Сот және Сот төрелігі

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады.

Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу.

Республиканың егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді.

Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады.

Мақсаты немесе іс-әрекеті Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салынады.

ПРЕЗИДЕНТ

Қазақстан Республикасының Президентін конституциялық заңға сәйкес жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды.

Республика Президенті болып тумысынан Республика азаматы болып табылатын қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын Республика азаматы сайлана алады.
Республика Президентінің кезекті сайлауы желтоқсанның бірінші жексенбісінде өткізіледі және ол мерзімі жағынан Республика Парламентінің жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуге тиіс.
Президенттің кезектен тыс сайлауы Республика Президентінің шешімімен тағайындалады және конституциялық заңда белгіленген тәртіп пен мерзімде өткізіледі.

Ант беру қаңтардың екінші сәрсенбісінде салтанатты жағдайда Парламент депутаттарының, Конституциялық Кеңес мүшелерінің, Жоғарғы Сот судьяларының, сондай-ақ Республиканың бұрынғы Президенттерінің бәрінің қатысуымен өткізіледі. Конституцияның 48-бабында көзделген жағдайда Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін өзіне қабылдаған адам Республика Президентінің өкілеттігін қабылдаған күнінен бастап бір ай ішінде ант береді.

Республика Президентінің өкілеттігі жаңадан сайланған Республика Президенті қызметіне кіріскен кезден бастап, сондай-ақ Президент қызметінен мерзімінен бұрын босатылған немесе кетірілген не ол қайтыс болған жағдайда тоқтатылады. Республиканың бұрынғы Президенттерінің бәрінің, қызметінен кетірілгендерден басқасының, Қазақстан Республикасының экс-Президенті деген атағы болады.

Қазақстан халқына елдегі жағдай мен Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайын жолдау арнайды;

ӨКІЛЕТТІКТЕРІ:
Республика Парламентіне және оның Палатасына кезекті және кезектен тыс сайлау тағайындайды; Парламенттің бірінші сессиясын шақырады және оның депутаттарының Қазақстан халқына беретін антын қабылдайды; Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақырады; Парламент Сенаты ұсынған заңға бір ай ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады;
Мәжілістің қарауына Республика Премьер-Министрінің кандидатурасын енгізеді; Парламент Мәжілісінің келісімімен Республиканың Премьер-Министрін қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады; Премьер-Министрдің ұсынуымен Республика Үкіметінің құрылымын айқындайды; Республиканың Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарын құрады, таратады және қайта құрады, Республика Үкіметінің мүшелерін қызметке тағайындайды; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер, әділет министрлерін қызметке тағайындайды; Үкімет мүшелерін қызметтен босатады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; ерекше маңызды мәселелер бойынша Үкімет отырыстарына төрағалық етеді; Үкіметке заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізуді тапсырады; Республика Үкіметі мен Премьер-Министрінің, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдері актілерінің күшін жояды не қолданылуын толық немесе ішінара тоқтата тұрады;
Парламент Сенатының келісімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасын, Бас Прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын қызметке тағайындайды; оларды қызметтен босатады;
Республика дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларын тағайындайды және кері шақырып алады;
Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын және екі мүшесін, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасын және екі мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды;

Республиканың мемлекеттік бағдарламаларын бекітеді;
Республика Премьер-Министрінің ұсынуымен Республиканың мемлекеттік бюджеті есебінен ұсталатын барлық органдардың қызметкерлеріне арналған қаржыландыру мен еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекітеді;
Республикалық референдум өткізу жөнінде шешім қабылдайды;
Республиканың азаматтығы, саяси баспана беру мәселелерін шешеді;
Өзіне бағынысты Республика Президентінің Күзет қызметін және Республикалық ұланды жасақтайды;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Хатшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, оның мәртебесі мен өкілеттігін анықтайды; Республика Президентінің Әкімшілігін құрады;
Қауіпсіздік Кеңесін және өзге де консультативтік-кеңесші органдарды, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Жоғары Сот Кеңесін құрады;

Қазақстан Республикасының Президенті Конституция мен заңдар негізінде және оларды орындау үшін Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар жарлықтар мен өкімдер шығарады.

