:

1. Н.Д. Кондратьевтің циклдары немесе ұзақтығы 40-60 жылға созылған ұзын толқынды циклдар. Оның басты қозғаушы күші – технологиялық өндірістегі технологиялық базаның радикалды өзгеруі және оның өзгеруі және оның құрылымдық қайта құрылуы.

2. Белгілі американ экономисі С. Кузнецтің циклдары және оның ұзақтығы 20 жылмен шектеледі. Қозғаушы күштері – өндірістегі ұдайы өндіріс құрылымының жылжуы боп табылады.

3. Жеке шаруашылық циклдары. Бұл 1 жылдан бастап 12-і жылға дейінгі кезеіді қамтиды және инвестициялық белсенділіктің тербелісіне байланысты өмір сүреді.

Кәсіпкерлік қызметтің теориясы және кәсіпорынның ұйымдық нысандары.

Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы. Экономикалық әдебиеттерде кесіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі. Бизнес – табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Кәсіпкерлік – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер – ол өнертапқыш. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз – адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ ол бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан бұл келе бермейді.

Наши рекомендации