Иықтың қалыңдығына байланысты теріні көшірудің 3 түрі белгілі.

1. Қалыңдығы 0,4 мм эпидермалық және терінің өзіндік қабатының өсу қабатынан ғана тұратын жұқа тері қиығы. Мұнда эластикалық талшықтар аз. Сондықтан бұл қиықтар астындағы тіндердің тыртық-тануына байланысты қыртыстанады.

2. Қалыңдығы 0,5-0,7 мм терінің екі ажыратылған қиық. Қиықтарда терінің торлы қабатының эластикалық талшықтары көп болады. Бұл қиықтарды әртүрлі арнайы дерматом аппараттарына (Педжет, Колокольцев, Драже, НИИЭХАиИ) байланысты кеңінен қолданыла бастады.

3. Қалыңдығы 0,8 мм-ден қалың тері қиығы (Яценко, Лаусон, Краузе). Ол терінің бар қабатынан тұрады. Бұл қиықтар өзінің көрсеткіштеріне байланысты қолданылады. Теріні қондырған соң оның бітіп кетуі, оның қалыңдығына байланысты. Қалыңына қарағанда жұқа қабықтар жақсы бітіп кетеді.

Әрбір жағдайға байланысты хирург қай әдіс тиімді екенін ескеруі керек. Бет жараларын жабу үшін көбінесе екі ажыратылған қиық қолданылады. Ауыз қуысына жұқа қиық қолданған дұрыс. Тері пластикасы алғашқы, екінші және теріні грануляцияға отырғызу деп бөлінеді, Алғашқы тері пластикасы жаңа жараға жедел жарақаттан кейін немесе терісі көп жоғалған отадан кейінгі жараға жасалады.

Алғашқы тері пластикасы қалыпқа келтіру отасының алғашқы кезеңі болып саналады. Ол тері пластикасының басқа да түрлерімен бірге жүргізілуі мүмкін.

Екінші жасалатын терінің еркін көшірілуі әртүрлі гранулденген жаралардың бетін кескеннен кейін жүргізіледі. Грануляция түгелімен алынып тасталуы керек.

Күйіктерді емдеу барысында теріні еркін көшіру жиі қолданылады. Бетте және мойында теріні тұтас қиық түрінде ақаудың көлеміне сай етіп отырғызады.

Шеміршекті отырғызу.Контурлық немесе тіреуіштік пластикада, қалыпқа келтіру хирургиясында шеміршек кеңінен қолданылады. Ең алғашқы рет 1890 жылы кеңірдектің ақауын жабу үшін аутошеміршекті Мантольдт қолданды. Шеміршек пышақпен оңай кесіліп өңделетіндіктен емес, жоғары биологиялық қасиетіне байланысты жақсы пластикалық материал болып саналады. Шеміршек тамырсыз тін. Тін сұйығының диффузиясы арқылы қоректенеді. Өзінің өміршеңдігіне байланысты ол инфекцияға төзімді және іріңдеген күнде өлмейді. Мұрын қырының ер тәрізді деформациясын, көз ұясының төменгі қырының ақауын түзеу үшін беттің контурлық пластикасы қолданылады. Көбіне VII қабырғаның шеміршегі қолданылады. Себебі ол көлемді (8-12 см) әрі алуы оңай. М.М.Михельсонның ұсынған өлік шемір-шегін отырғызу өте тиімді. Себебі өлік шеміршегінің антигенді қасиеті төмен, сондықтан ол сирек сорылады (әсіресе оларды үлкен түйірімен отырғызғанда). Мұздатылған немесе кептірілген шеміршек көбірек сорылады.

Жақтардың сүйек пластикасы.Жақ сүйектері пластикасының әсіресе төменгі жақтың, өзінің қиыншылығы бар. Бұл келесі ерекшеліктерге байланысты:

1) Бұл қозғалмалы сүйек және әртүрлі қызметтерге қатынасады. Мысалы; сөйлеу, тыныс алу, шайнау, ымдау.

2) Оның қозғалысы күрделі: шарнирлі және кері қайтарылушы.

3) Жақта тістер орналасқандықтан олар сыртқы ортамен қатынаста. Сондықтан осы жерлердегі патологиялық процесстер (жарақаттар, қабыну, ісіктер) отадан кейінгі ағымын ауырлатады.