Қазақстан Республикасының Президенті науқастануына байланысты өзінің міндеттерін жүзеге асыруға қабілетсіздігі дендеген жағдайда қызметінен мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін. Бұл ретте Парламент әр Палата депутаттарының тең санынан және медицинаның тиісті салаларының мамандарынан тұратын комиссия құрады. Мерзімінен бұрын босату туралы шешім Парламент Палаталарының бірлескен отырысында комиссияның қорытындысымен белгіленген конституциялық рәсімдердің сақталғаны туралы Конституциялық Кеңес қорытындысы негізінде әр Палата депутаттары жалпы санының кемінде төрттен үшінің көпшілігімен қабылданады.
Республиканың Президенті өзінің міндеттерін атқару кезіндегі іс-әрекеті үшін тек қана мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда жауап береді және бұл үшін Парламент оны қызметінен кетіруі мүмкін.

Республика Президентi актiлерiнiң жобаларын дайындауды мыналар жүзеге асырады: Президент Әкімшілігі және Республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін өзге де мемлекеттік органдар; Республика Үкiметi; Жоғарғы Сот; Үкiмет құрамына кiрмейтiн Республиканың орталық атқарушы органдары; Республика Президентi белгiлейтiн өзге де мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалар.

Республика Президентi мен оның отбасы мүшелерiн қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және күзету республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылады.

Республика Президентi қызметiнде болған кезеңге осы қызметке сайланған тұлға Республика аумағында резиденциялармен, Республика астанасында қызмет пәтерiмен және мемлекеттiк саяжаймен қамтамасыз етiледi.
Республика Президентi арнайы мақсаттағы автокөлiкпен, арнайы жабдықталған ұшақтармен және тiкұшақтармен, сондай-ақ арнайы жабдықталған көлiк құралдарының өзге де түрлерiмен қамтамасыз етiледi.
Республика Президентi мен оның отбасы мүшелерiне тұрғын үй және көлiк қызметiн көрсетудi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы, сондай-ақ өздерiнiң құзыретiне сәйкес Республика Президентiнiң Күзет қызметi және Ұлттық қауiпсiздiк комитетi қамтамасыз етедi.
Республика Президентi мен оның отбасы мүшелерiне медициналық, санаторий-курорттық қызмет көрсетудi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы қамтамасыз етедi.
Арнайы байланыс құралдарымен қамтамасыз етудi Республика Президентiнiң Күзет қызметi жүзеге асырады.
Республика Президентi қызметiнiң бүкiл кезеңiне Республика Президентiнiң жеке кiтапханасы мен жеке мұрағаты құрылады және қалыптастырылады.

Республика Президентiнiң Әкiмшiлiгi мемлекеттiк орган болып табылады, оған мыналар жүктеледi:Республика Президентiнiң қызметiн қамтамасыз ету; Республика Президентiн елдегi iстiң жайы туралы уақтылы әрi толық хабардар етiп отыру; Республика Президентiнiң шешiмдерiн сөзсiз және тыңғылықты орындау және олардың орындалуын бақылау; Мемлекет Басшысы белгiлейтiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.
ПАРЛАМЕНТПарламенттің өкілеттігі оның бірінші сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттің бірінші сессиясы жұмысқа кіріскен кезден аяқталады.

Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі - алты жыл, Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі - бес жыл.

Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.
Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады.

Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты бола алады. Жасы жиырма беске толған адам Мәжіліс депутаты бола алады.

Парламент депутатын оның өкілеттік мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттерді қоспағанда, тиісті Палатаның келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.

Парламент депутатының өкілеттігі орнынан түскен, ол қайтыс болған, соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша депутат іс-әрекетке қабілетсіз, қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен деп танылған жағдайларда және Конституция мен конституциялық заңда көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.

Парламент депутаты: ол Қазақстаннан тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен;оған қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген; Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан кезде өз мандатынан айырылады.

