Мемлекет және құқық теориясы гуманитарлық және заң ғылымдары жүйесінде

Өз жиынтығында ғылым жүйесін құрайтын ғылыми пәндерді шартты түрде үш топқа бөлуге болады: 1) техникалық ғылымдар; 2) жаратылыстану ғылымдары; 3) гуманитарлық ғылымдар.

Гуманитарлық ғылымдар қоғамды, адамды, әлеуметтік қатынастар мен институттарды зерттейді. Заң ғылымдары – гуманитарлық ғылымдардың бір түры, себебі, мемлекет пен құқық әлеуметтік институттар болып табылады. Заң ғылымдарын мынадай түрлерге бөлуге болады:

- мемлекет және құқық теориясы;

- тарихи-құқықтық ғылымдар (мемлекет және құқық тарихы, саяси және құқықтық ілімдер тарихы);

- салалық заң ғылымдары (конституциялық, азаматтық, қылмыстық және т.б. құқық салалары);

- қолданбалы ғылымдар (криминалистика, сот медицинасы, сот психиатриясы және т.б.).

Мемлекет және құқық теориясы гуманитарлық ғылымдар жүйесінде бола тұра, философиямен, әлеуметтанумен, саясаттанумен және т.б. тығыз байланысқа түседі. Солай, философияның көмегімен МҚТ-ның дүниетанымдық бағыттары қалыптасады, оның нәтижесінде мемлекеттік-құқықтық шындықты танудың жалпы әдістемесі қалыптасады. Өз кезегінде, МҚТ-сы кеңейтілген философиялық жалпылаулар үшін нақты материалдар береді.

Саясаттанудың деректерін қолдана отырып (саясат және саяси өмір туралы ғылым), мемлекет және құқық теориясы мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды саяси орта контексінде қарастырады. Мәселен, мемлекетті саяси жүйенің құрамдас бөлігі ретінде талдай отырып, оның өзге де элементтерімен – партиялармен, қозғалыстармен және өзге де қоғамдық қауымдастықтармен қоса мемлекеттің мәнін, оның осы қоғамның саяси ұйымындағы орны мен рөлін толығырақ және тереңірек түсінуге болады.

Басқа жағынан алғанда, саясаттануды мемлекет және құқық секілді (мемлекеттің ұғымы, белгілері, нысандары және функциялары, саяси режимдер мен мемлекеттік-құқықтық режимдердің қатынасы және т.б.) әлеуметтік институттармен байланысты теориялық қорытындылар мен жалпыламалар қолданады.

Мемлекет және құқық теориясы юридикалық ғылым және құқықтық пәндер жүйесінде ерекше орын алады. Оларға қарағанда, жалпытеориялық және әдістемелік функцияны орындай отырып, ол белгілі бағдарлық қызмет атқарады. Әдетте, оның мемлекттік-құқықтық даму заңдылығы мен қарқынын ашатын сипаты мынадай, нақты юридикалық ғылым және пән өкілдері «өздерінің» зерттейтін құбылыстарының жаңа жағын және қырын байқайды немесе оны түсіндіруде және талдауда жаңа көзқараспен қарау мүмкіндігі туындайды. Сонымен қоса нақты юридикалық ғылымдар өз зерттеу қызметінде мемлекет және құқық теориясының мемлекеттік-құқықтық аясын қамтитын, соның ішінде мысалы: - құқық пен заңның мазмұны мен бағыты бойынша ұқсас еместігін танытатын айырмашылығын ажырата білу қажеттілігі; - мемлекеттік ұйғарымның императивтілігі, олардың билік құрылымының мәжбүрлік күші арқылы нығайтылғандығы және шартсыз міндеттілік сипатының болуы; - құқықтық актілер иерархиясының сақталу маңыздылығы, соның ішінде конституция ең жоғары күшіне ие сияқты ұғымдық және түсініктемелік аппараттарды кеңінен қолданады. Сол сияқты мемлекет және құқық теориясында құзырет, заңдық мәртебе, құқықсубъектілік, азаматтылық, иммунитет, депортация, қылмыстылық және құқық бұзушылық, юридикалық (заңшығарушылық) техника, континуитет, легислатура және т.б. ұғымдар қазіргі таңда юриспруденцияның жалпы құндылығы болып табылады.

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихи-құқықтық ғылымдарының ортақтығы олардың мемлекет пен құқықты біртұтас қарастыруында. Айырмашылығы, тарихи-құқықтық ғылымдары (мемлекет және құқықтың жалпы тарихы, саяси және құқықтық ілімдер тарихы) мемлекеттік-құқықтық нысандардың дамуын хронологиялық тәртіпте зерттейтіндігінен, яғни тарихи әдістерді басымырақ қолданатынынан көрінеді. Ал теория осы процесстердің жалпы түсінігін береді, мемлекет және құқықтың негізін, олардың қызметтерінің заңдылықтарын және т.б. зерттейді, яғни логикалық (қисындық) әдісті (бұл да тарихи әдіс, тек барлық кездейсоқтылық пен негізсіздіктен босатылған) қолданады.

Салалық заң ғылымдары мен салыстырғанда мемлекет және құқық теориясы жалпылаушы ретінде көрінеді. Біріншіден, ол мемлекет және құқықтың дамуы мен қызмет етуінің жалпы заңдылықтарын зерттейді. Ал қандай да болсын салалық ғылымның пәні құқықтың саласына сәйкес қоғамдық қатынастардың белгілі бір ауқымымен ғана байланысты. Екіншіден, мемлекет және құқық теориясы барлық салалық ғылымдарға ортақ мәселелерді (құқық нормалары, құқықтық қатынастар, құқықтың субъектісі, құқықбұзушылық, құқықтық жауаптылық) зерттейді. Үшіншіден, ол юриспруденцияда әдістемелік роль атқарады. Сонымен қатар, мемлекет және құқық теориясы салалық ғылымдармен тығыз байланысқа түсе отырып, «салалық» ғылыми мәліметтерді жалпылауға бағытталған, олардың мазмұнындағы фактілік материалдардан келіп шығатын өзінің байлам-түйіндерін қалыптастырады.

Наши рекомендации