4) Жақтардың эстетикалық орны.

Сүйек пластикасы негізінен төменгі жаққа жасалады. Жасалу уақытына байланысты алғашқы және екінші сүйек пластикасы деп бөлінеді.

Алғашқы сүйек пластикасының көмегімен жарақаттан немесе қатерсіз ісікті алғаннан кейінгі ақау бірден жамалады. Қазіргі кезде бұл әдіс кеңінен қолда-нылуда, себебі хирургияда антибиотик-362-тердің қолданылуына байла-нысты хирургтер, бұрынғыдай ақаудың ауыз қуысымен аз уақыт қатына-сынан сақтанбайды. Антибиотиктердің қолданылуы ақаудың тез жазыл-уына және сынықтардың тыртықтанып тартылуына септігін тигізеді.

Екінші сүйек пластикасы зақымнан кейін белгілі бір уақыт өткен соң, әдетте 6-8 айдан кейін жасалады. Трансплантат алуға ең қолайлы екі жер аталған, олар қабырға (V, VI және VII), мықын сүйегінің айдаршасы. Қабырғаны толық немесе екі айырып алады. Егер иек аймағында бұрыш керек болса мықын сүйектің айдаршасы алынады.

Трансплантатты бекітудің басты мәселесі оны жақ сүйегі сынықтарының ұшына бекіту. Осы мақсатпен трансплантат пен жақ сүйегінің бөліктерінің бастарына әртүрлі құлыптар жасалады. Олардың бөліктері сыммен тігіліп, ошақтан тыс бекітілетін Рудько, Бернадский, ж. т. б. аппараттары қолданылады.

Трансплантат жақсы бітіп кетуі үшін төменгі жаққа тыныштық қажет. Ондай жағдайға ауыздың ішінен және сыртынан қолданатын аппарат-тардың көмегімен қол жеткізіледі (алюминий сым құрсауы, каппалар, Ванкевич құрсауы ж. т. б.).

Сүйек пластикасы кезінде алдын ала ақаудың көлемімен қолданылатын трансплантатты қай жерден алатындығы шешіледі. Трансплантат бітіп жазылған соң, онда биологиялық қайта құрылу мен қайта қалыптасу процесстері басталады. Егер отырғызылған сүйек ерте жұмысқа қатысса, онда аталған қайта құрылу процесстері ерте басталады, 15 күннен кейін сүйекте деструкция басталып, екінші айдың аяғында толығымен аяқталып, одан кейін регенерация процессі күш ала бастайды. Сүйек трансплантат қатайып қалыңдайды. Аутосүйекті көшірудің келесі кемшіліктері бар:

1)Кейде үлкен трансплантат алу мүмкін емес; 2) Трансплантатқа қажетті пішін берудің қиындығы; 3) Науқасқа қосымша жарақаттың жасалуы. Жоғары жетістікке леолифилизацияланған (Десфор, Блекстейн,Н.А. Плотников), 70°С-қа дейін мұздатылып, 20°С-та вакуумда кептірілген өлік сүйегімен пластика жасау әдісі ендіруде. Суық трансплантаттың антигенді қасиетін төмендетеді. Ампуладағы сүйек бөлме температурасында ұзақ уақыт сақталады. 0,5% формалин ерітіндісінде консервіленген өлік сүйегі де жетістіктермен қолданылуда. Әртүрлі жолдармен консервіленген сүйектер ортотопиялық трансплантаттар қолдануға мүмкіндіктер береді. Себебі олар-дың пішіні ақауланған жердікімен бірдей болады. Н. А. Плотников пен А.А.Никитин (1987) самай-төменгі жақ буынымен қоса алынған трансплантатты ұсынды. Онымен тек ақауды ғана емес, самай-төменгі жақ буынын да қоса қайта қалыпқа келтіреді. Соның әсерімен төменгі жақтың біржақты ақаулары қалпына келтіріледі.

Аралас трансплантаттарды еркін көшіру

Аралас трансплантаттар дегеніміз тұтас күйінде отырғызылатын әртүрлі тін-дерден тұратын трансплантат мұрынның қанаты мен ұшын, құлақ қалқаны-ның бір бөлігімен пластика жасау әдісі мысал бола алады.

Наши рекомендации