Сенаттың ерекше қарауына мыналар жатады:Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен Республиканың Жоғарғы Сотының Төрағасын және Жоғарғы Сотының судьяларын сайлау мен қызметтен босату, олардың анттарын қабылдау; Республика Президентінің Республика Ұлттық Банкінің Төрағасын, Бас прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындауына келісім беру; Республиканың Бас Прокурорын, Жоғарғы Сотының Төрағасы мен судьяларын оларға ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыру; Мәжілістің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты, ол уақытша болмаған кезеңде Республика Парламентінің конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау жөніндегі функцияларын орындау;

Мәжілістің ерекше қарауына мыналар жатады: Парламентке енгізілген конституциялық заңдар мен заңдардың жобаларын қарауға қабылдау және осы жобаларды қарау; Палата депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен Республика Президентіне Республика Премьер-Министрін тағайындауға келісім беру; Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлау; Конституциямен Парламент Мәжілісіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Мәжіліс депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен, Мәжіліс депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша Мәжіліс Үкіметке сенімсіздік білдіруге хақылы.

Парламентті және Парламент Мәжілісін төтенше немесе соғыс жағдайы кезеңінде, Президент өкілеттігінің соңғы алты айында, сондай-ақ осының алдындағы таратудан кейінгі бір жыл ішінде таратуға болмайды.

ҮКІМЕТ:

Республика Үкіметінің орнынан түсуі:Егер өздерiне жүктелген функцияларды одан әрi жүзеге асыру мүмкiн емес деп санайтын болса, Үкiмет және оның кез-келген мүшесi Республика Президентiне өзiнiң орнынан түсуi туралы мәлiмдеуге хақылы. Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн немесе оны жүргiзбей отырған Үкiмет мүшелерi де орнынан түседi.
Республика Конституциясында көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісі немесе Парламент Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiретiн болса, Үкiмет өзiнiң орнынан түсуi туралы Республика Президентiне мәлiмдейдi. Республика Президентi орнынан түсудi қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселенi он күн мерзiмде қарайды.
Орнынан түсудi қабылдау Үкiметтiң немесе оның тиiстi мүшесiнiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. Премьер-Министрдiң орнынан түсуiн қабылдау бүкiл Үкiметтiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi.
Үкiметтiң немесе оның мүшесiнiң орнынан түсуi қабылданбаған ретте, Президент оған өз мiндеттерiн одан әрi жүзеге асыра берудi тапсырады.
Үкімет мүшелері:
1) тиісті мемлекеттік органдарға басшылықты жүзеге асырады;2) тиісті мемлекеттік органдардың қарауындағы мемлекеттік басқару салаларындағы (аясындағы) саясатты қалыптастырады; 3) заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді қамтамасыз етеді; 4) өз құзыреті шегінде шешімдер қабылдауда дербес болады; 5) Республика Премьер-Министрінің алдында өздеріне бағынышты мемлекеттік органдардың жұмысы үшін дербес жауап береді; 6) тиісті мемлекеттік органдардың қарауындағы мемлекеттік басқару саласындағы (аясындағы) істің жайына және заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін жауапты.

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС:

Конституциялық Кеңестiң мәртебесi: Конституциялық Кеңес мемлекеттiк орган ретiнде Республиканың бүкiл аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары тұруын қамтамасыз етедi: өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру кезiнде дербес және мемлекеттiк органдарға, ұйымдарға, лауазымды адамдар мен азаматтарға тәуелсiз, Республика Конституциясына ғана бағынады әрi саяси және өзге себептердi негiзге ала алмайдЫ.Республика Конституциясы мен осы Конституциялық заңды басшылыққа ала отырып, соттардың немесе басқа мемлекеттiк органдардың құзыретiне жататын барлық жағдайларда өзге мәселелердi анықтау мен зерттеуге бармай-ақ өз өкiлеттiгiн жүзеге асырады.

Қылмыс үстінде ұстап алынған не ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасаған жағдайлардан басқа кезде, Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерiн өз өкiлеттiктері мерзiмi iшiнде Парламенттің келiсiмiнсiз ұстап алуға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге, сот тәртiбiмен қолданылатын әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.

