Лидерліктің стиліне байланысты (М.Хермани)
Лидер-өрт сөндіруші________________________________________________
Лидер-сатушы________________________________________________
Лидер-жалаушы_____________________________
Лидер-қызметші_______________________________________________
•Біздің көзқарасымыз бойынша қазіргі саяси басшылардың қайсысы лидерліктің харизматикалық типіне лайықты____________________________________________________________________
•Мемлекеттің және қоғамның саяси өмірінде саяси элитаның орны мен рөлі немен қорытылады_________________________________________________________________
•Қазақстанда саяси элитаның қалыптасу жолдары қандай?_____________________________________________________________________
Білім мониторингін тексеруге арналған тесттер:
1-тест.Саяси элита дегеніміз:
А)мемлекеттегі және қоғамдағы билік функцияларын атқару үшін бір субъекті ұсынатын саяси феномен;
Б) белгілі бір саяси құндылықтар мен мақсаттарды өнімдеуге бейімделген және шешім қабылдау процесін бақылайтын, қауымдастықтағы әлеуметтік мүдделерді білдіру үшін дайындалған адамдар тобы;
В) ерекшелігі жоғарыдан төменге бағыттауы болып табылатын билік түрі;
Г) әлеуметтік позициясы шешім қабылдаумен байланысты басқарушылық мәртебе;
Д) қауымдастықтың символы және топтың саяси мінез-құлқының үлгісі.
2-тест.Элитаның өмір сүруін әлдебір адамдардың басқаларынан «артықшылығымен» (интеллектуалдығымен, өнегелілігімен, психологиясымен) түсіндіретін көзқарас:
А) құндылықтық;
Б) құрылымды-функционалдық;
В) жүйелік;
Г) нормативтік;
Д) психологиялық.
3-тест.Адамдардың ерекше рөлін анықтайтын басқару функциясының ерекше маңыздылығын көрсететін «элита» ұғымына көзқарас:
А) салыстырмалы;
Б) құрылымдық-функционалдық;
В) институционалдық;
Г) нормативтік;
Д) мәдениеттанымдық.
4-тест.Билікке бағытталған, қоғамның ұйымдасқан азшылығы саяси белсенділігі ең жоғары адамдар деп элитаны анықтайтын теория:
А) «элита айналымы» теориясы;
Б) «олигархияның темірдей заңы» теориясы;
В) «жаңа тап» теориясы;
Г) аномия теориясы;
Д) «саяси тап» теориясы.
5-тест.«Арыстандар» мен «түлкілер» деп элитаны екі түрге бөлетін теория:
А) «элита айналымы» теориясы;
Б) билік олигархизация теориясы;
В) психологиялық теория;
Г) биліктің күштейтін тұжырымдамасы;
Д) структурация теориясы.
6-тест.Элитаның қай теориясы шеңберінде «ұйымдастыру принципі» билік иерархиясының пайда болуына әкеліп соқтырады (басқарушы азшылық және басқарушы көпшілік):
А) марксистік теория;
Б) «олигархияның темірдей заңы» теориясы;
В) «айналы мен» теориясы;
Г) символикалық интеракционизм;
Д) «саяси тап» теориясы.
7-тест.«Саяси тап» теориясының авторы:
А) Г.Моска;
Б) В.Парето;
В) Р.Михельс;
Г) Ж.Боден;
Д) Г.Лассуэл.
8-тест.«Элита» терминін кім ғылымға бірінші болып енгізді?
А) Д.Белл;
Б) В.Парето;
В) О.Тоффлер;
Г) Дж. Гэлбрейт;
Д) З.Бжезинский
9-тест.«Элита айналымы» теориясының авторы:
А) Дж. Нейсбит;
Б) В.Парето;
В) Е.Масуда;
Г) М.Вебер;
Д) Дж. Вольф.
10-тест.«Олигархияның темірдей заңы» теориясының авторы:
А) Г.Моска;
Б) А.Бентли;
В) Р.Михельс;
Г) И.Шумпетер;
Д) Б.Барбер.
11-тест.Зерттеушілердің қайсысы элитаны статустар тобы мен стратегиялық рөлдер ретінде анықтаған?
А) Р.Даль;
Б) В.Парето;
В) Г.Моргентау;
Г) Р.Миллс;
Д) Р.Арон.
12-тест.Зерттеушілердің қайсысы элитаны тұйық каста деп ұғындырған?
А) Г.Моска;
Б) У.Кларк;
В) К.Макферсон;
Г) Б.Барбер;
Д) Р.Шварценберг.
13-тест.«Жаңа тап» саяси тұжырымдамасының авторы:
А) Дж.Вольф;
Б) Б.Барбер;
В) Дж. Гэлбрейт;
Г) М.Джилас;
Д) Г.Лассуэл.
14-тест.Кандидаттың тұлғалық сапаларына, оның адамдарға ұнау қабілетіне бағытталған элитаны іріктеу жүйесі:
А) гильдий жүйесі;
Б) өкілеттілік;
В) антрепренерлік;
Г) авторитарлық;
Д) номенклатуралық.
15-тест.Элитаның қай іріктеу жүйесі жабықтылықпен, үміткерлерді элитаның өзінің төмен жігінен жоғары лауазымға іріктеуімен сипатталады:
А) гильдий жүйесі;
Б) ашық-ресми;
В) төтенше;
Г) дистрибутивті;
Д) тікелей.
Семинар сұрақтары:
1.Саяси элита түсінігі. Элитаның түрлері мен қызметтері.
2. Саяси лидерліктің түсінігі, табиғаты,түрлері мен қызметі.
3.Саяси лидер мен элита теориясының дамуындағы қазіргі тенденциялар.
Рефераттар тақырыбы:
a. Элитаның классикалық теориясы
b.Г.Москаның «Саяси тап» теориясы
c. Қазіргі саяси элита теориясы
d. Элитаның түрлері
e. Қазақстандық саяси элитаның даму тенденциясы
Ұсынылған әдебиеттер тізімі:
1. Ашин Г.К., Охотский Е.В. Курс элитологии. М.,1999
2. Аврамова Е., Дласкин И.Современные трансформации и элиты // Общественные науки и современность.1999,№3
3. Блондель Ж. Политическое лидерство. М.,1992
4. Болатбаева А. Формирование имиджа политического лидера. Алматы,2000
5. Политическое лидерство в современном Казахстане. Алматы,1998
мемлекетті сипаттау үшін қолданылатын термин.