Сабақтың тақырыбы: Геометриялық материалдарды оқыту тақырыбындағы дидактикалық материалдар

Жоспар

1.Фигура және геометриялық жаттығуларды оқытудағы дидактикалық материалдар

1.Геометрия элементтерін оқытып үйретудің басты және аса маңызды нәтижесі – фигураларды бір-бірінен ажырату және оларды тани білу іс-әрекетін меңгеру. Ол оқу процесінде, әсіресе, геометриялық мазмұнды жаттығулар мен материалдарды қарастыру барысында жүзеге асырылады . Геометрия элементтерін оқытып үйретуде төмендегі көрнекі құралдар пайдаланылады:

1.Геометриялық фигуралар

2.Кестелер

3.Сызбалар

4. Ертегі кейіпкерлері

Дегенмен, бастауыш буынның соңын ала осындай іс-әрекеттер түрлерін арнайы қайталау, тиянақтау, жетілдіру, қорытындылау, бір жүйеге келтіру бағытында арнайы жұмыстар ұйымдастырудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сондықтан негізгі геометриялық іс-әрекеттерді тиянақтала, жетіле, дами түсуіне себепші болатын және бастауыш буынының соңын ала арнайы өткізілетін қайталау сабақтарында қарастырылуы тиісті жаттығуларды келтірейік.Олар төрт топқа бөлінеді:

Бірінші топтың жаттығулары ажырату және танып білу іс-әрекеттерінің орындалуын көздейді . Мұнда оқушылар жаттығуларды орындау барысында фигуралардың бірнеше қасиеттерден тұратын сипаттамалық белгілерін еске түсіреді және оларды айтып шығады, әрі қарай сол қасиеттер фигураға тәне екенін біртіндеп тағайындап, тексеруден өткізеді, сонан кейін әрбір фигураның қарастырып отырған ұғымға тиісті немесе тиісті емес екендігі жайында қорытынды жасайды .

1) Суретті қараңдар:

Сабақтың тақырыбы: Геометриялық материалдарды оқыту тақырыбындағы дидактикалық материалдар - student2.ru

Көпбұрыш, үшбұрыш, төртбұрыш, тік төртбұрыш, шаршы, тік бұрыш, тік емес бұрыш болатын фигуралардың сәйкес нөмірлерін теріп жазыңдар.

2) Суретті қараңдар:

Сабақтың тақырыбы: Геометриялық материалдарды оқыту тақырыбындағы дидактикалық материалдар - student2.ru

Әрббір фигураның сәйкес «атын» келтіріңдер.

3) Суретті қараңдар:

Сабақтың тақырыбы: Геометриялық материалдарды оқыту тақырыбындағы дидактикалық материалдар - student2.ru

Барлық тік бұрыштардың, көпбұрыштардың, шаршының сәйкес нөмірлерін теріп жазыңдар.

4) Суретті қараңдар:

Сабақтың тақырыбы: Геометриялық материалдарды оқыту тақырыбындағы дидактикалық материалдар - student2.ru

Барлық тік төртбұрыштарддың, шаршының сәйкес нөмірлерін теріп жазыңдар.

5) Суретті қараңдар:

Сабақтың тақырыбы: Геометриялық материалдарды оқыту тақырыбындағы дидактикалық материалдар - student2.ru

Барлық тік бұрыштардың, тік емес бұрыштардың сәйкес нөмірлерін теріп жазыңдар.

6) Суретті қараңдар:

Сабақтың тақырыбы: Геометриялық материалдарды оқыту тақырыбындағы дидактикалық материалдар - student2.ru

Барлық төртбұрыштардың, тік төртбұрыштардың, шаршылардың сәйкес нөмірлерін теріп жазыңдар.

7) Суретті қараңдар:

Сабақтың тақырыбы: Геометриялық материалдарды оқыту тақырыбындағы дидактикалық материалдар - student2.ru

Әрбір фигураның сәйкес атын келтіріңдер. Әрбір суретте қанша кесінді бар?

8) Суретті қараңдар:

Сабақтың тақырыбы: Геометриялық материалдарды оқыту тақырыбындағы дидактикалық материалдар - student2.ru

Әрбір үшбұрыштың, тік төртбұрыштың сәйкес белгіленуін жазып көрсетіңдер. Әрбір фигураны белгілеп көрсету үшін қанша әріп пайдаланылған? Неліктен?

Екінші топтың жаттығулары геометриялық фигуралардың бейнелерін еске түсіруді көздейді.

1.Кез келген үшбұрыш, төртбұрыш, шаршы, кесінді, тік емес бұрыш, көпбұрыш сызыңдар.

2.Кез келген үшбұрыш сызыңдар. Оның төбелерін әріптермен белгілеңдер де, қалай аталатынын жазып көрсетіңдер.

3.Кез келген тік төртбұрыш сызыңдар.Оның төбелерін әріптермен белгілеңдер де, қалай аталатыын жазып көрсетіңдер.

4.Кез келген кесінді сызыңдар, оның ұштарын әріптермен белгілеңдер де, қалай аталатынын жазып көрсетіңдер.

Үшінші топтың жаттығулары сызу дағдыларын қалыптастыруға және тиянақты түсуге арналады. Сонда әр түрлі жағдайларда геометриялық фигураларды салудың ерекшеліктері пысықталады .

1.Кез келген шаршы салыңдар.

2.Қабырға 3 см шаршы салыңдар.

3.Кез келген кесінді салыңдар.

4.Ұзындығы мынадай кесінді салыңдар: 5 см, 1 дм, 2 см.

5.Кез келген тік төртбұрыш салыңдар.

6.Іргелес қабырғалары 2 см және 3 см тік төртбұрыш салыңдар.

Осы тапсырманың қайсысын орындағанда болсын, алдымен сәйкес фигураның сипаттамалық белгілері мен қасиеттері еске түсіріледі де, әрі қарай фигура қалауымызша алынған өлшем бойынша немесе берілген шарттарға сәйкес салынады.

Төртінші топтың жаттығулары оқушылардың геометриялық шамалар, оларды өлшеу және есептеп шығару жайындағы білімдерін бір жүйеге келтіреді және қорытындылайды.

1.Сызбаның берілгендерін пайдалынып, фигураның периметрін табыңдар:

Сабақтың тақырыбы: Геометриялық материалдарды оқыту тақырыбындағы дидактикалық материалдар - student2.ru

2.Сызбаның берілгендерін пайдаланып фигураның ауданын табыңдар:

3.Суреттен тік төртбұрышты тауып алыңдар да оның периметрі мен ауданын есептеп шығарыңдар:

Сабақтың тақырыбы: Геометриялық материалдарды оқыту тақырыбындағы дидактикалық материалдар - student2.ru

4.Суреттен квадрат тауып алыңдар да оның периметрі мен ауданын есептеп шығарыңдар:

Сабақтың тақырыбы: Геометриялық материалдарды оқыту тақырыбындағы дидактикалық материалдар - student2.ru

5. Аудандары бірдей (12 см2) екі әр түрлі тік төртбұрыш сызыңдар.

6. Периметрлері бірдей (10 см) екі әр түрлі тік төртбұрыш сызыңдар.

Наши рекомендации