Конституциялық Кеңес Төрағасының, мүшесiнiң өкiлеттiгiн тоқтату1. Тиiсiнше 1) Конституциялық Кеңес Төрағасының өкiлеттiгiн Республика Президентi тоқтатады;2) Конституциялық Кеңес мүшесiнiң өкiлеттiгiн оны тағайындаған Қазақстан Республикасының Президенті, Парламент Сенаты, Парламент Мәжілісі тоқтатады 2. Конституциялық Кеңес Төрағасының, мүшесiнiң өкiлеттiгi:1) орнынан түсуi туралы өтiнiшiнiң қанағаттандырылуы;2) Жоғарғы Соттың ол жөнiнде заңды күшiне енген айыптау үкiмiнiң болуы;3) заңды күшiне енген сот шешiмiмен оның iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылуы; 4) заңды күшiне енген сот шешiмiмен оның өлген деп танылуы5) оның қайтыс болуы;7) антты бұзуы, Республика Конституциясы мен осы Конституциялық заңның талаптарын орындамауы, оның жоғары мәртебесiмен сыйыспайтын атына кiр келтiретiн қылық жас8) Конституция мен осы Конституциялық заңда белгiленген талаптар бұзыла отырып тағайындалуы 9) қызметте болуының Конституцияда белгiленген мерзiмiнiң аяқталуы; 11) саяси мақсаттарды көздейтiн саяси партияға немесе өзге де қоғамдық бiрлестiкке кiруi нәтижесiнде тоқтатылады.

Конституциялық iс жүргiзуге қатысушылар 1) Республика Президентi;2) Парламент Сенатының Төрағасы;3) Парламент Мәжiлiсiнiң Төрағасы4) өздерiнiң жалпы санының кемiнде бестен бiрi болатын Парламент депутаттары;5) Премьер-Министр;6) Республика соттары;7) актiлерiнiң конституциялылығы тексерiлетiн мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар.

Конституциялық iс жүргiзудi тоқтату 1) субъект өзi мәлiмдеген өтiнiштен бас тартса;

2) конституциялылығы талас тудыратын актiлер күшiн жойса немесе заңдық күшiн жойса;3) мәлiмделген өтiнiш Конституциялық Кеңестiң қарауына жатпаса тоқтатылуға.

Конституциялық Кеңестiң қосымша шешiмi:1) Конституциялық Кеңестің шешіміне түсіндірме беру туралы мәселе қойылса. Мұндай жағдайда қосымша шешім конституциялық іс жүргізуге қатысушылардың не Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімін орындауға міндетті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың өтініштері бойынша қабылданады;2) Конституциялық Кеңестің шешімінде жіберілген редакциялық сипаттағы дәлсіздіктер мен қателерді түзету қажет болса. Мұндай жағдайда Конституциялық Кеңес қосымша шешімді өз бастамасы бойынша қабылдайды.

Сот және Сот төрелігі

Жергiлiктi соттарға мыналар жатады: 1) облыстық және оларға теңестiрiлген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары); 2) аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық сот, ауданаралық сот).3. Қазақстан Республикасында басқа соттар, оның ішінде мамандандырылған (әскери, қаржылық, экономикалық, әкiмшiлiк, кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi және басқа) соттар құрылуы мүмкін.

Аудандық соттың төрағасы судья болып табылады және судья мiндеттерiн атқарумен қатар: 1) сотта сот ісін жүргізуді ұйымдастыру мәселелерін шешеді; 2) аудандық соттың кеңсесiне жалпы басшылықты жүзеге асырады; 3) азаматтарды қабылдауды жүргiзедi 3-1) аудандық соттың жұмыс жоспарын бекітеді; 4) судья лауазымына кандидаттардың тағылымдамадан өтуiн ұйымдастырады5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жасау және судья әдебi нормаларын сақтау жөнiндегi жұмысты қамтамасыз етедi; 6) өкiмдер шығарады 7) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Облыстық сот органдары: 1) жалпы отырыс; 2) жалпы отырыстың төралқасы;3) азаматтық істер жөніндегі сот алқасы4) қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы облыстық соттың органдары болып табылады.

Облыстық соттың төрағасы:1) сотта сот ісін жүргізуді ұйымдастыру мәселелерін шешед 2) сот алқаларының отырыстарында төрағалық етуге құқылы3) облыстық соттың жалпы отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етеді; 4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау және судья әдебі нормаларын сақтау жөніндегі жұмысты қамтамасыз ете 5) соттың жалпы отырысының қорытындысы негізінде Жоғары Сот Кеңесіне судья лауазымына кандидаттың тағылымдамасының нәтижелері туралы қорытынды жібереді; 6) облыстық соттың жұмыс жоспарын бекіте7) сот практикасын зерделеуді ұйымдастырады8) өкімдер шығарады9) облыстық соттың, Астана және Алматы қалалары соттарының кеңсесіне жалпы басшылықты жүзеге асыра 10) азаматтарды жеке қабылдауды жүргіз11) заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Жоғарғы Соттың өкiлеттiгiЖоғарғы Сот жергілікті және басқа да соттардың соттылығына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге де iстер бойынша жоғары сот органы болып табылады, оларға қатысты кассациялық саты функцияларын жүзеге асырады және сот практикасы мәселелерi бойынша түсiндiрулер бередi.

Жоғарғы Сот:
1) өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерi мен материалдарын қарайды; 2) сот практикасын зерделейдi және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша Республика соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезiндегi заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды; 3) нормативтік қаулылар қабылдайды, сот практикасы мәселелері бойынша түсіндірме береді;3-1) Жоғары Сот Кеңесімен бірлесіп, аудандық сот төрағасының, облыстық сот төрағасының және сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Сот судьясының және сот алқалары төрағаларының лауазымдарына кадр резервін (бұдан әрі – кадр резерві) қалыптастырады 4) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Кадр резервін қалыптастыру және онымен жұмысты ұйымдастыру тәртібін Жоғары Сот Кеңесі Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша бекітеді.Жоғарғы Сот судьяларының жалпы санын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi.

Жоғарғы Сотта сот алқалары құрылады және мамандандырылған құрамдар құрылуы мүмкін.

Мыналар:1) жалпы отырыс2) жалпы отырыстың төралқасы;3) азаматтық істер жөніндегі сот алқасы;4) қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы5) мамандандырылған сот алқасы Жоғарғы Соттың органдары болып табылады.

Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасыЖоғарғы Соттың сот алқасының төрағасы судья болып табылады және судья мiндеттерiн атқарумен қатар: 1) сот алқасының отырыстарында төрағалық етеді;1-1) сот алқасында сот ісін жүргізуді ұйымдастыру мәселелерін шешеді 2) сот практикасын зерделеу және жинақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады; 3) Жоғарғы Соттың жалпы отырысында қарау үшiн судьялардың тиiстi құжаттарды дайындауын қамтамасыз етедi; 4) Жоғарғы Соттың жалпы отырысына сот алқасының қызметi туралы ақпарат бередi4-1) азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді 5) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Судьяның тәуелсiздiг1. Судьяның тәуелсiздiгi Конституциямен және заңмен қорғалады. Судьялар сот төрелiгiн жүзеге асыруы кезiнде тәуелсiз және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынады.2. Ешкiмнiң сот төрелiгiн жүзеге асыру iсiне араласуға және судья мен алқа заседателiне қандай да болмасын ықпал етуге құқығы жоқ. Мұндай әрекеттер заңмен қудаланады. 3. Судья қаралған немесе қаралып жатқан сот iстерiнiң мәнi жөнiнде қандай да бiр түсiнiк беруге мiндеттi емес. Кеңесу бөлмесiнiң құпиясы барлық жағдайларда қамтамасыз етiлуге тиiс 4. Соттарды қаржыландыру, судьяларды материалдық және әлеуметтiк қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға тұрғын үй беру сот төрелiгiн толық әрi тәуелсiз жүзеге асыру үшiн жеткiлiктi мөлшерде республикалық бюджет қаражатының есебiнен жүргiзiледi.

Судьяға қойылатын талаптар1. Судья:1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын бұлжытпай сақтауға, судьяның антына адал болуға;2) сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi өзiнiң конституциялық мiндетiн орындаған кезде, сондай-ақ қызметтен тыс қарым-қатынаста судья әдебi талаптарын сақтауға және судьяның беделi мен қадiр-қасиетiн түсiретiн немесе оның адалдығына, әдiлдiгiне, объективтiлiгi мен алааушылығына күмән туғызатын барлық нәрседен аулақ болуға; 3) сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрiнiстерiне және сот төрелiгiн iске асыру жөiндегi қызметке заңсыз араласу әрекеттерiне қарсы тұруға; 4) судьялар кеңесiнiң құпиясын сақтауға мiндеттi.

Аудандық соттың судьясы болып1) жиырма бес жасқа толған;2) жоғары заң бiлiмi, жоғары моральдық-адамгершілік қасиеттері, мiнсiз беделі және әдетте, сот отырысының хатшысы, сот консультанты (көмекшісі), прокурор, адвокат ретінде кемінде бес жыл жұмыс өтілі не заңгерлік кәсібі бойынша кемiнде он жыл жұмыс өтілі бар;

Судьяның өкiлеттiгiн тоқтата тұру 1) судья Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң немесе мәслихатының депутаттығына кандидат болып тiркелсе; 2) судья заңды күшiне енген сот шешiмiмен хабарсыз кеткен деп танылса; 3) судьяны қылмыстық жауапқа тартуға келiсiм берiлсе; 3-1) осы Конституциялық заңның 34-бабы 1-тармағының 11) және 11-1) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша судьяның өкiлеттiктерiн тоқтату қажеттiгi туралы Сот жюриінің шешiмi болса; 4) басқа жұмысқа ауысса;5) судья лауазымынан өз еркі бойынша босату туралы өтініш берсе, тоқтатыла тұрады.

Тең сайлау құқығы1. Сайлаушылар Республика Президентi, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламенті Мәжілісінің депутаттары және мәслихаттарының депутаттары сайлауына тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының бiр сайлау бюллетенiне тиiсiнше бiр дауысы болады. 2. Сайлаушылар Республиканың өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауға тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының тең дауыс саны болады.3. Кандидаттардың сайлауға тең құқықтармен және шарттармен қатысуына кепiлдiк берiледi.

Төте сайлау құқығыРеспублика Президентiн, Парламентi Мәжiлiсiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін азаматтар тiкелей сайлайды.

Жанама сайлау құқығы1. Парламент Сенатының депутаттарын сайлауға таңдаушылар - мәслихаттардың депутаты болып табылатын Республика азаматтары қатысады. 2Таңдаушылар Сенат депутаттарын сайлауға тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының Сенат депутатын сайлаған кезде бiр дауысы болады.

Жасырын дауыс беруРеспублика Президентiн, Парламентiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауда жасырын дауыс берiледi әрi сайлаушылардың еркiн бiлдiруiне қандай да болсын бақылау жасау мүмкiндiгiне жол берiлмейдi.

Орталық сайлау комиссиясы:1) Республиканың аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуына бақылауды жүзеге асырады; олардың бiрыңғай қолданылуын қамтамасыз етедi; өзiнiң құзыретi шегiнде бүкiл Республика аумағында мiндеттi шешiмдер қабылдайды; 2) Президент пен Парламент Мәжiлiсi депутаттарының сайлауын әзiрлеу мен өткiзудi ұйымдастырады; Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткiзуге басшылық етедi; 2-1) саяси партияларды Парламент Мәжiлiсi депутаттарының партиялық тiзiм бойынша сайланатын бөлiгiне қатыстыру мәселесiн қарайды; 4) сайлау науқанын өткiзуге жұмсалатын шығыстардың мөлшерлi сметасын жасап, Республика Үкiметiне ұсынады;
5) Президенттi, Парламент депутаттарын сайлау жөнiндегi сайлау комиссияларына басшылықты жүзеге асырады; олардың шешiмдерiнiң күшiн жояды және тоқтата тұрады; республикалық бюджеттiң сайлау науқанын өткiзуге арнап бөлiнген қаражатын олардың арасында бөледi; сайлау комиссияларының қызметiне қажеттi материалдық-техникалық жағдайлар жасалуын бақылайды; аумақтық және округтiк сайлау комиссияларының шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне (әрекетсiздігіне) түскен арыздар мен шағымдарды қарайды; сайлау туралы заңнаманы түсіндіруді ұйымдастырады; саяси партиялардың өкiлдерiмен және сайлау процесіне басқа да қатысушылармен сайлауды ұйымдастыру және өткiзу жөнiнде семинарлар өткiзедi, сайлау жүйелерi саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 6) Президенттi сайлау жөнiнде дауыс беруге арналған бюллетеньдердiң нысаны мен мәтiнiн, Парламенттiң, мәслихаттардың депутаттарын және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөнiнде дауыс беруге арналған бюллетеньдердiң нысанын, оларды жасау тәртiбiн, сондай-ақ қорғалу дәрежесiн сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмдерiнiң, Президенттiкке кандидаттарды қолдайтын сайлаушылардың қолдарын жинауға және Сенаттың депутаттығына кандидаттарды қолдайтын таңдаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парақтарының, өзге сайлау құжаттарының нысандарын, дауыс беруге арналып, мөлдiр материалдан жасалған жәшiктiң нысанын және сайлау комиссиялары мөрлерiнiң үлгiлерiн, сайлау құжаттарын сақтау тәртiбiн, сондай-ақ қорғалу дәрежесiн белгiлейдi; Президенттi және Парламенттің және мәслихаттардың депутаттарын сайлау жөнiндегi сайлау бюллетеньдерiн дайындауды қамтамасыз етедi; 6-1) дауыс беру құқығына арналған есептен шығару куәліктерін жсауды ұйымдастырады, оларды беру және есепке алу тәртібін айқындайды; 7) сайлауды әзiрлеу мен өткiзуге байланысты мәселелер бойынша мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың есебiн, сондай-ақ сайлау туралы заңдардың сақталуы мәселелерi бойынша қоғамдық бiрлестiктер органдарының хабарламасын тыңдауға хақы8) Республика Президенттiгiне кандидаттарды тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi, кандидаттарды тiркеу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялай9) Президенттi және Парламент депутаттарын сайлау жөнiндегi сайлау алдындағы науқанның барысы туралы сайлаушыларды хабарландырып отырады, мерзiм-мерзім ақпарат бюллетенін шығара10) Республика бойынша тұтас алғанда Президенттi және Парламент депутаттарын сайлау қорытындыларын шығарады, сайланған Президенттi және Парламенттiң депутаттарын тiркейдi, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды 11) Президент сайлауы кезiнде қайта дауыс беру мен қайта сайлауды тағайындайды және өткiзiлуiн ұйымдасты 12) Парламент депутаттарының қайта сайлауын тағайындайды13) шығып қалғандардың орнына Парламент депутаттарының сайлауын тағайындайд14) мәслихаттардың кезектi және кезектен тыс сайлауын тағайындайды

Аумақтық сайлау комиссиялары1. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар және Республика астанасы), аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары аумақтық сайлау комиссиялары болып табылады1) Президент, Парламент және мәслихаттар депутаттарының, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауын ұйымдастыруды және өткiзудi қамтамасыз етедi; Тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы: 1) әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуына бақылауды жүзеге асырады; 2) Президенттi, Парламенттiң және мәслихаттардың депутаттарын, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауды әзiрлеу мен өткiзудi қамтамасыз етедi 2-1) партиялық тізімдерін ұсынған Президенттікке кандидаттардың, саяси партиялардың сенім білдірген адамдарын тіркейді, оларға тиісті куәліктер береді;
3) төменгi тұрған аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының қызметiне басшылық етедi; олардың шешiмдерiнiң күшiн жояды және тоқтата тұрады 4) сайлауды әзiрлеу мен өткiзуге байланысты мәселелер бойынша сайлау комиссияларының, мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың есебiн, сондай-ақ сайлау туралы заңдардың сақталуы мәселелерi бойынша қоғамдық бiрлестiктер органдарының хабарламасын тыңдауға хақылы; 5) Сенат депутаттары сайлауын өткiзудi қамтамасыз етедi: Сенат депутаттығына кандидаттарды, олардың сенiм бiлдiрген адамдарын тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi; бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттарды тiркеу туралы хабарлар жариялайды; дауыс беруге арналған пункттер дайындайды, дауыс беруге арналған кабиналар мен жәшiктердiң жасалуын қамтамасыз етедi; Сенат депутаттары сайлауындағы дауыс берудiң нәтижелерiн шығарады және дауыс берудiң нәтижелерi шығарылған хаттамаларды Сенат депутаттарын тiркеуi үшiн Орталық сайлау комиссиясына бередi; 6) мәслихаттар депутаттарын сайлау жөнiнде сайлау округтерiн құрады және олардың тiзiмдерiн жариялайды, сайлау комиссияларының орналасқан жерi туралы сайлаушыларға хабарлайды; 6-1) дауыс беруге арналған учаскелердiң бірыңғай нөмiрленуін белгiлейдi; 7) мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөнiндегi сайлау бюллетеньдерiнiң жасалуын қамтамасыз етедi; 8) округтiк сайлау комиссияларынан тиiстi мәслихаттың депутаттығына кандидаттарды тiркеу туралы хаттамаларды алады және округтiк сайлау комиссияларының тiркелген кандидаттардың тiзiмдерiн жариялауын қамтамасыз етедi; 9) мәслихаттар депутаттарын сайлаудың қорытындыларын шығарады, сайланған депутаттарды тiркейдi және бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды; ; 10) қайта дауыс беру, қайта сайлау мен Сенаттың және мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау ұйымдастырады;

Округтiк сайлау комиссиялары сайлау oкругтерiнде мәслихаттардың депутаттарын сайлауды ұйымдастыру мен өткiзудi қамтамасыз етедi. Округтiк сайлау комиссиясы: 1) тиiстi сайлау округiнiң аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуын бақылауды жүзеге асырады; 2) мәслихаттар депутаттарын сайлаудың өткiзiлуiн ұйымдастырады; 3) учаскелiк сайлау комиссияларының қызметiн ұйымдастырып, үйлестiрiп отырады; олардың шешiмдерiнiң күшiн жояды және тоқтата тұрады; түскен арыздар мен шағымдарды қарайды; 5) мәслихаттардың депутаттығына ұсынылған кандидаттарды, олардың сенiм бiлдiрген адамдарын тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi, жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттарды тiркеу туралы хабар жариялайды; 6) сайлаушылар тiзiмдерiнiң уақытылы әрi дұрыс жасалып, барша жұрттың танысуына ұсынылуын бақылайды;7) учаскелiк сайлау комиссияларын сайлау бюллетеньдерiмен қамтамасыз етедi; 9) учаскелiк сайлау комиссияларынан дауыс берудiң нәтижелерi туралы хаттамаларды алады, солардың негiзiнде округ бойынша сайлау нәтижелерiн анықтайды, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды; 11) қайта сайлау және мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өткiзедi;

Учаскелiк сайлау комиссиялары1. Учаскелiк сайлау комиссиялары тиiстi сайлау учаскелерiнде Президенттi, Парламент Мәжiлiсiнiң және мәслихаттардың депутаттарын, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауды ұйымдастыру мен өткiзудi қамтамасыз етедi. Учаскелiк сайлау комиссиясы: 1) сайлау учаскесiнде Президенттi, Парламент Мәжiлiсiнiң, мәслихаттардың депутаттарын және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөнiндегi сайлау шараларын жүргiзедi;2) учаскелiк комиссияның орналасқан жерi туралы сайлаушыларды хабарландырады;3) тиiстi сайлау учаскесiнде сайлаушылардың тiзiмiн нақтылайды; 4) азаматтарды сайлаушылардың тiзiмiмен таныстырады, тiзiмдердегi қателiктер мен жаңсақтықтар туралы арыздарды қарайды және оған тиiстi өзгерiстер енгiзу туралы мәселелердi шешедi; 5) сайлаушыларды дауыс беру күнi, уақыты және орны туралы хабарландырады; 6) дауыс беруге арналған үй-жай дайындайды, кабиналар мен жәшiктердiң жасалуын қамтамасыз етедi;7) сайлау күнi сайлау учаскесiнде дауыс берiлуiн ұйымдастырады;8) дауыс санауды жүргiзедi және учаскедегi дауыс беру нәтижелерiн анықтайды;
Республикалық референдум өткiзудiң принц азаматтардың референдумға өз ықтиярымен қатысуы және еркiн ашық бiлдiруi; 2) азаматтардың референдумға жасырын дауыс беру арқылы жалпыға бiрдей, тең және төте қатысу құқығы; 3) жариялылық принциптерiне негiзделедi.

Азаматтық алу негіздері1) тууы бойынша2) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау нәтижесінде; 3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген негiздер мен тәртiп бойынша;4) осы Заңда көзделген өзге де негіздер бойынша алынады.


Наши рекомендации